Жеке тұлғаны қалыптастыру



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру
2.2. Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан.жақты терең білім беру мақсаты
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиететр тізімі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ.
Сондықтан да оның іргетасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалау және арттыруымыз аса қажет. Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ. Елбасы Жолдауы – бұл бүгінгі уақыт талабына сәйкес қажеттіліктен туындаған өте маңызды құжат. Сосын да ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейіменайқындалатыны риясыз шындық. ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді [1]. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлаудың міндеттері туралы әсіресе, мектеп жасына дейінгі, білімнің жоғары кәсіби білімге дейінгі білім проблемаларының кең спектрі Білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі қазақстандық жастарға лайықты білім алуға кепілдік береді, білімдік қызмет нарығында арандатушылықты және бұрмалаушылықты болдырмайды деген пікірдеміз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын, осыған орай білім жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс екенін айырықша атап өтуі көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басса,Елбасымыздың биылғы Жолдауында да жаңа дәуір туғызған міндеттерді толық жүзеге асыру мақсатында заман талабына сай білім беру жүйесін жасап, болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін, бәсекелестік қабілеті жоғары, қарымы мол басқарушы кадрлар қорын жасақтау туралы тұжырым Жолдаудың ғылыми және тәжірибелік құндылығын айқындай түседі. Жақсы педагог-оқытушы – қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік.
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010жыл.
2.Қазақстан мектебі. №12 Алматы72003ж
3.Н.Назарбаев Қазақстан-2030*Барлық казақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы.Білім.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру
2.2. Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсаты
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиететр тізімі

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары - ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі - елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ.
Сондықтан да оның іргетасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалау және арттыруымыз аса қажет. Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ. Елбасы Жолдауы - бұл бүгінгі уақыт талабына сәйкес қажеттіліктен туындаған өте маңызды құжат. Сосын да ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейіменайқындалатыны риясыз шындық. ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді [1]. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлаудың міндеттері туралы әсіресе, мектеп жасына дейінгі, білімнің жоғары кәсіби білімге дейінгі білім проблемаларының кең спектрі Білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі қазақстандық жастарға лайықты білім алуға кепілдік береді, білімдік қызмет нарығында арандатушылықты және бұрмалаушылықты болдырмайды деген пікірдеміз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын, осыған орай білім жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс екенін айырықша атап өтуі көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басса,Елбасымыздың биылғы Жолдауында да жаңа дәуір туғызған міндеттерді толық жүзеге асыру мақсатында заман талабына сай білім беру жүйесін жасап, болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін, бәсекелестік қабілеті жоғары, қарымы мол басқарушы кадрлар қорын жасақтау туралы тұжырым Жолдаудың ғылыми және тәжірибелік құндылығын айқындай түседі. Жақсы педагог-оқытушы - қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі - білімділік.

Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру
Елбасының былтырғы Жолдауы мен биылғы Жолдауындағы сабақтастық та осы арада тоқайласады. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезең тұсында әркім хал-қадірінше жан бағып, еліміздің білім шаңырақтарындағы білікті педагогикалық буынды шашыратып ала жаздадық. Сол тұстарда мектептерде ұрпақ тәрбиесіне осалдық танытылды. Махмұд Қашқаридың өзі: "Құттылықтың негізі - білік" демеп пе еді?
Академик Әбдімәлік Нысанбаевтың: "Қазақстанның экономикалық дамуының қуатты қарқыны таяу болашақта еліміздегі адам ресурстарының тапшылығын ең бір өзекті мәселеге айналдыруы мүмкін. Сондықтан біз отандастарымыздың санын да, сапасын да күрт дамыту ісін қолға алуға мәжбүрміз",- деп атап көрсетті."Қазіргі әлеуметтану ғылымында "қоғамның әлеуметтік қуаты" деген ұғым бар. Бұған ұлттың, халықтың басым бөлігінің бойындағы рух күші, билік тармақтарына деген сенімі, қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік және этностық топтар арасындағы өзара түсіністік пен сенім, т.б. проблемалар кіреді. Бізде қазақ ұлты мен этностық топтар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан .Осы орайда, академик Ә.Нысанбаев: "Сонымен, қазақ қоғамының сан ғасырлық дамуы елеп-екшеп, бүгінгі күнге дейін жеткізген ұлттық діліміздің өзге отандастарымызды еліктіретін, сөйтіп бірегей халық болып ұйысуға жәрдемдесетін қандай қадір-қасиеттері бар? Мінез-құлқымыздағы қандай жарамсыз әдеттеріміз қайсы?- деп сауал тастайды. Адам қабілеттілігі, оның сапалық деңгейі қандай? Жазушы Ғабиден Мұстафиннің сөзімен айтсақ: "Адам адам дейміз, адамшылығы болмаса адам неге керек?". Осындай өзекті сауалға халқымыздың көпшілік қауымға өнеге болған асыл қасиеттерін қымсынбай тағылым ете отырып, жауап бере аламыз. Алдымен, қазақ халқы қиналғанға қол ұшын беруге даяр тұратын, ізгілікке жаны құмар халық. Академик Ә. Нысанбаев ағамыз: "Қонақжайлығы да, кеңпейілділігі де, жомарттығы да, тіпті шашпалығы да осы сезімнен туындаған. Бәлкім, аталарымыздың дұрыс байлық жинай алмай кеткендігі де осыдан болар. Алайда, ұлттық діліміздегі бұл қасиетті мансұқ етуге болмайды. Керісінше, жарлы-жақыбайға көмектесуді жаппай дәстүрге айналдырғаннан ұтылмаймыз",-дейді. Әрине, орынды сөз. Иба мен ізетті оған қоса имандылықты өзімізге серік етсек, осы жолмен ғылым мен білімді игерсек, қазақ халқының әр ұрпағы қабілетті болмақ. Адам ресурстары осы жолмен жетілмек, осылайша өркендемек. Осы жолда Отанға, ұлтқа,ағайын-туыс, дос-жаранға адал болсақ, сол адалдықты әлем болып әспеттесек, біз насихаттап отырған адам болмысындағы өміршеңдік қасиет, рухани-адамгершілік құндылықтар, адам ресурстары дами түспек[2].
Білім өзінің шынайы міндетіне лайықты болу үшін жас ұрпақты мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектепте білім беруде-ақ, ең маңызды адамдық саналарды - адамгершілікті сүюді, аяущылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, шыншылдықты, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді дамыта отырып оқыту жүктеледі. Данышпан философ Әбу-Насыр әл- Фарабидің мынадай тамаша бір сөзі бар екен: "Адам әуелі балаға тәрбие, сосын білім беруі керек. Егер бұл міндет тәрбиесіз адамның қолына түссе, онда зұлымдықтың, апаттың болғаны деп түсіну керек",-дейді. Сондықтан да, қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар:Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу;Сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарыныда жас өрендердің асыл қасиеттерді игеруіне аса зор ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.
Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген өте терең мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Ол - еліңнің ертеңі - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні аян. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру
Жасөспірімдерде моральдық - адамгершілік қасиеттердің қалыптасу деңгейін диагностикалау
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Адамгершілік тәрбиесінің жүрегі - жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін дамыту
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі психологтың атқаратын рөлі
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы туралы
Пәндер