Салауатты өмір салты


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

ІІ. Негізгі бөлім

а) Ата-ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу арқылы мінез-құлқын тәрбиелеуі.

б) Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру

в) Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. [1. 4]

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе

отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені

сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмін

тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып,

оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Міндеті: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:[3. 4]

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

- Екіншіден, салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс - шараларды жүргізу.

Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене - қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;

Олардың мінез - құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени - гигиеналық мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?

Өмір салты дегеніміз не?

Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:

- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;

физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;

- қарым - қатынас және экологиялық мәдениетке жету;

- дұрыс жыныстық тәрбие алу;

- зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі - жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік - патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:

- әлеуметтік - экономикалық жағдай;

- отбасындағы психологиялық орта;

- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т. б.

Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл - ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі - жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. [2]

ІІ. Негізгі бөлім

Ата-ананың ерте жастан баланы салауатты өмір сүруге тәрбиелеу арқылы мінез-құлқын тәрбиелеуі.

Мінез-құлық ауруларының көзін міндетті түрде балалық шақтан іздейміз.

Адамның психикалық дамуы өмір бойы жүреді. Әсіресе алғашқы үш жылда қарқынды болады. Бала басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып, қоғамда өмір сүре отырып қана «адамға» айнала алады. Бала қандай адам болып шығады, оған осы өскен ортасы әсер етеді. Ең бірінші көретін, тәрбие алатын адамдары әрине анасы мен әкесі. Әсіресе дүниеге келген алғашқы айлардың әсері мол. Анасымен болған сайын баланың өзі сабырлы, байсалды бола түседі.

Тәрбиенің келесі шарты: ата-ананың баласының мінез-құлықтарындағы ерекшеліктеріне, өзгерістеріне үнемі әрі уақытылы назар аударып отыруы: Құптау, құптамау, жұмсақ немесе қаттылау дауыспен өз пікірін білдіріп отыру.

Бұл құлықтық - имандылық тәрбиенің негізі десек болады. Қоршаған ортаның әсері арқылы имандылықтың өлшемі қалыптасады. Құлықтық - имандылық тәрбие баланың қоршаған ортадан алатын, көретін жағымды - жағымсыз байланыстар, әр түрлі жағдаяттарға байланысты беріледі.

http://lifeglobe.net/x/entry/416/1255062319_1251793179_1248160603_vitamin_3.jpg Тәрбиенің тағы бір шарты: баланың мінез-құлқының бір жақты, бірегей бағалануы. Бала бірте-бірте болжау механизмін меңгереді: бұлай істесем - осылай болады, ал басқаша - басқа болады. Бұл механизм өз мінез-құлқының құлықтық - имандылығын реттеуші негіз болады.

Жасөспірімнің өзіне де ата-анасына да «жасөспірім шақ» қиын кезең болып есептеледі. Жылдам өсуі, соматикалық дамуы, жыныстық жетілуі және қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі, әсіресе өзге жыныс өкілімен қарым-қатынасының ерекшеленуі.

Осы кезеңде жасөспірімнің жалпы жағдайы, көңіл-күйі нашарлап, аурулары шиеленісуі мүмкін. Ең басты психологиялық қиындық: жасөспірімнің ата-анасымен қарым-қатынасының өзгеруі. Осы кезеңде бұрын алған тәрбиесінің кемшілік - ақаулары анықталып, көріне бастайды.

Ата-аналарға бірнеше тәрбиелік қызмет жүктелген:

- қорғау және моральдық қолдау,

- бақылау және көңіл-күйі, жалпы жағдайын қарау,

- қарым-қатынасының тұрақталуына жағдай жасау: қандай жағдайға түссе де, кіммен қарым-қатынас жасаса да туған үйі мен ата-анасы ол үшін әрдайым - құндылық болуы керек.

Көптеген балалар ата-анасының материалдық көмегі көрініп тұрса да, бәрібір психологиялық жағынан бақылаусыз қалып жатады. Тәрбие сферасында көптеген стандартты қателіктер мен дұрыс емес ұстанымдар бар. Оның бірі - директивті стиль: абсолюттік тыңдауды талап ету. Ата-ана іске қатысы жоқ тыңдауды талап етеді - өйткені олар үлкен, ал жасы үлкендік дұрыстықтың өлшемі деп. Жасөспірімнің тезірек үлкен болғысы келетіні, оған қызыққаны емес, осы директивті басудан құтылғысы келетіндіктен. Ата-ананың бұндай қарым-қатынасы баланың өздігінше болған жайды талдауына, өмірлік әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауына, құптағаны дұрыс па, құптамағаны дұрыс па, кедергі келтіреді. Сондықтан көптеген жасөспірімдер ата-анасының іс-әрекетін «әділетсіз» деп тапса, олардан алыстау жүруге тырысады.

http://vlec.ru/netcat_files/Image/3/top_fon.jpg

Жасөспірімдік шақ өзіндіктің көрінетін уақыты: жасөспірімнің қоршаған ортаны зерттеген, танысқан, өзін күштімін деп, бәрін білемін, істей аламын деп есептейтін кезеңі. Қиын жағдай туса ата-анасынан көмек сұрағысы келмейді. Өйткені олар тек қана сынай алады деп ойлайды. Осының нәтижесінде оған өз ата-анасының емес, бөгде кездейсоқ адамның пікірі беделді болады. Ол адам әрқашан ақыл беруге «лайықты» бола бермейді.

Міне, сондықтан баламен «өзара сенушілік» қарым-қатынас жасай білу керек. Мысалы: жасөспірімнің қателігі үшін бас салып ұрыспай, анығына жету керек. Егер ол өзі келіп мойындаса, қатесін түсінсе, қатты ұрыспай жай ақылмен сөйлескен дұрыс.

Ал егер ол керсінше еш нәрсе айтпаса, онда өзгелерден естігенін айтып, қатты сынға алуы керек. Осыдан кейін ғана жайлап ата-анаға болған жайды айту, қателігін мойындау, кеңесу қажеттілігі туып, қалыптаса бастайды. Осындай қарым-қатынас болса тәрбиедегі келеңсіздіктерде жойыла бастайды. Тәрбие дұрыс бағытқа түседі.

Баланың әрекетін сынап қана қоймай, онымен бірге талдап, «дұрыс», «дұрыс емес» жақтарын тауып, ең бастысы әрекеттің мотивының табылуы. Жасөспірім ата-анасының әркез көмекке келетінін, түсінушілікпен қарайтынына әбден көзі жетіп, сенуі керек.

Ата-ананың бірінші мақсаты - көмектесу. Ұрысу емес. Сосын істі шешу, бұндай қателікті енді болдыртпау. Және есте сақтаңыз, ешқашан айғайламаңыз! Әділетті формула: нағыз ата-ана баласына тәубеге келтіруші, сырын айтатын, сенімді адамы бола білуі керек.

Ата-ананың келесі мақсаты: жасөспірімнің көңіл-күйін бақылау.

Үйге қандай көңіл-күйде келді, шыққанда қандай еді, өзгерістерді дер кезінде білгені дұрыс. Бұл дәл уақытында көмекке келуіне көмектеседі. Мысалы: темекіні алғаш шеккен күні, алкоголь, нашамен танысқан күні - көңіл-күйінен білесіз.

Жәнеде жасөспірім кіммен бірге жүреді, жақын арада жаңадан кім қосылды, осының бәріне баса назар аударған дұрыс.

Тәрбиеде өзара диалогтың мәні зор. Баланың тілі енді шыққан кезде өзіңіз көп сөйлеп, оны сөйлетпесеңіз, баланың тілі тежеледі. Өкінішке орай тәрбиеде көпжылды монологқа айналып кеткен жағдайлар көп. Жасөспірім ата-анасының ұзыннан-ұзақ келіспеушілік дауысынан басқа ешнәрсе естімесе, оған түсіндіруге де, сөйлеуге де мүмкіншілік берілмесе, келеңсіз жағдайдан шығар жол да табылмайды.

http://v-tonyse.ru/wp-content/uploads/2011/03/142591281012556.jpg

Көбіне үлкендер өзара сөйлескенде жасөспірімнің араласқанын ұнатпай, жағаласпа, сен әлі жассың деп жатады. Бұл үйдегі жасырын «тоталитаризмнің» анық формуласы деп біліңіз.

Тәрбиенің тағы бір шарты: тыйым салуға деген дұрыс қараушылықты қалыптастыру.

Ерте жастан бала үшін барлық « тыйым салулар» негізделген болуы қажет.

Тыйым салуға деген ата-ана құқығы үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Өкінішке орай, негізделмеген тыйым салулар арқылы ата-аналар жасөспірім алдындағы өз беделінен айырылып жатады. Өйткені тыйым салулар көп болып кетсе, әйтеуір біреуін бұзуға тура келеді емес пе. Ал бұл бала кезінен бастап тыйым салуларды бұзушылыққа, тілазарлыққа әкеледі, қалыптастырады.

Есеюге байланысты тәрбиенің маңызды бір аспектісін ескерген жөн. Табиғатта кейбір заттардың «дәмін» мүлдем татып көруге болмайды. Олар: никотин, алкоголь, есірткі.

Бір рет дәмін көргеннің өзі өте қауіпті.

Балада ата-ана бәрін де кешіреді, кешірім сұрасаң жеткілікті деген психология қалыптаспауы керек. Ата-ана бәрін кешіре алады, бірақ кейбір жайттарда ата-ананың «кешірімі» жағдайды түзей алмайтынын, еш нәрсені өзгерте алмай қалуы мүмкін екенін бала түсінгені дұрыс.

Ата-ана бір ғана дұрыс емес әрекет арқылы ауыр ауруларға ұшырап, өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екендігін үнемі түсіндіріп отыруы қажет.

Есірткі заттар, бей - берекесіз жыныс қатынасынан туатын жұқпалы аурулар, қажет емес жүктілік, алкоголь, темекі - қателікті кешірмейтін, бүкіл өмірін өзгертетін қауіпті аурулар.

Жасөспірім өзінің іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы өзін өте қиын, келеңсіз жағдайға апаруы мүмкін екенін ата-ана да, мұғалім - тәрбиеші де әрдайым есіне салып отыруы керек. Егер осындай жағдай туса, ата-ана да өзі де шығар жол таппай қалуы мүмкін екенін бала түсінуі керек, сендіру керек.

Үлкендер баланың психологиялық жағдайының спецификасын үнемі есте сақтағаны жөн. Оның өсуінің жылдамдығын, олардың үнемі бостандыққа шыққысы келіп отыратынын, ата-анадан «босанып шыққысы» келетіндігін ескергені жөн. Бостандыққа шығып алып, осы кезеңде не істейтінін де білмей, өзі үшін қауіпті де, қиын әлемге аяқ астынан тап болып, есі шығатыны да рас. 9-10 жастағылар 16-17-дегілерге қарағанда күнделікті не істейтінін, өз күн тәртібін біледі.

Жасөспірімдерге ата-анадан алатын өмірлік маңызды ақпараттар жетіспейді. Егер ата-ана осы жастағы баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін білсе, баласын түсініп, оның бостандығын тежемей, онымен келіспеушілік тартысын қояр еді.

Ата-анаға берер жүйелі екі кеңес:

1. Ата-ана әрқашан жасөспірімнің өзге жерде емес, өз отбасында өзін-өзі жайлы сезінуін үнемі қадағалап отыруы, әрі солай болуын орындауы керек. Егер ол «сыртқы әлемге» осы жайлылықты сезіну үшін ғана кетіп қалса, нәтижесі ата-ана үшін де, оның өзіне де жақсы болмайды. Өйткені қазіргі кезде сәнге айналған: «балдеж», «кайф» ұғымдарының соңы есірткіге апарады. Оның орнына отбасында шынымен айналысу қиын нәрселер: сыныптастарымен, достарымен бірігіп жарыстарға қатысу, әр түрлі үйірмелерге бару мейлінше қауіпсіз болар еді.

2. Бала туғаннан отбасында өзін-өзі қауіпсіз сезініп, ата-анасының кез-келген уақытта көмекке келетінін, қолдайтындығын біліп, сондай рөлде қабылдауы керек. Бала өзгелерден гөрі, өз ата-анасының ақыл-кеңесін тыңдауға ұмтылуы өте маңызды.

Басқаша айтсақ ата-ана мен баланың отбасындағы қарым-қатынасы жат болмауы керек. Кез-келген келіспеушілік, түсініспеушілік шешілуі керек !

Ата-ана өз ұлы - қызына өмірлік кеңес беруге дайын болуы қажет. Ол үшін пайдалы кеңес- ақыл айту мен айқайлап, өз пікірін таңып қоюдан ажырата білгені жөн.

Ата-ана балаға деген «қамқоршылығын» өркениетті түрде, педагогикалық жағынан ақсамайтындай етіп жасауы керек.

Үй мен отбасы бала үшін толық мағыналы «қорғанға» айналғаны дұрыс, бала өзінің қорғаны бар екендігін сезінуі керек! Өкінішке орай ата-ананың дұрыс емес мінез-құлқы: бала үшін бұл қорғанды «түрмеге» айналдырады, бала бұл түрмеден қашып кеткісі келеді де тұрады. Және бұл сезім ерте бастан-ақ сезіле бастайды. Ол кәдімгі баланың қиқарлығынан - ақ көрінеді. Қиқарлық - бұл баланың үлкендердің негізсіз, дұрыс емес іс-әрекетіне «жауабы». Өкініштісі ата-ананы өзінің кемшілігі емес, баланың жауап реакциясы ренжітеді десек болады. Қиқарлықтың пайда болуы екі нәрсені көрсетеді: тәрбие жағынан ата-ана дұрыс емес әрекет еткендігі және осындай әрекеттің дұрыс емес екендігін ажыратып отырған баланың ақыл-ойының өз жасына сай дамығандығын көрсетеді.

Қазіргі замандағы күннен-күнге көбейіп отырған ақпарат легін адамдар қалай игеріп отырады екен деген ой туады. Бірақ сол көп ақпараттың кішкене бөлігі ғана адамға пайдалы болып шықты. Өйткені адам өзіне пайдалы ғана ақпаратты алуға үйренді.

Сонымен адамға қажетті, пайдалы ақпарат жеткіліксіз болып шықты. Ақпарат жетіспей жүргендер қатарында алғашқылар болып ата-ана мен жасөспірімдер тұр.

Сондықтан олар өмір сүретін қоғамда: орталықтандырылған, психологиялық, медициналық, заңдық, т. б. қажетті ақпаратты ала-алатын орын болуы қажет.

Бұл көмек ата-ананың тәрбиедегі атқарар қыруар жұмысына өз үлесін қосары анық. .

Сонымен: отбасы - ата-ана - жасөспірім - мектеп - қоғамдық орын - жасөспірім тізбегінің өзара қарым-қатынасы: шынайы да әділ, өркениетті, тәрбиелі болған жағдайда ғана біз мінез-құлқы тәрбиеленген, салауатты өмір сүруге ұмтылар жасөспірімдерді - еліміздің ертеңгі болашағын өсіреміз.

ІІ. Салауатты өмір сүруге кедергі келтіретін мінез-құлық ауруларының психологиялық негіздері

Өмір сүру бейнелері

Қазіргі заман адамдарының денсаулығы, оның өмір сүру салтына ғана емес, оның мінез-құлқына да байланысты болып отыр. Көптеген адамдар өз денсаулығы туралы ауырған кезде ғана ойлана бастайды. Табиғат адамға бар жағдайды жасаған. Бәрі адамның өз қолында деуге болады.

Адамның өмір сүруінің үш бейнесін жасайық: салауатты, тәуекелге бел буған, аурушаң.

Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру

Балалардың денсаулығы - қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. . Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда мектептердің жауапкершілігінде деп көрсетіледі.

Демек, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе. Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:

· халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т. б. ) ;

· мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;

· «салауатты өмір салты» - ұғымын қалыптастыру;

· салауатты өмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру;

· оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;

· өз денсаулықтарын сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.

· арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын зерттеу барысында философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.

Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби, Абу Али Ибн-Сина, Ж. Баласағұн, А. Ясауи өз трактаттарында денсаулық пен өмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас жеткіншектерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне көңіл бөлінген.

Қазіргі заман педагогтары А. А. Бейсенбаева, О. С. Сәлімбаев, С. Қ. Мұхаметовалардың және тұлғаға бағытталған білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялармен жүзеге асыру туралы Л. К. Керимов, Л. Байсерке, Б. А. Тойлыбаевтардың еңбектерінде тұлғаны қалыптастыруда оқыту мен тәрбиені сабақтастыру мәселесі дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады.

Дей тұрғанмен, мектеп қабырғасында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми - әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.

Оқу және сыныптан тыс жұмыстарда, оқушылардың өз беттерінше салауатты өмір салтының мәдениеттілігін көтеретін педагогикалық технология қолданылса, онда қазіргі заман балалары дені сау болып тәрбиеленеді, өйткені денсаулық сақтау технологиясы мектептің тыныс тіршілігіне оң ықпал жасай алады.

Еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», - деп ерекше бөліп көрсетті. Осыған орай әлемдік жаһандану жағдайларына байланысты біздің елдегі жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушылардың салауатты өмір салтын бейімдеу талабы тұр.

Салауатты өмір салтын оқушылар бойында дамыту, тәрбиелеу мәселесін зерттеу ең алдымен тарихи, педагогикалық тұрғыдағы талдауды талап етеді.

http://aftersvideo.ru/uploads/posts/2012-01/1327582571_zaxvachennyj-kadr-1.jpg

Белгілі қазақ жырауы, философы Асан Қайғы өзінің поэтикалық шығармаларында, өмірде адам баласы қандай болуы қажет, неге талпыну қажеттігі жайында қызықты ой-өрісті дүниелерді көрсете білген. Философтың пікірінше, әрбір адамзат өзіндік жетілуге талпынуы қажет. Нағыз адам мынадай саналы сапа иесі болуы тиісті адамгершілік, шынайылық, шыншылдық, қарапайымдылық, намысқойлық, тұрақтылық. Асан Қайғының пікірінше, қоғамдық шарттар тұлғаның қалыптасуына, оның саналы ерекшеліктерінің қалыптасуына басты фактор болып табылады. Осы аталған салалар мен шарттар салауатты өмір салтына тиісті, қажетті мінез-құлық нормаларын таңдап алуға мүмкіншілік жасайды. Қазақ халқының салауатты өмір салты халықтық ертегілерде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, ойындарда және дәстүрлерде бейнеленіп, сипаттала көрсетілген.

«Салауатты өмір салты» түсінігін былайша бөліп көрсетуге болады:

- Салауатты өмір салты - бұл денсаулық проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты, әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар жүйесі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір сүру салты
Бастауыш сынып оқушыларын салауатты өмір салтына қалыптастыру жолдары
Салауатты өмір сүру сапасы
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
Салауатты өмір салтының негіздері
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz