Мемлекеттік нысандар



Жоспар:

Кіріспе

1. Мемлекеттік нысандар туралы ұғым;
2. Мемлекеттік нысандардың түрлері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекеттік құрылыс қызметін қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет ішілік тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған баскару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі кұрылымын ондағы үлгілі мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр. Орталык мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері арасындағы ара қатынасты құрылыс нысанының маңызы орасан зор: оны қарамайынша орталықпен жергілікті органдардың қарым-қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау, ал көпұлтты мемлекеттерде — әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау, ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау киынға соғады.
Егер бастапқы критерий етіп мемлекеттік құрылыс нысанын алатын болсақ, онда барлық мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінген болар еді. Олардың нақтылы құрылымдарына, мемлекеттік жүйенің түрлі «қабаттарының» арасындағы құзыреттерінің бөлінуіне, билікті жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтык институттарға, сондай-ақ халыкты баскару ісіне тартудың нысандары мен әдістеріне келер болсақ, олардың арасындағы айырмашылық айтарлықтай.
Унитарлық (ипіtar — бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан) мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономдық мемлекеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік-аумақтық беліністерден тұратын мемлекеттер. Осыған карай жоғары билік органдары, басқару және сот бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық мемлекетте бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтылық болады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдік, атқару және сот органдары унитарлық мемлекеттің жоғары органдарына бағынады. Олар унитарлық мемлекет айналысатын сыртқы қатынастарға қатыспайды. Олар унитарлық мемлекеттің жоғары билік органдарының нұсқауларын орындайды, оның актілерін іс жүзіне асырады, ел үйін біртұтас болып табылатын қаржы, салық, несие-актыда, кеден саясатын басшылыққа алады.
Унитаризм мемлекеттік құрылыс нысаны ретінде мемлекеттіліктің пайда болу кезеңінде және оның дамуының көптеген кезеңдерінде басымдық танытты. Ауқымды аймақты алып жатқан және қайта-қайта бытыраңқылыкка ұшыраған көптеген бөліктерден тұратын, басқыншылық соғыстың нәтижесінде пайда болған ірі мемлекеттердің өзі унитаризм шенберіне келіп кірген. Содан кейін ғана көптеген елдердің мемлекеттік құрылысында федерализмді пайдалану практикасы дами бастады.
Унитаризм қазір де әлемдік аренада кең тараған. унитарлық мемлекеттердің қатарына Франция, Жапония, Финляндия, Түркия, Венгрия, Украина, Беларусь, Қазақстан, Кырғызстан, Армения және басқалар жатады.
Федеративтік (Federative— одақпен нығайту деген латын сөзінен шыққан) мемлекеттер — бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас мемлекеттер. Мемлекеттердің немесе мемлекеттік құрылымдардың федера-цияға бірігуі (кіруі, қосылуы) олардын, шексіз құқығының кейбіреуінен айрылуына әкеліп соғады, ол құқықтар федерацияға көшеді. Федеративтік мемлекеттегі тәуелсіздік федерация мен оның мүшелері арасында бөлініп койылады. Оған толық көлемінде жоғары жалпы федералдық органдар ие болады; бұдан басқа оны белгілі бір мөлшерде федерацияның құрамына кіретін мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдардың жоғары органдары да пайдалана алады.
Федерацияның өзіне тән ерекшелігі, онда тек қана жоғары жалпыфедералдық органдар (мемлекет басшысы, парламент, үкімет, жоғарғы сот, министрліктер, ведомстволар) ғана жұмыс істеп коймайды,
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
2.Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
3. Е.Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова «Құқықтану» 2007ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Мемлекеттік нысандар туралы ұғым;
2. Мемлекеттік нысандардың түрлері.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мемлекеттік құрылыс қызметін қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның
мемлекет ішілік тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған баскару нысанынан,
сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта
кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі кұрылымын
ондағы үлгілі мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік
бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр. Орталык мемлекеттік
билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің
биліктері арасындағы ара қатынасты құрылыс нысанының маңызы орасан зор:
оны қарамайынша орталықпен жергілікті органдардың қарым-қатынастар
проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын
объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау,
ал көпұлтты мемлекеттерде — әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау,
ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау киынға соғады.
Егер бастапқы критерий етіп мемлекеттік құрылыс нысанын алатын болсақ,
онда барлық мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып
бөлінген болар еді. Олардың нақтылы құрылымдарына, мемлекеттік жүйенің
түрлі қабаттарының арасындағы құзыреттерінің бөлінуіне, билікті жүзеге
асыратын ұйымдық-құқықтык институттарға, сондай-ақ халыкты баскару ісіне
тартудың нысандары мен әдістеріне келер болсақ, олардың арасындағы
айырмашылық айтарлықтай.
Унитарлық (ипіtar — бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан)
мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономдық мемлекеттік құрылымдар
жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік-аумақтық беліністерден тұратын
мемлекеттер. Осыған карай жоғары билік органдары, басқару және сот бүкіл ел
үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы
мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық
мемлекетте бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтылық болады.
Әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдік, атқару және сот органдары
унитарлық мемлекеттің жоғары органдарына бағынады. Олар унитарлық мемлекет
айналысатын сыртқы қатынастарға қатыспайды. Олар унитарлық мемлекеттің
жоғары билік органдарының нұсқауларын орындайды, оның актілерін іс жүзіне
асырады, ел үйін біртұтас болып табылатын қаржы, салық, несие-актыда, кеден
саясатын басшылыққа алады.
Унитаризм мемлекеттік құрылыс нысаны ретінде мемлекеттіліктің пайда
болу кезеңінде және оның дамуының көптеген кезеңдерінде басымдық танытты.
Ауқымды аймақты алып жатқан және қайта-қайта бытыраңқылыкка ұшыраған
көптеген бөліктерден тұратын, басқыншылық соғыстың нәтижесінде пайда болған
ірі мемлекеттердің өзі унитаризм шенберіне келіп кірген. Содан кейін ғана
көптеген елдердің мемлекеттік құрылысында федерализмді пайдалану практикасы
дами бастады.
Унитаризм қазір де әлемдік аренада кең тараған. унитарлық
мемлекеттердің қатарына Франция, Жапония, Финляндия, Түркия, Венгрия,
Украина, Беларусь, Қазақстан, Кырғызстан, Армения және басқалар жатады.
Федеративтік (Federative— одақпен нығайту деген латын сөзінен шыққан)
мемлекеттер — бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе
бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас
мемлекеттер. Мемлекеттердің немесе мемлекеттік құрылымдардың федера-цияға
бірігуі (кіруі, қосылуы) олардын, шексіз құқығының кейбіреуінен айрылуына
әкеліп соғады, ол құқықтар федерацияға көшеді. Федеративтік мемлекеттегі
тәуелсіздік федерация мен оның мүшелері арасында бөлініп койылады. Оған
толық көлемінде жоғары жалпы федералдық органдар ие болады; бұдан басқа оны
белгілі бір мөлшерде федерацияның құрамына кіретін мемлекеттер мен
мемлекеттік құрылымдардың жоғары органдары да пайдалана алады.
Федерацияның өзіне тән ерекшелігі, онда тек қана жоғары
жалпыфедералдық органдар (мемлекет басшысы, парламент, үкімет, жоғарғы
сот, министрліктер, ведомстволар) ғана жұмыс істеп коймайды, сондай-ақ
одақтык армия құрылады, одактық азаматтылық белгіленеді, олар болмаса
федерация да болмайтын баска да институттар жұмыс істейді.
Бірақ, федерацияның субъектісі болып табылатын мемлекеттер мен
мемлекеттік құрылымдар соның шеңберінде белгілі бір (кейде — айтарлықтай)
дербестігін сақтайды. Олардың сондай-ақ, өздерінің жоғары заң шығару,
атқару және сот органдары бар кейбір жағдайларда шағын әскер құрамасын
құрады, кейде өзінің азаматтығын енгізеді. Федералдык конституциямен және
федералдық заңмен қатар федерация субъектілерінің конституциясы мен олардың
зандары да бар. Басқа сөзбен айтқанда,федерацияда көптеген мемлекеттік
мекемелерден, сондай-ақ саяси-құкықтық институттардың екі деңгейлі немесе
екі қабатты құрылымы бар.
Федерация мүшелерінің құқықтарына косымша кепілдікті қамтамасыз ететін
федералдық парламенттер олардың өкілдерінің партиялар болады. Кейде
федералдық органдардың жанынан олардың арасындағы байланысты реттеп және
қолдап отыру үшін федерация мүшелерінің тұрақты өкілдіктері құрылады.
Федерацияның оның мүшелеріне ықпал етуінің нысандары жеткілікті. Оған
федералдық конституция мен федералдық заңға федерация мүшелерінің
конституциясы мен зандарының сәйкес келу принципі, кадрлық-
ұйымдастырушылық, бақылау-басқару, бюджет-қаржы, ақша-несие және басқа да
тетіктер жатады.
Көпұлтты мемлекеттерде федерация ұлттық мәселелерді шешу және
ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу максатында пайдаланылуы мүмкін. Онын
шеңберінде жұмыс істейтін ұлттык мемлекеттілік федерацияның субъектісі
болады, ұлттар мен ұлыстарды мемлекеттік құрылыс пен басқаруға қатыстыруға
мүмкіндік береді. Унитарлы нысандағы көпұлтты мемлекеттің ұлт мәселесін
әділ шешуді камтамасыз ете алмады деп танылған және федеративті нысанға
өзінің орнын беруге кейін мәжбүр болған жағдайлары тарихтан белгілі
(мысалы, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және одан кейінгі кезеңде де
унитарлық мемлекет нысанында болған Чехословакия, ұлтаралық қарым-
қатынастың шиеленісуіне байланысты федерация болып қайта құрылды; кейіннен
ол дербес екі мемлекетке — Чехия мен Словакияға бөлінді). Федерацияның
қаралып отырған түрлерінің субъектілерінде шектеулі мемлекеттік егемендігі
немесе оның элементтері бар, кейбір сыртқы қатынастарға қатыса алады, ішкі
мәселелерді шешуде елеулі дәрежеде дербестігі болады. Олардың федерация
құрамынан шығып, дербес мемлекет құру құқығы жиі жарияланып жатады.
Алайда федерация құрылыс нысаны тек көпұлтты мемлекетке ғана тән емес.
Моноұлттық мемлекеттердегі (АҚШ, Германия, Бразилия, Үндістан, Мексика)
көптеген федерациялар белгілі. Олардың субъектісіне халықтың айрықша ұлттық
құрамымен ерекшеленбейтін, басқа құрылымдармен біртектес болып табылатын
аумақтық-мемлекеттік құрылымдар (штаттар, жерлер, кантондар) жатады.
Әдетте, федерацияның қаралып отырған түрлерінде орталықтың өкілеттігі
көпұлтты негізде құрылған федерацияға карағанда әлдеқайда кең. Мұндай
федерациялардың аумақтық-мемлекеттік құрылысары субъект ретінде мемлекеттік
егемендікке ие бола алмайды, көбінесе сыртқы қатынастарға қатыспайды,
федералды органдардың келісімімен кейде жекелеген сыртқы саяси жұмыстарды
орындайды (мұндай жағдай Германияда орын алған). Армияны кұру және жасақтау
мәселелері, оны каржыландыру, пайдалану мен басқару федералдық органдардың
қарауында болады; федерация субъектілері әскер құрамаларын ұстауға қақылы
емес.
Федерацияның өзінің, сондай-ақ оның құрамындағы аумақтық құрылымдардың
коиституцияларында штаттардың, жерлердің, кантондардын және басқа
субъектілердің федерациядан шығу құқығы қарастырылмаған. Сонымен
қатар,федерация мен оның субъектілерінің арасындағы құқық шығармашылығы
өкілеттігі тең дәрежеде емес, субъектінің ролі барлык көрсеткіштер бойынша
федерациядан кем түсіп жатады.
Сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың ұлттық-мемлекеттік және аумақтық-
мемлекеттік федерацияның белгілерін катар алып жүрген аралық нысаны туралы
да айта кеткен жөн болады. Мұндай нысанның айқын мысалы қазіргі Ресей
федерациясы болып табылады. 1993 жылғы Конституция Ресей федерациясының тең
кұқылы субъектісі қатарында тек республикаларды, автономиялы облыстар мен
автономиялы округтарды ғана емес, сондай-ак олкелерді, облыстарды және
федералдық маңызы бар қалаларды да атайды. Аталған субъектілердің алғашқысы
— бұл ұлттық мемлекеттер мен ұлттық-мемлекеттік құрылымдар, екіншісі енді
аумақтық-мемлекеттік кұрылымдар деңгейіне (Ресейдің бұрынғы конституциялары
бойынша олар федерацияның субъектісі болып танылмаса да) жеткізілді.
Әкімшілік-аумақтық бөліністердің тұтас алғанда мемлекетпен арақатысы
туралы мәселе, жергілікті және орталық билік және баскару органдарының
нысандары унитарлық мемлекет сияқты федеративтік мемлекетке де қатысы бар
мемлекеттік құрылыстың проблемасының маңызды аспектісі болып табылады.
Тарихи тәжірибе көрсеткеніндей, орталық пен жергілікті жердің негізгі
мақсаттары кейде сәйкес келгенімен, кейде алшақ кетіп жатады. Соңғысы, атап
айтқанда, жергілікті жерлер дербестікті армандап отырғанда орталықтың берсе
қолынан, бармасын жолынан дегендей, билікті уысынан шығарғысы
келмейтіндігімен байланысты.Бұл тенденциялардың бірде-біреуі үстем болады,
бірде екіншісі үстем болып жатады. Іс жүзінде орталық пен жергілікті жердің
ара қатынасының неғұрлым жиі кездесетін варианты жергілікті органдардың
қалыптасуына, сондай- ақ бүкіл қызметіне елеулі ықпал ететін біріншінің
үстемдік етуші ролі болып табылады. Кейбір елдерде орталық жергілікті
жерлерге иемденуі мен өзінің жалпымемлекеттік саясатты жүргізумен
байналысатын өкілдіктерін тағайындайды. Жергілікті органдардың төмендеп
кетуі, ал жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің дәрежедегі және ұсақ-түйек
мәселелермен шектеліп қалуы дұрыс емес. Керісінше, жергілікті органдардың
жергілікті істерді шешу кезінде билікті толық қолдануына, орталық биліктің
жергілікті органдардың белсенділігі мен өздігінен әрекет етуін дамытуға
мүдделі болуына және олардың арасындағы қарсы тұру элементтерін жоюға
тырысу керек.
Бірнеше (бір емес!) мемлекеттердің құрылыс нысаны конфедерация
(соnferens - одақ кқғамдастық бірлестік деген латын сөзінен алынған) болып
табылады. Ол белгілі бір мақсаттар үшін (әскери, экономикалық,
дипломатиялық, этникалық және т.б.) құрылған мемлекеттер одағы. Алайда,
конфедерацияға біріге отырып, мемлекеттер — оның мүшелері ішкі және сыртқы
істерде толық дербес және тәуелсіз мемлекеттер болып қалады, өзінің
егемендігін жоймайды. Конфедерацияның құрылуына себепкер болған белгілі бір
міндетті шеруге бағытталған бір немесе бірнеше орган олардың барлығы үшін
ортақ болып табылады. Бұл органда конфедерацияның барлық мүшелерінің
өкілдігі тең негізде немесе (өздерінің келісімі бойынша) басқаша қамтамасыз
етілген. Федерациядан ерекшелігі, мұнда қызмет көрсететін ишаратымен қоса
жоғары заң, атқару және сот органдарының бірыңғай, тұтас жүйесі құрылмайды,
біртұтас армия жасақталмайды. Конфедерацияда бірыңғай бюджет және салықтың
бірыңғай жүйесі жоқ, бірақ кейде конфедерация мүшелері өздерінің
аумақтарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Жылжымайтын мүлік түрлері және оны бағалау
Негізгі құралдар амортизациясы, қайта бағалануы және құнсыздануының экономикалық мәні, ұйымның экономикалық көрсеткіштері мен есеп саясатының мазмұны
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері, оның мәні, жүргізу әдістері
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Кескін терезесінің шекараларының араласуы
Пәндер