Ауыз әдебиеті арқылы балалар мен жастарды отансүйгіштік пен азаматтық-елжандылыққа тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімБалалар мен жастардың Отансүйгіштікке тәрбиелеуЖас ұрпаққа азаматтық-елжандылық тәрбие беруАуыз әдебиетін оқыту арқылы патриоттық сезім проблемаларын шешу
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары елжандылық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.

Қасиетті хадис: “Отанды сүю иманнан-дүр”, дейді. Елін сүю, Отанын қорғау қа¬шаннан ер жігіттің парызы болған. “Отан¬шыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі? “Отан от басынан басталады”, дейтін халық¬тың ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух, елжандылық сезім қай дең¬гей¬де?” деген сауалдардың бізді ойландыруы заңдылық.

Жеке тұлғаның әлеуметтенудегі негізгі бағыттың бірі жеке адамның Отанмен сәйкестігі болып табылады. Бұл ретте "Отан" ұғымы адамның туған жерімен, жақындарымен және туыстарымен ғана шектелмейді, сонымен қатар эмоциялық-психологиялық сезімдер (махаббат, патриотизм, шынайы берілгендік, ұлттық мақтаныш сезімдері және басқалар) қырынан да ұғынылады.

Көпшілік адамдардың санасында өскелең ұрпаққа елжандылық тәрбие беру тек әскери борышын орындау деп ұғынылуы елжандылық тәрбие түсінігінің мазмұн аясын тарылта түседі.

«Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. »

Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші -танымдық, екінші - тәрбиелік, үшінші - дамытушылық.

Осы мақсаттарды орындау үшін, өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.

Балалар мен жастардың Отансүйгіштікке тәрбиелеу

Бүгінгі күні балалар мен жастардың елжандылық тәрбиесі елжандылық сананы, өз Отанына деген адалдық пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық борыш пен негізгі конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптарына толығымен сай келе бермейді. Атқарылып отырған жұмыс еліміздің азаматтарының бойында елжандылық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай кешенді шешуді қамтамасыз ете алмайды.

Әлемде азаматтардың бойында ұлттық нышандарға - Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге елжандылық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отырған дамыған елдер аз емес. Көптеген елдерде мемлекеттік нышандар мемлекеттің оң бейнесін жасаудың негізі ретінде пайдаланылады, ұлттық мақтаныштың белгісі болып табылады, елжандылық сезім мен ерік-жігерді танытудың нысанасы ретінде пайдаланады. Мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтар бойына еліне деген мақтаныш пен елжандылық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді.

Жас ұрпаққа азаматтық-елжандылық тәрбие беру

Елдің азаматын тәрбиелеудегі тежемелі факторлардың қатарында патриотизм мен демократиялық нанымдарды нысаналы қалыптастыру үшін жаңа қазіргі заманға технологияларды пайдалануға қабілетті, біліктілігі жоғары мамандардың жеткіліксіздігін, азаматтарға елжандылық тәрбие беру жөніндегі әлеуметтік технологияларды әзірлеуде жеткілікті тәжірибесі бар гуманитарлық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының аздығын атаған жөн.

Өскелең ұрпаққа елжандылық тәрбие беру мәселелеріндегі қазіргі проблемаларды шешу үшін тұтастай алғанда тәрбиеге принципті түрде жаңа тұрғы қажет.

Ел бейнесін және Отанымен ажырағысыз байланыс сезімін мемлекет пен қоғам түрлі тетіктер мен институттар, ең алдымен, білім беру арқылы қалыптастырады.

Осыған орай, білім алушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, елдің мемлекеттік нышандарын танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа білім беру мекемелері мен ұйымдарын белсенді түрде тарту қажет.

Білім беру ұйымдарында қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға негізделген және қазақстандықтардың ділімен байланысты дүниетаным мәдениеті мен төзімділігі жөніндегі сапалы, мазмұны жағынан тиімді ақпараттық-дидактикалық материалдардың жеткіліксіздігін, балалар мен жастарға арналған, олардың санасында елжандылық сезімді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға, өз Отанына пайда келтіру ұмтылысын тудыруға ықпал ететін кітаптардың аздығын атап өткен жөн. Балалар мен жастарға арналған кітаптар негізінен батыстық мұраттар мен құндылықтарды насихаттауға бағдарланған немесе таза технократиялық түсінікті қалыптастырады.

Ауыз әдебиетін оқыту арқылы патриоттық сезім

проблемаларын шешу

Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім. Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады. Ауыз әдебиетінен мысалы: « Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т. б. шығармаларында - қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйі, шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Елжандылық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І. Есенберлиннің «Көшпенділер», М. Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті.

Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты елжандылық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қыз¬мет ететіні еш күмән ту¬ғызбайды.

Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

Қорытынды

Қорытындылай келе, қазіргі жағдайда әскери-елжандылық тәрбиеге әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық қолдау көрсету, Қарулы Күштер, жұртшылық, білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланыстарды жастарды елжандылық тәрбиелеу ісінде үйлестіруді күшейту, әскердің, әскери қызметтің жағымды мәртебесін насихаттау мақсатында одан әрі нығайту қажет. Жастарды әскер қызметіне дайындайтын тәжірибесі бар қазіргі клубтардың жұмысын күшейту, бұл жұмысқа Ұлы Отан соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлерін, еңбек ардагерлерін тарту қажет болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Балалар ауыз әдебиеті: тәрбиедегі рөлі мен көркемдік ерекшеліктері
Этномәдени құндылықтардың Отансүйгіштік пен азаматтық сана қалыптастырудағы рөлі
Бастауыш сынып оқушыларын қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу: педагогикалық модель мен әдістемелік қағидалар
Балалар бақшасында ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту мен қолданудың әдістемесі
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу арқылы отансүйгіштік пен елжандылықты тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
Ағылшын тілі материалдары арқылы орта мектеп оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу: теориясы, әдістемесі және тәжірибелік моделі
Қазақ балалар әдебиеті мен педагогикасының тәлім-тәрбиелік мұрасы: ауыз әдебиеті және Абай, Шоқан, Спандияр, Міржақып
Халық ауыз әдебиеті: балалар әдебиетіндегі тәрбиелік және эстетикалық рөлі
Балалар әдебиеті мен халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктері және тәрбиелік-әдістемелік құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz