Оқытудың интербелсенді тәсілдері



«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала.ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі . оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой.өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті.рухани бай, жан.жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет
Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін .дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет .өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт.бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу .ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу.мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс.әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Интерактивтік оқыту . бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым.қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
1 «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
2 Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
3 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
4 Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
5 Журнал, «Информатика негіздері» №6 2009 ж
6 Журнал, //Информатика негіздері, №2, 2007ж.
7 Информатиканыоқытудаинтерактивтітақтанықолдану.
8 Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004
9 Пидкасистый П.И, Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М, 1996
10 Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые подходы» М, 2005.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Оқытудың интербелсенді тәсілдері
2.2. Интерактивтік оқу технологиясы
2.3. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі - оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет
Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда интерактивті оқыту тәсілін пайдалану үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін - дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Оқытудың интербелсенді тәсілдері
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Интерактивтік оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Интерактивтік оқу технологиясы
Интерактивтік оқу технологиясы - оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді. Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы әңгімелейді.
Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім - оқушы, мұғалім - сынып, оқушылар - сынып, оқушылар-оқулықтар, топ - топ, топ - оқушы), оның оқу әрекетін және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика сабағын оқытудағы интербелсенді әдістер
Интербелсенді әдістерді қолдану сатылары
Бастауыш сыныптарда интербелсенді әдістерін қолдану
Интерактивтік оқу технологиясы
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері
Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктері
Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері
Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау
Интербелсенді оқу оқыту түрлері
Қазақ тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолданудың ерекшеліктері
Пәндер