Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімМүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуҮйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамытуМүгедек бала тәрбиелеу
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар қолданылуда. Дамуы күрделі балалардың білім алуына көрсетілетін қызметтің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін 16 мектепте есту, сөйлеу, көру қабілеті төмен, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар ашылды. 1073 бала осы сыныптар мен арнайы түзету мектеп-интернатының қызметін пайдаланып отыр (бұл 2006 жылға қарағанда 152-ге көп) . Материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтауға (оның ішінде, сурдо және тифло құралдармен) 13 миллионнан астам теңге қаражат бөлінді. Екі реабилитациялық орталық және қызмет көрсетіп отырған медициналық-педагогикалық консультацияға қосымша 2 ПМПК ашылды, онда 2007 жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 2612 бала терендетілген тексеруден өтті. «Астана қаласы білім беру жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары жоспарында 375 орындық арнайы түзету мектебін салу қарастырылған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012. 09. 01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын жүзеге асыру үшін жағдай жасау Шығыс Қазақстан облысының білім беруін дамытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мүгедек балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту нормативтік актілермен реттеледі, соған сәйкес арнайы (түзету) мектепке дейінгі мекемелерде, мектептер мен мектеп-интернаттарда тиісті көрсеткіштер бар болғанда осы санаттағы балалар медико-психологиялық ілесіп жүрумен, жалпы үлгідегі білім беру мекемелерінде оқыту үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
2010 жылы облыста 16 мекеме қызмет істейді: нашар еститін балаларға арналған 2 мектеп-интернат, саңырау балаларға арналған 1 мектеп-интернат, нашар көретін балаларға арналған 1 мектеп-интернат, 6 қосалқы мектеп-интернаттар, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 1 мектеп-интернат, 3 мектеп-бала бақша(нашар көретін, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу мәнері бұзылған) . Осы кезеңге анықталған 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны 11489 баланы құрайды, оның ішінде 7200 бала психоневрологиялық патологияларымен. Мүмкіндігі шектеулі балалар оқытумен қамтылды арнайы бала бақшаларда 419, арнайы топтарда-161, арнайы мектептерде -2044, арнайы сыныптарда-712, инклюзивті оқыту-994, үйде-788, КМ, колледждарда-121. Өткен жылдармен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі балалар деңгейінің болмашы төмендеуі байқалады. Облыста мүгедек балалар-1983 адам. Оның ішінде 1624 бала оқытуға жатады, соның ішінде 371 -интернат ұйымдарында, 671-облыстың жалпы білім беру мекемелерінде, 524 бала үйде оқытылады, 359 адам оқытуға жатпайды және 86 бала оқытумен қамтылмаған.
Әлеуметтік өмірге тарту және оның тұлғасын дамытуға қол жеткізу мақсатында, облыста арнайы (түзету) білім беру ұйымдары қызмет істейді. Өскемен, Риддер қалаларының, Шемонаиха, Глубокое, Зырян, Аягөз аудандарының жалпы білім беретін мекемелерінің жанындағы түзету мекемелерімен қатар сөйлеу, есту, көруі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзету сыныптары мен топтары қызмет істейді. 2010-2011 оқу жылы 76 анайы сыныптар жұмыс істейді, (2009-2010 оқу жылы 74), өткен жылдармен салыстырғанда ПДТ сыныптардың болмашы азаюы байқалады(2009-2010 оқу жылы 601 баланы қамтыған 59 сынып) . Жаппай мектептер жанында 712 баланы қамтыған 13 логопед пункттері жұмыс істейді.
Барлығы облыс бойынша 7 психолого-медико-педагогикалық кеңес берулер қызмет істейді(ары қарай -ПМПК), соның ішінде 1 облыстық кеңес беру. 11 психолого-педагогикалық түзету кабинеттері жұмыс істейді(ары қарай ППТК) .
Диаграмма
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту
Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
- білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
- оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
- оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
- қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
- мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
- білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
- Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
- Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;
- Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі - Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.
Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.
Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.
Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қаитамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы дмау деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады.
Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.
Мүгедек бала тәрбиелеу
Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап қалалық Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектебінде психолог болып жұмыс жасап жүрмін. Өткен жылы мектеп партасында отырған 6 оқушылардан басқа, үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 3 оқушымен жұмыс жүргіздім. Олар жас деңгейіне қарамастан мектепалды даярлы және 1-11 сынып аралығында оқитын болды. Ол оқушылармен алдымен диагностикалық зерттеу жұмыстарынан бастап, түрлі түзету жұмыстары денсаулық жағдайына байланысты жүргізілді.
Сонымен 2012-2013 оқу жылына мектепте барлығы 1 оқушы үйден оқиды.
Мүмкіндігі шектеулі бааларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларға әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айалысқанды ұнатады. (хобби) . т. б. сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені өрбітуге көмегін тигізеді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді.
Мүмкіншілігі шектеулі болған себепті баланың және қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды. Содықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.
Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соың ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz