Құзіреттілік тұрғысында білім беру


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімҚұзіреттілік тұрғысында білім беруҚұзіреттілік түрлеріӘлемдік білім кеңістігіне елдің кепілі
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде көптеген өзгерістер болуда. Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі - «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Қазіргі таңда педагогикалық ортадағы ең «сәнді» термин «құзірет» болып табылады. Құзірет дегеніміз (латынша “competentia” - компетенция) - құқы бойынша қандай да бір мекеменің немесе адамның өкілет шеңбері, адамның танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері. Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара сапалардың ( білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі. ) жиынтығы. «Құзіреттілік » терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н. Хомский. Оның пайымдауынша, құзіреттілік термині грамматика білімдеріне негізделген. Жалпы алғанда құзіреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс-әрекет, қызмет саласына сай құзіреттерді меңгеруі [1] .
Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.
«Білім туралы» заңда «құзіреттілік - білім беру процесстерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау» деп көрсетілген.
Педагогикалық құзіреттілік дегеніміз - педагогикалық жүйенің жағдайы мен оның дамуын болжап, үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау, өндеу, жұмыс үрдісінде қолдану. Құзіреттілікті арттырудың, жүргізудің өз ережесі болады [2] .
Құзіреттілік тұрғысында білім беру
Құзіреттілікті жүргізуді ұйымдастыруды, үндеуді мұғалім өзі іске асырады. Алынған информацияны жалпылау, талдау және тарату да мұғалімнің жұмысы болып есептелінеді. Себебі оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын мұғалім. Педагогикалық құзіреттілік білім беру мекемелерінде білім берудің сапасын басқару үшін нақты, дәл ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Педагогикалық құзіреттіліктің негізгі идеясы - бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың іс - әрекетін бағалауды басқару болып табылады. Білім беру мекемелерінде құзіреттіліктің объектісіне класс /сынып/, мұғалім, оқушы, сол сияқты білім беру процесінің жеке бағыттары алынады. Құзіретті дамыту барысында біз құзірет сөзінің қайдан шыққанын атап айтатын болсақ. Яғни, Құзыр әр түрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі. Ал енді осыған ұқсас Құзырлылық адамның қандай сұрақтар төңірегінде жақсы хабардар болуымен қатар, кенеттен туындаған ситуациялардан абыроймен (бедел) шығу мүмкіндігін айтамыз. С. И. Ожегов сөздігінде:
l Құзыр: 1. кімнің болмаса да, жақсы хабардар болған сұрақтар төңірегі;
2. қандай-да біреулердің билігі, құқы;
l Құзырлылық: 1. бір сұрақтар төңірегіне жинақтаушы;
2. бір нәрселерді шешу құқы бар.
Мұғалім біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтардың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында. Еліміздің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына қосылу үшін қазіргі алға қойған мақсатымыз қазақ елі үш шет тілін менгеру керек делінген. Қазіргі таңда шет тілі мектептен бастап жоғарғы оқу орындарына дейін оқытылады. Қазіргі қоғамға жан жақты дамыған, ізденімпаз, шығармашылыққа құштар, қабілетті, кәсіби құзіретті, педагогикалық үрдістің шебері, жаңа идеяларға құштар педагог қана өз ісінің шебері болуы мүмкін. Ал пән мұғаліміне келетін болсақ, білімнің өзіндік құндылығын анық түсінген, мәдениеті жоғары, өз пәнінің шебері, алдындағы дәріс беретін тұлғаға рухани өсуінің мотивациясын қалыптастыратын, педагогикалық әдістермен қаруланған кәсіби шебер болуы тиіс. Ұстаз оқушылардың іс ірекетін болжап, ұйымдастырып, кемшіліктерін уақытылы түзетіп, нәтижеге үнемі жетіп отырған кезде ғана құзіретті бола алады. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Қазақстан Республикасындағы он екі жылдық орта білім беру тұжырымдамасында он екі жылдық мектептің педагогі жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті деп белгіленген. Олар: білімділік құзіреттілік, әлеуметтік құзіреттілік, арнайы құзіреттілік, дара құзіреттілік, әдістемелік құзіреттілік, зерттеушілік құзіреттілігі, басқарушылық құзіреттілігі, тәрбиелік құзіреттілік. Олай болатын болса, қазіргі таңдағы типтік мектептерде осы аталған құзіреттіліктің қандай саласы жұмыс істеп жатқандығын қарастырайық:
Білімділік құзіреттілік білім беру әрекетінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық, білім беру әрекетінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті негізінде жұмыс жасап нәтижеге жету. Оқушыларының қала, облыс, республика, тіпті әлеуметтік деңгейде жетістіктерге жетуі. Оған: интелектуалды марафондар мен кіші ғылыми жобалар, олимпиада, дарын, зерде, ақбота, кенгуру байқаулары т. б. кіреді.
Құзіреттілік түрлері
Әлеуметтік құзіреттілік кәсіби қызметпен бірге айналысатын, кәсіпті басқаруға қабылданған кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана білетін және ынтымақтастықта болатын қабілет. Бұл жерде: жергілікті жерде экологиялық тәрбиеге оқушыларды баулу, жас жеткіншектер мен туризм бағытында, шағын кластер түрлерін дамыту саласында жұмыс жүргізу.
Арнайы құзіреттілік- өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілетті тұлға.
Дара құзіреттілік - кәсіби тұрғыда өсуге деген даралығы, өзінің даралығын сақтауға деген қабілеті бұл түрғыда әрбір әріптес өзінің жұмысын керемет, мен өте жақсы жұмыс жасаймын деген көзқараста болады, бірақ бұл көз қарастың барлығы бірдей дұрыс бола бермейді. Дара құзіреттілікті аша білу, оны көрсете білу қажет. Оларға: шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен жеке өнерлі адамдар жатады.
Әдістемелік құзіреттілік - оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білу, түрлі технологияларды жетік менгеру.
Зерттеушілік құзіреттілігі- оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, педагогикалық құбылыстарды, фактілерді оқып үйренудің, ғылыми әдістерімен қаруланып өздері ғана арнайы бір обьектіні зерттемей, өз шәкіртін осы жолға талпындыру, ізденуге үйрету.
Басқарушылық құзіреттілігі- өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен, әдістерімен қарулану. Нәтижеге жету өз білгеніңді өзіңнен артық қып қайтару болып табылады.
Білімділік құзіреттілік- өзінің кәсібилігін арнайы кәсіби оқу үрдістерінде үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке және қоғамдық өмірден қалмай, біртабан ілгері дамып отыру.
Тәрбиелік құзіреттілік - өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар мен байланыстырып, ұлттық тәрбие беруде салт-дәстүрге тәрбиелеу, өз деңгейінде жас ұрпаққа болашақты болжай білуге, адами қасиетке тәрбиелеуге, тәлім -тәрбие беруді қалыптастыру. Осының бәріне сүйенетін болсақ, кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан педагог - әдіснамалық және әдістемелік мәселелермен жан -жақты қаруланған тұлға [3, 76-79] .
Яғни, оқу материялдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс - тәсілдерін таңдау мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Құзіреттілктің жаңа ғылыми оқулықтарда берілген анықтамасына сүйенетін болсақ, құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Шет тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
«Коммуникативті құзіреттілік» (латынның «Competere»-қол жеткізу, сәйкес келу сөзінен шыққан) оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормаларымен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативті құзіретті меңгере алғаны [4, 28-30] .
Коммуникативті құзіреттілік шет тілін білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді:
1. Грамматикалық құзіреттілік
2. Социолингвистикалық құзіреттілік
3. Дискурсивті құзіреттілік
4. Стратегиялық құзіреттілік
5. Социомәдениеттік құзіреттілік
Енді осы құзіреттіліктердің анықтамасына тоқталайық.
Грамматикалық құзіреттілік- тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.
Социолингвистикалық құзіреттілік- мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін меңгеру. Бұл тындалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін оқушылардың бірін бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тідік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мәтін арқылы сөйлеуге үйрету.
Дискурсивті құзіреттілік- айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Біл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту ұстанымдарында ерекше айтылады. онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен, яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.
Стратегиялық құзіреттілік- әнгімелесуші адам мен байланыс жасау. Бұл- диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір - бірімен қарым- қатынас жасау кезінде маңызы зор екенін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.
Социомәдениеттік құзіреттілік- тілді тасымалдаушы, қолданушы халық мәдениетін білулерін білу және қолдану. Шет тілі оқулықтарына педагогика бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: шет елдердің салт дәстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды шет елдерінің әдет-ғұрып, салт -дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және шет елдердің мәдениеті, тұрмысы, салт дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.
Шет тілін оқытуда оқушылардың лингвомәдени құзіреттілігіне тоқталатын болсақ, лингвомәдени құзіреттілік оқушылардың меңгеріп жатқан шет тілінде грамматика арқылы яғни сөз арқылы мәдениетін тану. Лингвомәдени құзіреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тындай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек .
Әлемдік білім кеңістігіне елдің кепілі
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемде-гі - жаңа Қазақстан» атты Жолдауында адам капиталының сапалы өсуін қамтамасыз етуде күрмеуін шешу қажет бірнеше бағыттар анық сипатын алды. Халықаралық талаптарға сай мамандар даярлауда оқу үдерісінің заманауи әдістері мен технологиясын енгізу арқылы білім беру сапасын да халықаралық дәрежеге жеткізу - бүгінгі күн талабы екені баршаға аян.
Адам капиталының сапалы өсуі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты екенін бәріміз түсінеміз.
Білім мен ғылым саласын дамыту егеменді ел болғалы бері 20 жыл ішінде ешқашан Президентіміздің назарынан тыс қалған емес. Сонау қысылтаяң күндерде 1994-95 жылдары Президенттің халықаралық «Болашақ» бағдарламасы іске асты. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде білім беру саласын бюджет тарапынан қаржыландыру көлемі 200 есеге өскен. Ресми деректерге сүйенсек, бұл салаға 1991 жылы 33 мил-лион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінген болса, 2011 жылы білім саласына бөлінген мемлекеттік қаржы триллион теңгеден асты. Нәтижесінде білім саласы үлкен серпінмен дамуда.
Қазақстан ТМД елдерінің алғашқысы болып маман дайындаудың үш деңгейлі сатысына: бакалавр - магистр - PhD философия докторы үлгісіне көшті. Бұл Қазақстан үшін әлемдік стандартқа сай білім алу мүмкіндігін туғызды, білім сапасын жақсартуға ықпал етті.
«Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы» еліміздің білім беру жүйесінің жұмысын заманауи талаптарға сай, түбегейлі өзгертудің сара жолы десек, артық емес деп ойлаймыз.
Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы біздің жоғары білімнің сапасының деңгейіне, сонымен бірге ЖОО-ның миссиясын түсінуге деген көзқарастарды түбегейлі өзгертуі тиіс. Дәстүрлі университеттер ендігі уақытта тек білім беру мен ағартушылық қызметті жүзеге асырып қана қоймай, инновациялық функцияны іске асыра отырып мемлекеттілік пен азаматтық қоғамды нығайтуға мүмкіндік жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz