Отбасы жүйесі
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Отбасы . тәрбие факторы
2.2 Отбасы жүйесі. баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
2.3 Отбасындағы дағдарыстар
2.4Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
2.5 Ата.аналар мен балалардың өзара татулығы
2.6 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.
Ғылыми болжамы
Егер бала ең алғашқы тәрбие тетіктерін ата-ана арқылы қабылдаса, олардың көшірмесі ретінде іс-әрекет жасаса, бірте-бірте өзіндік көзқарастарының қалыптасуы барысында мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтарға ие болады. Ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасы үлкен ықпал етеді. Отбасында ынтымақ, өзара көмек, бір-біріне сенушілік, өзара сыйластық болған жағдайда, баланың турашыл, ашық, ылтипатты, жолдастарына көмекке әрқашан дайын тұратын азамат болып өсуіне ықпал жасайды.

1 Б. Айтмамбетова, А. Бейсенова. Педагогика тағылымдары: мұғалімдерге арналған көмекші құран/ Б.Айтмамбетова, А. Бейсенова.- Алматы: Рауан, 1993. - 265б.
2 И.П. Подласый. Педагогика: учеб.для студ. Высш. Пед. Учеб.изд. – Москва: гуманит. изд. центр Владос, 1999. - 350б.
3 П.И. Пидкасистый. Педагогика.: учеб.для студ. высш. пед. учеб. изд. – Москва: Педагогическое общество Росии, 1998 – 344б.
4 Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов. Ой. Ақыл. Адамгершілік: оқулық/ Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов. – Алматы: Білім, 1994. – 253б.
5 С.А. Ұзақбаева. Балаларға адамгершілік тәрбие дәстүрі: оқулық/ С.А. Ұзақбаева. – Алматы: Білім, 1990. – 276б.
6 В.А.Сухомлинский. Балаларға жүрек жылуы: оқулық/ В.А. Сухомлинский. – Алматы: Мектеп, 1976. – 426б.
7 З. Ахметова. Балалар аманаты мойнымыздан кетпесін.\\ Ақиқат. 1992. №4, Б. 66-71.
8 Қазақ тәлім-тәрбиесі.- Алматы, санат. 1995 – 327б.
9 С. Дүйсенбинова. Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт. \\ Қазақстан мектебі. 7 – 1991. - 123б.
10 Г.К. Нұрданова. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары. – Алматы, \\ Қазақстан мектебі, №7. 2003. -375б.

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Отбасы - тәрбие факторы
2.2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
2.3 Отбасындағы дағдарыстар
2.4 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
2.5 Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
2.6 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.
Ғылыми болжамы
Егер бала ең алғашқы тәрбие тетіктерін ата-ана арқылы қабылдаса, олардың көшірмесі ретінде іс-әрекет жасаса, бірте-бірте өзіндік көзқарастарының қалыптасуы барысында мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтарға ие болады. Ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасы үлкен ықпал етеді. Отбасында ынтымақ, өзара көмек, бір-біріне сенушілік, өзара сыйластық болған жағдайда, баланың турашыл, ашық, ылтипатты, жолдастарына көмекке әрқашан дайын тұратын азамат болып өсуіне ықпал жасайды.
2. Негізгі бөлім
2.1 Отбасы - тәрбие факторы
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді теңдік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз "Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" - деп, текке айтпаған.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға болады. Біріншісі- материалдық игілікті алға қойып, оған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуда.Екіншісі- материалдық игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-ана арасында эмоционалдық, мейірімдік қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынас орын алады:
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшесінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
- жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
- түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана, әке-шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрған. Отбасы экономикалық жағынан қамтамасыз етіліп отырған.
Рухани-адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық факторлар: отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, баланы адамгершілікке тәрбиелейді.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінле анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының даму нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әр түрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне "өзінше" қиындық әкелді.
Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді.Аз балалы отбасында, негізінен бір баласы бар отбасында, ішкі отбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол- балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Толық емес отбасында, ата-анасының біреуі жоқ болған отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін.Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы - ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрысу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманға әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана отбасы тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моральдық қасиеттерін қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы ковенция" маңызды негізгі құжат. "Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі тиісті құқықтық қорғау керек", - деп жазылған Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін" орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында"мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс" деп, ерекше аталып кеткен.
2.2 Отбасы жүйесі - баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
Отбасы жүйесін - біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада - ері - әйелінен құралады; үшінші топ - сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы - баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.
Отбасы қызметі - құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасына тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:
1) әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер;
2) отбасында көрініс алатын мінез - құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз ету, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір - бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы жүз жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым-қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәрбиесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі - отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, он бес жасар жеткеншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік саны қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай-ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы туелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.
Отбасы - іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының сипаттамасы туралы мәліметтер алу мақсатында отбасына барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғаліммен өте жақсы дайындықты талап етеді. Педагогтың өте маңызды қасиеті - бақылағыштығы. Әңгімелесіп отырған адамның бет әлпетінен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйін білуге болады.
Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педогогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және коференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті)сайланады. Ол бес-алты адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және төрт-бес мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Отбасы бала тәрбиесінде көмек көрсетуді ықпалды тәсілі - ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, косультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, "отбасы суреті" ерекшеліктерінің, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды.Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесінжақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
2.3 Отбасындағы дағдарыс
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы, осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп-бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата-анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата-ана тарапынан тәуілсіздік алу процесіне, оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде ерлі-зайыптылар жеке қалып, бағып-қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп-жетілуіне орай ата-ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата-аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы он бес жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып-қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен рөлдерге өзінің қатысы жоқтай сезінеді. Отбасы дағдарысы алдындағы екі деңгейде дамиды.
1) кері құрылымдық, бұл отбасы қатынасының бұзылуы және оның қалыптасуына кедергі келтіретін әрекет;
2) құрылымдық, отбасының жаңа деңгейі қызметіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
Отбасы қалыпты дағдарыстары
Отбасы психологиясында - өмірде кездесетін дағдарыстың кез-келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бірін-бірі ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке - өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше " Ұқсастық дағдарысына " соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады.
Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі - алғашқы жылда жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы псйда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі - бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты да өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
2.4 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне
сай тәрбиелеу жолдары
Бала тәрбиесі - тәрбиенің барлық түрлерін, сан-саналы қамтитын әрекет. Оны жүзеге асыру үшін ата-ана, мектеп, қоғам бірлесе отырып атсалысатынына белгілі. Әр халықтың дәстүрлеріне зер салатын болсақ, ұрпақ тәрбиесі қай кезде қай елде болмасын ең басты толғақты мәселесі болғанын айтуға болады. Халық мұрасының танымдық - тәрбиелік мәні орасан зор. Ол тек ұрпақтың тәрбиесінде ғана емес, жалпы адамзат өмірінде рухани қуатының байлығы ретінде үлкен орын алады. Олардың ішінде бала тәрбиесіне тікелей бағытталған, оның жан дүниесінің қалыптасуына, рухани жағынан жетілуіне негіз болуға лайықты дәстүрлері жеткілікті. Бұған еліміз егемендік алғаннан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz