Инновациялық технологияларды кіріктіре отырып география пәнін оқыту



Инновациялық технологияларды кіріктіре отырып география пәнін оқыту
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. /Мұғалімдерге арналған нұсқаулық/
1.Жанпейісова М. М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
3.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл. 6. «География және табиғат » журналы №6, 2002 жыл
7.Жүсіпова М. Ұжымдық оқыту технология әдістемелері. Павлодар, 2005 8.Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру. // Сыныптағы тәрбие. №1,2007 9. «Қазақстан мектебі» ғылыми – педагогикалық журналы. № 12, 2002 ж.5. М.Валиева «Білім беру технологиялары және оларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жолдары» /Әдістемелік нұсқау/.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Инновациялық технологияларды кіріктіре отырып география пәнін оқыту
Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы - айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы - сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз - баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор. Осы жеті модульді білім беруде тиімді пайдалануда, дәстүрлі сабақта пайдаланатын жұмыс түрлеріне қарағанда топпен жүргізілетін жұмыс түрі оңтайлы нәтиже береді. Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады.
Ал мен география пәні мұғалімі ретінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Сабақ - оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы, -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының - көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке ,жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, оқи алуға үйрету керек. Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады.Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға,мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай тапсырма бергенде ғана, оқушы ойланады. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпаратты ойлауға, бағалауға , талдауға және синтездеуге, өмірде қолдана білуге бағытталған пәндік шешім. Балаларды диалог пен дәйектер , талқылауға тарту белсенді жүргізілетін жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түседі. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық) .
Сыныпта мұғалім оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді әңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.Оқыту дегеніміз - баланы субъект ретінде оқу ісіне қызықтыратын, соған сай қабілетін арттыратын жағдайлар тудыру болып табылса, қызықтыру, зейініне әсер ету, сезіміне әсер беру мұғалімнің басты мақсаты болуы тиіс. Мұны жүзеге асыру екі кезеңге бөлінеді. Бірінші, оқу үдерісінің жаңа технологиясын қарастыру (қалай оқыту керек), екіншісі, оқушы алдына қойған мақсатты өз бетінше шеше алатын жағдайға жеткенде ғана субъектілік орын алады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық) .
Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау, АКТ модульдерін жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп жұмыстануды қажет етеді.
Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз - жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі - тренинг. Тренинг оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды тәсіл. Сабақтарымда осындай тренингтерді өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер берді және ең бастысы, оларға ұнады.
Топтық жұмыс - бұрын-соңды көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.
Ал сыни тұрғысынан ойлау - креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. СТО-ды ойлануды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Әрине, маған сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Соның нәтижесінде оқушыларда қызығушылық арта түсті. Әр сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, түсіндіріп отыруға тырыстым. Бұл - менің тәжірибемде енгізген ең басты жаңалық болды.
Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Сабақтарымның кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдерінде мұғалім және оқушы іс-әрекеттерін толық жазу арқылы сабақ барысында мұғалім - нұсқаушы, оқушы - ізденуші екендігі айқындалды.
Сабақтарда жұппен жұмыс, топпен жұмыс және жеке жұмыстар жасалса, сынып бөлмесінде топ ережесі және рефлексия жазатын бұрыштар жасақталып, парталардың орналасуында өзгерістер болды және оқушыларымның өз сөздерін Менің пікірім былай, Менің ойымша... деп бастауларын талап еттім. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Теориялық білім мен практиканың байланысын жүзеге асыру
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Кіріктірілген оқыту принциптері
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Білім беруді цифрландыру
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Пәндер