Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
2.2. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі бағыттары
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Философия мен педагогика ғылымының айтуынша адамның қалыптасуына өмірдегі көптеген факторлар әсер етеді.
- Зерттеудің көкейкестілігі: Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік,
экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай тәрбиелеу теориялары, тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға мәлім.
Республикамызда соңғы жылдары тәрбиелеу процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің міндетіміз-жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді.
- Зерттеудің болжамы: Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі-мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.
1. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы Заңнама. Алматы, 2009.-6б.
2. Околесов О. П. Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика. -1999. -№ 6. -С. 50-56.
3. Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. - 1999. -№7. -С. 29-34.
4. Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе дистанционного обучения // Педагогика. -2000. -№5. -С. 7-12.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
2.2. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі бағыттары
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Философия мен педагогика ғылымының айтуынша адамның қалыптасуына өмірдегі көптеген факторлар әсер етеді.
- Зерттеудің көкейкестілігі: Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік,
экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай тәрбиелеу теориялары, тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға мәлім.
Республикамызда соңғы жылдары тәрбиелеу процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің міндетіміз-жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында. Олар педагогикаға жаңа технологиялар терминін енгізді.
- Зерттеудің болжамы: Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі-мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.

Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Кейде педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бір-ақ түсінеді. Егер түсінсе!
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті естен шығарылады, осыдан ''мақсатсыз тәрбие'', яғни жол-жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу қажет.
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат - жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан - ол объективті құбылыс. Мысалы, өмірінде домбыра ұстап, үніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мүмкін емес т.б.
Мақсат объективті себептерден бастау алумен бірге субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана-сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар айтқандай: ''Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің әңгімесі екіншісіне ұқсамас''. Бір мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы - тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкін-дігінше нұсқасын анықтау - байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және субъективті әсерлердің нәтижесінде өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектептік, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты - кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгі-лейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуына қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.

Тәрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне (цивилизованность), оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкін-дігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекеме-леріне байланысты.
Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың әртүрлі көрініске енуіне тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді.
Мақсат әрекеті адамның саналық (идеялық) өнімі болғандықтан өте құбылмалы, тез өзгеріске түседі, себебі ол үздіксіз ауыспалы дүниемен, сонымен бірге өзгерістегі тұлғамен де әрекеттік-қозғалмалы байланыста болады. Тәжірибе, білім, оқиға т.б. адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі - субъект сол байлыққа жету жолында өзінің де өзгеріп жатқанын байқай бермейді, не оған тіпті мән бермейді. Мысалы, педагог ''кеше'' де, ''бүгін'' де өзін бір мақсат ұстағандай сезінеді, ал сырттан қарағанға, оның кәсіби педагогикалық ісінде өзгерістердің болғаны айдан анық байқалады. өмірдің өтпелі-ауыспалылығы мақсаттың да бір қалыпта өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қас қағымдай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құрылымдары бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Мақсаттың қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсатты, көр-кемдеп айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін жұлдызбен теңестірген жөн. Мақсаттың бітуі - рухани не заттай жойылу деген сөз. Мақсат өзін белгілейтін субъект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үрдістегі тәрбие мақсаттарының әртүрлілігі
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Қоғамдағы тәрбие
Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
Сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын ашу
Тәрбие мақсатының мәселесі педагогикалық ойлар тарихында
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі
Пәндер