Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі


ОҚО, Қазығұрт ауданы, А. Оразбаева
атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тұрдыкулова Ләззат
Тақырыбы:
« Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі»
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімБілім сапасын артттырудағы мұғалім рөліМұғалім сапалы көрсеткішін зерттеу және талдауБілім беруді ақпараттандыру процесіБілім беру барысында ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мақсаты: Білім сапасын арттырудағы мұғалім шығармашылығы мен әдістемесінің рөлін зерттеу және талдау.
Міндеті: Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына мән беріп, мұғалім рөлін анықтау.
Жұмыстың өзектілігі: Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т. б. бойынша анықталады.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет - егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш - мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы - оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік - бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Білім сапасын артттырудағы мұғалім рөлі
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мғаалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік - бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Біліктілік: білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни жауапкершілікті сезіну; белгілі бір мәселені шешуге қатысу; білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту; еңбекке дұрыс қарым - қатынас; кәсібінде үнемі ізденіс таныту. Ақпараттық қажеттілікті сезіну. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі. Іздеу: әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру; ақпараттармен жұмыс; құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу. Бейімделу: технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу; өзгеріске икемділік таныту; қиындыққа көне және жеңе білу; жаңа шешімдер таба білу. Ынтымақтастықта болу: еңбекте ынтымақтастықта болу;
келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту; келісе білу,
шарт жасай білу және оны орындау; тілектестік және ынтымақтастық таныту. Жұмысқа ниеттілік: жобаға кірісу; жауапкершілікті сезіну; өз жұмысын ұйымдастыра білу; өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру; қоғам дамуына сын көзбен қарай білу; қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру; өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т. б.
Сапа өздігінен келмейді. Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы - бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі.
Ол: оқушыларды бірінші орынға қою; жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу; бірлікте еңбек ету; тұрақты жақсартуға көмек жасау; барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету; жоғары сапалы қызметпен қамту. Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың мәні зор. Ол қызметтің бағыттары мынандай болып келеді:
Ұйымдастырушылық қызмет:
- педагогтің қызметін ұйымдастыру;
- мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы;
- оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы;
- мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі;
- оқушының өз қызметін ұйымдастыруы.
Жобалаушылық қызмет:
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу;
- педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу;
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мғаалім мен оқушының даму деңгейін болжау.
Мұғалім шығармашылығы
Мұғалімнің шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:
Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шығармашыл педагогтіғ өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс. Мұғалім - өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі. Өз елінің сауатты, сапалы азаматы. Жан - жақты дамыған барлық жағдайларда тез шешім қабылдай алатын, техниканы білу, интернет, мейірімді, қамқоршы, ақылшы болуға әрқашан дайын.
Біліктілік:
1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни:
- жауапкершілікті сезіну;
- белгілі бір мәселені шешуге қатысу;
- білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;
- еңбекке дұрыс қарым - қатынас;
- кәсібінде үнемі ізденіс таныту.
2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.
3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.
Біліктілік негізі:
1. Оқып үйрену:
- белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;
- өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру;
- өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу;
- өзін дамытумен дербес айналысу.
2. Іздеу:
- әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру;
- ақпараттармен жұмыс;
- құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу.
3. Бейімделу:
- технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу;
- өзгеріске икемділік таныту;
- қиындыққа көне және жеңе білу;
- жаңа шешімдер таба білу.
4. Ынтымақтастықта болу:
- еңбекте ынтымақтастықта болу;
- келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту;
- келісе білу,
- шарт жасай білу және оны орындау;
- тілектестік және ынтымақтастық таныту.
5. Жұмысқа ниеттілік:
- жобаға кірісу;
- жауапкершілікті сезіну;
- өз жұмысын ұйымдастыра білу;
- өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру;
- қоғам дамуына сын көзбен қарай білу;
- қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру;
- өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т. б.
Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек.
Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады.
Мамандар қызметін қалай ұйымдастырамыз?
Кәсіптілік пен шығармашылықты дамыту жолдары қандай?
Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы - бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі.
Ол:
- оқушыларды бірінші орынға қою;
- жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу;
- бірлікте еңбек ету;
- тұрақты жақсартуға көмек жасау;
- барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету;
- жоғары сапалы қызметпен қамту.
Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың мәні зор. Ол қызметтің бағыттары мынандай болып келеді:
Ұйымдастырушылық қызмет:
- педагогтің қызметін ұйымдастыру;
- мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы;
- оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы;
- мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі;
- оқушының өз қызметін ұйымдастыруы.
Жобалаушылық қызмет:
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу;
- педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу;
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.
Коммуникативтік қызмет:
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) арасындағы коммуникативтік қызмет;
- мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу;
- педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайдың жасалуы.
Ю. К. Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:
- мұғалімнің сыныппен өзара әректі, нәтижеге жетуге ұмтылуы;
- мұғалімнің сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;
- оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
- оқушылармен өзара қарым - қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру.
Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.
Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің
сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шығармашыл педагогтің өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда:
Неге жеттім ? Неге ұмтыламын ? Не кедергі жасайды ? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.
Н. В. Кухарев бойынша педагогикалық шығармашылықты өлшеу
Критерилері төмендегіше:
• Жаңашылдығы және түпкіліктілігі;
• Ғылыми негізділігі;
• Әлеуметтік - педагогикалық ерекшелігі;
• Болашақтылығы;
• Өзара әректтің тиімділігі;
• Қанағаттанушылық;
• Нәтиженің тұрақтылығы;
• Бейімділігі;
* білім беру мазмұнының түпкіліктілігі;
* пәнаралық байланыстардың түпкілікті негізі;
* жаңа әдістер, үлгілер, олардың түпкілікті байланысы;
* қолданылып жүрген әдістер, тәсілдер мен үлгілер дәрежесін өзгерту;
* жаңа авторлық әдістеме;
* жаңа авторлық оқыту мен тәрбиелеу жүйесі;
* педагогикалық ізденістегі бейімделу дәрежесі
Педагогикалық - психологиялық ғылымдардың жетекші идеяларына сүйену:
- өзінің шығармашылық ізденістерінен негізгі ойды ескеру;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиелерге сүйену;
- басқа салалардағы: медицина, акмеология, философия, социология және т. б білімдерді пайдалану.
Педагогтың өзі үшін ізденудің ерекшелігі:
- әріптестер үшін ерекшелігі;
- оқушылармен шығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытының дәрежесі;
- әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі;
- білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем берушінің әрекет дәрежесі;
- барлық аймақтық білім беру жүйелерін дамытудағы тәжірибелер ерекшелігі.
Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін өсіру дәрежесі.
- педагогтар мен оқушылар қызметінің тиімділігі;
- педагогикалық нәтижені аймақтық жағдайлар мен потенциалдық мүмкіндіктеріне сай тұрақты жақсартуы;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тұрақты күшейту;
- сыртқы себебтерді азайту есебінен ішкі бағыттағы себебтерді кеңейту;
- болашақ тенденцияларды ескергенде материалдық шығын дәрежесі.
Педагогтың оқушыға ықпал ету дәрежесінің өзгеруі:
- педагогикалық нәтиженің сапалық, сандық көрсеткіштерінің динамикасы;
- оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне педагогикалық әрекеттердің сәйкестік икемділігінің дәрежесі;
- педагогтың өзінің оқушылардың ықпалын өзгерту дәрежесі;
- оқушыларды жеке тұлға ретінде инновациялық, шығармашылық тұрғыда қалыптастырудағы педагогтың жеке тұлға ретіндегі ерекшелігі;
- жаңа әдістердің туындауы.
Педагогтің шығармашылық қызмет үрдісіне:
- педагогтің өз қызметінің нәтижесіне;
- оқушылардың қызметінің әр кезеңде нәтижеге жетуі;
- оқушылардың еңбектестік үрдісіне;
- оқушылардың педагог қызметін атқару үрдісіне
* сезімдік - адамгершілікті жетілдірудің өзара нәтижелері;
* ақыл-ойдың өсуінің нәтижелері;
* өзіндік даму және өзіндік жетілу жолын таңдауына;
* педагог пен оқушылардың тұрақты шығармашылықты қалыптастыру бағытына.
Педагогтің қызметі бойынша көрсеткіші:
- пәнді оқыту көрсеткіші;
- басқа педагогтардың пән бойынша көрсеткішіне қатысы;
- туыстас пәндер педагогтарымен байланысы;
- білім беру жүйесіне қатысы.
Өзіндік шығармашылыққа ынталандыруы:
- педагогикалық технологияны меңгерудегі шығармашылдығының мүмкіндігі;
- педагогтің жеке қасиетіне сай әдістер мен технологияларға бейімделу мүмкіндігі;
- туыстас пәндер педагогтарының қызметіне, педагогикалық инновацияны пайдалану мүмкіндігі, бейімделуі,
- білім беру жүйесіндегі педагогтің қызметіне бейімділігі;
- әр түрлі жағдайға бейімділігі.
Педагогтің сапалы көрсеткішін зерттеу және талдау
Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді:
1. Ақпараттық - өндірушілік: педагог басқаның тәжірибесін ескере отырып, нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты стуацияларды шешудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық шығармашылықтың төменгі деңгейі болып табылады.
2. Бейімділік- болжаушылық: педагог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі. Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім, білік дағдыларын меңгертужұмыстары жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке басын дамытуды оптималды болжау жағдайы жетіспейді.
Бұл педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі.
3. Ұтымдылық: педагогтің құрастырушылық - болжаушылық қабілеті байқалады, яғни жаңашылдық, педагогикалық үрдісті мақсатты, ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т. б. Бұл І І деңгейі.
4. Зерттеушілік: педагог өзінің ізденісінің тұжырымдамалық негізін анықтай біледі, оларды еркін қисындырады. Оның нәтижесінзерттеу негізінде өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог шығармашылықтың жоғары категориясына жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі. Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін.
Бұл педагогикалық шығармашылықтың « жоғары » деңгейі.
5. Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) - болжаушылық: педагог жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің әдістерін негіздеу қабілеттерін көрсетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл инновациялық тұлға қалыптасады. Бұл деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оның оқушылары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда өз мүмкіндіктері бойынша өзіне - өзі іштей жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге тырысады.
Алғашқы екі деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін іздейді, яғни ол өзіне : Мен не істей аламын?, Қолымнан не келеді? Деген сұрақтарын қойса ІІІ-деңгейде, Қалай жақсы істеуге боладжы?, Қандай әдіс - тәсілдер, құралдар жоғары нәтиже береді? деген сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІV, V деңгейде өз іс әрекетіне шығармашыл-педагог:Мен кімді қалыптастырамын?Менің қызметімнің нәтижесі не? Сұрақтарын басшылыққа алады.
Мұғалім сабағына қатысу және талдау жасау, бағыт - бағдар беру мектеп басшыларының қызметінің негізгі және маңызды кезеңі болуы тиіс. Ол үшін бұл жұмысқа уақытты аямау керек, өйткені сол арқылы мұғалім еңбегінің сапасы және нәтижесі анықталады.
В. А. Сухомлинский « Разговор с молодым директором школы » атты еңбегінде : « Сабаққа жиі қатысып, талдау жасайтын мектеп директоры мектепте не болып жатқанын хабардар болады, ал жиналыстар өткізіп, басқа ұйымдастыру жұмыстарымен жүріп, оқушының, мұғалімнің еңбегімен тікелей таныспаған басшының қызметінің мәні болмайды » деген
Оқыту сапасының негізгі критерийлері оқыту үрдісінің нәтижесі мен оқушылардың білім, білік дағдысының сапасы болып табылады. Ал, бұның барлығы мұғалім кәсіптілігіне тікелей байланысты екендігін шексіз қайталап айта беруге болады. Өйткені сапалы, білімді, шығармашыл оқушы ( кіші ғылым академиясы жанында ұйымдастырылатын ғылыми жұмыстар жоба жарыстары жүлдегерлері мен пәндік олимпиада, «Дарын» бағдарламасы бойынша өткізілетін байқау, жарыстарының жеңімпаздары және т. б. ) шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалім еңбегінің жемісі.
Мұғалім - өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.
Мұғалімнің эмоциялық жағдайы, оның дайындық дәрежесі және көбеюі баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылдығын қалыптастыруда жан - жан жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.
Шығармашыл жұмыс істейтін мұғалім
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz