Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І . Кіріспе

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру
  2. Ата-аналармен жұмыс формалары
  3. Білім беру үдерісіне ата - аналармен жұмыстың түрлері

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата - аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп бақыладыңыз ба ?» деген сауал туады. Ұлы педагог А. С. Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы ? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады » деген. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс. Бала бақыты - білімде. «Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды » дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала психикасы үйдегі көрген - білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты - отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;

- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;

- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.

Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:

- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;

- екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.

Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық - педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т. б. білу қажет.

Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн.

Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.

Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.

Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.

Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:

- білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;

- әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі) ; түлек моделін құру;

- жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.

Ата-аналармен жұмыс формалары:

Форма - (латын сөзі forma) - құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.

Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:

- көрнекі насихаттау;

- оn-line бақылау;

- отбасына қатынау;

- консультациялық пункттер;

- ата-аналар жиналысы;

- әңгімелесу мен консультациялар;

- ата-аналар конференциялары;

- ауызша журналдар;

- сауалнама жүргізу;

- ашық есіктер күні;

- дөңгелек үстелдер;

- клубтар ұйымдастыру;

-біріккен бос уақыттар;

- іскер ойындар ұйымдастыру және т. б.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т. б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.

Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.

Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;

- диалог түрінде өткізілуі;

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес, тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.

Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:

- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.

- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.

- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.

Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерішінің орынбасары, тәрбиеші, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бас медбике, ата-аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.

Білім беру үдерісіне ата - аналармен жұмыстың түрлері

Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т. б. Көрмелер сонымен бірге ата-аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін .

Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады.

Балабақшада бейне бақылаулар жүйесін орнату ақпараттық технологиялардың жаңа формасы. Балабақшада Оn-line бақылаудың қажеттілігі - қазіргі уақыттың шындығы. Баспа жолдарында балалармен өрескел қарым-қатынастар, қызметкерлердің жағымсыз қылықтары жиі жарық көреді және олардың қылмыс әрекеттері сот залына дейін жетіп жүргені шындық . . .

Мұндай жағдайда ата-аналар балаларын толық күнге педагогтарға қалдыруға сенімсіздік танытады. бейне бақылау камераларын орнатудың инициаторлары білім беру басқармалары болып табылады. Балабақшада бейне бақылау камераларын орнатудың көмегімен үш негізгі мәселе шешіледі:

• Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету - балабақшаның ішкі және сыртқы территорияларын бақылауға болады.

• Педагогтармен даулы жағдайларды шешу. Камерада сақталған жазбалар даулы сәттерде ата-анаға бала немесе педагог жағына шығуға мүмкіндік береді.

• Білім беру шарттарын ұсынудың сапасын бақылау. Бұл балабақшалардың көпшілігі ақылы негізде болғандықтан бүгінгі күні өзекті. Ата-аналар не үшін ақы төлейтіндігін білуге тиіс!

Ақпараттық параққа ата-аналарға арналған жаднамалар, ата-аналардың өздері көрнекілейтін қабырға газеті де жатады. Газетте ата-аналар отбасы, бала өмірінен қызықты оқиғаларды белгілейді, бала тәрбиесі туралы тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, «Отбасының демалыс күні», «Менің анам», «Менің әкем», «Мен үйдемін» және т. б.

Ақпараттық жылжымалы - мұқаба тақырыптық қағида бойынша формаланған: «Біздің балалар ауырмасын», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» және т. б. Мұқаба ата-анаға уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналар жылжымалы-мұқаба мазмұнымен танысады, олармен әңгіме жүргізу, сұрақтарына жауап беру, ұсыныстарын тыңдауы қажет.

Бала тұлғасының дамуы мен тәрбиесінде ата-аналармен жұмыстың тиімділігін қалай анықтауға болады?

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі төмендегілер куәлік етеді:

- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;

- екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар;

- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары;

- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту;

- бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы, тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-аналардың ойлануы;

- алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.

Мектеп алды даярлық тобының ата - аналарымен өткізілген

«Ата-ана баланың алғашқы ұстазы» атты іскерлік ойын.

Мақсаты:

Ата-анамен балалардың арасындағы қарым -қатынасты бірлескен іс-әрекет арқылы нығайту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақша мен отбасы қарым-қатынас ынтымақтастығы
Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы туралы
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz