Заманауи педагогикалық процесіндегі ақпараттық технологиялар


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімЗаманауи педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларыХХ ғасыр педагогының имиджіИмидж құрылымы
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.
Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.
Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.
Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.
Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтардың жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, болашақ педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты болашақ педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Заманауи педагогикалық процесіне ақпараттық технологиялары
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта болашақ педагог- психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Сондықтан мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.
Берілген зерттеуді қарастыру барысында білім берудің маңызы жөнінде А. А. Әбдікәрімұлы, В. В. Егоров, Ж. Ж. Наурызбай, М. Н. Сарыбеков және т. б. ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е. А. Батешовтың, Р. М. Дұзбаеваның, Д. М. Жүсібалиеваның, Ж. А. Қараевтың, М. С. Мәлібекованың, Ә. К. Мыңбаеваның және т. б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу мәселесімен В. П. Беспалько, И. Ф. Исаев, И. Я. Лернер, В. А. Сластенин, Н. Ф. Талызина, Е. Н. Шиянов және т. с. с. сынды ғалымдар айналысқан.
Кәсіби білім беру проблемасын зерттеуге З. А. Исаева, С. Т. Каргин, Қ. А. Кертаева, А. П. Сейтешев, Қ. А. Сарбасова, М. В. Семенова, Н. Д. Хмель, Л. А. Шкутина тәрізді авторлар өз үлестерін қосқан.
Педагогикалық, психологиялық, философиялық және ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде зерттеліп отырған тақырып бойынша ақпараттық технологиялар арқылы оқыту жөнінде арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, жоғарыда келтірілген мағлұматтар берілген мәселенің жеткілікті дәрежеде қарастырылмағанын аңғартады. Сондықтан ақпараттық технологиялар арқылы оқыту қажеттілігінің арасында объективті түрде қалыптасқан шешімдерді шешу үшін және осы сұрақтың жоғары оқу орнының теориясында және практикасында жеткіліксіз деңгейде өңделгені қарама-қайшылықты қалыптастырды.
Осы қарама-қайшылық зерттеудің проблемасын тудырып, яғни - ақпараттық технологиялар арқылы оқыту, ғылыми түрде негізделген және бәсекеге қабілетті маманды даярлау, «Болашақ педагог маман тұлғасын
XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГЫНЫҢ ИМИДЖ
Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген мұғалім бейнесін қайта қарауымыз керек. Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагогтардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым-қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән педагогтық қарым-қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі сапаларын қалыптастыруымыз қажет сияқты. Сонымен XXI ғасыр педагог имиджіне тоқталатын болсақ, имидж - ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді.
Тартымды имидж:
- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;
- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
Егер оқушылар мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да болмайды деген байламға келуге болады. Себебі, баланың өмірінің жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Бар мәселе имиджде.
Имидж құрылымы:
- сыртқы бейне;
- вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;
- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраушыларға:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
• Мәнерлі сөйлеу
• Көндіре білу
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
• Шыдамдылық
• Көргіштік
Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында. Сонымен имидж - сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені - адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек. Ал педагог имиджі мен педагог әдебі деген ұғым бір-бірімен егіз, бөліп жарып ажыратып айтуға болмайтын ұғым ба дерсің.
Сонымен, педагогтық әдеп дегеніміздің өзі не екеніне көңіл аударайық. “Әдеп” (такт) сөзі (латынша - taktus) “жұғысу”, “адам ара қатынасының түрі” мағынасында қолданылады. Әдеп - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзін ұжымда оған сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады. Қайсыбір арсы-гүрсі мінезді мұғалімдер қайдағы бір орынсыз әзіл, тұрпайы тұспал, естіген құлаққа ерсі сөздермен шәкірттерінің жанды жеріне тиеді. Ондай мұғалімдерді оқушылардың суқаны сүймейді. Олар өз әріптестерімен де сыйыспайды. Ондайлармен тіл табысу өте қиын. Мұғалім мен оқытушы арасында болатын қатынаста педагогикалық тактінің маңызы зор. Педагог этикасында бұл ұғым тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арақатынастарын белгілейді. Мұғалімнің педагогикалық әдебі болмайынша ол өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан - түрлі, әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған - жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Педагогикалық әдептің психологиялық мәні бар екендігін атап кеткен жөн. Жеке адам басқа адамдармен, сондай-ақ жас ұрпақпен қарым-қатынас жасағанда, мол өзінің индивидуалдық өмір тәжірибесін, адамдар арасындағы қандай нормалар арқылы жүзеге асатындығын нақтылы көрсетуге тырысады. Өйткені педагогикалық такт, басқа этикалық ұғымдар сияқты, белгілі бір құрылымнан - өзіне тән ерекше құрамдас мүшелерден тұрады. Солардың ішіндегі ең негізділері: оқушыларға педагогикалық әсер етудегі мөлшерді сақтау мәселесі, ұстаздық ықпалдың нәтижелілігі, жеке адамның рухани дүниесін егжей-тегжейлі түсіне білуі, жас буынның ұнамды қасиетін тани біліп, оны бүкіл адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға пайдалануға қабілеттілігі. Демек педагогикалық әдеп - мұғалімнің ең басты моралдық қасиеттерінің бірі, онсыз ол ұстаздық ете алмайды. Әдепті сақтамаған адамдар біреуге жақсылық жасап отырып та, оның жанын жарақаттауы да мүмкін. Оқушыларды оқыту тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайылылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады екен. Мұндай айрықша белгілер әдепті мұғалімнің бойында да болуы тиіс. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлесе, оқушылармен де, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесуі керек. Біз мұны әлде де баса айтқымыз келеді, өйткені, әлдекімдердің ойынша әр адамның өзін ересектердің арасында ұстауы - бір басқа да әңгіме де, оқушылардың ішінде ұстауы мүлдем басқа әңгіме көрінеді. Мектепте мұғалім ашық жарқын, биязы, сүп-сүйкімді, ал, сынып табалдырығынан аттаса болды, суық, тұнжыр, түсініксіз боп шыға келетін мұғалімдер қателеседі. Мұғалім әрине, өте жинақты, бірақ табиғи жинақты болуы керек. Жалпы әдеп бар да, педагогикалық әдеп бар. Кез-келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп пен педагог имиджі - медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикалық сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Педагогтық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz