Психологиялық кеңес беру туралы



КІРІСПЕ
І. Негізгі бөлім
Психологиялық кеңес беру бағытының ерекшелігі
1.1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы
1.2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары
1.3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары

І І. бөлім
2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері
2.2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Психологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс - әрекетін ҚР-ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады. Психологтың қызмет жұмысы Қазақстандық және халықаралық актілердің қатаң бақылауымен және бала дамуын қамтамасыз ететін заңдармен, психологтың этикалық кодексімен негізделеді.
Психологияны өмір тәжірибесінде кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді.
Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау XIX ғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр сырлары әлі толық анықталмаған .
Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда.
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағынын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т.с.с.
Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әнгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзің қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі керек екенідігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Астана қаласындағы орналасқан «Отбасылық Институтында» оқып, көптеген іс-тәжірибе алып, мектептегі ата-аналарға жүргізілген жұмыстарыма, Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» ІІ том кітабына сүйене отырып жазылған
«Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы» тақырыбындағы баяндаманы жазып әріптестеріммен бөліскім келді.
1. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 Бұйрығы.
2. Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» IIII - бөлім
3.Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал
4. С.Нұржанова Жалпы және балалар психологиясы
5. Мектептегі Психология в школе журналдары

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І. Негізгі бөлім
Психологиялық кеңес беру бағытының ерекшелігі
1.1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы
1.2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары
1.3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары

І І. бөлім
2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері
2.2 Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ата аналарға өткізілетін психологиялық кеңес беру тәсілдері

Кіріспе
Психологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс - әрекетін ҚР-ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады. Психологтың қызмет жұмысы Қазақстандық және халықаралық актілердің қатаң бақылауымен және бала дамуын қамтамасыз ететін заңдармен, психологтың этикалық кодексімен негізделеді.
Психологияны өмір тәжірибесінде кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді.
Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау XIX ғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр сырлары әлі толық анықталмаған .
Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда.
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағынын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т.с.с.
Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты - психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әнгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзің қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі керек екенідігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Астана қаласындағы орналасқан Отбасылық Институтында оқып, көптеген іс-тәжірибе алып, мектептегі ата-аналарға жүргізілген жұмыстарыма, Т.Р.Нұрмұхамбетова Тәжірибелік психология ІІ том кітабына сүйене отырып жазылған
Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы тақырыбындағы баяндаманы жазып әріптестеріммен бөліскім келді.
Зерттеу базасы: І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі Созақ ауданы

1.1 Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланыстылығы
Психологиялық қызмет өз іс - әрекетін психологиялық зерттеу, психопрофилактикалық, коррекциялық, дамытушылық және кеңес беру бағытында жүзеге асады. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекциялық және психотерапия бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне тәжірибеленуші психологтардың өздері бұл салаларды араластырып алып жатады.
Психологиялық кеңес беру барысында клиентке ықпал етудің басты құралы - жоспарланған әнгімелесу болып табылады. Оның көмегімен тұлғалар арасындағы қатынастарда орын алған неше түрлі қиындықтар мен психологиялық проблемеларды шешуге бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Әнгімелесу кеңес беру, психокоррекция жән психотерапия жұмыстарында жиі қолданылады. Дегенмен, егер кеңес беру жұмысы бәрінен бұрын клиентке оның басқалармен қарым - қатынас мәселелерін реттеуге көмектесумен шектелсе, психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал негізінде жатқан адамның жеке мәселелерін шешуге бағытталған.
Психотерапиялық көмек клиенттің жеке тұлғалық проблемаларын шешуге бағытталған. Бұл жағдайда сананы шектей отырып ықпал жасалатын амалдар кеңінен пайдаланылатын болғандықтан ол тәсілдерді қолдануға өте қатты талаптар қойылады. Себебі, оң нәтижеге жету үшін психологиялық білім мен еңбектің жалпы принциптекрін түсіну жеткіліксіз. Сонымен қатар психикаға терең әсер ету арқылы клиентті сөзсіз илануға жеткізу немесе гипнозға жақындатылған жағдайда сендіру тәсілдерін пайдалану үшін осы тәсілдерді толық менгерген және оларды емін еркін қолдануға шеберлігі жеткілікті болуы керек. Психотерапия мен кеңес берудің айырмашылығы - кең және көп қырлы тақырып. Осыған байланысты, клиентпен жүргізілетін бірінші жұмыс - психологиялық көмектен не күтуге болатындығын және керектігін оған жете түсіндіру. Осы көзқарас тұрғысынан нақты мақсатқа жетуге бағытталған психологиялық кеңес беру көбінесе өзіндік ерекшелікпен сипатталатын, өте ұзақ және терең зерттеуді талап ететін психотерапевтік көмек көрсету жұмысының алғашқы қадамы ретінде қызмет етеді. Кеңес алуға келген адам алғаш рет өзінің өмірлік сәтсіздіктеріндегі өзінің ролі туралы ойланатын және оған шын мәнінде көмектесу үшін психологпен бір немесе бірнеше кездесудің жеткіліксіз екенін түсіне бастайтын жағдайлар болады. Кеңес беру барысында клиент бірден маңызды көмекке сүйене алуы мүмкін екенін анық сезінсе, нәтижесінде алдында тұрған барлық проблемаларды шешу жолдарын тез тауып алуы немесе шытырман жағдайдан шығуы таяу уақытта немесе ешқашан болмауы мүмкін екенін де түсіне бастайды. Клиент өзіне психологиялық көмек көрсетілуі керек екендігін түсінуінің өзі өте маңызды. Проблеманы түсінген адам ондай жағдайға енді душар болмау жолдарын іздейді. Осы тәжірибелік психологияның пайдалану шеңбері кең және көп қырлы мүмкіндіктерінің бар екенінің кепілі бола отырып, әрбір қаралған мәселелерді талдау барысында әр адам өзіне қажетті нәрсені таба алатындығына негіз болады.
Ұрпақ тәрбиесi - ұлт болашағы
Адамның адамшылдығы - ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай

1.2 Психологиялық кеңес берудің қағидалары
Көптеген психолог мамандар үшін ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А.Бодалев, В.В.Столин, т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:
:: қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;
:: клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;
:: кеңес беруге тыйым салу;
:: кеңес берудің анонимділігі;
:: жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;
:: клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;
:: психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;
:: кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.

1.3 Кеңес берушінің ықпал ету құралдары
Кеңес беруде кәсіби ықпал мүмкіндіктері өте кең және алуан түрлі. Солардың ішіндегі негізгісі, талассыз, клиентпен жүргізілетін вербальдық қатынас, дәлірек айтқанда - кеңес беру әнгімесі болып табылады. Әнгіменің мұндай түрін кәсіби деңгейде меңгеруді нағыз өнер деп айтуға болады.
Клиентпен әнгімелесу
Арнайы тапсырма беру әдіс - тәсілдері
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері
Психолог - кеңесшінің кәсіптік бағдарға он е р е ж е с і
o Кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуға және жеке тұлғаның барлық оңтайлы ( жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек.
o Кеңес беру кезінде " сенімділік" жағдай туғызу және кеңесті әдепті, өнегелі түрде айтылуы керек. Жеке адамды - қоғамның қажеттілігі мен талаптарына сай бағыттау керек.
o Психолог әрбір оқушының жеке адам екенін, оның өзіндік жеке ерекшеліктері, қабілеті, мінез - құлық ерекшеліктері бар екенін ескере отырып, оқушының барлық көрсеткіштік мүмкіндіктерін дамыту керек.
o Психолог жалпылап жүйелі түрде жауап ала алатындай етіп сұрақ қояды; ал кеңесші - жауапкершілігін сезіне отырып беруі керек.
o Психолог - жеке адамның барлық комплекстік негіздеріне сүйене отырып, қорытынды жасайды.
Консультация жүргізудің әдептік принциптері:
1. Конфеденциалдықты қамтамасыз ет.
2. Өзіңе шек қойып ұғуды ұмытпа.
3. Клиенттің саған қарай қарағанын керек етсең, солай оған да қара.
Кәсіптік психограмма
Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі
- Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы
- Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы
- Жетекші болуға қабілеттілігі
- Әдептілігі, сыпайылығы
- Дұрыс ақыл-ойымен басқаруы
- Жарқын жүзділігі
- Шыдамдылық, төзімділік
- Үлкен жауапкершілікті сезуі
- Әр түрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі
- Еңбек іс-әрекетіне ынтасы
-- Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркінділігі
- Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі
- Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі
- Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі , есте сақтауы
- Өзгелерді оқытуға қабілеттілігі
- Ауруларға қамқорлық жасай білуі
- Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі

Отбасы - отанымыздың ошағы.
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес жұмыстары
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Психологиялық кеңес беру негіздері туралы
Психологиялық кеңес беру маңыздылығы
Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері
Кеңес берудің психологиялық мәні
Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері
Психолог – кеңесшінің жеке жұмысын ұйымдастыру барысы
Психологиялық кеңес берудің типі, түрі және деңгейлері
Пәндер