Балаларды толық күн болатын шағын орталықтарда тәрбиелеу мен оқыту



Түсініктеме жазба ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3

Жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5

3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған жұмыс жоспары ... ...
8

4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған жұмыс жоспары ... ...
16

5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларға арналған жұмыс жоспары ... ...
26

Білім мазмұнын игерудің жоспарланған нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
42

Мазмұндық бөлімді игеру бойынша ата.аналармен жұмыс істеу ... ... ... ... ..
43

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
44

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
46
Балалық шақ – адам өмірінің ең тамаша әрі маңызды кезеңі, бұл кезде болашақ азаматтың денсаулығы қалыптасады, өмірлік тәжірибесі жинақталады және тұлға болып қалыптасуы жүзеге асады.
Елімізде ерте жастан бастап әр балаға қоғам тарапынан білім алу құқығы кепілдендірілген, балабақшаға бару мүмкіндігі оның бір аспектісі болып табылады. Әлеуметтік әділдіктің сақталуы өте маңызды, өйткені әр бала мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Жолдауында:
«Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшуі керек. Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деп атап өтті.
«Балапан» бағдарламасының мақсаты: халықтың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының сапалы қызметіне қажеттілігін өтеу, осы міндеттердің бірі: демографиялық жағдайды және инклюзивті білім беруді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту болып табылады.
Осыдан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формаларын құру, атап айтсақ, - барлық балаларды мектепте оқуға дайындау және ата-аналардың күннен-күнге ұлғая түскен сұраныстарын жүзеге асыру үшін шағын орталықтар құру қажеттілігі келіп шығады.
Шағын орталықтарда толыққанды тәрбие үдерісін ұйымдастыру халық үшін мектепке дейінгі білім беру іс-әрекетін неғұрлым қолжетімді ете түседі, маңызды отбасылық мәселелерді шешуге, мектеп жасына дейінгі баланың толыққанды дамуына, Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандартында белгіленген басты құзыреттіліктерді меңгеруге ықпал етеді.
Егер құзыреттілікті баланың пайда болған танымдық мәселелерін өз бетінше шешуге қажетті және қоғамдағы өмір нормалары мен ережелерін тиісінше орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі деп қарастыратын болсақ, осы әдістемелік мектеп жасына дейінгі әр баланың жеке мүмкіндіктеріне айқын бағдарланған деп айтуға болады.
Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының алдыңғы және кейінгі жас ерекшелік сатыларымен жүйелігі және сабақтастығы, балалардың қажеттілігіне, оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда пайдаланылатын формалар мен тәсілдерді алуан түрлі етуге бағытталған педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдісі айқын қарастырылған.
Білім беру жүйесіндегі демократияландыру үдерісі, оның вариативтілігі мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуіне, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру үшін жағдай жасауға байланысты. Ата
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы.
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» заңы.
3. 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты.
4. 2020 жылға дейін жалғастырылған «Балапан» балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету бағдарламасы.
5. «Зерек бала» Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларды (3 жастан 5 жасқа дейін) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО, 2009 ж.
6. «Біз мектепке барамыз» Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларды (5 жастан 6 жасқа дейін) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО, 2009 ж.
7. 1 жастан 5 (6) жасқа дейінгі балаларды балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарлары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5576 бұйрығына 1 қосымша.
8. «Зерек бала» Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларды (3 жастан 5 жасқа дейін) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар. Астана, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО, 2009 ж.
9. «Біз мектепке барамыз» Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларды (5 жастан 6 жасқа дейін) тәрбиелеу мен оқыту Бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар. Астана, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО, 2009 ж.
10. «Біз мектепке барамыз» Мектепке дейінгі үлкен жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту Бағдарламасына әдістемелік нұсқаулар. Астана, «Арман-ПВ» баспасы, 2011ж.
11. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы (мектепалды топтары үшін). Алматы, «Бөбек», 2005 ж.
12. Белкина В. Н., Искатова Т. Г. Диагностика педагогического регулирования взаимодействия детей раннего и дошкольного возраста. «Детский сад от «А до Я», 2006 г., №2.
13. Гризик Т. И., Аймагамбетова К. А., Майкова Г. Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 г.
14. Грибовская А. А., Левченко Т. А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей. Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 г.
15. Давидчук А. Н. Индивидуально-ориентированное обучение младшего дошкольника. М.: 2000 г.
16. Жаменова К.Х. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу маңызы. «12 жылдық білім беру». 2006 ж., № 7.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЛАЛАРДЫ ТОЛЫҚ КҮН БОЛАТЫН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДА ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ
__________________________________

Бағдарлама

Астана
2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЛАЛАРДЫ ТОЛЫҚ КҮН БОЛАТЫН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДА
ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ
_________________________________

Бағдарлама

Астана
2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі балалық шақ республикалық орталығының базасында
әзірленген

Пікір жазғандар:
А. Е. Жумабаева, педагогика ғылымдарының докторы
А. Ж. Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты
А. Смақова, Астана қ. №63 Әсем-Ай балабақшасының әдіскері
Г. Тусупова, Астана қ. №16 Шағала балабақшасының әдіскері

Балалар толық күн болатын шағын орталықтарда балаларды тәрбиелеу мен
оқыту: бағдарламасы. – Астана, 2013. – 49 б.

Осы бағдарламада балалар толық күн болатын шағын орталықтарда
тәрбиелеу мен оқыту іс-әрекетін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар
берілген. Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың жалпы қағидалары,
нормативтік-құқықтық базасы және ата-аналарға кеңес беру-әдістемелік
қолдау көрсету формалары берілген. Балалардың ойын және еңбек іс-әрекетін
ұйымдастыру үлгісі ұсынылған. Қосымшада көркем әдебиет, бейнелеу іс-
әрекеті, музыка бойынша шығармалардың үлгілік тізбесі берілген.
Бағдарлама шағын орталық басшыларына, әдіскерлерге, мектепке дейінгі
ұйым тәрбиешілеріне және ата-аналарға арналған.

Мектепке дейінгі балалық шақ
республикалық орталығы, 2013

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Балалық шақ – адам өмірінің ең тамаша әрі маңызды кезеңі, бұл кезде
болашақ азаматтың денсаулығы қалыптасады, өмірлік тәжірибесі жинақталады
және тұлға болып қалыптасуы жүзеге асады.
Елімізде ерте жастан бастап әр балаға қоғам тарапынан білім алу құқығы
кепілдендірілген, балабақшаға бару мүмкіндігі оның бір аспектісі болып
табылады. Әлеуметтік әділдіктің сақталуы өте маңызды, өйткені әр бала
мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқына арналған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050
Жолдауында:
Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа
әдістеріне көшуі керек. Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды
және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне
инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге
тиіспіз деп атап өтті.
Балапан бағдарламасының мақсаты: халықтың мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту ұйымдарының сапалы қызметіне қажеттілігін өтеу, осы міндеттердің
бірі: демографиялық жағдайды және инклюзивті білім беруді ескере отырып,
мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту болып табылады.
Осыдан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа формаларын құру, атап айтсақ, -
барлық балаларды мектепте оқуға дайындау және ата-аналардың күннен-күнге
ұлғая түскен сұраныстарын жүзеге асыру үшін шағын орталықтар құру
қажеттілігі келіп шығады.
Шағын орталықтарда толыққанды тәрбие үдерісін ұйымдастыру халық үшін
мектепке дейінгі білім беру іс-әрекетін неғұрлым қолжетімді ете түседі,
маңызды отбасылық мәселелерді шешуге, мектеп жасына дейінгі баланың
толыққанды дамуына, Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту стандартында белгіленген басты құзыреттіліктерді меңгеруге ықпал
етеді.
Егер құзыреттілікті баланың пайда болған танымдық мәселелерін өз
бетінше шешуге қажетті және қоғамдағы өмір нормалары мен ережелерін
тиісінше орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі деп қарастыратын болсақ,
осы әдістемелік мектеп жасына дейінгі әр баланың жеке мүмкіндіктеріне айқын
бағдарланған деп айтуға болады.
Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының алдыңғы және
кейінгі жас ерекшелік сатыларымен жүйелігі және сабақтастығы, балалардың
қажеттілігіне, оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда пайдаланылатын
формалар мен тәсілдерді алуан түрлі етуге бағытталған педагогикалық
үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдісі айқын қарастырылған.
Білім беру жүйесіндегі демократияландыру үдерісі, оның вариативтілігі
мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара әрекеттесуіне, ата-аналардың
педагогикалық мәдениетін арттыру үшін жағдай жасауға байланысты. Ата-
аналарды педагогтармен бірге бала тәрбиесіне саналы түрде жұмылдыру оның
тиімділігін маңызды дәрежеде арттыра түседі.
Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын және психикалық
саулығын сақтауға, баланы толық күн болатын шағын орталық жағдайына
бейімдеуге, жас ерекшелігіне және ойын жағдайлары арқылы өмірлік тәжірибе
жинақтауына сәйкес, негізгі бес білім беру саласы бойынша балалардың
бойында басты құзіреттіліктерді қалыптастыру міндеттерін шешуге
бағытталған.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Әдістемелік құралдың заңнамалық-нормативтік қамтамасыз етілуі
Бала құқықтарының декларациясы, ҚР Конституциясы, ҚР Білім туралы
Заңы осы әдістемеліктің құқықтық негізін құрайды.
Мақсаты:
Алуан түрлі іс-әрекеттерді ықпалдастыру арқылы өмірлік
құзыреттіліктерге ие мектепке дейінгі жас ерекшелігіндегі баланың жан-жақты
дамыған тұлғасын қалыптастыру.
Тәрбиешілер мен ата-аналарға балаларды әлеуметтендіруге және білім
беруші, дамытушы және тынықтырушы іс-әрекетін ұйымдастыруда көмек беру.
Міндеттері:
1. Басты құзыреттіліктерге ие тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған
Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына
сәйкес 3-4, 4-5, 5-6 жасар балалардың білім жүйесін қалыптастыру.
2. Баланың жеке жас ерекшелік әлеуетінің барынша толық ашылуын, оның өз
құрдастары мен ересектер ұжымында әлеуметтенуін қамтамасыз ететін танымға
деген қызығушылығын белсендіру.
3. Ата-аналармен әріптестік қатынасты үйлестіру және баланың толыққанды
дамуын, балалардың әдістемеліктің мазмұндық бөлігін игеруін қамтамасыз ету
үшін әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсету.
Әдістемелік құралды құру мен жүзеге асыру қағидалары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне қойылатын жоғары талаптар
қарым-қатынас жасау, ойын, іздену іс-әрекеті, ересектермен және
құрдастарымен ынтымақтастық, мектепке дейінгі білім берудің вариативтілігі,
көптеген білім беру әдістемеліктері мазмұнының жаңаруы негізінде білім беру
мазмұнының ізгіліктігі, бірлігі мен сабасқтастығының өмірге енуіне әкелді.
Осы әдістемелік құрал келесі негіз қалайтын қағидаларға сәйкес
құрылған:
- тұтастықты ықпалдастыру қағидасы. Балалардың ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің алуан түрлері ықпалдасады (бейнелеу ұйымдастырылған іс-әрекеті,
тіл дамыту, экологиялық тәрбие, математикалық ұғым, дене шынықтыру);
- ынтымақтастық қағидасы. Ересектер мен балалардың арасында қарым-
қатынасты нәтижелі құру үшін мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жағдайында
тәрбиелеу мен оқыту әдістерін үйлестіру, мұның өзі ата-аналардың топ
өміріне неғұрлым кеңінен қатысуын және балалардың психофизиологиялық жас
ерекшеліктерімен табысты танысуын қамтамасыз етеді;
- вариативтілік қағидасы. Бір ғана мазмұн аясындағы тапсырмалардың
вариативтігі балаға шамасы келетін нәрселерді түсінуге, қызығушылықтары мен
бейімділіктеріне сәйкес шығармашылығын танытуға мүмкіндік береді;
- шығармашылық қағидасы. Педагогты әр баланың шығармашылық іс-әрекет
тәжірибесін иеленуіне бағдарланады;
- психологиялық жайлылық қағидасы. Педагогикалық үдерістің эмоционалды
жайлы жағдайын қамтамасыз ететін ерекше заттық-дамыту ортасын құру;
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бір тақырыпта болу қағидасы.
Баланың шағын орталықта болу уақыты қарапайым математикалық ұғымдарды,
нәтижелі іс-әрекет дағдыларын, тіл дамытуды қалыптастыру бойынша жұмыс
жүргізілетін әлдебір нақты тақырыпты қарастыруға арналған.
Әдістемелік құралдың құрылымы.
Әдістемелік құрал мыналардан құралады:
- түсініктеме жазба;
- Жалпы ережелер тарауы, мұнда келесі мәселелер қарастырылады:
- әдістемелік құралды заңнамалық-нормативтік қамтамасыз ету;
- әдістемелік құралдың мақсаты мен міндеттері;
- әдістемелік құралды құру мен жүзеге асыру қағидалары;
- балалар толық күн болатын шағын орталықтар топтарында педагогикалық
үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері;
- үш жас ерекшелік топтарындағы (3-4, 4-5 және 5-6 жасар) балалардың
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінен, үлгілік оқу жоспарынан, ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетке бөлінген сағат сандарын, тарауларды – балалардың ойын және
еңбек іс-әрекетіндегі дамуын көрсете отырып, тараулар бойынша бес білім
беру саласының мазмұндық материалының бөлінісінен құралған әдістемелік
құрал мазмұндық бөлімінен тұрады;
- әдістемелік құралды игерудің жоспарланған нәтижелерінен;
- әдістемелік құралдың мазмұндық бөлімін балалардың игеруі бойынша ата-
аналармен жұмыс істеу тарауы.

Балалар толық күн болатын шағын орталықтардағы топтарда педагогикалық
үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері
Әдістемелік құрал 3-4, 4-5 және 5-6 жасар балалардың 5 күн бойы
мектепке дейінгі ұйымда толық күн болуына (10 сағат) есептелген.
Толық күн болатын шағын орталықтардағы ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің ұзақтығы және жұмыс режімі ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
формаларындағы мектепке дейінгі жастағы балалардың барынша жоғары
жүктелуіне қойылатын талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады: екінші кіші
топ үшін 15-20 минутты, ортаңғы топ үшін 20-25 минутты және үлкен топ үшін
25-30 минутты құрайды.
Педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің бір айға арналған үлгілік кестесі құрылады. Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті кестесін құру кезінде педагог балалардың жас ерекшелігін
және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің баланың психикалық және тән
саулығына әсерін ескеруі тиіс.
Апта мен ай шеңберінде білім берудің бес саласын дұрыс реттестіру мен
ықпалдастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бөлу кезіндегі өте маңызды
кезең болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесін құру кезінде педагог келесі
қағидаларға сүйенуі тиіс:
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бес білім беру саласының аясында
жүзеге асырылуы тиіс;
- әрбір күн алдыңғы күннен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сипаты мен
формасына қарай ерекшеленіп тұруы тиіс;
- дүйсенбі мен жұма жұмыс аптасына жайлы кіру мен одан жайлы
шығуды қамтамасыз ететіндей жеңіл болуы тиіс;
- жоғары зияткерлік және дене жүктемесіне ие ойын және ұйымдастырылған
оқу іс-әрекет саны баланың жас ерекшелігіне қарай аптасына екі-үшеуден
аспауы тиіс;
- балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне қарай, ұйымдастырылған оқу
іс-әрекет жалпы көлемі мен ұзақтығын сақтау керек.
Жұмыстық оқу жоспары жыл бойы бес білім беру саласында ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің санын қарастырады және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
үлгілік бөлінуімен салыстырылады.
Үлгілік перспективалық жоспарлар жүйелі жоспарлау мәселесін шешуге
көмектеседі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекет пішіндері мен мазмұнын іріктеу
діңгегі болып табылады.
Циклограмма дегеніміз үлгілік күн тәртібі (режімі) және ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетін (кесте) үлгілік бөлу негізінде бес білім беру саласының
ықпалдасуы тұрғысынан апта аясындағы балалар іс-әрекетінің тиімді бөлінуін
қарастыратын өзіндік бір матрица болып табылады.
Технологиялық карта – бұл кезеңдерді, тәрбиешінің басқару іс-
әрекеттерінің және тәрбие мен оқыту барысында нәтижеге қол жеткізуіне ықпал
ететін балалардың іс-әрекетін қайта жаңғыртудың жоғары дәрежесіне ие
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің алгоритмі. Технологиялық карталар
педагогикалық үдерістің технологиялануын қамтамасыз етеді, күтілетін нәтиже
тұрғысынан педагогқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсатын анықтауға
мүмкіндік береді, іс-әрекет кезеңдерін қарастырады.

3 ЖАСТАН БАСТАП 4 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ОҚУ ЖОСПАРЫ

Балалардың жас ерекшелігінің сипаттамасы
Сюжетті-рөлдік ойын баланың жалпы психикалық, интеллектуалды және
тұлғалық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасайтын жетекші іс-әрекетке
айналады. Осы кезеңде бала тілге, оның дыбыстық және мағыналық жағына деген
жоғары сезімталдыққа ие болады, шағын таныс әңгімелер айтады, танымдық
қызығушылықтарын көрсетеді, құрдастарымен белсенді ойнайды.
Осы жаста балалардың бойында фонематикалық естуі, түсті ажыратуы, көз
өткірлігі, зат пішіндерін қабылдауы, жетіле түседі, балалар көру және
сөзбен қабылдау негізінде заттармен танысуға кіріседі, заттың бір немесе
одан көп белгілерін атап көрсетеді.
Баланың жады еріксіз сипатқа ие болғандықтан, материал оның қосылған іс-
әрекетіне қарай есте сақталады. Осы жастағы бала қиял мен шындық өмірді
қиындықпен ажыратады, бала айналадағы барлық заттар өзі сияқты ойлай алады
деп болжайды.
Мектепке дейінгі кіші жаста баланың бойында кеңістік, уақыт, сан,
туралы қарапайым түсініктер, табиғат құбылыстары және оның салдарлары
арасындағы қарапайым байланыстар туралы, барлық тіршілік иелерінің өзара
байланысы туралы қарапайым түсініктер қалыптаса бастайды.
Осы кезеңде балалар қарапайым жалпылама операцияларды меңгереді
(жинақтау, мыжу, жырту, құрастыру, қорытынды жасау және т.б.).
Бала кейбір тұрмыстық заттарды, ойыншықтарды, орын ауыстыратын заттар
мен сөз таңбаларды тұрмыста, ойында және қарым-қатынаста атқаратын іс-
әрекетіне қарай пайдаланады; тәжірибелік іс-әрекетінде заттардың
қасиеттерін (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылысы) және олардың
атқаратын іс-әрекетін ескереді, көп әрі белсенді түрде эксперимент жасайды,
бақылайды. Осы жастағы балалар көркем мәтінді эмоционалды және тұтас
тұрғыдан қабылдайды. Оның түсінігі сөйлеуден ғана емес, сонымен қатар
заттық және ойын қимылдарынан білінеді.
Бала үшін бейнелеу іс-әрекеті дегеніміз – бұл өзі жасаған бейне. Осы
бейнелер тікелей қабылданған, аңғал, ашық-жарқын бейне болып келеді,
фольклорлық бейнелерді еске түсіреді.
Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу үдерісі – бұл бейнеге кіру кезеңі,
мұнда жағынды, сызықтар мен пішіндер баланың алдында жандана түседі. Сызық,
пішін, түсті дақтар, жағындыларды пайдалана отырып, балалар күрделі емес
сюжетті бере алады.
Осы кезеңде көпшілік балаларға музыкаға деген эмоционалды үн қатудың
жоғары деңгейі тән болып келеді, мұның өзі осы мәселені музыкалық іс-
әрекетпен аса қолайлы ете түседі.
Кіші жаста моторлық функциялар қарқынды дамиды. Балалардың қимыл
белсенділігі дербес іс-әрекеттердің жеткілікті шамадағы жоғары болу
деңгейімен сипатталады.
Үш жасынан бастап қызығушылығы айқын әрі байыпты пайда болады, осы
кезеңде бала өзін жеке бір адам ретінде сезіне бастайды.

1

2 3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі ІІ кіші топқа арналған

3 үлгілік оқу жоспары

Денсаулық - 2 сағат
дене шынықтыру валеология негіздерімен 2 сағат
Қатынас - 2 сағат
тіл дамыту 1 сағат
көркем әдебиет 0,5 сағат
орыс тілі 0,5 сағат
Таным- 2 сағат
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру 0,5 сағат
құрастыру 1 сағат
қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері 0, 5 сағат
Шығармашылық - 4 сағат
сурет салу 1 сағат
мүсіндеу 0,5 сағат
жапсыру 0,5 сағат
музыка 2 сағат
Әлеуметтік орта - 1 сағат
қоршаған ортамен таныстыру және экология 0,5 сағат
көркем әдебиет 0, 5 сағат
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі аптасына 11
сағат,
36 оқу аптасы
Вариативтік компонент 1 сағат
.
.
. ДЕНСАУЛЫҚ білім беру саласы (72 сағ)
. Мақсаты: денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, өз денсаулығын
дұрыс күтуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін арттыру және дене сапаларын
қалыптастыру.
. Денсаулық білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде жүзеге асырылады:
. - дене шынықтыру валеология негіздерімен, 72 сағ. (Дене шынықтыру
тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: негізгі қимыл түрлерін
дамыту жаттығулары (жүру; жүгіру; секіру; лақтыру, тастау, ұстау,
баурылап жүру мен өрмелеу; тепе-теңдік; құру және қайта құру; музыкалық-
ырғақты қимылдар); жалпылама дамытатын жаттығулар (қол мен иыққа; аяққа;
кеудеге арналған жаттығулар); спорт жаттығулары (шанада сырғанау; сырғу;
шаңғы тебу (басып жүретін және сырғитын қадам); велосипед тебу (үш
доңғалақты); жүзуге дайындық (суға бату, ойнау); қимыл-қозғалыс ойындары
(жүгіріп ойнау; секіріп ойнау; бауырлап жүріп және өрмелеп ойнау;
лақтырып ойнау, тастау және ұстап алып ойнау; кеңістікте бағдарланып
ойнау).
Валеологиялық материал жазғы кезеңін қоса алғанда, балалардың іс-
әрекетінің түрлі режимдік кезеңдерінде, сондай-ақ Қоршаған ортамен
таныстырудың басқа тақырыптарымен де ықпалдастырылып, бес білім саласында
қарастырылады.
Валеологиядан білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс: адам денесінің құрылысы туралы әңгімелеу;
денсаулықты нығайтудың кейбір шаралары туралы түсінікке ие болу (шынығу,
күн тәртібін сақтау, гигиеналық процедураларды сақтау); сауықтыру іс-
әрекетіне қатысу; эмоционалдық және физикалық күйі туралы әңгімелеу; киіну
мен шешіну реттілігін білу; балабақша алаңында бағдарлана білу; негізгі
тамақ өнімдерін атау; жануарларды сипағанда, сақтық шараларын сақтау.
.
. ҚАТЫНАС білім беру саласы (72 сағ)
. Мақсаты: ана тілін және мемлекеттік тілді үйренуге дайын, ересектермен
және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға дайын, мектепке дейінгі кіші
жастағы бала тұлғасын қалыптастыру, қарым-қатынас құралы ретінде халық
тіліне, тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Екінші кіші топтағы Қатынас білім беру саласының мазмұны
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:
. - тіл дамыту, 36 сағ. (Тіл дамыту тарауының мазмұнына келесі бағыттар
кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу;
сөздің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу;
шығармашылық тілдік қызмет). Тіл дамыту тарауының мазмұны
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында ғана емес, сондай-ақ күні бойы
алуан түрлі балалар іс-әрекетінде жүзеге асуы тиіс.
- көркем әдебиет, 18 сағ. (Көркем әдебиет тарауының мазмұнына келесі
бағыттар кіреді: оқу мен әңгімелеуге арналған шығармалар; жаттауға арналған
шығармалар; сахналандыруға арналған шығармалар);
. - орыс тілі, 18 сағ. (тараудың мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің
дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; сөздің
грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуді дамыту).
Тіл дамыту әдістемелігінің мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында
балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- сөздерде а, у, и, о, э дауыстылары мен кейбір п-б, т-д, к-г, н-ң, с-з-
ш дауыссыздарын анық етіп айту);
- сөздерді жекеше-көпше түрде, септік жалғауларымен үйлестіру;
- анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыштарды енгізу арқылы жай
сөйлемдерден күрделі сөйлемдер құрастыру;
- сұрақтарға жауап беру;
- тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншықтар туралы және сурет бойынша
әңгімені қайталау;
- таныс әдеби туындылар мен ертегілерден алынған үзінділерді
сахналандыруға қатысу;
- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа оқу.
Көркем әдебиет мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- тәрбиеленушінің сұрақтары көмегімен көркем шығарманың мазмұнын
әңгімелеу;
- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа оқу;
- көркем әдебиет туындыларының мазмұны бойынша сұқбатқа қатысу;
. - тәрбиешінің көмегімен таныс ертегілерді сахналандыру.
Орыс тілінің мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды
меңгеруі тиіс:
- жақын айналасындағы кейбір заттарды атау;
- іс-әрекеттерді түсіну мен орындау: ал, бер, әкел;
- жай сөйлемдер құрастыру: Мынау – доп, Мынау – менің анам, әкем,
Менің атым Айдос, Айгүл;
- ересектердің үлгісімен ойыншық, жемістер, жақын айналадағы заттардың
қысқаша сипаттамасын қайталау (2 сөйлемнен);
- қысқа тақпақтар мен әндерді жатқа білу.
.
. ТАНЫМ білім беру саласы (72 сағ)
. Мақсаты: танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын игерген, әлемнің
қарапайым бейнесін түсіне алатын және алған білімін тәжірибелік
міндеттерді шешу үшін пайдалана білетін мектепке дейінгі кіші жастағы
баланың тұлғасын қалыптастыру.
Таным білім беру саласының мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде жүзеге асырылады:
. - қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, 18 сағ. (Қарапайым
математикалық түсініктерін қалыптастыру тарауының мазмұнына келесі
бағыттар кіреді: сан мен есеп; шама; геометриялық пішіндер; кеңістікте
бағдарлану; уақытқа бағдарлану);
. - құрастыру, 36 сағ. (Құрастыру тарауының мазмұнына келесі бағыттар
кіреді: құрылыс материалдарынан құрастыру; қағаздан құрастыру);
. - қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері, 18 сағ. (Таным
білім беру саласындағы Қоршаған ортамен таныстыру және Экология
негіздері блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өлі табиғат
заттары мен құбылыстары; заттық әлемді меңгеру, кеңістікте бағдарлану;
табиғаттағы маусымдық өзгерістер; өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі;
табиғаттағы мінез-құлық ережелері; өзіңді тану; қорек).
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша білім
мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- қоршаған орта жағдайында көптеген және бір затты таба білу;
- қондыру және салу тәсілдерін пайдалана отырып, заттардың тобын
салыстыру, салыстыру нәтижесінде қай заттың үлкен, кіші және тең екенін
сөзбен белгілеу;
- көлеміне қарай 2 затты салыстыру, заттардың қайсысы үлкен (кіші),
ұзын (қысқа), биік (төмен) екенін сөзбен белгілеу;
- шеңбер, шаршы, үшбұрышты тану және атау;
- үстіңгі, астыңғы солға, оңға сөздерін түсіне білу;
- тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтау: таңертең - кеш, күн - түн.
Құрастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында
балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- құрылыс материалының негізгі бөлшектерін білу мен атын атау;
- кірпіштерді, пластиндерді тік және көлденең орналастыру;
- бір бөлшекті екінші бөлшектің үстіне қойып, құрылысты өзгерту;
- құрылыстарды көлеміне қарай ажырата білу;
- қағаз парақтарын өзгерту: мыжу, жырту, бұрау, жұлу.
Қоршаған ортамен таныстыру және Экология негіздері бойынша білім
мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- кемінде екі ағашты, бөлме өсімдіктерін тану мен атын атау;
- үй жануарларын тану (ит, мысық, түйе, сиыр);
- жабайы жануарларды тану (қасқыр, аю, қоян, түлкі);
- ағаштың діңгегін, жапырағын, бұтағын; гүлдің жапырағын, гүлін таба
білу;
- көкөністерді түсі, дәмі, көлемі мен пішініне қарай ажырата білу
(сәбіз, қияр, қызанақ);
- жемістерді түсі, дәмі, көлемі мен пішініне қарай ажырата білу (алма,
алмұрт, апельсин);
- табиғат пен ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқау;
- жақын айналадағы заттарды, ажырата білу және атау, олардың көлемін,
түсін, пішінін, бөлшектері мен бөлімдерін білу;
- жалпылама сөздерді түсіну (ойыншық, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз);
- табиғат аясында өзін-өзі ұстай білудің негізгі ережелерін білу:
жапырақты жұлмау, ағаш бұтақтарын сындырмау, жануарларға зәбір көрсетпеу
және т.б.;
- адам денесінің құрылысы туралы әңгімелеу;
- өзінің эмоционалды және денсаулығының күйі туралы әңгімелеу;
- сауықтыру іс-әрекетіне қатысу;
- эксперимент жасай білу (Қардың суға айналуы; құм және қармен ойнау;
сумен ойнау, су және сабын көбігімен ойнау; қағазбен ойнау, көлеңкемен
ойнау).

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ білім беру саласы (144 сағ)
. Мақсаты: Қазақстан және басқа елдердің өнер шеберлерінің туындыларына
эмоционалды үн қата білетін, нәтижелі бейнелеу іс-әрекеті саласында
қарапайым дағдыларға ие мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын
дамыту.
. Шығармашылық білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде жүзеге асырылады:
. - сурет салу, 36 сағ. (Сурет салу тарауының мазмұнына келесі бағыттар
кіреді: заттың суретін салу; сәнді сурет салу; сюжеттік сурет салу;
түпкі ойы бойынша сурет салу (3 және 4 тоқсанда);
. - мүсіндеу, 18 сағ. (Мүсіндеу тарауының мазмұнына келесі бағыттар
кіреді: затты мүсіндеу; сәнді мүсіндеу; сюжеттік мүсіндеу; түпкі ойы
бойынша мүсіндеу);
. - жапсыру, 18 сағ. (Жапсыру тарауының мазмұнына келесі бағыттар
кіреді: сюжеттік жапсыру; сәнді жапсыру; түпкі ойы бойынша жапсыру);
. - музыка, 72 сағ. (Музыка тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді:
музыка тыңдау; ән салу; музыкалық-ырғақты қимылдар).
(Балаларды өнермен таныстыру материалына сурет салу, жапсыру, мүсіндеу
бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кіреді және педагог пен баланың
біріккен еркін іс-әрекетінде пайдаланылады).
Сурет салу бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында
балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- негізгі түстерді білу және атау: қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ;
- қарындашпен, бояу жаққыш, бояумен жұмысі істей білу;
- бейнеленетін затты парақтың ортасына орналастыра білу;
- тік, дөңгелек, еңіс, ұзын, қысқа, қиылысатын сызықтарды пайдалана
отырып, қарапайым заттар мен құбылыстарды бейнелеу.
Мүсіндеу бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- жұмырлау, біріктіру, жаныштау, пішін шеттерін саусақ ұштарымен созу
тәсілдерін пайдалана отырып, 1 - 3 бөлімнен тұратын заттарды жасау;
- мүсінделген заттарды безендіре білу;
- ұжым болып жұмыс істей білу және жалпы композицияларды құрастыру.
Жапсыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- қағаз парағында дайын үлгілерден заттардың бейнесін құрастырып,
оларды желімдеу;
- желімді пайдалану; күрделі емес ою-өрнекті біртегіс орналастыру.
Музыка бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- музыкалық және шулы ойыншықтарды, балалардың музыкалық аспаптарын
тану мен атау (сылдырмақ, қоңырау, барабан және металлофон, саз сырнай,
дабыл, аса таяқ); музыкалық туындыны соңына дейін тыңдау;
- таныс әндерді тану; бір-бірінен қалып қоймай және озып кетпей ән
салу;
- би қимылдарын орындау (қол соғу, аяқпен тепкілеу, отырып тұру,
айналу).
.
. ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА білім беру саласы (36сағ)
Мақсаты: айнала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға және өзара
әрекеттесуге дайын мектепке дейінгі кіші жастағы баланың әлеуметтік
құзіреттілігін қалыптастыру.
Әлеуметтік орта білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде және педагог пен балалардың біріккен еркін іс-әрекетінде жүзеге
асырылады:
. - қоршаған ортамен таныстыру және экология, 18 сағ. (Қоршаған ортамен
таныстыру және Экология блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді:
бала, оның отбасы, үй; көлік, байланыс құралдары; жол қозғалысының
ережелері; ересектердің еңбегі; Қазақстан – менің Отаным; ересектермен
және құрдастарымен өзара әрекеттесу; адамгершілік нормалары туралы
түсінік; мінез-құлық мәдениетінің дағдылары; мәдени-гигиеналық дағдылар;
өзіңе және басқаларға көмектес);
. - көркем әдебиет, 18 сағ (Көркем әдебиет тарауының мазмұнына келесі
бағыттар кіреді: адам қатынастарының әлемі; эмоциялар әлемі).
Әлеуметтік орта білім беру саласындағы Қоршаған ортамен таныстыру
және Экология блогының мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- үй туралы, отбасы туралы түсінікке ие болу, отбасы мүшелерін қалай
атауды және міндеттер қалай бөлінгені білу;
- көлік құралдарын тану мен атау (автобус, машина, ұшақ, пароход);
- бағдаршамның жасыл және қызыл сигналдарын түсіне білу;
- жол қозғалысының ережелері туралы түсінікке ие болу;
- жақын айналасындағы адамдардың еңбегі туралы қарапайым түсінікке ие
болу;
- өз Отаны – Қазақстан туралы білу, Қазақстанның туын тани білу;
- армия, ел қорғандары туралы түсінікке ие болу;
- ересектермен және құрдастарымен өзара оң әрекеттесе білу, ізгі ниетті
және ілтипатты болу;
- адамгершілік мінез-құлық нормалары туралы түсінікке ие болу: жақсы
деген не, жаман деген не?;
- мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын иелену;
- мәдени-гигиеналық дағдыларды меңгеруде өз бетінше әрекет ету;
- денсаулық пен өз өмірін қалай сақтап қалу туралы түсінікке ие болу
және басқаларға көмектесу.
Әлеуметтік орта білім беру саласының мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл
соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- қоғамдық орындарда өзін сабырлы ұстау, қатар ойнау және шұғылдану,
бір-біріне кедергі жасамау;
- басқа адамға қамқорлық көрсету;
- өсімдіктер мен жануарлар күтіміне қолдан келгенше қатысу;
- ертегі, әңгіме, өлең тыңдау, мінез-құлықтың дамуын қадағалау;
- мінез-құлық мәдениеті дағдыларын таныта білу: сәлемдесу, қоштасу,
кешірім сұрау, өз көмегін ұсыну;
- әдеби кейіпкердің мінез-құлқына деген өз қатынасын әңгімелеу, жағымды
және жағымсыз қасиеттер көрінісі тұрғысынан баға беру.

Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту
. Мақсаты: белсенді тұлғаны қалыптастыру, балалардың алғашқы ойын
бірлестіктерінің тәжірибесін жинақтау, басқа балалармен қатар және
олармен бірге ойнай білуін дамыту.
. Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту тарауының мазмұнына мыналар кіреді:
сюжеттік-рөлдік ойындар; қимыл-қозғалыс ойындары; дидактикалық ойындар.
Баланы ойын іс-әрекетінде дамыту бойынша материалды игеру нәтижесінде,
жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- сюжеттік-рөлдік ойында күрделі емес сюжетті ойластыру, рөлді таңдау,
құрдастарымен бірге оны біріккен ойында орындау, ойында бірнеше өзара
байланысты іс-әрекеттерді орындау;
- ойында табиғи және құрылыс материалдарын пайдалану;
- қимыл-қозғалыс ойындарында қимылды үйлестіру, кеңістікте бағдарлану;
- қарапайым ережелерді, ойын іс-әрекеттерін орындау: тәрбиешінің белгі
беруі арқылы іс-әрекетті бір мезгілде бастау және аяқтау, кезектесіп әрекет
жасау.

Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту
. Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек іс-әрекетіне,
еңбекке қызығушылығын тәрбиелеуге, еңбектенуге ниет білдіруге баулу.
. Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту тарауының мазмұнына мыналар кіреді:
өзіне-өзі іс-әрекет көрсету; шаруашылық-тұрмыстық еңбек; табиғат
бұрышында еңбек ету; табиғатта еңбек ету).
Баланы еңбек іс-әрекетінде дамыту нәтижесінде жыл соңында балалар
мыналардың меңгеруі тиіс:
- өзіне-өзі іс-әрекет көрсетудің қарапайым дағдыларын иелену;
- бөлме мен учаскеде тәртіп пен тазалық сақтау, тәртіп сақтау бойынша
ересек адамның қарапайым тапсырмаларын орындау;
- еңбек іс-әрекетіне қатысуға ниет білдіру.

4 ЖАСТАН БАСТАП 5 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ОҚУ ЖОСПАРЫ

Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
. Балалар осы жаста заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсінуін
айқындау мен көрсету мақсатында, ересектерге көп сұрақ қояды.
Құрдастарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі бірден арта түседі, бала
құрдастарының арасындағы өз орнын сезіне бастайды, беймазалық пен ығыр
етуді теріс бағалай алады.
. Сұхбаттасының эмоционалды күйін сезіну қабілеті, коммуникативтік
икемділіктер дамиды – балалар сыпайы сәлемдесе алады және қоштаса алады,
басқа адамды аты-жөнімен атай алады. Атап айтсақ, қарым-қатынаста Мен
бейнесі қалыптасады.
. Бала өзі жасаған іс-әрекетті басқа адам мен өзі үшін физикалық және
эмоционалды күй салдарлары тұрғысынан бағалай алады. Оған пайымдаудың
мәні түсінікті бола бастайды. Баланың бойында қызығушылықтар мен
құндылықты бағдарлар, белгілі бір іс-әрекет түрлерін, қыздар мен ұлдарға
тән іс-әрекет тәсілдерін ұнатуы жинақталады (мысалы, қыздар қуыршақпен,
ал балалар машинамен ойнайды және т.б.).
. Көркем туындыны қабылдауы, музыкаға үн қатуы арта түседі, қиялы, білімге
құмарлығы жүзеге асады, мұның өзі қызығушылықтар мен қабілеттерді
айқындау үшін қолайлы негіз болып табылады.
. Бес жасқа қарай өзара қатынастар жүйесі қалыптасады, топтық
ынтымақтастыққа деген неғұрлым сыни баға жинақталады, баланың достары
пайда болады.
. Бес жасар бала ұзақ әңгімелерді, түсіндірулерді қабылдайды, өйткені оның
бойында таңбалық-символдық функция (әріптерге, цифрларға қызығушылық)
мен неғұрлым тұрақты зейін пайда болады, ерікті есте сақтау қабілеті
туындайды, қабылдауы мен елесі жетіледі, көрнекі-образдық ойлаудың
жоғары формалары дамиды: пайымдай білу, ой қорытындысын жасау, саралау
қабілеті жетіледі. Сөйлеудің мәні алуан түрлі ақпаратты, ойлар мен
пайымдарды тарату тәсілі ретінде ұлғая түседі. Әңгіме тәжірибелік
бақылау және эксперимент жасаумен қатар тиімді тәсілге айналады.
. Бес жасқа қарай тұлғаның психологиялық портреті жинақталады, мұнда
маңызды рөл құзыреттілікке, әсіресе, зияткерлік құзыреттілікке беріледі,
өйткені бұл жас бұл не? деп сұрай беретін жас болып табылады. Мүлдем
жаңа қабілет пайда болады: ойдан шығарылған кейіпкерлер үшін күйзелу,
яғни балаларға басқа адамның ішкі өмірі қолжетімді бола бастайды.
.

4

5

6

7

8

9

10 4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі ортаңғы топқа арналған үлгілік оқу
жоспары

Денсаулық - 2 сағат
қауіпсіз мінез-құлық негіздері және дене шынықтыру 2 сағат
валеология негіздерімен
Қатынас - 2 сағат
тіл дамыту 1 сағат
көркем әдебиет 0,5 сағат
орыс тілі 0,5 сағат
Таным- 3 сағат
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру 1 сағат
құрастыру 1 сағат
қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері 1 сағат
Шығармашылық - 4 сағат
сурет салу 1 сағат
мүсіндеу 0,5 сағат
жапсыру 0,5 сағат
музыка 2 сағат
Әлеуметтік орта - 1 сағат
қоршаған ортамен таныстыру және экология 0,5 сағат
көркем әдебиет 0, 5 сағат
Мектепке жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу 12 апталық
іс-әрекетінің жалпы көлемі сағат,
36 оқу аптасы
Вариативті компонент 2 сағат


ДЕНСАУЛЫҚ білім беру саласы (72сағ)
. Мақсаты: баланың денсаулық сақтау негіздерін, жеке гигиена дағдылары мен
қимыл дағдыларын меңгеруіне, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін сақтауға
және өз денсаулығын күтуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау
құзыреттіліктерін қалыптастыру.
. Денсаулық білім саласының мазмұны ортаңғы топтағы ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде жүзеге асырылады:
. - дене шынықтыру, 72 сағ. (Дене шынықтыру тарауының мазмұнына келесі
бағыттар кіреді:
- негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары (жүру; жүгіру; секіру;
лақтыру, тастау, ұстау; бауырлап жүру мен өрмелеу; тепе-теңдік; құру және
қайта құру; музыкалық-ырғақ қимылдары);
- жалпылама дамытатын жаттығулар (қол мен иыққа; аяққа; кеудеге
арналған жаттығулар);
- спорт жаттығулары (шанамен сырғанау; сырғу (өз бетінше); шаңғы тебу
(басып жүру, жанымен жүру); велосипед немесе өзі сырғанайтын құрылғыда
(самокат) сырғанау; жүзуге дайындық) тебу;
- спорт ойындарының элементтері (кеглиді құлату, футбол, хоккей);
- қимыл-қозғалыс ойындары (жүгіріп ойнау; секіріп ойнау; жер бауырлап
немесе өрмелеп ойнау; лақтырып ойнау, тастап ойнау және ұстап ойнау;
кеңістікте бағдарлана білуге ойнау, эстафеталық ойындар; суда ойнау).
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері және валеологиялық тәрбие балалардың өз
бетінше қозғалыс іс-әрекеті, сауықтыру-шынықтыру, салауатты өмір сүру салты
дағдыларын қалыптастыру, сауықтыру-шынықтыру процедураларын дамыту арқылы
бір жыл бойы мектепке дейінгі ұйым іс-әрекетінің барлық режимдік
кезеңдерінде, сондай-ақ Қоршаған ортамен таныстырудағы басқа
тақырыптармен ықпалдасуынан және білім берудің бес саласында жүзеге
асырылады.
Валеология бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- гигиеналық процедуралар өткізу (шашын тарау, қол орамалды пайдалану,
жуынғанда жеңдерін өз бетінше түру, беті мен қолын сабындап жуу және оларды
құрғата сүрту, тістерін тіс шөткесімен тазалау, киімді суламау, сүлгіні
белгіленген орынға ілу); белгілі бір реттілікте киіну мен шешіну; негізгі
тамақ өнімдерін атау;
- денсаулықты нығайтудың кейбір шаралары туралы түсінікке ие болу
(шынығу, күн тәртібін сақтау, гигиеналық процедураларды сақтау);
-жануарларды ұстап көргенде, сақтық шараларын сақтау; балабақшаның, өз
үйінің айналасында бағдарлана білу.

ҚАТЫНАС білім беру саласы (72сағ)
Мақсаты: ана тілін және орыс тілін үйренуге, ересектермен және
құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін коммуникативті-тілдік
құзіреттілікке ие мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
Қатынас білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде жүзеге асырылады:
. - тіл дамыту, 36 сағ. (Тіл дамыту тарауының мазмұнына келесі бағыттар
кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу;
тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу;
шығармашылық тілдік қызмет);
- көркем әдебиет, 18 сағ. (Көркем әдебиет тарауының мазмұнына келесі
бағыттар кіреді: оқу мен әңгімелеуге арналған шығармалар; жаттауға арналған
шығармалар; әңгімелеп беру және сахналандыруға арналған шығармалар);
. - орыс тілі, 18 сағ. (тараудың мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің
дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; тілдің
грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуді дамыту).
Тіл дамыту бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- барлық дауысты, дауыссыз; қатаң, ұяң үнді дыбыстарды айту; р, л
дыбыстарын дұрыс айту;
- сөзде берілген дыбысты есту мен атап көрсету;
- жалпылама мәнге ие сөздерді пайдалану (көкөністер, жемістер,
жануарлар, ойыншықтар);
- заттардың орналасуын анықтау мен атау: сол жақта, оң жақта, арасында,
жанында, қатар;
- күрделі сөз формаларын қолдану: көпше түрдегі ілік септігіндегі зат
есім (балалардың, қонжықтардың), бұйрық райлы етістік (сурет сал, ән сал,
биле);
- жекеше-көпше түрді, септік жалғауларын үйлестіру;
- шағын әдеби мәтіндер мен ертегілерді әңгімелеп айтып беру;
- ойыншық туралы және сюжеттік картина бойынша әңгіме құрастыру;
- таныс әдеби туындылар мен ертегілерден үзінділерді драмаландыруға
қатысу.
Көркем мәтін бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында
балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- ертегі, әңгіме, өлең тыңдай білу;
- оқыған туындылардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
- шағын тақпақтарды жатқа оқу;
- ересектердің көмегімен шағын әңгімелерді айтып беру, шағын
ертегілерді драмаландыру (сахналандыру);
- кітапқа қызығушылық таныту, кейбір таныс әдеби шығармаларды, оның
ішінде қазақ авторларының шығармаларын, ұлттық фольклорлық туындыларды білу
мен атын атау.
Орыс тілі бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- үлгілік ойын жағдайларында педагогтың сөзін түсіну;
- жақын айналасындағы заттардың топтарын атау (ойыншықтар, ыдыс, киім,
жануарлар, құстар, көкөністер мен жемістер, адам денесінің кейбір
мүшелері);
- жыл мезгілдері мен табиғаттың жекелеген құбылыстарын білдіретін
заттарды атау; заттардың кейбір қасиеттері мен белгілері, қарапайым іс-
әрекеттерді білдіретін сөздерді атау; қарапайым сұрақтарға жауап беру: Кім?
Не? Бұл не? Қандай? Неше? Жылдың қай мезгілі? Заттардың кейбір қасиеттері
мен белгілерін атау;
- өзі туралы әңгімелеу (тегі, аты-жөні, жас ерекшелігі); қарапайым
диалогқа қатысу; сөйлемде жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолдану;
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту; сөз тіркестерін құрастыру; екі-үш
сөзден сөйлем құрастыру;
- тәрбиешінің үлгісі бойынша қысқа әңгіме (екі-үш сөйлемнен) құрастыру.

ТАНЫМ білім беру саласы (108 сағ)
Мақсаты: әлемнің қарапайым бейнесін түсінуге және өмірлік маңызды
мәселелерді шешу үшін ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін танымдық
құзыреттілікке ие мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
Таным білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
жүзеге асырылады:
. - қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру , 36 сағ.
(Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру тарауының мазмұнына
келесі бағыттар кіреді: жиынтық; сан мен есеп; көлем; геометриялық
фигуралар; кеңістікте бағдарлану; уақытқа бағдарлану);
. - құрастыру, 36 сағ. (Құрастыру тарауының мазмұнына келесі бағыттар
кіреді: құрылыс материалдарына құрастыру; қағаздан құрастыру; табиғи
және жарамсыз материалдан құрастыру; конструктор бөлшектерінен
құрастыру);
. - қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері, 18 сағ. (Қоршаған
ортамен таныстыру және Экология негіздері блогының мазмұнына келесі
бағыттар кіреді: жансыз табиғаттың заттары мен құбылыстары; заттық
әлемді меңгеру, кеңістікте бағдарлану; табиғаттағы маусымдық өзгерістер;
өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; табиғаттағы мінез-құлық ережелері;
өзіңді таны; қорек).
. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша білім мазмұнын
игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- заттарды үлгісі мен аталған санына қарай есептеу, сандарды ретіне
қарай атау арқылы заттарды санау және қорытынды сан, Барлығы қанша? деген
сұраққа жауап беру;
- сандарды ретіне қарай атау арқылы 5-ке дейін заттарды санау,
Қанша?, Нешінші? сұрақтарына жауап беру;
- заттардың екі тобын салыстыру, аз топқа қосу арқылы немесе үлкен
топтан бір затты алу арқылы екі тәсілдің теңдігін анықтау, қанша болды?,
қанша қалды? сұрақтарына жауап беру;
- түрлі анализаторлардың көмегімен санау (көру, есту, сезіну арқылы);
- беске дейінгі цифрларды білу мен атау;
- ұлғаю және азаю тәртібінде көлемі әр түрлі 5 затқа дейін салыстыру;
- геометриялық пішіндер мен денелерді тану және атын атау: шеңбер,
шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, текше, шар, цилиндр;
- әлдебір заттың өзіне қатысты орналасуын анықтау мен белгілеу;
- берілген бағытта қозғалу: алға, артқа, солға, оңға;
- тәулік бөліктерін ажырата білу және атау.
Құрастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар
мыналарды меңгеруі тиіс:
- құрылыс бөлшектерін ажырата білу және атын атау (текше, пластина,
діңгек, кішкентай кірпіш);
- конструктивтік қасиеттерін ескере отырып, құрылыс материалдарының
бөлшектерін пайдалану;
- құрылысқа талдау жасау: негізгі бөлшектерді көрсету және оларды
шамасы мен пішінен қарай ажырата білу, осы бөлшектердің бір-біріне қатысты
кеңістікте орналасуын анықтау;
- берілген тапсырмаға сәйкес құрылыстарды өзгерту;
- тікбұрыш парақты ортасынан бүгу;
- қағаз парақтарын көлемді пішіндерге өзгерту (мыжу, жырту, бұрау);
- жұмыс орнында тәртіп сақтау.

Эксперименталды іздену іс-әрекеті
- қарапайым тәжірибелер мен эксперименттерге қызығушылық таныту және
қатысу;
- қарапайым себеп-салдар байланысын орнату;
- заттарды белгілі бір реттілікте тексеру тәсілдері;
-түрлі материалдармен, олардың сапасы және қасиеттерімен танысу.
Қоршаған ортамен таныстыру және Экология негіздері блогының
мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- өлі және тірі табиғат ұғымын ажырата білу; өлі және тірі
табиғат нысандарын атау және ажырата білу;
- табиғаттағы және жыл мезгіліндегі ауа райындағы маусымдық
өзгерістердің атын атап, ажырата білу;
- қарапайым өзара байланыстарды түсіну (суық – жылы киіну керек,
топырақ құрғады – гүлдерге су құю керек);
- ағаштардың, талдардың, шөптесін өсімдіктердің, гүлдердің,
жидектердің, саңырауқұлақтардың, көккөніс пен жемістердің, дәрілік
шөптердің бірнеше түрін атап, ажырата білу;
- өсімдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан - жақты қалыптастыру
Мекепке дейінгі шағын орталықтарды дамыту туралы
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Әдеби шығармалар арқылы балалардың тілін дамыту
Мектепке дейінгі педагогика ғылымы
Балаға бағытталған шағындау оқыту
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Пәндер