Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы



Мемлекеттік меншіктен . жеке меншікке
Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және
мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері
Қорытынды
Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке

Меншіктің тарихи бастамасы - ортақ меншік. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделген. Құқықтық мағынадан қарағанда мысалы мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Айтылған екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мысалы:екі азаматтың меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Ал екінші бір қарапайым формасы кәсіпорын мүліктерін түгелдей бөліп беру жолы.
Ал бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.

Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуесіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты. Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Меншік туралы заңының» біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке
Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және
мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері
Қорытынды

Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке

Меншіктің тарихи бастамасы - ортақ меншік. Ол ортақ еңбек пен оның
нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделген. Құқықтық мағынадан қарағанда
мысалы мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға
тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге
бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Айтылған екі немесе бірнеше
тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.
Мысалы:екі азаматтың меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды сату.
Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Ал екінші бір қарапайым
формасы кәсіпорын мүліктерін түгелдей бөліп беру жолы.
Ал бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға
және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.

Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында
көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуесіз және тең құқықты
субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс
істеуінің қажетті шарты. Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі
бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды
акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруды қажет
етеді.
Қазақстан Республикасының Меншік туралы заңының біршама ерекшеліктері
бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап
берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш
рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін
екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің
болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл заңда отбасы мен шаруа
қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге,
қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне арналған
арнайы баптар бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-шы бабында (1995 жыл 30-шы тамыз)
былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік бар және
бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке
қызмет көрсетуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды
қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай-ақ
заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы
мүмкін.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады.
Мемлекеттік меншік өзінің атын айтып тұрғандай мемлекеттің меншігі.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан
Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және
билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген
тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген.Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі
мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге
бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық Қазақстан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражат, алтын-валюта қоры мен
алмас қоры, тек қана мемлекетік меншік объектілері және мемлекетік заңды
тұлғаларға бекітіліп өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының
қазынасын құрайды.Сонымен қатар, Республикасы қазынасының қатарына жер,
оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп мүліктен тұрады.
Дәл қазіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің мемлекеттік пен
жеке, сонымен қатар, осы екеуіне тән негізделген меншіктің әр түрлі
түрлері заңды деп саналады. Олар:
❖ Арендалық кәсіпорынның меншігі;
❖ Кооперативтердің меншігі;
❖ Шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі;
❖ Акционерлік қоғамның меншігі;
❖ Ассоциялардың және бірлестіктердің меншігі;
❖ Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
❖ Діни ұйымдардың меншігі.
Сонымен, нарықтық экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын
қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік
формаларының бүкіл қоғамдық организмнің өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі
реттеуінің қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз
орнын табады. Меншіктің әр түрлі формалары бұл олардың механикалық
жиынтығы емес, олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір-бірімен
диалектиаклық өзара байланыстылығы.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі

Нарықтық экономикаға қөшу меншік қатынасын түбірімен өзгертуді талап
етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілері нарықта өз жұмыстарына өздері
жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, еңбек нәтижесін толық
мағынада иеленетіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен шығу
үшін нарықта ресурс иелері бір-біріне қарама-қарсы әрекет етіп,
жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт.
Советтік кезеңде мемлекет меншігінің үлесі шамамен 90 пайызға дейін
жетті, ал одан басқа колхоздардың, кооперацияның, жеке азаматтардың
үлесі өте аз мөлшерде болғаны ақиқат.
Міне сондықтан да меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
нарыққа көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі
күрделі, қиын жағдайда әлеуметтік ахуалды бәсеңдетуде, еңбекшілерді
әлеуметтік қорғауда, олардың тұрмыс жағдайын тікелей жақсартуда
мемлекет күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне осындай жағдайда
меншіктің бірқатар бөлігін шаруақорлықпен пайдалана білетіндерге беру
тиімді болары сөзсіз. Екіншіден, өндірісті дамыту, баға не өндіріс
шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенге шейін, халық
шаруашылығын тұрақтандыру мақсатымен, бақылаудан шығып бара жатқан
инфляция құбылысын реттеу үшін қаржы-несие қатынасын қатты қолда ұстау
қажет, яғни шығындарды азайту мақсатымен жоғарғы салық ставкасын,
жоғарғы банк пайызын енгізу керек. әрине, мұндай жағдайда экономика
ойдағыдай, тиімді дами алмайтыны халыққа ауыртпалық салатыны да
белгілі. Ал, нарықтың қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық
үстемділікті жою және жекешелендіру өте қажет.Мемлекет иелігінен
алудың мәні мынада. Төтенше мемлекеттік экономиканы көп салалы аралас
экономикаға көшіру. Ол болса, мемлекетті бір орталықтан басқару
қызметінен босатып, көп меншіктілі басқару формасына көшуді қамтиды.
Бұл процестің өзі өте күрделі, ал мемлекет алу мен жекешелендірудің
формалары әрқилы. Олай дейтініміз, біріншіден мемлекет иелігінен алуды
меншік иесін ауыстырмай, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен де
жүргізуге болады. Дегенмен түбінде меншік қатынасын алмастыруды күн
тәртібіне қояры сөзсіз. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі
өзгермейді, алайда оның өніміне , айналым қорларына арендатор иелік
етеді, осымен байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады.
Ал, аренда кезінде сатып алу болса, бұл жекешелендіруді көрсетеді.
Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада жеке азаматтар,
заңдық мағынада - кәсіпорындар, ұйымдар. Жекешелендіру субъектісі
еңбек коллективі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қазіргі әйгілі
коллективтік кәсіпорын идеясы орын алады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектілері –
мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым
қорлары, мемлекет кәсіпорындарының қаржы активі, тұрғын үй қоры, т.б.
Сонымен, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге
асырумен байланысты мемлекеттік меншіктің басым көпшілігі жаңа
субъектілерге көшуі тиіс, сөйтіп, ресурстарды пайдалану мен ұдайы
өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік әділеттілікті
ұштастыратын болады.
Ал, мемлекеттік меншікті үлестіре салу оп-оңай мәселе емес, ол үлкен
талдауды, заңдылықты талап етеді.
Парламентіміз қабылдаған заң актілерінде, дағдарысқа қарсы
бағдарламада, ақырында 1993-1995 жылдарға арналған мемлекет иелігінен
алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасында мемлекеттік меншікті
одан әрі өзгертудің жолдары айқын белгіленеді. Сансыз кедергілерге тап
болып, қолды бір сілтегендер де, ісі ыңғайға келмей, әрі – сәрі күй
кешкендер де жетіп жатыр. Ал енді осы шақтағы бейберекетсіздік пен
бақылаусыздықты,ақшаның құнсыздануын, бағаның тұрақсыздығын
пайдаланған алыпсатарлар толып кетуі қынжытарлық жәй. Осындай
бұратартушылық пен жасырын жекешелендірушілік басым түскен бірінші
кезең осымен аяқталады. Бұрын еңбек стажына қарай әр адамға тұрғын үй
купондары тиесілі болды. Міне, мемлекеттің тең мүмкіндік беруі осы,
мемлекет бағыт сілтейді, басқа да ұйымдық шаралар жүргізеді.
Кәсіпорындарда акциялардың 20 пайызы ұжымға, 5 пайызы басшылыққа
дегендей әңгіме болды. Ал енді адамдардың бәрі бірдей кәсіпорындарда
емес қой, сонда басқа қызметкерлер ненің 20 пайызын алады? Сонымен
бірге бірінші кезеңде бізде жұрттың бәрін мүлікті, мүлік иесі етеміз
деп келдік. Бұл болмайтын нәрсе еді. Өз еңбегімен адал тұратын 100
отбасын алып қарасақ, солардың әрқайсысы еңбегінің, қабілетіне,
ұмтылысына қарай әрқалай тұрады. Бірінші кезеңде істелген жұмыстар
мен жиналған тәжірибелер біздің кең ауқымды жекешелендіруге кіруімізге
мүмкіндік береді. Сындарлы элемент ретінде жекешелендіру бірқатар
маңызды әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуге тиіс. Сондықтан да
екінші кезеңде мемлекет меншікті ауыстырудың бірыңғай саясатын
жүргізуді алға қойды. Мемлекет тарапынан нені жекешелендіру керек,
нені мемлекеттен сатуға, сатып алуға болады, осы мәселелерді реттейтін
әділ экономикалық тетік қажет болатын. Бұл үшін әрбір адамға сыбағайлы
акцияларын үлестіруді белгілі бір тәртіппен анықтау қажет еді. Жеке
меншік иесі болу әркімді де еңбек өнімділігін арттыруға, өнімді көп
шығаруға жетелесе керек.Бұған дәлел ретінде осы жекешеленген
кәсіпорындар мен ұйымдардың, жекелеген шаруашылықтардың даму қарқынын
айтуымызға болады. Мысалы, жекешелендірудің нәтижесінде 482
кәсіпорында 59 миллиард сомның өнімі өндірілген. Агроөнеркәсіп
кешенінде 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7
пайызы мөлшерінде өнім өндірген. Міне, бұл жетістіктердің арқасында
республикалық арнаулы есепшотқа 3,3 миллиард сом және жергілікті
есепшоттарға 850 миллион сом түсті. Жекешеленген кәсіпорындардың
жалпы саны 1993 жылы 7 мыңнан асты, шамамен 68 пайыз – сауда ,
қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін өтеу, коммуналдық шаруашылық
объектілері.Бұл пайыздармен бір мезгілде бірсыпыра орта және ірі
кәсіпорындарда акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жұмысы да қайта
жүргізілді.Жарғылық қоры 23 миллиард сом болатын 522 кәсіпорын қайта
құрылды. Жекешеленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік саяси - экономикалық категория ретінде
Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі
Меншік және экономикалық жүйе
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері
Меншік құқығы, субъектілері және объектілері
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Меншік: мәні, мазмұны
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Пәндер