Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы туралы ақпарат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімАдамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығыЖеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуТұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адам мен әлемдегі әсемдік пен сұлулық туралы қазақ халқының ұлттық көркем мәдениетін зерттейтін философиялық пән эстетика термині ежелгі грек тілінен «сезінуші», сезімді қабылдау деп аударылады. Қазақ халқының қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен.

Қазақ эстетикасының бір арнасы Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өрнегі болған. Көне түрік жазуындағы Қожа Ахмет Ясауидың «Даналық кітабында» Ахмет Иүгинекидің «Ақыл сыйында», т. б. эстетикалық мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттелген.

Эстетика - сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезімін тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс, адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп сезіну оның эстетикалық жағынан қамтиды.

Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру болып табылады.

Эстетикалық тәрбие беру мектепте ең алдымен сабақта жеке пәндерді оқыту жүйесінде іске асады. Жекеленген пәндерді оқу арқылы оқушылар өзін қоршаған табиғатты адамдардың қарым-қатынасындағы, өнердегі әсемдіктің негіздерімен танысады.

К. Д. Ушинский оқытудың тәрбиелік сипатта болу принципіні ерекше мән берді. Бұл жөнінде ол: «Адам сезімін қамтымайтын оқу жақсы оқу емес. Мұғалім оқу арқылы бала жанына ұрық беру үшін барлық кезеңді де пайдалануы қажет. Бұл жағдай барлық ғылым саласында да мүмкін», - деді.

Сабақта эстетикалық тәрбие беруде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру керек. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді. Бұл кезеңде қоршаған ортадағы әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері орасан зор. Әрине бұл бала психологиясына тән заңдылық. Олардың эстетикалық даму дәрежесінің айырмашылығын ескеру қажет. Бұл кезеңдегі бала сезіміне табиғат сұлулығының көрнекі түрлерінің ерекше әсері бар. Ол жасөспірімдік шақта эстетикалық құбылыстарды дұрыс бағалай білуге үйренеді, өзін қоршаған дүниедегі жақсы мен жаманды айыра біледі.

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б. / Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді. [1. 6] Олар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо - физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т. б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Қазақ мәдениеті - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс - тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы - халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.

Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі - адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қалың елім Қазағым» атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазды: «Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім»-дегенді.

Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мәдениеттілігі т. б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Әрбір ұлттың ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрінен құралады. [2. 4]

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады».

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектебімізде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар.

Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: «Балаға көркемдік тәрбие беру», ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр ата-ананың мектепте болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай.

Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру

Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.

Әлеуметтендіру - тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т. б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан».

Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.

Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.

Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.

Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект - объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам -оның объектісі) . Бұл ұғым - пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.

Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч. Кули жоне Д. Г. Мид ұстанды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды шығармашылыққа баулу
Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Діни тәрбие
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Отбасы тәрбиесінің негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz