Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімДамыта оқыту технологиясын пайдала отырып, сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін қалыптастыруТанымдық қызығуды арттыруДамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиететр тізімі

Кіріспе

Құзірет, құзіреттілік дегеніміз не ? Бұл ұғымдар 12 жылдық білім беру жүйесінде, бастауыш білім беру сатысында дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда қандай роль атқарады ? Алдымен осы сұрақтардың жауабын тауып көрелік»

«Құзірет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті ұғымдары дефференцияланды.

Құзірет- тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзіреттіліктер(іс- әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады. Мұны былай көрсетуге болады:

Құзірет
Құзірет: Білім, білік (әрекет), дағды әрекет
Құзірет: Құзіреттіліктер (игерілген іс- әрекет тәсілдері)
Құзірет: Өзін- өзі басқару
Құзірет: Тұлға

Кесте 1

С. И. Ожеговтың сөздігінде «құзіреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама берілген: «құзіреттілік - біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы.

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Құзіреттілікті ауқымды жоспарда қарастыру Ю. Н. Емельяновтың еңбектерінен байқалады. «Құзіреттілік- дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.

Бүгінгі қоғамда оқушының академиялық - энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіреттіліктерінің қалыптаспағанын айғақтайды. ҚР 12 жылдық жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында «Құзіреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі» деп көрсетілген. Әрине, бұл жердегі әрекет - танымдық әрекет. [2]

Қызығу - танымдық іс- әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып- үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс - тәсілдері.

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

  • Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
  • Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
  • Жеке басдамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.
  • Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілімөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Вготский, М. Я. Лернер, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.

В. В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

  • Оқу міндетін қою сабағы
  • модельдеу сабағы
  • түсінікті нақтылау сабағы
  • нақтылау сабағы
  • бағалау сабағы
  1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
  2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Дамыта оқыту белгілері:

  1. Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы - тығыз байланыста.
  2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
  3. Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
  4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
  5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
  6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Аталған сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны Стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:

  • проблемалардың шешімін табу
  • ақпараттық
  • коммуникативтік құзыреттіліктер

Құзыреттілік - оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген.

Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту технологиясын оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.

Танымдық қызығуды арттыру

Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

Біріншісі- оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы

Екіншісі- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта жаңа технологияларды қолдану, соның ішінде дамыта оқыту технологиясын қолдану, сабақта қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру.

Үшіншісі- мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым- қатынаста сыйластық болуын қамтамасыз ету.

Танымдық іс- әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл- ой әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай -ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс- әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.

Оқу мәтінін қою сабағында

І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.

ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.

Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы

Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы: Бастауыш сынып жасында арнайы ұйымдастырылған оқыту арқылы (теориялық білім және ойлау негізінде) балада өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер қалыптастыру.

Дамыта оқыту деп (В. Давыдов, В. Репкиннің, Элькониннің трактовкасы бойынша) мазмұны, әдіс- тәсілдері, ұйымдастыру формалары баланың заңдылықтарына тікелей негізделген оқытуды айтады.

Оқушыларды дамытудың негізі - оқудың субъектісі ретінде өзін- өзі өзгертуге бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде түсіндірілетін оқу әрекеті.

Мақсаты: Балада өзін жетілдіруге, өзін- өзі өзгертуге, өзін- өзі түсінуге, өзін - өзі тәрбиелеуге бағытталған белгілі бір танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыда құзіреттілік қалыптастырып қана қоймай, оны жалпы қойылған мақсатқа жету жолындағы құрал деп қарау. Оқыту баланың жақын даму аймағына негізделген: Оқыту- дамыту- қабілет(оқу әрекеті арқылы теориялық ойлаудан жаңа білімге)

Оқу мазмұны жалпыдан жалқыға, дерексізден - нақтыға бағытталған ғылыми- теориялық ұғымдар жүйесін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жайлы
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Бастауыш мектепте математика сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz