Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
2. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
3. Эконмикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салалрды қаржыландыруды бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (екйін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдыратын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қоымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолу қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және бұл күш –салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт хххххххх баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады. Өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды. Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады.
Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салалрды қаржыландыруды бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын
төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен
тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына
аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (екйін
Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту
кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым
сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын
кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды.
Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты
әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар
қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі
арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты
арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет
етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдыратын қаражаттардың белгілі бір
иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге
қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қоымша
міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс)
құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық
мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін
тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені
дамытуды қолу қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік
құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара
салынады және бұл күш –салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, қорды
қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір
бөлігі үшін белгілі бір уақыт хххххххх баламасыз болып табылатын қайта
бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым
жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың
көмегімен әлеуметтік экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап
отырылады. Өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі
жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың
немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды,
әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық
мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы пайдаланудағы қорды
қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Бюджеттен
тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге
асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл
нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана
қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін
тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі
бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік
береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат
қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени
арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық
мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар
қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады.
Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік
деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір көлемі қайта
бөлінеді. Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың
басында елдің жалпы ішкі өнімнің 16%на жетті (Ұлттық қор мен дамудың
мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудщың негізгі
бағыттары мыналар:
жарғылық қызмет;
артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау;
коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып
табылады. өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік
негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы
ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Арналымы – мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты
шараларды қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай –заттай лотериялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтар.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру
жолымен өндіріс үдерісіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін
айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын
қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу , жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының – орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босату;
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер
болмайды) ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы мен
олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы
әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген іске
асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір
бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар және қаржы
рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды
ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға,
мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік,
соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және
мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін
(оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау
және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты
қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл,
1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл
қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын
іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шарушашылық жүргізуші
субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал,
амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін
қабылдауға болатын арнаулы қорлар термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі
олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің
қарауында болады, бұл қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқару,
оларды ұтымды, мақсатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне
жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында
шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға
мүмкіндік береді: дүниежүзілік практикада қорлар, дербес –банктің өкілетті
органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік
органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, дер кезінде
жағдаяттың өзгерісіне дер кезінді құлақ асуға мүмкіндік береді.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара
берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды
мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады:
біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында Мақсатты
қаржыландыру қоры бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық
бюджетке шоғырландырылады. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы
ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

Мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар сан алуан әлеуметтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты ақша қаражаттарын
қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Олардың құрамы, бағыттылығы
мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатымен, қоғам дамуының бұл
кезеңіндегі оның мақсаттарымен, сонымен бірге экономиканың мүмкіндіктерімен
анықталады.
Қазақстанда қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бұл нысанын қолданудың
тәжірибесі жинақталған. 1995-1998 жылдар ішінде мына әлеуметтік бюджеттен
тыс қорлар жұмыс істеді:
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры.
Олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы,
Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының
заңдарымен реттеліп отырады, оларда міндетті әлеуметтік сақтандыру
қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары мен басқа түсімдердің
есебінен қалыптасатыны белгіленді. Жарналардың мөлшері Республикалық
бюджет туралы жыл сайынғы бекітілетін заңда белгіленіп, қорлар аарсында
бөлініп отырады. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және заңи
тұлғалардың еңбекке ақы төлеу қорының 30%-ын құрады. Заңи тұлға құрмай
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір жұмыскерге
келетін бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде төлеп отырды.
Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің, еңбекке қабілеттілігі
шектелінген адамдардың, ардагерлердің ұйымдары үшін, бірқатар ізгіліктік
және балалардың ұйымдары үшін жеңілдіктер белгіленді.
Мемлекеттік-жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге
зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынды:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық
жарналары немесе арнаулы салықтар;
3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғарғы органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б.
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
4) зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты
болатын шығыстар;
5) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны
дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры. Бұл қор сақтық әдісімен
жасалады.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан
түскен табыс;
4) басқадай көздер;
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалады:
1. Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті
болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға
дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).
2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
1998 жылдан бастап зейнетақы реформасын жүргізумен байланысты бұрынғы
зейнетақы қорының – мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасу және
пайдалану тәртібі өзгерді.
Міндетті зейнетақы жарналары кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңи
және жеке тұлғалардан (жұмыс берушілерден) табысты төлеу көзінен ұсталынды
және өнімді, жұмыстарды, қызметтерді, өндірудің шығындарына жатқызылды.
Жарналардың мөлшері еңбекке ақы төлеу қорының 15 %-ы мөлшерінде
белгіленілді.
Міндетті зейнетақы жарналарынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорларының салымшылары бұл қорларға еңбекке ақы төлеу қорының 10%
мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын аударып отырды. Сөйтіп, жаңа
зейнетақы жүйесінің қалыптасу кезеңінде жарналардың жалпы нормативті еңбек
ақы трөлеу қорының 25% -ын құрады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры еңбекақы төлеу қорының 2%
мөлшерінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қоры жайында
шетелдің қатысуымен және шетелдік заңи өкілдікті қоса, жұмыс берушілердің
міндетті сақтық жарналары есебінен қалыптасты. Бірқатар ұйымдар үшін
жеңілдіктер қарастырылды.
Бұл қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударымдарын
заңи және жеке тұлғалар ұйымдар мен мекемелер өндіріс пен айналыс
шығындарына кіріктірді және өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік
құнына жатқызылды.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздерден
қаражаттар бағытталды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға төленген жарналар салық заңнамасына
сәйкес жиынтық жылдың табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал
бюджеттік және басқа коммерциялық емес ұйымдар үшін оларды ұстауға
жұмсалатын шығыстардың сметасында қарастырылды.
Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін үкімет бекітетін.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын
инвестициялау тек мемлекеттік бағалы қағаздарға, ұлттық банктің бағалы
қағаздарына және мемлекеттік банктердің депозитіне жіберілетін.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мыналарды қаржыландырды:
Көрсетілген қорға олардың пайдасына зейнетақы жарналары төленген
зейнеткерлер болғандарға және зейнетақы төлемдерін алушыларға берілетін
мемлекеттік зейнетақыларды;
Егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі деңгейден
төмен болса, қосымша төлемдер түріндегі әлеуметтік жәрдемақыларды.
Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры жұмыссыздық бойынша
жәрдемақыларды, жұмыссыздарды қайта даярлауды және қайта оқытуды, мұқтаж
азамататрды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырды.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүкті
болғанда және босанғанда берілетін жәрдемақыларды төлеуді, бала туғанда
және жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы
қызметтерді төлеуді қаржыландырды.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаттары есебінен
медициналық ұйымдардың немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын
адамдардың, келісімшарттардың, шарттарына сәйкес сақтандырушыларға
медициналық қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар өтелініп отырды. Қор
міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберінде
медициналық ұйымдарда немесе медициналық қызметтер көрсету эөнінде қормен
келісімшарттар жасаспаған, жекеше медициналық практикамен айналысатын
адамдарда медициналық қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың
шығыстарын өтеп отырады.
199 жылдан халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру мемлекеттік
бюджет арқылы әлеуметтік салық алуды және бюджетте оны шоғырландыру
есебінен жүзеге асырылды. Бұдан басқ, мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде
қаражаттардың едәуір бөлігі мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
арқылы барлық сақтанушылардың (сақтандырушылардың) міндетті зейнетақы
жарналары есебінен шоғырландырылып, жұмсалды.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасының
заңнамасымен белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы
жарналары жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ
зейнетақы мактивтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды
бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға; құрылтайшысы үкімет болып
табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Қазақстанда Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Жинақтаушы
зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс орны мен тұратын
орнына қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге
асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары алушылар – осы
жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып
табылатын бір немесе бірнеше заңи тұлғалардың жұмыскерлері үшін құрылады.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт жасасқан
және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан
Республикасында зейнетақысымен қамсыздандыру туралы заңмен анықталатын
мөлшерлемелер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларын төлейтін
жарналары. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес заңы және жеке
тұлғалардың ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан он пайыз
мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылады. Сонымен бірге міндетті
зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық
жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Ерікті зейнетақы жарналары – бұл меншікті қаражаттары есебінен
салымшылардың немесе жұмыс берушілердің өздеріінң бастамасы бойынша
міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейтін мөлшері
шектелінбейтін ақшасы.
Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан басқа Қазақстан
Республикасының заңнамасымен және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шартпен белгіленген
тәртіппен Үкімет анықтайтын кәсіптердің тізбесі бойынша жұмыскерлердің
пайдасына салынатын ерікті кәсіби зейнетақы жарналары да бар.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі ерікті кәсіби
зейнетақы жарналарының есебінен зейетақымен қамсыздандыру туралы
келісімшарт тараптарының келісімі бойынша, бірақ жұмыскердің ай сайынғы
табысының он пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың арасында зейнетақымен
қамсыздандандыру туралы келісім-шарт жасалады.
Зейнетақы төлемдерін белгілеу зейнетақылар төлем жөніндегі
мемлекеттік орталықтан жүргізіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталық – зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға заңи
тұлғалардың және заңи тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік және өзге қызметпен
айналысатын жеке тұлғалардың, ресми транспрттердің міндетті жарналары
есебінен зейнетақы төлейтін заңи тұлға, бұл жарналардың көлемі тиісті
жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі. Заңи тұлға
міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді және олардың төлемшілерден
жинақтаушы зейнетақы қорларын аударылуын қадағалайды, сонымен бірге
азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар береді.
Әлеуметтік жеке код – зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар әрбір
азаматқа тағайындалатын тұрақты жеке код.
Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа, әйелдер58 жасқа
толғанда тағайындалады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақы орташа
айлық табысының 60% есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге
қарамастан, қатарынан кез-келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс
негізге адына отырып есептеледі.
Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекақы төлеудің
барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге табыстар
кіріктіріледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі
табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36
күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу
арқылы анықталады және орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда зейнетақының
есептеуге қажет табыс тиісті жалға арналған республикалық бюджет туралы
заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген
әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1%-ға өсіріледі, бірақ
ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75%-ынан аспау тиіс.
1998 жылға қаңтардың 1-іне дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің
ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75%-ынан аспауы тиіс.
Бұған өндірістердің жұмыстардың үкімет бекіткен № 1 тізімдегі 1998 жылғы
қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларының
меншікті капиталы қалыптастырады,. Бұл капитал оның міндеттемелерінің
сомасы шегертілгеннен кейінгі жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құны
болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы мыналардың есебінен
қалыптасады:
1) жарғылық капиталға салынған құрылтайшылар мен акционерлердің
салымдары;
2) комиссиялық сыйақылар;
3) Қазақстан Республикасы Заңнамасымен қарастырылған басқа кодтар.
Зейнетақы активтері – жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы
төлемдерін қамтамасыз етіп, төлеуге арналған қаражаттар (ақша, бағалы
қағаздар, өзге қаржы құралдары).
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиандық
келісім-шартқа сәйкес банк-кастодиандарда шотта сақталынып, есептеледі.
Кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан, жинақтаушы зейнетақы қоры және
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында
жасалады. Егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы
зейнетақы қоры өздігінше жүзеге асыратын жағдайда кистодиандық келісімшарт
банк-кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін инвестициялық басқару
зейнетақы активтеріне жинақтаушы қорды инвестициялық басқаратын ұйым
жүзеге асырады. Шетелдің қатысуымен зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан
Республикасы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын
барлық ұйымдардың жиынтық жарияланған жарғылық капиталыынң 50% аспайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңи тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен
белгіленген тәртіптен акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры – акционерлік қоғам
нысанындағы коммерциялық ұйым, оның жалғыз құрылтайшысы мен қатысушысы
мемлекет болып табылады.
Қор өзінің қызметін меншікті активтерінен алатын комиссиялық сыйақы
есебінен жүзеге асырады.
Комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті мөлшерін және
оны пайдалану механизмін жыл сайын Үкімет белгілейді.
Қордыңменшікті қаражаттары оның жарғылық капиталы мен комиссиялық
сыйақысынан тұрады.
Қордың:
1) міндетті әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен бағалы
қағаздармен байланысты қызметпен айналысуға;
3) қор қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
4) қаражаттардың қозғалысы туралы Әлеуметтік төлеулер орталығынан
ақпарат алуға;
5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде қарастырылған
жағдайларды шығарып тастағанда Қордың қызметін қамтамасыз ету үшін міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларынан ақпаратты сұраттыруға және
алуға құқы бар.
Қор мыналарды:
1) Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттарды
уақытылы аударып отыруға;
2) Ұлттық банк арқылы қаржылық құралдарға қордың уақытша бос
қаражаттарын орналастыруға;
3) жыл сайынғы аудитті жүргізуді қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге
міндеттемелерді атқаруға міндетті.
Қордың кепілге өзінің активтерін беруге және заңмен қарастырылмаған
кәсіпкерлік және өзге қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Қордың активтерін Қор мен Ұлттық банк арасында жасалынатын
келісімшарт негіздемесінде Ұлттық банк арқылы қаржылық құралдар орналастыру
жолымен Қор инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Ұлттық банк қордың
активтерін шрғырландыру және орналастыру жөніндегі барлық операциялардың,
инвестициялық табыстар есебін жүргізеді және тосан сайын Қорға шоттардың
жай-күйі және жасасқан келісімшартқы сәйкес Қор активтерімен жасалатын
инвестициялық қызмет туралы есеп береді.
Қордың активтері мыналардың есебінен қалыптасады:
1) әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін
кешіктіргені үшін алынған өсімпұл, қор қызметін қамтамасыз етуге берілетін
комиссиялық сыйақыны алып тастаған кейінгі инвестициялық табыс; міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін. әлеуметтік сақтандыру
қорына төленуі тиіс әлеуметтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz