Экономикалық ілімдер тарихы пәні жөнінде жалпы мәлімет


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Экономикалық ілімдер тарихы пәні жөнінде жалпы мәлімет

ІІ. Экономикалық ілімдер тарихының зерттеу әдістері

ІІІ. Экономикалық ілімдер тарихының кезеңдері

Экономикалық ілімдер тарихы курсының пәні, әдістері және кезеңдері

Экономикалық ілімдер тарихы - бұл «экономика» саласындағы жалпы пәндер циклінің ажырамас бөлігі.

Экономикалық ілімдер тарихының пәні қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен дамуы тарихын, сонымен қоса адамзат қоғамының эволюциясы барысындағы экономикалық концепциялардың (идеялардың) пайда болуы, дамуы және ауысуы процестерін зерттеу болып табылады.

Экономикалық ілімдер тарихы көне дүние кезіңінен, яғни алғашқы мемлекеттің пайда болған мезгілінен бастау алады. Сол кезден осы күнге дейін экономикалық көзқарастарды экономикалық теорияға тұрақты түрде жүйелеп, қоғамның шаруашылық саясатын жүзеге асыру әрекетіне басшылық жасауға ұсынып келеді. Сонымен қатар экономикадағы, ғылым мен техникадағы, мәдениеттегі оңды өзгерістерге орай экономикалық теория да жаңарып, жетілдірілді.

Бұл пәнді зерделеу әлемдік және отандық экономика дамуының объективті заңдылықтарын ашуға септігін тигізді. Әсіресе, экономикалық ой-пікірдің эволюциясын білу экономистерге өте қажетті эрудиция мен шығармашылық дағдыларды қалыптастырады, сөйтіп олардың экономикалық теория проблемаларын еркін меңгеруіне, альтернативті теорияларды салыстыра отырып, актуальды шаруашылық шешімдерді өз бетінше қабылдауына мүмкіндік береді.

Экономикалық ілімдер тарихы курсының зерттеу әдістеріне келесілер жатады:

1) эксперименттік әдіс - бүкіл экономикалық жүйе мен оның құрамдас бөліктерінің әрекетін эксперимент арқылы зерттеу. Экономикада экспериментті қолдану әрқашан мүмкін болмағандықтан, бұл әдісті пайдалану күрделі;

2) гипотезалық - дедуктивтік әдіс - жекелеген экономикалық процестерді талдау арқылы әр түрлі гипотезаларды шығаруға және тексеруге негізделген;

3) статистикалық - уақыттық талдау - қандай да бір жағдайдағы, қандай да бір уақыт аралығындағы біртектес экономикалық құбылыстар мен объектілерді зерттеу;

4) тарихи - модельдік әдіс - экономикалық процестерді тарихи тұрғыдан модельдер түрінде көрсету.

Экономикалық ілімдер тарихын кезеңдерге бөлу барысында экономикалық ойлардың дамуын үш бөлім түрінде қарастыруға болады:

1. Нарықтық экономикаға дейінгі дәуірдің экономикалық ілімдері

2. Реттелмейтін нарықтық экономика дәуірінің экономикалық ілімдері

3. Реттелетін нарықтық экономика дәуірінің экономикалық ілімдері.

Бірінші бөлімде ежелгі дүние мен орта ғасырлардағы экономикалық ойлардың сипаттамасы жасалады. Бұл кезеңнің ерекшелігі натуралды шаруашылық қатынастарының үстемдігінен және ұдайы өндірістің экстенсивті сипатынан көрініс табады. Осы аралықта экономика ғылымы объективті түрде қалыптасқан жоқ, ал экономикалық ойлардың авторлары философтар, мемлекет басшылары, діни идеологтар болды.

Бірінші бөлімде меркантилизм, яғни нарықтық экономиканың алғашқы теориялық концепциясы қарастырылады. Осы кезеңнен бастап (16 - 17 ғғ. ) экономика ғылымы жеке сала болып бөлініп шықты. Ол «Саяси экономия» деп аталды.

Экономикалық ілімдер тарихының екінші бөлімі laissez faire теориялық - методикалық принциптерін ұстанған экономикалық ойдың мектептері мен бағыттарының даму кезеңдерін қамтиды.

Үшінші бөлім әлеуметтік - институционалдық және неоклассикалық теориялардың негізгі жетістіктерін қарастырады. Әлеуметтік - институционалдық бағыттың өкілдері қазіргі заманғы экономикалық ғылымды антимонополиялық концепциялармен байытты, ал неоклассикалық бағыттың өкілдері жетілмеген бәсекелестік нарығы теориясының негізін қалады.

Экономикалық ілімдер тарихынан алған білім жалпы адамзаттың, соның ішінде экономикалық мәдениеттің құрамды бөлігі болып табылады.

Бірақ мұны зерделеу процесінде, экономика саласынан Нобель сыйлығының иегері М. Фридмен айтқандай, жеке өмірбаянмен « . . . афоризм және мысалдар арқылы қызықтыру керек, силлогизм (дедуктивті ой қорыту) немесе теорема жеткіліксіз».

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Экономикалық ілімдер тарихы» (оқу құралы) . Авторлары: Айдарханов, Серіков, Қуантқан

2. «Экономика ілімдерінің тарихы». Авторлары: Ө. Қ. Шеденов, Я. С. Ядгаров, С. Ә. Досқалиев

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иүгінеки Ахмед
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Тіл мәдениетінің сипаты
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Дәрістер - Тарих
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Экономика
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz