Картоп өсіру


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз бүкіл әлемдік сауда ұйымына кірудің алдында тұрғанда патенттік тауар өндірушілермен бәсекелестікке түсе білу үшін тауарлық және дәмдік сапасы жоғары ауылшаруашылық тауарларын өндіруіміз керек. Бұл тұрғыда картоп өсірудің агротехнологиялық тәсілдер кешенін әзірлеу аграрлы ғылымның өзекті мәселесі болып табылады.
Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақылы. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен және әр түрлі тағамға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін береді және адамның сөткелік рационында айтарлықтай орын алады. Картоп түйнегінде 22-25 процент құрғақ зат, оның ішінде 80-85 процент крахмал және 3 процентке дейін белокты заттар болады [ 1 ] . Картоп белогі өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организімдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванилин, лизин, трифтофан, лейцин т. б. ) көп.
Картоп егістігінің фитосанитарлық жағдайын жақсартумен ғылымдар мен практиктердің көбісі айналысты. Картоп халық шаруашылығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан отырғызу кезеңіне дейін және шығуы кезеңінде арамшөптермен күресудің кешеңдік шараларын әзірлеу әсіресе, құмаймен, мысыққұйрықпен күресу ғылыми қызығушылық тудырады.
Картоп алқа тұқымдастарына жатады- Solanaceae L., Solanum L., тұқымдасына жатады, Тuberarium (Dun) Buk, тобына кіреді, жемісі түйін тұзеді. Картоптың отаны -Оңтүстік Америка болып табылады. Оның бастапқы орталығы Оңтүстік Американың биік таулы аудандары болып табылады. (Перу, Боливия) . Екінші бас орталығы жабайы түйнектер түзетін түрлері өсетін Мексиканың таулы бөктері. Ол жерлерде кейбір жабайы диплоидтық түрлері орналасқан, олар экологиялық және басқа да факторлардың әсерінен көптеген басқа түрлердің шығуына әсер етеді. Мәдени түрдегі картоптың шығатын бас орталығы Чили және оның аралдарының жағалаулары болып табылады, бұл жерлерде Solanum tuberosum ssp. chilotanum Buk. et Lechn., және анд тауларының аудандары (Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Солтүстік батыс Аргентина) негізгі егіс аумақтарында S. andigenum Juz. еt. Buk. Түрі өсіріледі. Біздің еліміздегі картоптың системетикасының негізін салушы С. М. Букасов. картоптың (70 түрі белгілі олар 32 серияға біріктірілген. Серия екі географиялық топқа бөлінеді-оңтүстік Америкалық және Солтүстік Америкалық. Түрлердің басым бөлігі (21) Оңтүстік америкада өседі. Тuberosа сериясы қызығушылық тудырады. Құрамына S. tuberosum кіреді, алтосы кезге дейін бұл түрдің эпидемалық сорты өседі. S tuberosum-ның шығу тегі (С. М. Букосов бойынша) оған жақын болып келетін тетраплоидтық S. Leptostigma Juz. және S. molinae Juz. Түрлері табылды. Оңтүстік Америкалық сериялар үш топқа бірігеді, ал Солтүстік Америкалықтар -екі секция тармағына бөлінеді. Солтүстік америкалық сериялар қызықты және өте көп, Demissa және Longipedicellate соларға жатады, бұлар фитофторозаға және басқа да ауруларға төзімді болады.
Сурет 1. Картоп
Картоптың осыншама көп түрінен мәдени түрде негізінен S. tuberosum пайдаланылады. Барлық селекциялық сорттар Оңтүстік Америкадан әкелінге сорттарды бірнеше рет будандастыру әдісімен шығарылады. S tuberosum-ды өз арасында және S. andigenum-ның мәдени түрімен будандастыру арқылы алынады. Олардың түрінен S tuberosum-ның басымдылығы байқалып тұрады. Сорттардың бұл тобы S. tuberosum ssp. evropaeum Buk. деп аталады. S. demissum Lindl және басқа да жабайы және мәдени түрлердің қатысуымен шығарылған картоп түрлері қосылып S. tuberosum ssp. hybridum Buk. түр тармағы түзеді. Селекциялық сорттардың көптеген түрлерін жинақтап алып оларды сорттардың ерекше белгілеріне қарап бөледі [3] .
1. 2 Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Картоп -көпжылдық шөптесін өсімдік, дақыл ретінде біржылдық болып саналады, себебі оның даму циклі вегетативтік кезеңде өтеді. Картоп түйнек арқылы көбейеді, оның бөліктерімен, өркендерімен кесінділерімен көбейеді, ал селекциялық жұмыста тұқым арқылы көбейеді.
Морфологиялық белгілері. Картоптың тамыры шашақты болып келеді және топыраққа терең бойламайды. Сабағы тік немесе бір жағына жантайып тұрады. Биіктігі 45-тен 120 см-ге дейін барады. Бұтақтары алты-сегіз, жапырақты сабақтардан тұрады, жылдам пісетін сорттарда тармақтанбайды, кеш пісетін сорттарында тармақтанып жатады. Ішкі бүршіктерінен сабақ бойымен жер асты бұтақтары түзіледі, оларды столондар дап атайды, олардың ұшынан түйнектер пайда болады. картоптың мәдени түрлерінің және сорттарының столондарының ұзындығы 10 см болады, ал жабайы түрлерінде 50 см-ден асады. Түйнегі- жуанданған, қысқа сабақ. Оның бетінде спиралды түрде көзшелер орнаасқан әрбірінде үш бүршіктен болады. түйнек өзінің биіктігіне қарай өседі, сондықтан оның жоғарғы бөлігіндегі көзшелер үлкен және олар бір-біріне, төменгі бөліктермен салыстырғанда жақын орналасады. Түйнектердің формасы және түстері әртүрлі болады. Олар, ірі басты, домалақ, сопақша-домалақ, ақ, қызғыш, қызыл күлгін болып келеді олқабығының және ішіндегі жұмсағының түсіне байланысты болады. Көптеген сорттардың жұмсағының түсі ақ, аздап сарығыш, сұоғылт болып келеді. жапырақтары үзік-үзәк жұпсыз қанаттты шашыраңқы болып келеді. Олар үш-жеті жұп бүйірлік жапырақтан тұрады, олардың арасына бөліктер және бөлшекшелер орналадсады. Гүлдері дөңгелек тәріздес болады, гүл шоғырына бұйраланып орналасады. Гүл тәжінің түсі ақ, көк, қызыл және көкшіл күлгін болады. Гүлдерінде 5 аталық және ол конус тәріздес болады, аналық түйіннен бағаннан және аналық аузынан тұрады. Жемісі -екі қяшықтан көп тұқымды жидек. Тұқымы майда, жалпақ, ақшыл-қоңыр болады. 1000 тұқымнның массасы 0, 5-0, 7 грамм.
Морфологиялық белгілері. Картоптағы тұқым қуалатын белгілерге гүлдерінң түсі, түйнектері және өскіндері жатады. Фенотиптік жөнінен ақ, қызыл және көк түсті түйнектерді, гүлдерді көзшелерді ажыратады. Көк түс қызылдан басым болады, ол екеуі ақтан басым болады. түстерді екі топтағы комплементарлық бір-біріне әсер беретін гендер бақылап отырады: негізгі гендер P және R және пайда болатын гендер D, E, F және S. P гені көк-күлгін түске себепші болады, R-гені қызыл-күлгін түсті бақылайды. Гендердің әсері өсімдіктегі барлық пигменттенуді қамитды (түйнек, өркендер, гүлді, жапырақ сағағын және басқа органдарды) комплементарлық гендердің қатысуына байланысты пайда болатын: D-гені түйнектер үшін, E-гені барлық түйнектер үшін, оған көзшелерде қосылады, F және S-гендері гүлдер үшін пайда болды, бұл гендердің комбинациясы гүлдердің түсін береді, түйнектердің және көзшелердің түсін береді. Мысалы: PRD және RD- қызыл түйнектерді, ал P, R, D секілді бір ғана гені немесе рецессивті pr гені ғана болатын өсімдікте-ақ түсті түйнек болады. өскіндердің пигменттелуі гендердің негізіне байланысты болады. Барлық гендердің серіктері болады, оны картоптың тетраплоидтық қасиеті дәлелдеп отыр. Көптеген сорттарда симплекстік генотип басым болады, бұл белгілерге сәйкес мына түрлерді көрсетуге болады, мысалы: Pppp, Rrrr және т. б. квадриплекстерде негізгі гендерге қарай немесе екінші комплиментарлық ген жоқ болса да гүлдердің түсі ашық түсті болады. бұл жағдай, олардың тұқымында ақ түйнекті ата-аналық формалардың бар екендігін көрсетеді. Гендерге қарап сорттардың генотипіне анықтауды будандастыру анализінің негізінде анализдейтін будандастыруды немесе сорттармен будандастырудағы симплекстік жағдайдағы доминанттық гені бар сорттар арқылы анықтайды. Мынадай сорттардың генотиптері белгілі: Элла (p 4 r 4 d 4 e 4 ), Альма (Dd 3 ) т. б. көптеген будандастырулардың нәтижесінде, түйнектің жұмсағыгның түсі сары түсі ақ түс басым болғанда болады және бір доминанттық генмен және полигенамен басқаларды, олардың мөлшері оның қарқындылығына байланысты болады. Жұмсақтың қызыл және көк түсті болуы екі комплементарлық генмен анықталады C және Y, олар антоцианның және Z геномының түзілуіне себепші болады. Түйнектердің домалақ формасы домалақ-сопақша, сопақ және ұзынша формаларынан басым болады, олар бірнеше гендермен бақыланады. Көзшелердің терең болып орналасқан туралы тұқым қуалаушылық ақпараты жоқ, бұл белгілері бірнеше гендер арқылы жасалады.
Сурет 2. Картоп түйнегі
Крахмал мөлшері. Бұл өте күрделі сандық белгілерге жатады, және ол картопты өсіру жағдайына байланысты болады (топырақ, климат) . Бұл полигендік белгіге жатады, ол аддитивтік түрде тұқым қуалайды. Сорттарды будандастырғанда трансгерссиялық себебінен, ата-аналық компененттерге қарағанда, көп мөлшерде немесе аз мөлшерде құрамында крахмалы болатын формалар бөлінеді (ыдырайды) . Құрамындағы крахмал мөлшеріне қарап ыдырауды зерттегенде, селекциялық сорттардың тозаңданудан немесе будандастырылудан болатындығын картоп шаруашылығы ҒЗИ-да зерттеп одан мынандай нәтиже көрінеді: бұлар дуплекстік генотиптерге тән тетрасомин типіндегі жолмен жүреді (A 2 a 2 А 4 B 2 b 2 және т. б. ) . ұрықтағы варициялық қатардың класстары арасындағы сандық қатынастар 1:8:18:8:1 болады. Генетикалық анализ ата-аналық формадан 6 тәуелсіз доминаттық аллелдерді тапты (генотип А 4 B 2 b 2 ) . Құрамындағы крахмал мөлшері 24-26% болатын гибридтерде А 4 B 4 генотип болды, крахмалдылығы 21-23% болғанда сегіз доминаттық аллелдер болды А 4 B 3 b, 18-20% А 4 B 2 b 2 , 14-17%- А 4 Bb 3 , крахмал мөлшері төмен-12-14%- А 4 b 4 болды. Крахмалдылығына қарай ыдырау заңдылығы мынаны көрсетеді, крахмал мөлшерінің жоғарлылығын зерттейтін селекцияда негізгі жағдай крахмалдылығы жоғары формаларды бөліп алуға сұрыптау жасау және оларды бір-бірінен будандастыру болып табылады.
Ақуыз құрамы, мөлшері. Бұлда полигендік белгі болып табылады бірнеше аллелдік емес гендердің бірігіп әсер етуінен анықталады, олардың санынан, олардың пайда болу қарқындылығы көрінді.
Биологиялық ерекшеліктері. Картоп барлық жерде егіледі бірақ, салыстырмалы климаттық аумақтарда көптеп таралған. Оның вегетативтік кезеңі сортына және өсірілетін аумағына байланысты болады және 50-120 күн болады. Осындай ерекшеліктеріне қарай картопты ерте пісетін, орташа ерте, орташа пісетін, кеш пісетін деп бөледі. Картоп төменгі температураға да жоғары температураға да сезімтал болады. қысқа мерзімдік аяздарда 1, 5-2°С-де картоп өлмейді, себебі, бұл кезде оның жапрырақтарына қант жиналып қалады, олар қорғаныс рөлін атқарады. Түйнектері -1°С-де өліп қалады, бұл жағдай оның құрамындағы судың молдығына байанысты болады. топырақ температурасы 7°С-нен төмен болмаған жағдайда картоп тамыр түзе бастайды. Түйнек түзген уақыты түйіндеу фазасымен сәйкес келеді. бұл кездегі топырақ температурасы 16-19°С болады, ауа температурасы 21-25°С болады. температура 30°С-ге дейін көтерілсе түйнектердің өсуі тоқталады. Картоп -ылғалды жақсы көретін дақыл, әсіресе оны гүлдей бастағанда суару керек. Бұл кезде ылғал жеткіліксіз болса түйіндерінің түсуіне әкеледі, одан соң өнімнің түсімі төмендейді. Түйнектердің жетілу кезеңі қысқа күнде жақсы болады (12 сағаттың) .
Гүлдеу биологиясы. Картоп өздігінен тозаңданатын өсімдік. Кейбір түрлері мен сорттары стерилді болады. Тазалық геннен беріледі бірақ оның пайда болу дәрежесіне экологиялық факторлар әсер етеді. Камераз және Подмосковье сорттары вегетатциялық кезеңнің жағдайында жидек болуы мүмкін немесе тұқым байлайды, кейде екеуін де түзбейді. Памирда картоптың барлық түрі жеміс береді. Картоптың гүлдеуі оны еккеннен соң 30-35 күннен кейін басталады. Бір гүлдің гүлдеу уақыты 3-7 күн болады, барлығының гүлдей бастауы 15-40, өсімдіктің бүтіндей гүлдеуі 20-50 күнге созылады. Аналық аузы тозаңдаықтан 2-3 күн бұрын жетіледі. Көптеген сорттарда аталықтың тазалығына байланысты жемістер түзілмейді, көптеген сорттары тіпті гүлдемейді, кейбіреуінде түсіп қалған түйіндер болады. картоптың гүлдеуі үшін қолайлы температура 16-22°С болады [5] .
Картоптың қазіргі сорттары оларға артатын талапты толығымен орнындай алмайды. Олардың сыртқы ортаның әсеріне өнімділігі төмендеп кетеді, сонымен қатар ауруларға шалдығады, зиянкестер әсер етеді. Осыған байланысты селекцияға бірқатар міндеттер жүктелді, оларды жалпы, регионалдық және ерекше деп бөлуге болады. селекцияның жалпы міндеті- экологияға ббиімді, жоғары өнімділіктегі, ауруларға төзімді, зиянкестерге және ауа райының қолайсыздығына төзімді, пісу мерзімі әртүрлі, құнаолығы жоғары және дәмді механикалық өңдеуге жарамды жақсы картоп түрлерін шығару болып табылады. Регионалдық міндеттің біреуі-фитофторға тұрақты сорттарды, ауру түрлері жыл сайын үлкен шығын келтіретін жерлерге егу болып табылады. Екінші мәселе-еліміздің оңтүстік өңірлеріне құрғақ және суармалы егіншілік аумақтарына, топырақтағы Т°-сы және ауаның Т°-сы ыстық аумақтарға егетін соттарды табу, сонымен қатар қысқа мерзімде түйнектейтін, екі ретөнім беретін сорттарды табу болып табылады. Селекицияның ерекше міндеттеріне жататындар өнеркәсіпте тағамдық жартылай өнім жасауға жарамды сорттарды ендіру (картоп жармасы, пюре, крекерлер т. б. ) және дайын өнімдер жасау (чипсы, помпфи, құрғақ картоп т. б. ), сонымен қатар тұқымнан егіп көбейтуге қабілетті сорттарды шығару. Осындай міндеттерге байланысты селекция жұмыстарының бағыты жасалды. Фитофторозаға, вирустық ауруларға төзімді, құрамында крахмал мол, ақуызы мол жоғары өнімділіктегі сорттарды шығару. Жаңа бағыттардың дамуы селекциялық бағдарламалардың шешілуін күрделі етті, жұмыста аралық этаптың болуын талап етті, атап айтқанда: арнулы ата-аналық формаларды алу-бағалы қасиеттерді тарататын және оларды үйлестіретін, мәдени түрде болмайтын белгілерді алу болып табылады, S tuberosum (вирустарға иммунитет, фитофтороза, нематодқағ колорадо қоңызына) . Картопқа тиімді ата-аналық жұпатрды жасау, оларды селекцияда жартылай фабрикаттар деп атайды, бұлар АҚШ-та, Ұлыбрттанияда, Польшада, Чехословакияда, Халықаралық картоп орталығында (Перу) жүргізілді. Біздің елімізде селекция барлық маңызды бағыт бойынша жүргізілді .
Сурет 3. Картоптың гүлденуі
Картоптың ерте пісуі. Бұлар полигендік және рецессивтік тұқым қуалаушылық тән болды. Осыған байланысты, ыдыраған кезде әртүрлі ерте пісетін формалары бөлінді: кеш, орта, ерте пісетіні, кейінгісі ұрықтың аз бөлігін құрайды-1/4 өздігінен тозаңданатын ерте пісетін сорттарда құрайды. Картоптың фитофторға төзімділігі. Бұл белгі екі генетикалық жүйемен анықталады, біреуі жоғарғы сезімталдылық реаккиясын бақылайды, яғни, өсімдік жасушаның некроз түзуге деген қабілеттілігін бақылайды, ол белгілі бір распатогенді ендіреді, екінші егістіктегі төзімділік, яғни өсімдіктің қоздырғыштардың енуіне деген қарсылығы немесе жұқпаның жылдамдығын тоқтатуы. Жаңа нәсіл пайда болса өсімдік бұзылады. Гендердің беріктілігі туралы халықаралық номеклатура жасалды, ол солтүстік америкалық түрлерден табылды. Гендерді R символымен белгіледі, ал нәсілдерді 1, 2, 3 деп жалғаса береді. Доминанттық гендері жоқ формалар барлық нәсілдермен бұзылды. R1 гені нәсілдерге деген төзімділікті бақылайды, оны цифрмен көрсетпейді 1, яғни, 2; 3; 4; 2, 3; 2:4; 3; 4; 2, 3, 4; R2 гені мына нәсілдерге деген төзімділікті көрсетеді 1; 3; 1, 3; 1, 4 т. б. патоген барлық цифрлармен көрініп тұрса болды, Мысалы: генотип R1R2 мына нәсілдермен бұзылады: 1, 2; 1, 2, 3; 1, 2, 3, 4; бірақ барлық нәсілдерге төзімді болады. Нәсілдерді өсімдіктерді бұзуына қарай қарапайым және күрделі деп бөледі. Жәй нәсілдер һсімдіктерді R-генісіз жұқтырады (нәсіл-0) немесе олардың төменгі санымен (нәсілдер 1, 2, 3 т. б. ), күрделі түрлері өсімдікке R-гнеінің жоғары санымен әсер етеді. Мысалы: 1, 2, 3, 4 нәсілі өсімдіктерді R1R2R3R4 генотипімен бұзады. Жоғарғы сезімталдылықты бақылайтын 10R гені табылды. Оларға жабайы түрден S. demissum берілуі және одан соңғы комбинациялары оңай өтеді, себебі, гендер доминанттық болады, олар әртүрлі хромосомдарда орналасады және тұқым қуалаудың тетрасомикалық түріне тәуелді болды. R-гендерінің әсері негізінен жапыраққа әсер етеді, ал түйнектері бұл кезде бұзылмайды. R1 гені жапырақтардың жоғары сезімталдығына және түйнекке әсер етеді.
Көшеттерді өсіру . Селекциялық мекемелер жылына (40-45 мың) көшет өсіреді. Бұл үшін тұқымның бір бөлігін қыста егіп қояды, оны арнаулы дайындалған орынға 1х1х1 см егеді, немесе қатар арасына 0, 7 см қашықтықта және 4 см етіп қағаз жапсырып қояды. Тұқым жапсырылған қағазды көктемде кюветке салып үстіне топырақ немесе 0, 3-0, 5 см етіп торф салып қояды. Тұқымның көпшілігін сәуір айының үшінші онкүндігінде егеді, оларды кюветке 0, 5 см топырақ салып егеді. Далаға егетін дақылдарды 7х7-7х см кубтраға салып алып, одан соң далаға егеміз. Оларды 5-7 жапырақ пайда болғанда егу тиімді болады. (45-55 күнен соң егілгеннен кейін) . Егуді машинамен жасайды 70х70 схемасы бойынша, суғарып отырады. Одан соң көшетті күтімге алады (қопсытады, арамшөптерін жұлады) .
Селекциялық процестің схемасы . Бұл жағдай, алғы дақылды пайдалануға байланысты, оларды жаңадан жасап ата-аналық формаларын таңдап аламыз, көеттер, будандар, питомниктегі клондар. Ата-аналық формалардың питомнигі: Бұл жерде гормокқа картоптың жабайы және мәдени түрлерін егеміз, далаға немесе жылыжайға селекциялық және жергілікті сорттарды, ең жақсы будандарды егеміз. Оларды 70х70 немесе 70х35 см етіп әрбір формадан 20-40 түйнек егеміз. Жазғы жылыжайға формадан 100-110 үлгіден, әрбір қатарға 10 өсімдіктен егеміз. жылыжайда ылғал мол болады, өсімдік жақсы өседі. Ауру өсімдіктерді алып тастайды, жылыжайдағы түйнек байлау, даладағымен салыстырғанда жоғары болады. Бірінщі жылғы көшеттердің жылыжайы. Бұл жерде көшетті тұқымнан егеді. Әрбір көшетті жекелеп зерттейді. Көктемде, отырғызар кезде олардың фитофторға тұрақтылығын жаппай жұқтырып тексереді. Қазып алған кезде олардың жарамсыздарын алып тастайды: ұзын сталондары барын, түйнектердің көк түстісін, фитофтормен және қотырмен ауырғандарын сұрыптап алынған будандарды келесі жылыжайға көшіреміз. Бір түйінді картоптың жылыжайы . Бұл жерде әрбір буданда бір түйнектен болады, оларды комбинация бойына 10 қатарға егеміз. Вегетатция кезінде фенологиялық бақылау жүргіземіз. Будандарды сабақтарының түріне қарай бағалаймыз, формасына қабағының түсіне және түйнектің жұмсағына, көзшелерінің тереңдігіне, ұяшықтардың тығыздығына, түйнектердің ауруға шалдықпауына қарайды. 90% үлгіге дейін жарамсыз болады. Екінші жылғы будандар жылыжайы . Будандарды түйнек санына қарай 5/10-15 т. ж. ) егеміз. Әрбір 20-50 буыннан соң стандарттық сорттарды егеміз. Бұл жерде дақылдың өнімділігін, жылдам пісетіндігін, крахмал мөлшерін, түйнектің размерін есепке алады. 70%-ға дейін жарамсыз етеді. Алдын-ала сынақтан өткізу питомнигі . Будандарды бір-екі қатар етіп 60-180 түйнекке дейін бір-үшке дейін қайталап егеміз. Будандарды және стандартты сорттарды пісуіне қарай топтарға бөлеміз. Есепке алу, бақылау алдындағы питомниктегідей болады. Бұл жерде түйнектің тауарлық жағдайын, асханалық сапасын, шикі протеин мөлшерін, фитофторға төзімділік, нематодқа, ракқа тұрақтылығын тексереді. Негізгі сынақтан өткізетін питомник. Сынақты 1-2 жылда өткізіп отырады. Будандарды бір-төрт қатарлы бөліктерге 30-60 түйнектен отырғызады. Стандарттық сорттарды және будандарды пісуіне қарай 8-10 номер арқылы топтарға бөліп орналастырады. Будандарды егістікке тұрақтылығына қарай, жапыпағының және түйнегінің фитофторозаға тұрақтылығын қосымша тексерді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz