Эстетикалық тәрбие


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімОқушыларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруМектеп оқушысының эстетикалық даму дәрежесіАдамгершілік-эстетикалық тәрбиенің жүйесі мен әдістеріОқу-тәрбие процесіндегі эстетикалық тәрбиеКүнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және, енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбиенің мақсататы - балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндетері:
- эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
- эстетикалық мәдентиетке тәрбиелеу;
- ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
- шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
- эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
- адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
- өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды. Осыған орай А. П. Чеховтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.
Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.
Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға катысуы бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы іске асады.
Жоғарыда аталған тәрбиенің барлық бағыттары тұтас педагогикалық процессте орын алып, өзара тығыз байланыста болады. Тәрбиенің әр бір түрі басқа түрлерімен қатар жүргізіліл, бірін бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады. Мысалы, ақыл-ой мен дене шынықтыру тәрбиесінің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді. Өйткені оқушының денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұрлым оның оқуы мен дамуы тиімді сапалы болады.
Жеке тұлғаның тұтас қалыптасуында тәрбиенің бағыттарының барлығы жеке процесстердің қосындысы ретінде емес, бірлескен, өзара байланыскан, тұтас процесс ретінде қарастырылады, себебі баладағы үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен қалыптастыруға болады.
Оқушыларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі-келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл бағытта Елбасы Н. Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мэселелерін екшей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ мегзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып қазақ жастарын эстетикалық талғамы жоғары, мәдениетті, ізгілікті, сезімтал, өнер сүйгіш етіп қалыптастырудың маңызы ерекше.
Адам баласы қай кезде болсын өнерді, оның түрлерін өзінің қабілетіне қарай қабылдап, оған бейімделе білген. Түркі халқының үлы ғүлама ғалымы Жүсіп Баласагұн «Өнер керек жаһанды ұстап, ұғуга, Гүр арыстан керек құлан қууга» деп өнерге ерекше мән берген.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілін, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Сондықтан да өнерді түсіну, одан ләззат алу үшін оқушының бойындағы эстетикалық сезімін ояту шарт.
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы-оқушыны жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие де қомақты орын алады. Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззатты сезінуге мүмкіндік береді.
Адамгершілік - -эстетикалық тәрбие, ең алдымен, үй іші мен отбасынан, екіншіден, бала-бақшадан, үшіншіден, мектеп қабырғасынан басталады. Баланың отбасы мен балабақшада алған эстетикалық тәрбие қоры мектеп қабырғасында жетіле әрі дами түсіп, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұрынғы сезінген, көрген, білген эстетикалық өмір құбылыстарында көптеген жаңалықтар орын алып, баланың білімі күн санап, апталап кеңейе, тереңдей түседі.
Адал жарда болмаса ізі күдіктің- Құлай сүйген, жаны таза ақылды,
Бақыты сол, байлыгы сол жігіттің. Жақсы әйел құрметті етер атыңды.
Жаны сұлу-нұр құяды жаныңа, Шын ойласаң ошағыңның бақытын
Мейірім, мінез, шаттық тіле жарыңа. Адал жарың-байлыгың да, тынысың
Ж. Баласағұнның осы бәйіттері-ақ отбасындағы татулыққа, адалдыққа - үндейді және онда сақталуы тиіс эстетикалық, этикалық мәселеге қатты көңіл бөліп, адалдық, сұлулық, әдептілік негізін айқын дәлелдеген. Ақын идеяларының негізгі ойы-білім, ақыл, адамгершілік, сұлулық. Ол шынайы көркемдікті адамның рухани жан дүниесі мен эстетикалық сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Адамның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріп, оның адам сұлулығын, отбасы берекесін, көркемділігін сезінудегі орнының ерекше екенін атап өтеді. Аса көрнекті ақын, данышпан ойшыл Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» поэмасында адам өмірін эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеуге тырысады.
Адамзат баласына үнемі жақсылық жасау қажеттілігі туралы түсіндіруге ұмтылады. Жас ұрпақты қол өнер мен сан-саналы білімге баулу-ата-ананың басты парызы дей отырып рухани дүниені білім арқылы жетілдіру, сөз өнері, жақсы, жаман қасиеттері туралы даналық ойларын айтады.
«Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар» дей келе, дүниенің кілті- білімде деген үлкен ой тұжырымын жасайды.
Бұл тұжырым ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан бай мұрамыздың бірі-ауыз әдебиетінде де кеңінен көрініс тапқан. Бүгінгі таңда ауыз әдебиетінің озық түрлерінің бірі болып саналатын эпостық жырлар мен батырлар жырын үйрету, оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беру жоғарыдағы айтылған оймен үндестік табады. Ұлттық мұрамыз халықтық педагогиканың бай мұрасы-батырлар жырында ел қорғау, басқыншыларға қарсы күрес жолындағы батырлар ерлігі, олардың еліне деген сүйіспеншілігі, азаттық жолындағы жан қиярлық құштарлығы бейнелі түрде баяндалса, эпостық жырларда белгілі жыршылар домбыраға қосып, тартымды әуенмен жырлай білген. Күшті эмоциямен жырланған жыр тыңдарманның ынтасын арттырып, оны жақсылыққа итермелейді, өнегелі өмір сүруге баулиды. Өнерді сүйе білуге, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Мұндай жырлардағы қаһармандардың мінез-құлқы бейнеленген сәттері адам жанын тебірентіп, оның бойында көркемдік із қалдырады. Сөйтіп, көркем шығарма мен көркем өнердің батыл ұштасқан тұстары арқылы оқушы бойына эстетикалық сезім ұялап, эстетикалық тәрбие қалыптасады. Сондай-ақ, ақынның өнерді эстетикалық құрал деп қабылдауы беретін кездегі ақын- жазушылардың шығармаларында да кеңінен көрініс тапқан. Көрнекті жазушы Л. Толстой өз шығармаларында өнерді эстетикалық тәрбие мен руханилықтың құралы ретінде көрсете отырып «Өнер дегеніміз ойын емес. Бұл тек адамдардың өзара қарым-қатынасы, бұл қарым-қатынас оларды сол бір сезімдер арқылы байланыстырады» деп өз тұжырымдамасын берсе, К. Ушинский «Ана-тілі» мақаласында «Халықтың тілі- өте тамаша, өшпейтін, мәңгі жарқырайтын оның рухани өмірінің бояуы. Тіл арқылы бүкіл халық, отан рухтанады, онда халықтық ойдың рухы, оның ауасы, даласы шығармашыл күшке айналады» дейді. Сонымен қатар ол да эстетикалық-рухани тәрбиенің ішінде өнерге үлкен зейін аударып, оны қоғам дамуымен тығыз баланыста қарастырады.
Мектеп оқушысының рухани қорын, мәдени- эстетикалық деңгейін кеңейтуге халық ауыз әдебиеті үлгілері, музыка, музыкалық аспаптар мен қолөнер түрлері де көптеп әсер етеді. Бұл әсемдік тегін, сұлулық негізін табиғат жаратылысымен, адам мен табиғат, өнер құралдары арасындағы байланыспен сабақтастырады. Туған жер табиғатын қадірлеу, туған тілді сүю, айналасындағы адамдарға мейірімділікпен қарау, өзін қоршаған орта сұлулығын сезіну, оны көзінің қарашығындай сақтау, эстетикалық тұрғыда қабылдау азаматтық борышы екендігін зердесіне құя білген оқушы ғана рухани әсемдікті ұғына біледі және осы сезіммен ер жетеді.
Қоғамдық өмір мен әлеуметтік-ғылыми прогресс талаптарын орындау барысында оқушының эстетикалық көзқарысы қалыптасқан, эстетикалық мәдениетті меңгерген саналы тұлға етіп тәрбиелеу үшін эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру формалары және тәсілдерін жаңаша жүргізу қажет.
Мектептегі эстетикалық тәрбиенің жалпы мақсаты-оқушының айнала қоршаған ортаға деген тұлғалық- эстетикалық мәдениетін, көзқарасын қалыптастырып, оның шығармашылық әрекетін дамыту. Демек оның табиғатқа, еңбекке, ғылым-білімге, өнерге, адамдар мен қарым-қатынас әрекеттеріне, спортқа деген эстетикалық қарым-қатынасын дамыта отырып тұлғаның шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуына белсенді ықпал еткен абзал.
Мектеп оқушысының эстетикалық даму дәрежесі
Мектеп оқушысының эстетикалық даму дәрежесінің әр деңгейде болуы, көбінесе отбасындағы тәрбиенің дамуы деңгейіне, білім және тәрбие шараларының сапасына, әр түрлі қоғамдық ортаның ықпалына байланысты болады. Сондықтан әрбір баланың эстетикалық көзқарасын, эстетикалық мәдениетін, эстетикалық сезімін қалыптастыру үшін олардың шығармашылық қызығуы мен қажеттілігін тұрақты түрде қалыптастыруды негізге айналдырған жөн. Ол үшін мектеп, отбасы және ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптастырған эстетикалық тәрбиенің мазмұны айтарлықтай рөл атқаратынын естен шығармауға тиіспіз. Өйткені, барлық кезең мен жасөспірім шақта эстетикалық білімдер мен шығармашылық дағдылар тұлғаның жеке дара дамуының бірден-бір құралы болады да, оның мектепті бітірген кезінде жоғарыда айтылғандардың негізінде эстетикалық мәдениеттің дамуы қалыптасады. Осыдан барып эстетикалық мәдениет үлесінде эстетикалық даму дағдылары жетіледі.
Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудағы басты мақсат-оқушыларды өнер құндылықтарын жасақтауға қатыстыру, тіл, сөз өнерін дұрыс меңгерту, әдепті сөйлеуге баулу, олардың бойында белгілі бір адамгершілік- эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті тудыру. Мұндай жұмыстардың игілікті түрде жүзеге асу үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі шарт.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, бүгінгі ұрпақ адам бойында кездесетін үлгілі, жақсы қасиеттер мен жағымсыз әдет-дағдылар жөніндегі бұрынғы өткен ұлы ғұламаларымыздың өсиеті мен өнегесін оқып біліп, оны көкейіне тоқып, одан өзіне керекті тәлім-тәрбиелерді бойына сіңіре білсе, нұр үстіне нұр болмақ.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің жүйесі мен әдістері
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстстика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:
• Эстетикалық қабылдау.
• Эстетикалық сезім.
• Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудық маңызды құралы болып табылады.
Адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады (№13-14 қосымшаларды қараңыз) .
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
• Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.
• Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т. с. с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т. б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
• Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т. б. әндер мен өлеңдер.
• Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т. б.
• Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.
• Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Оқу-тәрбие процесіндегі эстетикалық тәрбие
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пөндерді оқудық нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.
География - оқушылардың эстетикалық дүниетінымын дамытады.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген. Музыка пәнінің бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқу-шылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемділікке тәрбиелеп, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі төртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтың сурет салуын меңгеру арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.
Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т. б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.
Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы :
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz