Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімОқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамытуӨзіндік жұмыс және оның түрлеріБалалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасының артуындағы міндеттердің бірі осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндеттті»- делінген.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектеп оқушысы жаңаша өмір сүріп қоймай, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, экономикалық нормаларын меңгере отырып, қоғам мен тығыз байланыста болуын дамыту .
Осы аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік :
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру
3) шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады.
Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру және танымдық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
- таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
- өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
- оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
- игерілген білімді тасымалдай білуі;
- өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.
Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі - баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі - терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) - оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі - оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы. Оқушыларды математикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеттін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика сабағында құрал жабдықтардың, математикалық есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.
Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу - біздің басты борышымыз.
Өзіндік жұмыс және оның түрлері
Өзіндік жұмыс - оқушының күрделі іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы - оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті - жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
оған әсер ететін мотивтер.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т. б. тәсілдерге үйрену) .
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т. б. жұмыстар) .
Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды) .
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.
Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы
1-сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің әрқайсысын буынға бөледі, мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады.
2-сыныптың балалары нәрсені, сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өзбеттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Заттың атын, сапасын, әрекетін білдіретін сөздерді алдымен жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді, оның сапасын болмаса әрекетін білдіретін сөздермен біріктіріп құрастырады. Сол сияқты 2-сыныпта сөздерді буынға бөлу, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды табу, сөз екпіні түсетін буындардың астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың өз беттерінше істейтін жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің түбірімен танысып болғаннан кейін балалар мұғалімнің оқып берген мәтініндегі біріне-бірі ұқсас сөздердің астын сызып, көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас түбірлі сөздерді іздеп табуға жаттығады. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz