Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімОрыс сыныптарында оқитын оқушыға қазақ тілін үйретудің жолдарыОқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де, белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, . . . оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтің, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайровтың, С. Көшімбетованың ғылыми зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш -білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар - бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсеңділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.

Орыс сыныптарында оқитын оқушыға қазақ тілін үйретудің жолдары

Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты - оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым - қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Негізгі мектепте бала бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыланады. Жоғары сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндеттер: оқушыларға сөйлесу әрекетінің түрлерін күнделікті қарым - қатынас деңгейінде меңгерту.

Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі, білуі, оқуы, оны мейлінше сыйлау - парыз. Еліміз көп диаспоралы мемлекет болғандықтан, басқа ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін қазақ тілінің мамандары оларға үлкен көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Оқушылар көрнекілікке назар сала, бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын мағлұматтарды өз беттерінше жинақтайды. Мұғалімнің міндеті - бақылаған кезде неге мән беру керектігіне бағыт беріп отыру. Көрнекілікті пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.

Мұғалімнің сабақ беруіндегі бір ерекшелік - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізеді. Мысалы, бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады. Бастауыш сыныптарында көбірек қолданылып жүрген көрнекі құралдардың түрлері: сауат ашу кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар, оқу сабақтарында, грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар, таблицалық көрнекілік, схемалық көрнекілік плакаттық көрнекілік тақта көрнекілігі табиғи көрнекілік.

Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады. : онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады. Қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан зор: айнала қоршаған дүниені бақылау, соған байланысты әңгіме құрастыру, оқушылардың жинаған заттары, түрлі картиналар, оқулықтағы суреттер т. б
Мәтінді оқуда оқушының ойын, тілін дамытады.
Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқытудың үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер

Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты - оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсіне алатын дәрежеге жеткізу.

Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің міндеті.

Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде.

Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды.

Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі - сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету - адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, - деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.

Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім - оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім - топ - оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы - оқушы». «Оқушы - оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы - топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту
Қазақ тілі сабағының түрлері
Қазақ тілі сабағын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz