Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету


Кіріспе
Егеменді еліміздің дамуындағы жаңа бағдарлар, қоғамның жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Бізге қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - атап қөрсете отырып, әлемдік білім кеңістігіне енуде ғылым мен білім, әр түрлі жаңа технологиялар арқылы оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беріп, ұстаздар қауымының белсенділігін арттыруды мінднттеп отыр.
Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы -бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ.
Жас жеткіншектер алғаш мектепке келгенде, қуанышты шаттық көңілмен, қайнаған ынта -жігермен келеді. Олар көрген заттарының, естіген сөздерінің ойнаған ойындарының барлығына қызығып, құбылысқа өзім аралассам, үйренсем, білсем деген ой олардың ішкі дүниесін, ақыл -ойын билеп әкетеді.
Осы табиғи құбылысты басшылыққа ала отырып, балалардың қатесіз жазуға қалыптасуы үшін бастауыш сыныпта өтілетін орфографиялық ережелерді, жазылуы қиын сөздерді әр түрлі тәсілдерді қолданып, естерінде берік сақтауларын қалыптастырып отырамын. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Жақсы, жаман әдеттердің барлығы да жастан қалыптасады, сол сияқты білім алу, сауатты жазу да 1- сыныптан қалыптасатыны белгілі. Сондықтан мен оқушылардың басынан қатесіз жазуын қадағалап отырамын. 1- сыныптан дұрыс қалыптасқан оқушы ары қарай дұрыс бағыттап отырсақ, ол қатесіз жазуға төселеді.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында да оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті. Сауатты жазу дегеніміз әріптерді тастамай шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлдіру керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады.
Оларды жазу-сызуға үйретуде қолдалынатын негізгі тәсіл- дыбысты жүйелі талдау- жинақтау тәсілі. Бұл тәсіл балаларды оқытудың алғашқы күннен бастап өз бетімен жұмыс істеуге бейімдейді. Олардың есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытады. Талдау- жинақтау тәсілі бойынша балалар сөздің, дыбыстың құрамымен, дыбыстардың ерекшелігімен танысады. Олардың оқу-жазу дағдылары біртіндеп жүйелі түрде қалыптасады.
Бірақ талдау-жинақтау тәсілін ауызша жүргізе берсе ол оқушыларды зеріктіріп жібереді. Сол себепті жазу сабағында талдаған буын не сөздегі дыбыстардың әріптерін сол талдаулары бойынша алдымен кеспе әліппеден тапқыза отырып, яғни ауызша айтқандарын қолдарымен істетіп, көздерімен көрсетіп, іле-шала оны іштей оқыта отырып жаздыру оқушылардың сауатты жазуларының тиімді тәсілдердің бірі, өйткені бала қолымен ұстап, көзбен көргенін есінде жақсы сақтайды. Кейін кеспе әліппесіз-ақ сауатты жазуға қалыптасады.
Мұнымен қатар сөздерді сөзбе-сөз көшіріп жазуға көп көңіл бөлемін. Сөзбе-сөз көшіруден қате жібертпеу үшін де көшірер алдында оны талдаттырамын, көшірер алдында талдау жұмысы жүргізілмесе, оқушылар көшіретін сөздің, сөйлемнің, мәтіннің мазмұнына түсінбей, сөзбе -сөз емес, оны әріптеп көшіретін болады. Оқушылар үшін сөзді, сөйлемді, мәтінді әріптеп көшірудің пайдасы жоқ, ал сөзбе - сөз көшірсе, сөзді, сөйлемді, мәтінді дұрыс жазуға дағдыланады.
Оқушының қате жазған сөзін не сөйлемін тақтаға жазып, не үлестірмелер арқылы соған қарап қателерін өздеріне тапқызу, кейде бірінің қатесін біріне тапқызу, немесе қате жіберген сөздерінің астын сызып, қателерін өздеріне тапқызу да олардың қатесіз жазуын қалыптастырады. Өз бетінше ізденушілікке, ойлау қабілетін дамытуға, оның есте сақтауын машықтандырады. Бала өз қатесін өзі тапқанға, не жолдасының қатесін тапқанға мәз болады, қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып, қатесіз жазуға талаптанады және бұл тәсіл арқылы бір-бірінен көшіріп дағдыланбайды, өйткені жолдасы оның қатесін өзі табуды мақтан көріп көшіртпейді.
Әліппе кезеңінде әріп диктантын, буын диктантын, сурет диктантын орынды жүргізіп, онда жіберген қателерін есепке алып, оларды әр уақытта қайталап жаздырып, жіберген қателерін түзеткен оқушыларды мадақтап көтермелеп отырамын. Осы кезңде дыбыс пен әріп туралы ұғымды дұрыс қалыптастыру керек. Ойын және суреттердің сауатты жазуға көп көмегі бар. Дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей бола бермейді. Әсіресе н дыбысы мен ң дыбысын, ы және і дыбысын, ұ және ү дыбысын шатастырып жазу жиі кездеседі. Осы дыбыстары бар сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынасының өзгеретіндігіне көз жеткізу қажет. Қосарлы я, ю әріптері бар сөздерді жазуда көп қиындықтар туғызады. Я дыбысы дауысты дыбыстан кейін жазылады, екі дыбыстың орнына жүреді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жазылуы қиын сөздерді тақтаның бұрышына жазып іліп қоямын.
Оқушылар оны көрген кезде естерінде сақтайды. Бастауыш сынып оқушыларының жұмысында жиі кездесетін қателердің түрі:
1. Әріп тердің емлесін білмеуі(ы-і, ұ-ү, у-ю, қ-ғ, н-ң )
2. Бас әріптердің емлесін білмеуден.
3. Шылаулар мен септік жалғауларын ажырата алмайды.
4. Сөздерді дұрыс буынға бөлуді білмегендіктен, тасымалдай алмаудан;
5. Үндестік заңын білмеуден;
6. Қосарлы дауыссыз дыбыстардың біреуін тастап кетуден.
Міне, жоғарғыдағы қателер оқушылардың жазба жұмыстарында кездесіп отырады. Осы орын алып отырған олқылықтарды болдырмау үшін көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Бастауыш сынып тардағы қазақ тілі бойынша мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
1. Сауатты жазуды жолға қоюды, дәптердің ұқыпты, таза ұсталуы, әріп тұлғасының сақталып жазылуы, жаңа жолдан бастап жазылуы;
2. Әрбір диктанттан соң оған жан-жақты талдау жүргізу
3. Жаттығу жұмыстарын жиі, әрі жүйелі жүргізу оқушылардың сауатын арттырып, білімін тиянақтауға септігін тигізеді.
4. Жаңа сабақтың материалдары мен пысықтау жаттығуларында жазылуы қиын, оқушылардың көп қате жіберетін сөздерінен мысалдар келтіру сауатты жазудың негізі болып табылады.
5. Жазылуы қиын сөздерден тірек сөздер беріп жұмыстарды жүйелі жүргізу;
6. Қате жазылған сөздер бойынша жаттығулар өткізгенде сөйлем ішіндегі ондай сөздерді түзетуді оқушылардың өзіне жүктеген дұрыс.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайлар:
1. Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне көз жеткізгеннен кейін жаздыруға тиіс.
2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарынаой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс жүргізеді.
3. Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу
Қазақ тілі сабағында «Сөз таптарын» өткен кезде өтілген сөз табы бойынша бірнеше сөз жазғызу да сөз табының есте қалуына септігін тигізеді.
Ана тілі сабағында үйге жаттауға берілген өлеңнің сөздерін қате етіп жазып әр оқушыға үлестірме ретінде таратамын . Оқушы қатесін жөндейді.
Ана тілі сабағында оқушыларға берілетін тағы бір тапсырманың түрі сөздік жұмысы кезінде сөзге сөйлем құрату. Мысылы:
Жазу жұмыстарына қойылатын талаптардың мақсаты- балаларды көркем, анық дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынандай шарттар қойылады:
1) әріптердің негізгі элементтердің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.
2) Әріптердің биіктігінің біркелкі болып шығуы
3) Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы.
4) Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.
5) Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы.
6) Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы
Сауатты жазуға дағдыландыруда түзеткендерін есте сақтау үшін және түзеткен түзетпегендерін байқау үшін сабақ өту барысында өтілетін тақырыптарға байланысты түрлі тапсырмалар, ойындарды кіргізуге болады.
Өзімнің сабақ өту барысындағы тапсырмалар мен ойын түрлеріне тоқтала кетейін.
«Сөз құра» ойыны:
Шарты : Әріптері ретсіз араласып кеткен сөздің дұрыс нұсқасын табу.
1. О, я, н, қ ( қоян) 4. Ң, б, е, е, к (еңбек )
2. У, ж, а, л, й, а (жайлау ) 5. Т, і, е, к (етік)
3. З, м, ұ (мұз) 6. Я, т, қ, и, а (тақия)
«Кімнің сөзі көп?» ойыны:
Шарты: Тақтаға сурет ілінеді. Оқушылар сол суретке қарап сөздер тауып жазады. Арнайы уақытта қай оқушының сөзі көп, әрі қатесіз болса сол оқушы жеңімпаз болады.
«Қатесін тап» ойыны:
Шарты: Тақтаға бірнеше қате сөздер жазылады. Оқушылар сөздердің қатесін жөндейді.
Шанғы, шанырақ, қүстар, терізе, қобыс, құлыңшақ, халқынның, алтибақан, таиақ.
«Қалай өзгерді?» ойыны:
Мақсаты: «ы», «і», «у» әріптері жалғанған сөздердеқандай өзгерістер болатындығын меңгерту.
Шарты: Сөздерге -у, -ы, -і қосымшаларының тиістісін жалғап жазу.
Сеп, жылжы, тоқы, кекілік, күрек, сұрақ, жап, төк, оқы, шапалақ.
«Сөз қуаласпақ » ойыны
Шарты: Сөз қандай дыбысқа аяқталса, келесі сөз сол дыбыстан басталады.
Думан- наурыз-заман- нас-сағат-таразы-ыдыс-су-уақыт.
«Егіз әріп » ойыны:
Мақсаты: Сөздегі қатар келетін дауыссыздарды меңгерту.
Шарты: Берілген сөздердегі қатар келетін дауыссыз дыбыстың қай жерде жазылатынын табу.
Ап-ақ, қат-ы, тәт-і, бат-ы, жат-ы, грам-, жүрегі-мен, қона-қа.
«Дұрыс жазу» ойыны
Мақсаты: Сөздің соңғы әріпін қалдырмай жазуды меңгерту.
Шарты: Тақтаға сөз немесе сөйлем жазылады, сондағы сөз соңында жазылатын әріптерді орнына қойып жазу.
Болад . . . , қалад . . . , жүред . . . , тарайд . . . , жүрег . . . , толад . . . , мәңг . . . , тазалад . . .
«Мен бірінші!» ойыны:
Шарты: Плакатқа бірнеше сөз жазылған, сол сөздердің ішінен дұрыс сөздерді 1 минуттың ішінде тауып жазу.
«Әріп» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздыққа бағыттау.
Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазу.
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
«Бұл қалай өзгерген ?» ойыны.
Мақсаты: Бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аудару.
Ойын шарты: ойында шағын топ болып жарыс түрінде өткізуге болады.
Екі топқа бір сөз беріледі. Әр топ берілген сөздің бір әріпін өзгерте отырып жаңа сөздер жазу қажет. Қай топ көп сөз жазса, сол топ жеңімпаз аталады. Мысалы: қала- бала- дала т. б.
«Күрделі сөздер» ойыны.
Мақсаты: Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы, күрделі сөз жасау.
Бел құлақ
Қырық аяқ
Саңырау қазық
Кемпір қазық
Темір қосақ
Тас бақа
«Қызық сөздер» ойыны.
Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.
Қолқанат Ішік Есек
Тымақ Қыран Балта
Нағашы Шұлық Қысым
Түс Балта Ұршық
Мысалы: Ішік - кіші
«Кім - не?» ойыны.
Мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz