Дефектология ғылымы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Дефектология ғылымы

2. 2. Дефектология салалары

2. 3. Мүгедек балаларды оқытуда қолданылатын, ИК ресурстарының формасы мен түрлері

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құруды басты бағыты - бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау.

Білім алуға дамуында мүмкіндігі шектелген балалар құқығының кепілдігі "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының конституциясында бекітілген.

Дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға білім беру құқығын іске асыру саласындағы негізгі міндеті ретінде олардың психофизикалық ерекшеліктері есебімен көрсетілген санаттағы барлық балалардың сапалы білімді алуына жағдай жасау қаралуда. Мүгедек балалар, денсаулығына байланысты тұрақты немесе уақытша білім беру ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқтар, үйден жеке бағдарлама немесе толық жалпы білім беру бойынша білім алуына қажетті жағдай жасауға міндетті. Орнын келтіретін қозғалыс және басқа реті бұзылған (мысалы, есту, көру қабілеті бұзылған), арнайы техникалық жабдықтың пайда болуына байланысты олардың сәтті әлеуметтік интеграция, мүгедектерге сапалы білім алуына мүмкін болады.

Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолдануында екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:

  • жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету;
  • ерекше білім беру қажетілігі бар баланың жалпы дамуы және бұзылғанды түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.

Оқытуда басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік технологияның артықшылығы:

  • жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі;
  • білімді меңгеру тәсілі мен тек қана оның теңдестік темпі үшін әр балаға қамтамасыз ету мүмкіншілігі;
  • дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда;
  • кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету.

Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы пайымдау негізін береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның ролі жаңа оқыту құралының дәстүрлі ролі шегінен шығуда. Компьютерлік технологияны дамытуда терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамамен қатынас, бірегейлі құралдар болып табылатындығын мойындаған.

Дефектология ғылымы

Дефектология (лат. defectus - жетімсіздік және гр. λόγος - ілім) - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.

Дефектология ғылымы өткен ғасырдың басында қарқынды дамыды. Оған бiрқатар елдерде зағиптар, құлағы мүкiс және ақыл-ойы кемiс балалар үшiн арнайы бiлiм беретiн мемлекеттiк жүйелердiң құрылуы себеп болды.

Кеңес заманында В. П. Кащенко құрған медициналық-педагогикалық станса негiзiнде 1929 жылы Эксперименттiк дефектология институты (ЭДИ) ашылды. Ол ұзақ уақыт бойы КСРО-дағы бiрден-бiр ғылыми-зерттеу орталығы болып қала бердi. Аталмыш институт түрлi санаттағы балалардың танымдық қызметi мен сөйлеу тiлi дамуындағы ерекшелiктердi анықтауға бағытталған бiрқатар зерттеулер жүргiздi. Осының нәтижесiнде балалардың әрбiр категориясы үшiн дифференцияланған арнайы оқытудың психикалық-педагогикалық негiздерi әзiрлендi. Түрлi ауытқуларға ие балалардың қалыпты әрi толыққанды бiлiм алуы үшiн дағдыларды қалыптастырудың жеке әдiстемесiн дайындауға ерекше көңiл бөлiндi. Осындай зерттеулердiң нәтижесiнде дефектология институты 90-жылдардың басында түрлi ауытқуларға ұшыраған балаларға арналған мектептiң 8 түрлi жүйесiн құрды.

Мүмкiндiгi шектеулi адамдардан бас тартуға, олардың бiлiм алуына және өз талантын дамытуға деген құқығынан айыруға қоғам ешқандай да мүдделi емес. Қазiргi таңда денсаулығында ақауы бар мыңдаған бала бiздiң қолдауымызға зәру. Олар елден оқшау өмiр сүргiсi келмейдi. Осындай балалардың мәселесiн шешу мақсатында осыдан бiрнеше жыл бұрын Астанадағы №24 мектепте құлағы нашар еститiн балалар үшiн арнайы сынып ашылды. Мұның өзi айтарлықтай жаңалық. Өйткенi, бұл балалар осыған дейiн мамандандырылған мектеп-интернатта оқитын. Үйлерiнен алыстап, ата-аналарының аялы алақанын сезбей, өздерiмен өздерi томаға-тұйық өмiр сүрiп келген. Ал, ендi олар кәдiмгi орта мектепте бiлiм алып, өздерiн қоғамға қажеттi адам ретiнде сезiнуде. Ең бастысы, ата-аналарының қасында. Бiрақ мұндай мектептер елiмiзде саусақпен санарлық.

Республикамызда мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылардың үйiне әлеуметтiк көмек көрсететiн 130-дан аса мекеме жұмыс iстейдi. Ал, облыста дәл осындай 19 бөлiмше құрылып, ол 2 мыңға жуық балаға қызмет көрсетедi.

Елiмiзде логопедтер мен дефектологтар, сурдопедагогтар жеткiлiксiз екенiн айтпағанның өзiнде қазақ тiлде дәрiс беретiн дефектологтар жоқтың қасы. Жоғарыда айтқандай, елiмiзде мыңдаған мүмкiндiгi шектеулi жандар бар, олардың iшiнде мектеп жасына толмаған балалар көптеп кездеседi. Олар мамандандырылған балабақшаға орналасу үшiн кезегiн жылдар бойы күтедi.

Шымкент қаласындағы №1 саңырау балалар мектеп-интернатының директоры Бақытгүл Каттебекова бұл мәселелер жөнiнде былай дейдi: «Өкiнiшке қарай, осындай қажет мамандарды облыста мүлдем аз даярлайды. Бүгiнде М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Психология және дефектология» бөлiмi бар болғанымен, ондағы мамандар қажеттi деңгейде емес. Бiздiң интернатта 230 оқушыға 57 мұғалiм, 38 тәрбиешi бiлiм бередi. Оның iшiнде 20 сурдопедагог, 16 дефектолог бар».

Дефектология салалары

Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика - мылқау балаларға, тифлопедагогика - зағип балаларға, олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т. б. ) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.

Дефектология невропатология, генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-да Дефектология жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогика және психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады.

Мүгедек балаларды оқытуда қолданылатын, ИК ресурстарының формасы мен түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы мекемелер
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Педагогика ғылымының құрылымы
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы
Дефектология ғылымына жалпы түсінік
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі
Жауаптар педогогика
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Ғылыми-педагогикалық зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz