Балалардың сөздік қорын дамыту


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімБалалардың сөздік қорын молайту әдістемесіАктив және пассив сөздерБалалардың сөздік қорын дамыту
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тілді оқыту бала алғаш мектепке келген кезден бастап жүргізіледі. Оқушы қалпына түскен баланың айналадағы дүниетаным өрісінің аумағы артып, тілінің дамуына, осының салдарынан жеке тұлғасының жан- жақты қалыптасуына әсер ететін бастауышта жүретін «Әдебиеттік оқу» пәнінің орны ерекше. Қазіргі кезде баланың сөздік қорының дамуына байланысты, Жаңа буын оқулықтары да дамыта оқыту мен тәрбиелеу идеясына негізделіп отыр. Әдебиеттік оқу сабақтарында көркем мәтінді оқып үйренуге байланысты тіл дамыту жұмыстарының ішінде сөздік жұмысының орны ерекше. Өйткені, бастауыш сыныптың оқу сабақтарында көркем мәтінді оқып үйретудегі негізгі мақсат - оқушылардың ауызша, жазбаша тіл байлығын арттыру десек, ол ең алдымен, баланың сөздік қорын молайту арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың сөз байлығы олар оқитын бағдарламадағы материалдың және өз бетімен оқитын көркем шығармалардың негізінде жылма- жыл толысып қалыптаса түсетіндігі мәлім.
Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі
Балабақшада балалардың жас мөлшеріне қарай сөздік қорын молайту жү-мысының мазмұны мен міндеттері. Балалардың актив, және пассив сөздері. Сөздікті молайту сабақтарының түрлері^өздік жұмысынын принциптері. Бақылау мен топ- саяхаттың ролі және оларды ұйымдастыру әдістемесі. Сөздікті молайту процессіндегі дидактикалық ойынның маңызы. Жалпылама сөздерді меңгерту.
Оқулық мәтіндерінің көпшілігі ұлы жазушылардың көркем шығармаларынан алынған, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен берілген үзінділер. Оқулықта мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі нақыл сөздер де мол. Ал мұндай мәтіндерде бастауыш сынып оқушыларының ұғымына ауыр тиетін сөздердің және сөз тіркестерінің көп болатыны сөзсіз. Осы себептерге байланысты мұғалім оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып, жан - жақты білім беруге, өз ойын жеткізуге толық жағдай туғыза білсе, көздеген мақсатына жетері анық. Мұндай жағдай, әсіресе, көркем шығарманы оқытуда өте пайдалы. Бүкіл оқыту барысында оқушы тілін дамытып, сөз байлығын арттыру - ең маңызды жұмыстардың бірі. Мұғалім сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың ой дербестігін, оқу - танымдық қабілеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Оның үстіне соңғы кезде тіпті мектептердің өзінде ана тілін жан - жақты меңгертуде біраз мәселелер туындауда. Олардың бастылары: оқушылардың ана тілін нашар білуі, оқушылардың сөздік қорының таяздығы, тілдік қатынас ортасының жеткіліксіздігі, материалдық - техникалық базаның тапшылығы т. с. с.
Актив және пассив сөздер
Актив сөздер - күн сайын жиі қолданылатын сөздер.
Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады.
Пассив сөздер сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен, күн сайын қолданылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.
Актив сөздердің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000- 7000-дай болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10 000-13 000-ға жетеді. Мәселен, Шекспирдің актив сөздері 12 000-дай болған.
Міне, осы аталған кемшіліктердің әсерінен, ана тілін мектептерде талапқа сай деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік болмай, білім сапасының төмендеуіне әкеп соғады. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту ана тілін сапалы оқытудың маңызды мәселелерінің бірі. Олай болса, сөздік қорды дамытуда сөздік жұмысының рөлі өте үлкен екендігін көреміз. Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуінде қолданылатын сөздердің белсенді пайдалануларына жағдай жасау. Мұнда, әдістемелік әдебиеттерде көрсетілгендей, бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын сөздік жұмысын жүргізумен қатар дамытудың маңызы зор. Оқушының лексикалық материалды нақты түрде меңгеріп, оны сөйлеу кезінде қолдана білуі, яғни сөз игеруді лексикалық - грамматикалық бірлікте іске асырылуы, лексикалық қорды байытуға ықпалы бар лексикалық минимумды анықтау жұмыстарының атқаратын мәні зор. Әдебиеттік оқу сабағында мәтінді оқушының тезірек меңгеріп кетуі үшін, мұғалім әрбір жеке сөздің мән - мағынасына баланың көңілін үнемі аударып, оған сөйлемдегі сөздердің ара қатынасын, байланысын, мәтіндегі негізгі ой бағытын аңғартып отыру керек. Мектеп бағдарламасында көркем шығарманы оқытып, талдау төменгі сыныптардан бастап жүргізіледі. Мектепте төменгі сыныптарда көркем шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Төменгі буында оқушының сөздік қорының дамуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, әдеби талдаудың кейбір тәсілдерін меңгеруіне назар аударылады. Көркем шығарманы оқытуда ең бір басты назарға алынытын нәрсе: ол - мазмұндау, үзінділер арасында түсініксіз сөздер қатарынан сөздіктер құрау. Бұл сөздерді оқушылар сөздік дәптеріне жазып отырады.
Сөздік жұмысы көркем шығарманы оқытумен тығыз байланысты. Жұмысты жүргізудің мақсаты - көркем шығарманы оқушыларға түсінікті ету, сөздік қорын жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен халқымыздың сөздік қорының байлығын, шеберлігін байқату, тілін дамыту. Мағынасы қиын сөздерге түсінік берудің шығармаларды оқытуда үлкен мәні бар.
Балалардың сөздік қорын дамыту
Тіл - адамдардың қарым-қатынас жасайтын құралы. Баланың тілі өздігінен шықпайды. Ол біртіндеп, кей кезде елеулі қиындықтармен, ересек адамдардың ықпалымен, көмегімен ғана шығады.
Баланың тіл дамуы 3 айынан басталады, бұл тіл құралының дыбыс шығаруға белсенді дайындық кезеңі болады. Баланың дұрыс сөйлегенін әркез мадақтап, қуана қоштап отыру керек. Егер тілге деген қызығушылықты оятпаса, балдырған тілі мен ақыл-ойының дамуы тежеліп, тоқталып қалады.
Баламен сөйлескен кезде, әрбір дыбысты қажетті мәнермен, ырғақпен анық айтып, әрбір жаңа сөздің мағынасын түсіндіру қажет. Балаға айғайлап, қорқытып, тіпті қол жұмсауға дейін баруға немесе мазақ етуге болмайды, ондайда бала ренжиді, сөйлеудің алдында қорқыныш пайда болады, кекештік те пайда болуы ықтимал.
Баланың 3 жасында грамматикалық құрылымы қалыптасады, 4 жасында жай және күрделі сөйлемдерді құрастырады. Бала тілінің дамуы еліктеуге негізделеді, сондықтан ересек адамдардың фонетикалық және грамматикалық тұрғыдан дұрыс, асықпай, анық сөйлеуі үлкен рөл атқарады. Сөздерді бұрмаламай, баланың сөйлегенін қайталамау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz