Баланың дамуына ықпал ететін факторлар


Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Баланың дамуына ықпал ететін бірінші фактор - әлеуметтік орта.
2. 2. Екінші фактор - құндылықтардың жаңа сапаға ауысуы.
2. 3. Баланың танымдық интеллектуалдық дамуы
2. 4. Қоршаған орта - балаға ықпал етуші негізгі фактор
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде өркениетке ұмтылған еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай қоғам өмірінің барлық саласына белсенді атсалысатын, іс−әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Мұндай адамды қалыптастыру шарты - оның табиғатынан берілген танымдық белсенділігін дамыту, өйткені ақыл-ойтұрғысынан саналы әрекет ету қабілеті танымдық белсенділікке тәуелді. Баланың таным белсенділігінің дамуындағы тұғырнамалық саты- мектеп кезеңі, ол айрықша қарқынды түрде кең ауқымда 6-7 жаста көрінеді. 6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін, әрекетін дамыту ақпараттық кеңістіктің кеңеюімен сипатталатын осы заманда ерекше маңызға ие. Ақпараттардың ұлғаюы балада өзіне қойылған талаптар шеңберінен асып, өз ойын жүзеге асыруда ерекше шешімдер табуға мүмкіндік беретіндей қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.
Танымдық белсенділік - ерекше психологиялық феномен, оның негізінде танымдық процестер қалыптасады, дамиды, жетіледі, әрі психикалық күй өзгереді. Психологияның зерттеу пәні мен нысанына сай: психикалық, яғни танымдық, эмоциялық-сезімдік, ерік-жігер процестерінің дамуынан, психикалық қасиеттері мен сапаларының, психикалық күйі-кейпінің, жағдайының және жаңа психикалық жасалымның қалыптасуынан құралады. 6-7 жастағы балалардың таным белсенділігін дамыту жағдайына жасалған талдау, олар ішкі тұрғыда әрекет етуге, өзінің таным қызметінің тәсілдерін жеткізуге, ойлау өзгешеліктерін көрсетуге ұмтылады, әрі мектепке келгеннен бастап олардың танымдық белсенділігі жандана түседі. 6-7 жастағы балалардың таным белсенділігінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын зерттеу осы процестің ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, оны дамытуға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыруда болатын күрделі де өзекті проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Қоршаған ақиқатты танудың методологиялық негіздері философ -психологтар: Г. С. Батищев, В. Н. Филипповтың еңбектерінде көрсетілген. Г. С. Батищев танымның іс-әрекеттік қырын анықтады. В. Н. Филиппов интеллекттің білім қайшылықтарымен беттесуінің бастапқы қағидасын әзірледі. Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуде үлестерін қосқан психолог-ғалымдар: Л. С. Выготский, А. М. Коршунов С. Л. Рубинштейн, С. М. Жақыпов, т. б. Л. С. Выготский сананы бір нәрсе арқылы дамыту теориясын қалыптастырды. А. М. Коршунов жүйкеде ақиқатты бейнелеу белсенділігі қағидасына назар аударды. С. Л. Рубинштейн адам жүйкесін дамытуға қызмет етуге шартталған ұстанымды негіздеді. С. М. Жақыпов, танымдық әрекет психологиясын зерттеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамытуға бағыттау міндеті көзделген.
Баланың дамуына ықпал ететін бірінші фактор - әлеуметтік орта.
Бала тәрбиесіне ерекше әсерін тигізетін, бір-бірімен көп жағдайда сәйкесе бермейтін, кейде тіпті өзара кереғар келіп те қалатын үш қайнаркөз бар: 1) ата-ана мен мұғалімнің ақыл, нұсқау сипатындағы сөздері; 2) БАҚ-тағы сан алуан ақпараттар; 3) күнделікті өзі тығыз араласып жүрген ортадағы жағдай. Мұның ішінде соңғысының ықпалы күшті. Сондықтан сабақ үстінде оқушылардың өзара қарым-қатынасына оң ықпал ететін жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды.
Екінші фактор - құндылықтардың жаңа сапаға ауысуы.
Сан ғасырлар бойы ең тұрақты құндылық деп білім саналып келсе, ендігі жерде адамның білімділігіне қоса өзгермелі өмірге икемділігі, өзін-өзі дәлелдей алуы, өз пікірін кез келген ортада қорғай алуы, ой-тұжырымын өтімді етіп жеткізе алуы, т. б. қасиеттері де маңызды рөл атқарады. Яғни білім әлеуеттік күш қалпында қалмай, адамның өмірлік дағдыларының өзегі етіп алынуы, біліктілікті ұштаудың тетігіне айналуы қажет деген қағида білім беру үрдісін жаңартудың басты ұстанымы болып саналады. Сондықтан қазір жас ұрпақ қабілеттерін дамыту үрдісінде баланың бойында дара тұлғаға тән дүниетаным, әлеуметтік және адамгершілік нормаларына сәйкес қасиеттерді қалыптастыруға ерекше мән беріле бастады.
Психологтардың пайымдауынша, жас өспірімнің интеллектісі, даралық қабілеттері, әлеуметтік қатынастары өзгеше болады. Оның танымдық белсенділігі артады, талғамы өседі, қабылдау дағдысы жетіледі, логикалық есі мен ерікті зейіні тұрақтанады. Сондықтан негізгі сатыда оқушыға берілетін қазақ тілінің ғылыми жүйесі баланың дұрыс сөйлеуіне қажетті білімдерді тиянақтауы тиіс. Онда тіл туралы оқушы дүниетанымын кеңейтуге, олардың тілдік талғамын жетілдіруге іргетас қаланып, баланың бастауыш сатыда меңгерген сауаттылық дағдылары ғылыми пайымдауларға ұласады. Оқушының тілдік сезімі, танымдық қабілеті дамытылады, ойлау жүйесі шыңдалады.
Сөйлеу барысындағы тілдік құбылыстардың ерекшелігін таныта оқыту баланың логикалық ойлауына оң әсер етеді. Дәл осы ойлау жүйесінің дамуы, ең алдымен, оның теориялық ойлауын қалыптастыруға алғышарт жасайды. Бұл өз кезегінде оқушының рефлексиясын дамытады, яғни өз ортасындағы орнын тани бастауы оның өзіндік санасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Жасөспірімге талдамалық сипаты басым жұмыстарды ұсыну, өзіндік ой қорытындыларын жасату тиімді. Психологиялық дамуындағы өзгеріс оның интеллектуалдық қабілетінің өрлеуімен байланысты. Мәселен, осы сатыда лингвистикалық дүниетанымды қалыптастыру нәтижесінде оқушының тілге деген қатынасы өзгереді, бұл оның оқу сапасына оң ықпал етеді.
Қоршаған орта - балаға ықпал етуші негізгі фактор
Қоршаған орта - балаға ықпал етуші негізгі фактор, ол табиғи және әлеуметтік болып бөлінеді, ал әлеуметтік факторлар арасында адамзат жинақтаған рухани байлық, мәдени мұрасы, материалдық қазынасы да бар. Ұлы педагог- ғалымдар баланы тәрбиелеудегі қоршаған ортаның ролін жоғары бағалаған. Сондықтан да қоршаған ортамен танысу мүмкіндіктерін кең пайдалану жолдарын К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, В. Я. Сухомлинский т. б. жан-жақты қарастырды. Бала қоршаған ортамен танысу арқылы өмірге енеді, табиғатпен, өзінің айналасындағы әлеуметтік жандармен қарым-қатынасқа түседі, қоғамдық тәжірибені меңгереді, соның негізінде еңбек ету дағдысы, танымдық әрекеті, психикалық қасиеттері мен танымдық ерекшеліктері қалыптасады. Қоршаған ортамен қарым-қатынас баланың білімін, дүниетанымын, ой-өрісін, сана-сезімін, көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастырады, таным-түсінігін арттырады. Танымдық іс-әрекет -арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатын, оның өзімен қоса өрілетін, өн бойы психикалық қалыпқа, кейіпке сәйкес өзгерістерге толы келетін белсенді әрекетке сай жүретін күрделі психологиялық құбылыс. Ал танымдық белсенділік барлық іс-әрекеттің жүзеге асуының алғышарты. Өйткені индивидтің, жеке тұлғаның ішкі белсенділігісіз ешқандай әрекет жүзеге аспайды. Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі -өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Дүниені танып білудің негізінде құбылыстардың адам санасында бейнеленуі жүзеге асады. Түйсіктің, қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, олардың қасиеттерін танып білеміз. Түйсіктер, қабылдау, ақыл -ой заттардың өзі емес, олардың субъективті образы, бейнесі, алайда олар заттардың санаға әсерінсіз тумайды, пайда болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдейді; оның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Баланың танымдық интеллектуалдық дамуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz