Судың санитариялық-гигиеналық маңызы



1. Судың санитариялық.гигиеналық маңызы
2. Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау
3. Суға қойылатын ветеринариялық.гигиеналық талаптар
4. Су сапасын арттыру әдістері
Біздің планетамыздағы тірі жәндіктердің денесінің үштенекісі судан тұрады. Өсімдік организмінде де, жануарлар организміңде де судың мөлшері едәуір жоғары, су болмаса олар тіршілік етпейді.
Организмдегі су құрамы олардың түріне, жасына, жынысына және ұлпаның типіне байланысты болады. Мысалы, жылқы организміндегі су оның дене массасының 55 пайызын, сиырда 60 пайыз, үй қояныңда 72 пайыз, балықта 80 пайыз құрайды. Жас жануарларда, әсіресе, жаңадан туған төл организмінде су сақа жануарлармен салыстырғанда едәуір көп болады. Жаңа туған бұзау денесінің 72 пайызын, 1,5 жастағы тайыншаның 61 пайызын, сақа бұқада 52 пайызын су құрайды. Семіз мал денесіңдегі су мөлшері арық малға қapaғaндa aйтаpлықтай аз. Өйткені май ұлпасы суға мейлінше кедей келеді. Мәселен, арық қой денесіндегі су 60 пайыз, ал семіз қойда 46 пайыз кұрайды. Ал, кейбір жануарлардың (түйелер) ерекшелігі су жетіспеген жағдайда жиналған ішкі майлардан (өркеш майы) метаболикалық су түзіп, организмдегі су балансы теңестіріледі. Ал жануарлардың эмбриондарында су мөлшері олардың массасының 97 пайызын құрайды.
Шөлдеу организмді интоксикацияға ұрындырады. Себебі бауыр, бүйрек, қан құрамында айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Белоктар да жылдам ыдырай бастайды.
Организмде су көбейген кезде электролиттер айтарлықтай көбейіп кетеді. Соның салдарынаң клеткалар зақымданады. Сөйтіп, организм суға уланады. Шамадан тыс тұтынылған су қан және басқа клеткаларға еніп оларды ісіндіреді. Қан қысымы артады, іщекте сумен тым артық араласқан азықты организм нашар сіңіреді.
2.Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау
Санитарлық күзет аймағы. Қазіргі қағидаларға сай, суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен (СКА) қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көздері ғана пайдаланылады.
Ішетін ауыз суды ашык су көздерінен алатын су құбырларына арналған СKA-ға белдеу енгізіледі. Олар: қатаң тәртіп белдеуі, шектеу белдеуі және бақылау белдеуі.
СКА-ның алғашқы белдеуі (қатаң тәртіп сақтау белдеуі) су көздері бар және де су жинайтын, су құбыры құрылыстары орналасқан аумақты қамтиды. Бұл белдеуде адамдар тұруға, уақытша жүруге және құрылыс салуға (су құбырының техникалық қажеттілігіне байланысты объектілерден басқа) болмайды.
СKA-ның екінші белдеуі немесе сумен қамтамасыз ету көзін тікелей қоршап жатқан территория жатады. Ол өзенніің жағалауынан 500-1000 м қашықтықтағы аймақты алып жатыр. Бұл аймақтың ұзындығы өзеннің қуаттылығына байланысты: үлкен өзендер үшін 20-30 км дейін, ал орташа
өзендерде 30-40 км дейін барады.
Ашық су көздері үшін СКА-ның екінші белдеуінің шекарасын белгілеудің (өзен ағысының жоғары бойынан) негізгі көрсеткіші ретінде оның бактериялар мен органикалық заттардан өздігінен тазару процесінің жүру жылдамдығы белгіленген (климатқа байланысты бұл процесс аяқталу үшін судың 3-5 тәулік бойы ағысы қажет). Ақпайтын су көздерінде орналасқан су алатын орындар үшін щектеу белдеуінің шекаралары оның бүкіл акваториясының барлық жағынан 3-5 км

Жоспар
1. Судың санитариялық-гигиеналық маңызы
2. Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау
3. Суға қойылатын ветеринариялық-гигиеналық талаптар
4. Су сапасын арттыру әдістері

1.Судың санитариялық-гигиеналық маңызы
Біздің планетамыздағы тірі жәндіктердің денесінің үштен екісі судан тұрады. Өсімдік организмінде де, жануарлар организміңде де судың мөлшері едәуір жоғары, су болмаса олар тіршілік етпейді.
Организмдегі су құрамы олардың түріне, жасына, жынысына және ұлпаның типіне байланысты болады. Мысалы, жылқы организміндегі су оның дене массасының 55 пайызын, сиырда 60 пайыз, үй қояныңда 72 пайыз, балықта 80 пайыз құрайды. Жас жануарларда, әсіресе, жаңадан туған төл организмінде су сақа жануарлармен салыстырғанда едәуір көп болады. Жаңа туған бұзау денесінің 72 пайызын, 1,5 жастағы тайыншаның 61 пайызын, сақа бұқада 52 пайызын су құрайды. Семіз мал денесіңдегі су мөлшері арық малға қapaғaндa aйтаpлықтай аз. Өйткені май ұлпасы суға мейлінше кедей келеді. Мәселен, арық қой денесіндегі су 60 пайыз, ал семіз қойда 46 пайыз кұрайды. Ал, кейбір жануарлардың (түйелер) ерекшелігі су жетіспеген жағдайда жиналған ішкі майлардан (өркеш майы) метаболикалық су түзіп, организмдегі су балансы теңестіріледі. Ал жануарлардың эмбриондарында су мөлшері олардың массасының 97 пайызын құрайды.
Шөлдеу организмді интоксикацияға ұрындырады. Себебі бауыр, бүйрек, қан құрамында айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Белоктар да жылдам ыдырай бастайды.
Организмде су көбейген кезде электролиттер айтарлықтай көбейіп кетеді. Соның салдарынаң клеткалар зақымданады. Сөйтіп, организм суға уланады. Шамадан тыс тұтынылған су қан және басқа клеткаларға еніп оларды ісіндіреді. Қан қысымы артады, іщекте сумен тым артық араласқан азықты организм нашар сіңіреді.
2.Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау
Санитарлық күзет аймағы. Қазіргі қағидаларға сай, суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен (СКА) қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көздері ғана пайдаланылады.
Ішетін ауыз суды ашык су көздерінен алатын су құбырларына арналған СKA-ға белдеу енгізіледі. Олар: қатаң тәртіп белдеуі, шектеу белдеуі және бақылау белдеуі.
СКА-ның алғашқы белдеуі (қатаң тәртіп сақтау белдеуі) су көздері бар және де су жинайтын, су құбыры құрылыстары орналасқан аумақты қамтиды. Бұл белдеуде адамдар тұруға, уақытша жүруге және құрылыс салуға (су құбырының техникалық қажеттілігіне байланысты объектілерден басқа) болмайды.
СKA-ның екінші белдеуі немесе сумен қамтамасыз ету көзін тікелей қоршап жатқан территория жатады. Ол өзенніің жағалауынан 500-1000 м қашықтықтағы аймақты алып жатыр. Бұл аймақтың ұзындығы өзеннің қуаттылығына байланысты: үлкен өзендер үшін 20-30 км дейін, ал орташа
өзендерде 30-40 км дейін барады.
Ашық су көздері үшін СКА-ның екінші белдеуінің шекарасын белгілеудің (өзен ағысының жоғары бойынан) негізгі көрсеткіші ретінде оның бактериялар мен органикалық заттардан өздігінен тазару процесінің жүру жылдамдығы белгіленген (климатқа байланысты бұл процесс аяқталу үшін судың 3-5 тәулік бойы ағысы қажет). Ақпайтын су көздерінде орналасқан су алатын орындар үшін щектеу белдеуінің шекаралары оның бүкіл акваториясының барлық жағынан 3-5 км қашықтықты қамтиды.
СҚА-ның үшінші белдеуі (бақылау белдеуі) екінші белдеудің сыртында жатқан территорияны камтиды. Бұл аймаққа су көзінің айналасындағы су сапасының құрылуына әсер ететін белгілі бір жер алаңы енеді. Оның шекарасы су көзінің химиялық санитариялық қызмет органдары су індеті (инфекцияның) есебіне тұрақты бақылау жүргізеді. Сөйтіп, су арқылы іңдетті аурулар тарамас үшін алдын алу, сақтандыру шараларын ұйымдастырады.
Сарқынды лас сулардың су қоймасына әсері және оларды жіберудің санитариялық тәртібі. Бүкіл ағынды лас судың ең соңғы жиналатын жері - табиғи су қоймасы. Тазаланбаған және зарарсыздандырылмағаң ағынды лас сулардың еш бөгетсіз табиғи су қоймаларына қосылуы (өзен, көл) оларды ластап, залалдап, олардың табиғи су көзі ретінде пайдалану мәнін жоғалтады.
Лас суды тазалау және залалсыздандыру бірнеше сатыдан өтеді, осы процес кезінде су біртіндеп бөгде коспалардан арылады: ауыр минералды және үлкен қалқып жүрген заттардан кіші және жеңіл органикалық бөлшектерден, еріген органикалық заттардан және патогенді микроорганизмдерден.
Осы лас судағы бөгде коспалардан тазалануды механикалық тазалау деп атайды, ал еріген органикалық заттардан тазалануды биологиялық тазалау деп атайды (бұл процесс микробтар әсері арқылы өтеді).
Лас суды механикалық тазалау - бұл сүзгі және арнайы құм ұстағыш арқылы, сондай-ақ әртүрлі тұндырушылар арқылы іске асырылады. Суда өте үлкен қалқып жүрген заттар арнайы сүзгіде ұсталып қалады. Құм ұстағыш - бұл аса үлкен емес горизонтальды тұндырғыш, мұңдағы су үлкен жылдамдықпен (30-60мсек) ағады. Осы кезде құмұстағыштың түбіне тек ауыр минералды бөлшектер тұнып үлгереді, мысалы: құм, уақ тас және т.б. Ал, органикалық жеңіл бөлшектер лас судың өте жай аққан кезінде тұндырғышқа шөгеді.
Биологиялық тазалау арнайы кұрылыста іске асырылады, ол биототықтырғыш, мұнда биохимиялық процесс өтеді, яғни органикалық заттар минералданады. Осы биототықтырушы ретінде өте жиі биологиялық сүзгі қолданады, әсіресе өте үлкең емес лас суды тазалайтын станцияда. Биологиялық сүзгі бұл- түбінде тесік дренаж құбыр орналасқан екі метрлік шлактан, уақ тастан немесе басқа да ірі түйіршікті материалдардан жасалған қабаты бар резервуар. Осы тұндырғышта лас су мөлдірленеді.
Лас суды залалсыздандыру. Лас суды залалсыздандырудың үш әдісі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.
Ең кең тараған залалсыздандыру әдісі - ол хлорлау болып табылады. Хлордың мөлшері ол микроорганизмдердің төзімділігіне, лас судың сипатына, оның тазалану дәрежесіне, хлормен түйісу (контакт) уақытына байланысты. Ресми норма бойынша биологиялық тазалаудан өткен лас суға қажетті хлордың дозасы (мөлшері) 70 мгл.
3.Суға қойылатын ветеринариялық-гигиеналық талаптар
Судың физикалық жағдайы, химиялық және газдық құрамы, микробпен ластануы, оның тағы басқа ситаттамалары мал денсаулытына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Мал ішетін судың сапасы нашар болса (лай, бөгде иісті, қалыптан бөлек дәмді келсе) асқазан-ішек жолдары секреторлық аппараттарының қызметін қоздырмай, кері (негатив) физиологиялық реакция береді. Өте суық сумен суарғанда мал организмі суық тиіп ауырады, ас қорыту қызметі бұзылады. Буаз мал мұндайда іш тастауы ықтимал.
Сондықтан малды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін оның санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерін анықтап отыру қажет. Суды гигиеналық тұрғыдан бағалау су көзін санитариялық тексеру, судың физикалық; химиялық және бактериологиялық қасиеттерін анықтау негізінде жүргізіледі.
Сонымен қатар гельминтологиялық, гидробиологиялық, радиометрикалық және басқа да суды зерттеу әдістері қолданады.
Санитариялық бақылауға алудың негізі мал фермаларын сумен қамтамасыз ететін барлық су көздерін есепке алу мен паспорттау.
Су көздеріндегі судың сапасы мен мөлшеріне сипаттама беру үшін санитариялық паспорт пайдаланылады. Бұл құжатта су көзінің санитариялық жағдайы, тексеру нәтижелері, судың химиялық құрамы мен бактериологиялық көрсеткіштері, мал арасыида, әсіресе суға байланысты шығатын аурулардың барлық шығу жағдайлары жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Санитариялық паспорт су көзінің басында жүргізілген санитариялық зерттеулердің негізінде толықтырылып, эпизоотологиялық, топографиялық және техникалық жағдайлары анықталады.
Су қоймаларын санитариялық - топографиялық тұрғыдан зерттеу су көзінің тегі мен типін, көлемі мен тереңдігін, топырақ пен жер қыртысының терең топырақ асты қабатының сипатын, жер, су көзі айналасының топографиясын белгілеуге мүмкіңдіқк береді.
Топырақ пен судың көзін ластайтын мүмкіндіктердің бар-жоқтығын анықтайды. Су жиналатын орындар мен жабдықтар қаралады.
Су көздерін ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бақылауға мынадай жайттар жатады:
-оның ветеринариялық-санитариялық жағдайын байқау және судың органикалық, тағы басқа қалдықтармен, бөгде заттармен ластануының алдын-алу мақсатымен күзеттер ұйымдастыру;
-су сапасын санитариялық-лабораториялық бақылау және жыл маусымымен топырақ жағдайына сәйкес су сапасының тұрақтылығына есеп жүргізу;
-мал ішетін су сапасы мен мал ауруларының арасындағы қатынасын бақылау.
Антропогеңді судың ластану көрсеткіштеріне судың тотығуы, аммоний тұздары азоты мен альбуминоидты азоттың, сондай-ақ нитриттер мен нитраттар азотының, полифосфаттардың және т.б. шоғырлануы жатады.
Су сынамасын талдау. Әрбір су көзінен шығатын судың сапасын анықтау үшін судың мынандай үлгілері талданады: жер асты суының көздері (скважина, құдық, бастау және т.б.) үшін көктем, жаз, қыс мезгілдерінің әркайсысында 3 реттен алынған кемінде 9 сынама зерттеледі;
-қысымды артезиан брұғыламасы (сқважинасы) үшің зерттеу арасында кемінде 2-4 сағат салынып алынған екі сынамадан жасалады;
-ашық су қоймалары үшін зерттеу жыл маусымы бойында көктемде, жазда, қыста жүргізіледі. Бұл жағдайда су сынамасы әр маусымда кемінде үш реттен алынады.
Әрбір су сынамасын зерттегеңде су көзінің аты, жылы, күні, айы, орны, сынама алынған тереңдік, кім алғандығы; метеорологиялық жағдай, ауа температурасы, сынама алынған күнгі және ол алынғанға дейін он күн бұрынғы жауын-шашын мөлшері; ал ашық су қоймалары үшін желдің күші мен бағыты және судың сапасына әсер ететін ерекше жағдайлар; зерттеу жүргізген лабораторияның аты мен мекен-жайы көрсетіледі.
Ашық су қоймалары үшін қосымша көрсеткіштер анықталады: оттегінің 5 тәулік ішіндегі биохимиялық қажеттілігі (ОБК5 мгл) мен еріген оттегі (мгл) мөлшері.
Судың сапасына әсер ететін ауыр металдардың, радиоактивті элементтердің немесе басқадай зиянды заттардың тұздары бар деген күдік туса осы заттардың құрамына қосымша зерттеу жасау қажет.
Судың физикалық көрсеткіштері. Белгіленген гигиеналық нормалар бойынша ішетін судың жағымды органолепикалық қасиеттері болуы керек. Былайша айтқанда ол мөлдір, түссіз, температурасы белгілі деңгейде иіссіз және жағымсыз дәмі жоқ болуы керек.
Судың температурасы оның маңызды санитариялық-гигиеналық көрсеткіші болып табылады. Жануарлар суық суды ішкенде организмнің температурасын реттеуге қөп энергия жұмсайды, бұл өнімділіктің төмендеуіне және азықтың көп шығынына әкеледі. Ал жылы сумен (20°С астам) суарғанда сақа мал ауруларға (суық тию салдарынан болатын ауруларға) бейім келеді. Оның үстіне мұндай суды мал шөлдегенде амалсыздан ішеді, жылы су өте жай сіңетіндіктен малдың іші өтеді. Судың анағұрлым қолайлы температурасы сақа мал үшін 10-12°С, буаз мал үшін 12-15°С, ай шамасындағы төл үшін 15-30°С. Осы щамадағы температурадағы су шөлді жақсы басып сергітеді. Сауын сиырларын 15- 18°С дейін жылыған сумен суарған дұрыс, 7-8 апталық бройлерлерді суару үшін температурасы 23-24°С аралығында су керек.
Судың иісіне ондағы органикалық заттардың (жануар және өсімдік тектес) бар-жоғы әсер eтеді және олардың ыдырау процесіне немесе ағынды сулар қоспасының (өндірістік және тұрмыстық сипаттағы) барлығына байланысты болады.
Жер асты суларында күкірттісутегі мен аммиактың иісі болуы мүмкін, егер бұл ластанумен байланысты болмаса, бұл суды ішуге болады. Егер суда көп мөлшерде микроорганизмдер болса оның түсі көгеріп, оңда әртүрлі иістер (балық, шөп, топырақ, май және т.б.) пайда болады. Ыдыраған органикалық заттар, мұнай өнімдері, құрамында фенолы бар қосылыстар және т.б. заттар суға жағымсыз иіс береді. Суды гигиеналық бағалау үшін иістің шығу себебін анықтау керек. Ішетін суда бөгде иіс болмауы кереқ.
Судың дәмі жағымды және сергітетін болуы керек. Судың жағымсыз дәмі немесс татымы көбінесе суда минералды және органикалық заттардың мөлшерінің көп болуына байланысты болады. Судың ащы, тұзды, қышқыл, тәтгі дәмін ажыратады, сонымен қатар татымдарын да (саз балшықты, шіріген, көгерген, тұрып қалған және т.б.) ажыратады.
Судың дәмі ондағы еріген минералды қосылыстарға байланысты: магний мен барий иондары - ашы, сутегі иондары - қышқыл, темір тотығы - ауыз қуыратындай дәм береді. Органикалық заттардың ыдырау өнімдері, ағынды лас сулар, дезинфекциялық заттар және т.б. суға жағымсыз дәм береді. Бес балдық шкала бойынша бағалағанда дәм мен татымның интенсивтілігі 2 балда аспауы керек.
Судың түсі әртүрлі органикалық және минералды текті қоспаларға байланысты. Су көздеріне гумиңді қышқылдардың, өсімдіктсрдің ыдырау өнімдері түскенде су сарыға немесе қоңыр түске боялады. Тұрақты суы бар ашық су қоймаларында балдырлардың өсуі оған жасыл түс, темір тұздары сары - қоңыр, саз сарғыш түс береді. Судың түсін анықтағанша оның шығу тегін анықтау керек, себебі ол жануар текті органикалық заттармен ластануының нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Барлық жағдайда судың белгілі бір түске боялуы оның минералды немесе органикалық заттармен ластанғандығын көрсетеді және оған күдікпен қарауды талап етеді. Судың түсін градуспен (°С) өлщейді.
Судың мөлдірлігі ондағы органикалық немесе минералды текті ұсақ бөлшектердің барлығына байланысты.
Санитариялық жағдайдың ең қауіптісі суда органикалық заттардың мол болуы. Олар әдетте судың көп мөлшерде микробтармен ластанғандығын көрсетеді. Барлық жағдайда да судың ластану себептерін анықтағанша суды санитариялық жағынан күдікті деп санау керек. Су құбырындағы судың мөлдірлігі 1,5 мгл аспауы керек.
Судың химиялық құрамы. Ішетін ауыз су құрамы жағынан зиянсыз, былайша айтқанда, ондағы тұздардың мөлшері мал денсаулығына зиянды әсер ететіндей артық болмауы, әрі улы заттардың және радиоактивті ластардан таза болуы керек. Табиғи су көздерінің құрамы тұрақсыздығымен сипатталып, онда құрамында түрлі элементтер мен қосылыстар болады. Табиғи жер беті және жер асты суының құрамына олардың техногеңдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Ауылшаруашылық малды азықта және мал азығына қойылаты санитариялық – гигиеналық талаптар
Ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы
Биелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары жәнеоларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Шошқа шаруашылығының маңызы
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Қозыларды күтіп – бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық –гигиеналық бағалау
Пәндер