Отбасындағы проблемалар


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімТәрбиенің қандай қателіктері көп кездеседіОтбасыдағы проблемаларҚиын жанұялармен қандай жұмыс жасау
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жасөспірім кезең - бұл барлық отбасы мүшелерінің әлеуметтік, тұлғалық және отбасылық кемелденуін тексеру уақыты
Бұл кезеңде ішкі, сыртқы дағдарыстар және кикілжіңдер болады. Отбасы мүшелерінің арасындағы кейбір мәселелер мен бұрын көрінбейтін қайшылықтар сыртқа шығып, отбасындағы кикілжіңдер шиеленісе түседі.
Тәрбие деген не? Тәрбие - бұл балалар мен ересектердің бірігіп әрекет етуі, өзара іс-әрекеті, өзара ықпал етуі (эмоциялық, интеллектілік, рухани, өнегелі), яғни нәтижесінде екеуінің де өзгеруі. Сондықтан да тәрбиеде мына ережені қолдану қажет: ең алдымен балаға талап қоймас бұрын, өзіңе талап қой. Тәрбиедегі ең қиын нәрсе - бала мінез-құлқының себептерін түсіну.
Ата-аналық теріс қатынастың бір түрі, керісінше балаға деген шектен тыс жақындықтан, шектен тыс қамқорлықтан пайда болады. Мұндай жағдайда ата-ана тәрбиесінің айқын көрінетін қателігі, балаға қатынас жасаудағы мінез-құлықтың жалған әдісі байқалады. Негізінен, балаларға ата-ана махаббаты қажет. Ата-аналары арқылы ол сөз күшін сынайды: егер ылғи келісіп, тыйымдарды бұзбай жүрсе, онда ол өзінің дүниеге көз қарасын көрсете алмайды.
Тәрбиенің қандай қателіктері көп кездеседі
«Қатыгездік үрдісінде» тәрбиелеу немесе айқын және жабық эмоционалдық күшпен бөліп алу. Мұнда баланы жақсы көрмейтіндігін ылғи көрсетіп отырады. Бала бұл ащы шындыққа әртүрлі жауап береді: тұйықталады, ата-анасына ұнау үшін жағымпазданады, өзіне көңіл аударуға тырысады, мейірімсіз бола бастайды, оны жек көргені үшін ата-аналарынан кек алады.
Теріс тәрбиенің тағы бір түрі - асыра қамқорлық жасау (гиперопека) немесе асыра қолдау. Асыра қамқорлық жасау кезінде оны жақсы жағдайда ұстайды, ешқашан өз бетінше жүруіне мүмкіндік бермейді. Мұндай балалардан ерке, талғампаз адамдар өседі. Олар өз өмір ұстанымдарын сақтай алмайды.
Гиперопека бүгінгі күні сирек кездеседі. Бұл бұзақылыққа алып келеді.
Қарама-қайшылықты тәрбие өте кең таралған: әжесі бірдеңені айтса, екіншісі басқаша, ата-анасы өз жағына тартады.
Тыйым салу мен жазалау тәрбиенің теріс әдісі екені айқын.
Тәрбие мәселелері - қазіргі заманға маңызды мәселелердің бірі.
Бұл тәрбиенің мәні: баланы іс-әрекет жасауға, ойлауға, ересектер берген әртүрлі тапсырмалар мен міндеттерді талап деңгейіне сәйкес біртіндеп оқытып-үйрету, сонымен қатар айналасындағылармен қарым-қатынас өлшемдері бойынша араласуға үйрету болып табылады.
Баланың ынжық, жасқаншақ, жалтақ болуы ата ананың “жазалау” беделімен байланысты. Ал менсінбеушілік, күндестік, безбүйректік, өркөкіректің беделі бала мінезінде ата-ананың “даудасқанынан” пайда болады. “Жақсы көріну”, алдап қызықтыру” беделдерін басшылыққа алған ата аналар балаларын “мен саған, сен маған” моралін өмірде жетекші принцип жасауға итермелейді. Ал бұл принципке жүгінген адам дүниеқор, алдамыш, қатыгез, пайдақор келеді. Оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады. Мәселен бір адамның жарқындығы мен ашықтығын байқасақ оның басқаларға деген жақындығын, ақкөңілдігін, ылтипаты бар деп есептейміз. Мінез бітістерінің төрт жүйесін айырамыз:
Отбасыдағы проблемалар
Әр топ ата-аналармен кездесуді ұйымдастыру немесе ұйымдастырылған жұмыстың үзіндісі берілген карточка алады. Берілген уақыттан соң топ мүшелері осы тапсырмаларды өз ойына қарай сынап көрсетеді.
3. Бала тәрбиесіндегі отбасы жағдайымен танысу.
Мақсаты: ата-аналардың бірігіп жұмыс істеуге дайындығын білдіруге мүмкіндік беру.
4. Баланың жеке тұлғасын бірігіп зерттеу және қалыптастыру.
Мақсаты: Ата-аналармен педагогтар арасындағы сенімділікті тәрбиелеу.
- «Бала балабақшаға қуана барып және үйіне қуанып қайтуы керек. Балабақшада балаға көңілді, жайлы, қызықты болып, балалармен дос болып, үйде оны жақсы көретінін, үлкендердің оны тосып отырғанын білуі қажет».
- Бірігіп жұмыс істеу мәселесін шешуде ата-аналардың психологиялық-педагагогикалық істеріне педагогтардың қатысуын; отбасыларын, олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерін зерттеу; балабақшаның білім беру жұмысына ата-аналарды тартуды қажет етеді.
1. Педкеңестің шешімі:
1. Ата-аналардың келесі жылы танысқысы келетін тақырыптарын анкеталық жолмен анықтау.
2. Анкеталандырудың шешімін есепке ала отырып, 2006-2007 оқу жылына ата-аналармен жұмыстың перспективті жоспарын жасап шығару.
3. Ата-аналар жиналысының жылдық қорытындысы бойынша конспект жасап шығару. Қорытынды ата-аналар жиналысын өткізу.
4. Отбасының жеке құжатын жасау.
5. Ата-аналардың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында нормативтік-құқықтық құжаттарды жинақтау.
Болжамдық жауаптар
1. Ата-аналармен жұмыс дегеніміз не?
Ата-аналармен жұмыс - ата-аналардың педагогикалық білімінің, біліктілігінің деңгейін көтеру; педагогтардың ата-аналарға отбасылық тәрбиеде баланы дұрыс тәрбиелеуге қажетті жағдай тудыру үшін көмек көрсетуін; баланың даму процесінде тәрбиешілер мен ата-аналардың қарым-қатынасын көрсететін педагог жұмысының күрделі де маңызды бөлігі.
2. Ата-анамен жұмыс жүргізуде мектеп жасына дейінгі мекемелердің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?
o Балалардың отбасыларын танып-білу
o МДМ өміріне белсенді араласуға ата-аналарды тарту
o Баланы тәрбиелеудегі отбасылық тәжірибені зерттеу
o Ата-аналармен балалар психологиясы
Педагогикалық диктант.
2. Ата - аналармен жұмыс жасаудағы өздеріңіздің жеклеген мақсаттарыңызды жоспарлаңыз және жазыңыз:
o Бала -бақшадағы бала тәрбиесінің мәселесіне ата -аналарды қатыстыру;
o Материалдық -шаруашылық жағынан көмек көрсету,
o Бала мен ата -ананың қарым -қатынас әрекетін дұрыс ұйымдастыру;
o Тәрбиешінің барлық талаптарын орындау;
o Мақсаты жоқ;
o Басқалар . . .
3. Сіз ата - ананың баласымен қарым - қатынасын жақсарту мақсатында күнделікті ата-анамен жұмыс жүргізуде қандай іс-әрекет, әдістемелер түрін қолданасыз, жазыңыз?
4. Ата - аналардың сізді білікті маман ретінде қалай қабылдағанын қалайсыз? Ата - аналардың өздерін шынайы ұстаулары осыған сәйкес келе ме?
5. Сіздің көз қарасыңызша педагогикалық ұжым ата - аналардан нені үйренуі мүмкін? Жазыңыз.
6. Сіздің көз қарасыңызша ата - ана бала -бақша мамандарынан нені үйренуі мүмкін? Жазыңыз.
Бала - бақшадағы күнделікті өмірді түсіну және оған белсене қатысу үшін ата-аналармен қандай жұмыстар жүргізу қажет деп ойлайсыз?
Қиын жанұялармен қандай жұмыс жасау
Қиын жанұялар әртүрлі болып келеді. Ішімдікке салынған ата-аналар болашақта баласына дәл сондай үлгі береді.
Жанұяның екінші типі - сырт көзге үлгілі, жақсы жанұя болып көрінеді. Бұлар әлеуметтік жағдайы жақсы жанұялар. Осындай жанұядан шыққан балалар өздерін басқалардан жоғары санай бастайды. Осындай балалармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынасқа түсу қиынға түседі. Осындай жанұяларға балаларын тәрбиелеуге психологтар мен педагогтардың және МДМ меңгерушінің көмегі қажет. Сонымен қатар сенімді әңгімелесу, жеке қарым-қатынас формалары тиімді болады.
7. Ашық есік күндері, ашық сабақтар, газет шығару сияқты ата-аналармен жұмыс жасау формалары тиімді деп санайсыз ба? Педагогтарға осындай жұмыс формалары не береді?
«Ашық есік күндері» кең таралған жұмыс түрі болып табылады. Бұл күндері ата - аналар балаларының қатысуымен өткен сабақтар мен мерекелерге белсене қатысады, қорытынды анкеталар толтырады. Педагогтарға ұсыныс және тілектер жазады.
Бұл жұмыс түрі әр баланың жеткен жетістігін көруге мүмкіндік береді.
Педагогтар мен ата - аналардың бірлесіп жұмыс істеуі - әр баланы жақсы тануға, оған жан -жақты қарауға, әр түрлі жағдайларда тануға көмектеседі, сәйкесінше, жекелей ерекшеліктерін түсінуге көмектесу, баланың қабілетін дамыту, мінез - құлқында пайда болған жағымсыз әрекеттерді жеңу, өмірлік қажетті бағдарды қалыптастыру.
Бірлесіп жұмыс істеудің қызықты түрі -Газет шығару. Газетті құрастыруға балабақша әкімшілігі, педагогтар, мамандар, ана -аналар және балалар қатысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz