Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Дидактика пәні және оның категориялары
2.2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері
2.3. Оқыту процесінің атқаратын қызметтері
2.4. Дидактика және жеке әдістемелер
2.5. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин.
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.: “Педагогика” – Алматы, 2000ж.
2. Мұхамбетова С.Қ.: “Педагогика” – Ақтөбе, 2000ж.
3. Бегалиев Т.Б.: “Педагогика” – Тараз, ТарМУ, 2002ж.
4. Қоянбаев Ж.Б.: “Педагогика” – Алматы, Рауан, 1992ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Дидактика пәні және оның категориялары
2.2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері
2.3. Оқыту процесінің атқаратын қызметтері
2.4. Дидактика және жеке әдістемелер
2.5. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дидактика (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің Ұлы дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII - XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, Қорқыт ата кітабында, ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі Кодекс Куманикус сөздігі мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ит-түрк сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзия деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым - Ы.Алтынсарин.
Негізгі бөлім
Дидактика пәні және оның категориялары
Дидактика - педагогиканың маңызды бір саласы болып табылады. Дидактика гректің екі сөзінен алынған: didaktikas- оқытушы, didasko-оқушы. Бұл ұғым оқыту немесе үйрету деген сөздерді білдіреді.
Бұл ұғымды ғылымға неміс педагогы Вольфанг Ратке (1571-1635) енгізген. Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің Ұлы дидактика еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика "нені оқыту" және "қалай оқыту керек" деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғылымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолдаңбалы ғылым болғандықтан ғылыми - теориялық және қолдаңбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми - теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолдаңбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын ( тәрбие, педагогтік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процестері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.Кейбір категорияларға анықтама берейік:
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметтері
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш - қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана - сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар айдарайық.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту - таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп, арта түседі.

Оқыту процесінің мәні Педагогикалық Оқыту принциптері
мен ерекшеліктері технология

білім берудің мазмұны Дидактика оқушылар дүниетанымын
қалыптастыру

оқыту әдістері оқытуды ұйымдастырудың оқушылардың білімін
формалары іскерлігін, дағдыларын
бақылау мен бағалау

Дидактиканың пәні

мақсаты
заңдылығы
Оқыту принципі
мазмұны
әдістері мен тәсілдері
құралы

Оқыту процесі Оқытудың қағидалары

Дидактиканың негізгі ұғымдары

Білім берудің мазмұны Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытудың міндеті - оқушыны айнала қоршаған ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыты түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыры білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субьекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту - бала дамуының алғышарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.

Оқыту процесінің атқаратын қызметтері
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту - мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекет болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қаматамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчествалық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көзздейді. Осы негізде, оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқыту процестерінің заңдылықтары
Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығы
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Педагогиканың дәрістері
Оқыту процесіне ұйымдастыру педагогика ғылымының күрделі проблемасы
Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні
Оқыту процесінің заңдылықтары
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Пәндер