Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімБалаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасыМектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдауБағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы халыққа Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» - деп айтылған.

Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл - ойының, сана - сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Тәрбие мақсатын анықтау - қашанда қоғам шешетін қажетті мәселе, өйткені жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жүйесін құру, қоғамдық тәрбие орындарының типтері, оқу - ағарту мекемелерінің сипаты, оқу - тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, формасы тәрбие мақсатына байланысты анықталады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың ақыл - ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Баланың ақыл - ой ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қажеттері, белгілі туралы білімдерді игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұғындырып, енін, биіктігін өлшеу, сұйық және сусымалы заттардың көлемін шартты өлшеуіштердің көмегімен өлшеу, сондай - ақ жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді.

Білім берудің ең төменгі сатысы - мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен

қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған

«Балапан» бағдарламасы

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.

1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Жалпы, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.

Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.

2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142, 1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 орындық 612 балабақша.

Бүгінгі күні республикада 4972 мектепке дейінгі ұйым бар, олардың 2003-і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38, 7 %-ын құрайды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі 147 084 мың бала.

Елдегі демографиялық процестер - республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің өсуін айқындайтын бірден бір фактор; 2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушілер саны 20, 8 мың балаға өсті.

Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 - 1999 жылдарда туудың төмендегенін, ал 2000-2010 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың адамды көрсетті, ол кейіннен мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегі жылына 5-7 %-ға өскенімен негізделеді.

Бағдарламасы елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің

ағымдағы жай-күйін талдау

Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

Азаматтар мен отбасыларын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық база жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз ететін нормалар қабылданды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандарты әзірленді және бекітілді.

Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру процесінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден астам әдебиеттер пайдаланылады.

Сөйлеу, ойлау қабілеттері, еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді және сынақтан өткізілді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың қазіргі жағдайларында көбінесе педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында қазіргі уақытта 29, 8 мың адам жұмыс істейді, оның ішінде жас педагог қызметкерлер - 8, 3 (27, 9 %) .

Балабақшалардың педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі соңғы жылдары күшейту үрдісіне ие: 54, 4 %-ының жоғары білімі бар, 3, 6 % - аяқ-талмаған жоғары, 40, 7 % - арнайы орта, 1, 3 % - жалпы орта.

Педагог қызметкерлердің орташа жасы - 35 - 40 жас.

25 жоғары оқу орнында және 31 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында (бұдан әрі -ТжКБ) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ТжКБ біті-рушілерінің саны өсуде. Мәселен, 2006 жылы 349, 2007 жылы - 528, 2008 жылы - 705, 2009 жылы - 750 маман даярланды. 2010-2014 ж. ж. ТжКБ оқу орындарының күтілетін бітірушілер саны 5884 адам.

2008-2009 жылы жоо бітірушілері 742-ні құрады. 2009 - 2010 жылы 717 адам бітіреді деп күтілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық бітірушілері заңнамаға сәйкес медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға арналған медбикенің 1, 5 ставкасы және диеталық бикенің 0, 5 ставкасы көзделген. Баланың табиғи және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын және физиотерапия кабинеттері бар ұйымдарда дәрігер лауазымының бір штаттық бірлігі көзделген.

2006 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың бір түрі ретінде шағын орталықтар құрыла бастады, бүгін де 2969 шағын орталықта 75 872 бала тәрби-еленуде.

Мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38, 7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арнал-ған 404 мектепке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды.

271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар мектеп алды дайындықпен қамтылды. 6430 жалпы білім беретін мектептің базасында 10754 мектепалды сынып ұйымдастырылды, онда 168, 7 мың бала оқуда. 1271 балабақшада 102, 6 мың балаға арналған 3480 мектепалды топ ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілдегі мектепке дейінгі ұйымдарды құру қамтамасыз етілуде, ал ұлттық топтардың шоғырланған жерлерінде - олардың ана тілдерінде.

940 (46, 9%) мектепке дейінгі ұйымда білім процесі қазақ тілінде жүзеге асырылады, 260-ында (13%) - орыс тілінде, 801-інде (40%) - қазақ және орыс тілдерінде, 2-інде (0, 1%) - өзбек тілінде.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес балабақшаға 3 жастан бастап қабылданады.

Әлемдік тәжірибе мектепке оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланы дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы кезеңі болып табылатынын көрсетті. Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай ­ бір жарым жастан 3 жасқа дейін, балабақшалар - 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгілер.

Барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда Қазақстанның 89, 7% мектепке дейінгі ұйымында -3-6 жастағы балалар, 2-ден 3 жасқа дейінгілер -10, 3%.

Республиканың 9 облысының балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс жасайды. Онда 2 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. 2007-2009 жылдары бөбекжай жасындағы балалардың саны 1305-тен 942-ге азайды.

Сонымен қатар, елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілік проблемасы бар. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қажеттілік 1 жастан 6 жасқа дейінгі 260 мыңнан астам бала бар барлық өңірлерде байқалады. 2007 жылдан бастап балабақшаларға кезек 40 %-ға (185-тен 260 мың адам) өсті, әсіресе қалаларда толық: әрбір 100 орынға орташа алғанда республика бойынша 111 адамнан келеді.

Мектепке дейінгі ұйымға орын алу кезегінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны кезектегі балалардың жалпы санының 147084-тін немесе 56, 4%-ын құрайды.

Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелердің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Ақмола облысы бойынша білім беруді қаржыландыру динамикасын талдау
Мемлекеттік бағдарламала - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz