Ауру тудыратын химиялық заттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Бейорганикалық, органикалық, химиялық заттар
  2. Химиялық заттар зақымдану әсеріне жіктелу
  3. Экзогенді улар және эндотоксиндер
  4. Микроорганизмдердің әсері
  5. Ауру қоздырушы паразиттер
  6. Гельминтоздар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Химиялық заттардың ауру тудыратын әсері болады, кейде уландырады. Улану сырттан келіп түскен заттардан да (экзогендік улан), сондай-ақ организмнің өзінде пайда болатын заттардан да (эндогендік улар) болуы мүмкін. Эндогендік заттардан улануды аутоинтоксикация деп аталады. Эндогендік заттарға зат алмасу және ыдыраған ткан өнімдері жатады. Аутоинтоксикация - бөлу оргындарының функциясы бұзылудан, ішектегі сорылудың патологиялық процестерінен, сондай-ақ зат алмасудың дұрыс жүрмеуінен пайда болады. Химиялық заттардың уландырғыш әрекет дозасына, енгізу әдісіне және организмнің қарсылық көрсетуіне (төзімділігіне) байланысты.

Тері астына немесе қанға құйғаннан гөрі, асқазан ішек жолдары арқылы берілген заттардың әсері шамалы болады. Заттар уллылық әсеріне байланысты органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді.

Бейорганикалық уларға:

  1. қышқылдар,
  2. сілтілер,
  3. сынап,
  4. күшәлә (мышяк) жатады.

Органикалық уларға:

  1. эфир
  2. хлороформ
  3. цианды қосылыстар жатады.

Химиялық заттардың жекелей және тұтастай әсері бар. У әсерінің патогенезі мынандай. Улы зат организмге түскенде ферменттік жүйені тежеп, организмнің әр түрлі рецепторлық жүйесін тітіркендіреді. Кез-келген у орталық нерв жүйесінің функционалдық күйін күйзелтеді. Организм уға уйренуіде мүмкін. Мұның өзі кілегей қабықтың немесе тері бетінің өткізгіштігі кемуінен, заттың тез ыдырауынан, экскреторлық органдардан удың қарқынды бөлінуінен деп түсіндіруге болады.

Удың әсері мал түріне, жынысы мен жасына, күтіп-бағу азықтандыру және пайдалану жағдайына байланысты. Ірі қара хлороформға, жылқы - құстыру тасына, мысық - карбол қышқылына, құс - ас тұзына өте сезімтал, ал, керісінше, ит - құстыру тасына, мысық - анаморфинге, тауық - стрихнингн, т. б. онша сезімтал еместігі белгілі. Адамға қарағанда мал нерв уларына сезімталдығы шамалы.

Еркек жыныстыларға қарағанда, ұрғашы жыныстылар уға едәуір сезімтал; орта жастағы малдарға қарағанда, кәрі және жас малдар әдуір сезімтал. Мәселен, ересек итке қарағанда күшік сапонинге өте сезімтал.

Аурудың химиялық факторларына малдың шөптен, азықтан, улы химикаттардан, герьицидтерден, химиялық тыңайтқыштардың улы минералдардан, т. б. улануы, сондай-ақ малды бір жақты азықтандыру немесе емдік дәрі-дәрмектерді артық дозада қолдану жатады. Малдың азықтан улануы жайылымда да, қолдан күтіп баққанда да байқалады. Оның басты себебі - азықта улы өсімдектердің болуы. Улы өсімдіктер мен азықтардың улылығы онда күрделі химиялық қосылыстардың (алколоидтар, эфир майлары, гликозиттер, токсоальбуминдер, сапониндер, птомаиндер, т. б. ) болуына байланысты.

Алколоидтар :

  1. меңдуанада,
  2. көкнәрда,
  3. томардәрі шөбінде т. б. ;

Гликозиттер:

  1. оймақгүлде
  2. меруертгүлде
  3. лапыз шөпте, т. б.

Эфир майлар :

  1. жусанда
  2. аршада

Сапонин:

  1. арамшөптерде

Токсоальбуминдер: үпілмәлік күнжарасында кездеседі. Аш малдар жем-шөп талғамайтындықтан аузына түскен құныға жиді, сондықтан оларда улану жиі кездеседі. Ересек малдарға қарағанда жас малдар көбірек уланады.

Жауынгерлік улы заттар.

Ауруыдң химиялық факторлар тобына құрамы әр түрлі күшті улы заттар жатады. Улылық әсері былайша бөлінеді:

  1. нервтік улы заттар - зарин, заман;
  2. тұншықтыратын улы заттар - фосген, дифосген, хлор, хлорпикрин, т. б.
  3. теріге әсер ететін улы заттар - иприт, люизит;
  4. тұтастай әсер ететін улы заттар - көміртегі тотығы, көгерткіш қышқыл, хлорциан, бромциан;
  5. тітіркендіретін улы заттар - көбінесе күшәләнің әр түрлі туындылары.
  6. Жас ағызатын улы заттар - хлорацетофенен, бромбензил. Олардың әсері туралы толық деркеті азаматтық қорғаныс пәнінде оқылады.

Сыртқы ортаның патогендік факторларына биологиялық факторлар да - аурудың тірі қоздырғыштары жатады. Бұлар: патогенді саңырауқұлақтар, қарапайымдылары, микробтар, вирустар, сондай-ақ гельминдер мен буын аяқтылар.

Ауру тудыратын қабілеті бар микроорганизмді патогенді деп атайды. Инфекция (латынша inficio - жұқтырамын) деп организмге ауру тударатын (патогенді) микробтардың енуін айтады. Организмге енген микробтар мен вирустар, оларға қолайлы жағдай туғанда көбейіп, улы өнім бөліп шығарады да, соның салдарынан инфекциялық ауру пайда болады.

Сонымен, инфекциялық ауру деп патогенді микробтар мен вирустардың организмге еніп, онда өсіп-өнуі нәтижесінде пайда болатын әр алуан патологиялық өзгерістерді атайды. Мұндайда организмнің реакциясы бірінші кезекте сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне реактивтілігінің өзгеруі нерв жүйесі функциясының және зат алмасудың бұзылуы, дене температурасының көтерілуі, тамыр соғуы мен тыныс алуының жиілеуі арқылы білінеді.

Инфекциялық процестің даму дәрежесі организмнің реактивтіліне, малдың түріне, жасына, жынысына, иммуниттетрінің бар-жоқтығына, сондай-ақ сыртқы орта жағдайының ерекшеліктеріне тәуелді болады.

Мал паразиттері. Организмге паразиттердің енуінен пайда болатын аурулар - инвазиялық деп аталады. Тірі паразиттерге гельминттер (құрттар) жатады:

  1. Дөңгелек - аскаридтер, жұмыр құрттар, бөсірлер;
  2. Таспа - баур сорғыш құрттар, эхинококктар, жалпақ құрттар, т. б.

Гельминттер ішек саңлауына, өт жолдарына, бұлшық еттерге, майда бронхтан мен альвеолаларға (кеңірдек тарамдарына), бауырға, т. б. ене алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Өндірістік токсикология негізі
Еттің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу салдары
Тыныс жолдарының аурулары
Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері
Тыныс алу мүшелеріне әсер етуші дәрілік заттар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Қоршаған ортаның ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz