Қазақ әндерінің бала тәрбиесіндегі ролі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ әндерінің бала тәрбиесіндегі ролі

Жоспар

  1. Кіріспе

Баланы ұлттық музыка негізінде тәрбиелеу.

  1. Негізгі бөлім.
  1. Халық әндері - сарқылмас қазына.
  2. Музыка тілі - құдіретті тіл, күрделі тіл.
  3. Музыка сабаған түрлендіру.
  4. Қазақтың сал, сері, ақын - сазгерлерің таныту.
  1. Қорытынды.

Қазіргі заман талабына сай жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу

Қазақ әндерінің бала тәрбиесіндегі ролі

Балалар - біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Бүгінгі мектептің алдына қойып отырғаны - жеткіншек ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мәдени мұрасын байланыстыра отырып айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғаттын, оның байлығын қастерлеуге, бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру.

Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып ән айту олардың музыкалық қабілетін яғни есіту, ырғақ, есте сақтау қабілеттерің қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты мейрамдарда ұйымдастырылған көпшіліктің құрама оркестрлері халықты бір іске, мақсатқа топтастырып, достыққа, ынтымаққа ықыл астандырады.

Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппаратының дамуы, музыкалық аспапты үстау, оны шеберлікпен меңгеру, педагогикалық, психологиялық дайындық, әдістемелік шеберлік, жаңа технологиялар енгізу өте қажет дегім келеді.

Бұл түста ескеретін мәселелер:

  1. Организмнің толық жетілмеуі, оқушының орнында қозғалыссыз отыруынан, мұғалімнің сабақты бір сазбен айтып түсіндіруінен тез шаршауы.
  2. Мақсаттылықтың, қабілеттіліктің, ойымен жұмыс істеу қасиеттерінің нашар болуы.
  3. Өз бетімен қалай болса солай ойлау, назарының шағын көлемі, еріксіз, ықыласты игеру, әр түрлі объектілерге ауыстыру жолымен ұдайы белсенділікті қажет етеді.
  4. Белгілі бір бейнені сол қалпына елестете білу, оның нақтылығын білу, сондықтан мұғалім музыканың дыбыстану қасиеттерінің белгілі бейнелерімен қоса, турашылды байланысының қаупі барын әрдайым еске алуы қажет.

Оқушылардың ойынға бейімділік ойын арқылы тіпті күрделі материалды тез меңгеру және елестету қабілеттерін арттырады. Олардың музыкалық даму деңгейі біргелкі емес, әр түрлі. Кейбір балалар көңілдерін басқа нәрсеге аудармай, музыка тыңдаудың не екенін түсінбейді. Балалардың белгілі орындаушылық қабілеттері болады, ал кей біреулері музыкаға немғүрайлы қарайды. Бұдан бөлек олардың осы жасқа тәң жалпылама қасиеттері болады. Балалардың музыка тыңдаудағы мүмкіншіліктері кең, ауқымды, Оларға көрнекті, жарқын характердегі музыкалық шығармалар қолайлы. Бірақ, шағын шығарма да болуы тиіс.

Балалардың ән айту мүмкіндіктері белгілі бір деңгейде, алдыңғы музыкалық дайындық кезеңінде анықталады.

Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибелердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушылары әр түрлі шығармашылық тапсырмаларды өте тез ұғып алады. Ең бастысы, музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып жетіледі. Оқушының эмоқиялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет.

Ән үйрету кезінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты есте сақтай отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл елестеуді қадағалау қажет.

  1. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.
  2. Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.
  3. Жәймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
  4. Көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.
  5. Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.
  6. Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
  7. Сабақ барысында үйлесімді сезімге бой алдырушылыққа бағыттау, ал сабақтың шарықтау бөлімінде бірыңғай немесе жеке көркемдік нәтиже қажет.
  8. Балалардың жеке басының өзгершіліктерін немесе жас ерекшеліктерін есептей отырып, музыкалық материалдарды таңдай білу. Жеке қадағалау формалары:
  1. Фониатрлық бақылау (тексеру) .
  2. Ән айтуын жеке тексеру.
  3. Күйді не әнді күйтабақтан тыңдау.
  4. Әрбір топпен қосымша сабақтар өту тағы да басқа.

Кез келген халықтың ғасырлар бойы салынған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы - әдебиет пен өнер.

Өз кезегінде өнер де сала-салаға жіктеледі. Оларды қол өнер, сурет өнері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.

Халқымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны - ән.

Ән - халық мұрасы. Халық әндері - сарқалмас қазына. Оны жай ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән - өнер. Ән - адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жүбанышы. Ән - табиғат суреттемесі. Ән - халықтың көркем ой-санасы, көркем тарихы. Ән - өмір айнасы. Олай болса, бізғе әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.

Ерте дәуірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі ұзақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс туып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші, Ол өзі тартып отырған қобыз сарынына қосылып ән салады, би билейді. Сөйтіп бір өзі өнердің түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.

Уақыт өткен сайын онер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке-жеке өнер түрінде қалыптасады. Оның бір ғана саласымен щұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп өнердің әр саласы кэсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі - ән өнері.

Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңінің оз үні, өз әуені, оз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән - өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында, мұны әннің тарихи сипаты дейміз.

Әннің келесі бір қасиеті - әуезділігі, әсерлігі, коркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен отіп, біздің заманымызга келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел ауызына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.

Халық әндеріне тән тағы бір белгі - әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, түрмыс-тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгелі бір оқиғаға құралады. Соған ой терең сезім арқылы тербеліп, көркем кесте - өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мұны әннің поэзиялық арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.

Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.

Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай ? Олардың ерекшелігі неде ?

Тарихшы - шежіреші. Әндетте ол нақты бір оқиғаны қара сөзбен баяндайды. Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғақ, өлшем, ұйқас бола бермейді.

Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи окиғаны өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді ? Осы мәселеге тоқталған жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.

Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән - халықтың көркем ой-санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.

Қазақ халқының ән өнері сан-салалы. Көне дәуірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласы бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сырында, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.

Ән - вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:

  1. әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.
  2. әннің әуені, яғни музыкасы.
  3. әннің жанрлық ерекшелігі.

Халық арасына кең таралған лирикалық әндерге келер болсақ, олардың жүздеген үлгілерін атауга болады. “Қамажай”, “Бипыл”, “Сәулем - ай” секілді толып жатқан әндердің барлығы да лирикалық жанрға жатады. Лирикалық әндерге қатысты бір ерекшелік - онда сюжеттің болмауы, оның есесіне эмоцияға негізделген сезім лирикасы, поэзиялық параллеллизмдердің басым кездесуі. Оның мәнісі, әннің бір шумағын құрайтын алғашқы екі жол басқа, соңғы екі жол өзге ойды білдіруінде. Әннің тұтастығы осы ойлардың сабақтастығынан туады.

Музыканың мәнін түсініп қабылдау үшін бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін айқын аңғарып табиғат құбылыстарын, өмір шындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жөн. Музыка тілі - басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі.

Музыка өнерінің ерекшелігі - сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты.

Музыкадағы барлық оқиға желісі дыбыс үнінің құдіретті тілі арқылы беріледі. Күрделі мазмұнға құрылған композициялық желісі, байланысы бар десек туындыларды тыңдай білгенмен, толық түсіну қиын.

Сабақтағы әуен ерекшелігін талдау біртіндеп, музыка құрлымына қарай Ойысып, күрделене береді, фраза, период шығарманың құрылысына тоқталады. Негізгі мақсат - қазіргі жаңа технологияны кірістіре отырып, түсінбеушіліктен толық саналы ұғынуға қарай, біртіндеп, дейікті түрде жүргізілетін, оқушы мен мұғалімнің біріккен іс - әрекеті болып табылады.

Жаңа технология оқушының жеке басын дамытуға бағытталған, өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге үйретеді. Сонымен бірге қарама - қарсы ұғымдарды өзара байланысын қатар оқытуды, өз бетінше шығармашылыққа берілетін музыкалық тапсырмалардың үлес салмағын артуы қажет.

Дәстүрлі сабақта білім дайын күйінде берілгендіктен, сыныптағы оқушыларды түгел қамтып, олардың деңгейін байқауға мүмкіндік болмайды. Ал, топпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың сабақ сайын даму процессін байқауға мүмкіндік тудырады. Осы өзекті мәселелерді шешуде түрлі тәсілдер арқылы әр сыныпта оқушылардың бағдарламаны игеру деңгейін байқау үшін бірнеше сабақ түрлеріне тоқталайық.

Топтық жұмыстарда немесе болжау арқылы мұғалімнің жетелеуімен жаңа тақырыптың мағынасын өз беттерімен ашып үйренеді.

Толғаныс кезінде салыстыру арқылы әр жанрға мінездеме беріп, қорытындылайды.

Толғаныс кезінде өмірде қалай пайдаланатынын ортаға салып, өз ойларын айтады. Бұдан шығатын нәтиже:

  • оқушының қызығушылығы оянады;
  • топпен жұмыс істеуді үйренеді;
  • өз пікірін айтуға дағдыланады;
  • өзіне деген үлкен сенім пайда болады.

Ал, мұғалім болса:

  • сабақта қойған мақсатына жетеді;
  • топпен жұмыс істеу арқылы әр оқушының жауапкершілін арттырады;
  • жаңа тақырыпты меңғере отырып, келесі сабаққа үнемі дайындық алаңы әзірленеді.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеті, ой өрісі, шығармашылық қабілеті, музыкаға деген қызығушылығы қалыптасады.

Міндеттері:

  1. Сал, сері, ақын - сазгерлер туралы танысады.
  2. Өздерінің дүннетанымын кеңейтеді, молайтады, байытады.
  3. Сал, сері, ақын - сазгерлердің әндерін орындап, өз білімдерін жинақтайды.

Бағалау:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының музыка өнерінің теориялық негіздерінің бастаулары
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар
Музыка сабағындағы оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту жолдары
Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының жалпы сипаттамасы
Қазақ халық музыкасы
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
Музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz