Отбасындағы қыз бала тәрбиесі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Отбасындағы қыз бала тәрбиесі

«Руыңды тәрбиелеймін десең ұлыңды қорға, ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды қорға»- дейді халқымыз. «Ұлдың ұяты -әкеге, қыздың ұяты -шешеге» деп бекер айтылмаса керек. Қыз жақсы әдепті халықтан, үйден көріп өседі. Сондықтан, «Қыз өссе -қырық рулы елден тыйым» деп қызды жаман әдет-құлықтан тежеп отырған. Себебі қыз жаман қылықты барған жеріне ала барады гой. Үлкенге ізет құрмет көрсетіп, кішіге қамқоршы болсада құба-құп дер едік. Елді сыйламасаң, өзің сыйсыз боласың, еріңді де жерге қаратасың. Ең алдымен, өзі таңдап қосылған ерін құрмет тұтуы, қайратына қайрат, байлығына байлық қосатындай қанаты болуы шарт. Қоғамның, отанымыздың тағдыры осы қыздарымыздың қолында дер едім. Әйел үйдің ұйтқысы. Үлкенді сыйламаған жалпы адамзатты сыйламайды. Сыйламаудан адамды ренжету, қайшылық әрекеттер туындайды. Ал адамды ренжітуге ешкімге құқық берілмеген. Өз міндетін дұрыс орындамаған адам айналасындағыларға қиындық туғызады. Елді жан-жағыңды сыйламасаң -өзіңді де сыйлата алмайсың. Сыйлы болу үшін қыз бала жан-жақты болуы шарт. Осы орайда қыздарымызға тән негізгі қасиет іскерлік, шеберлік. Қазіргі жас қыздарымыз болашақ жар, ана, бала тәрбиешісі, отбасының ұйтқысы. Күнделікті үй тіршілігінде кездесетін шаруашылықтың барлық түрін асқан шеберлікпен орындай алуы міндетті . Әр әйелдің ерін күте білуі, басты міндеті, бала өсіріп дұрыс тәрбие беруі - аналық борышы. Сондықтан қыз бала өз босағасында осыны ұғып, өмір баспалдағына, өзін ана, жар, тәрбиеші, үй шаруасының адамы ретінде елестетуі шарт . Бұл қоғам, қауым, адам тағдырына қатысы бар мәселе ретінде талап етіледі.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.

Отбасы тәрбиенің негізі. Оның құндылығын «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал айқындай түседі. Сондықтан да отбасы - адам баласының алтын діңгегі, аса қажетті әрі қасиетті алтын мектебі. Өйткені адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.

Қыз бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарын насихаттау мәселелерінің бастаулары:

1. Қазақ халқының қыз бала тәрбиесі дәстүрлерінің теориялық-әдіснамалық негізін зерттеу, балабақшаның тәрбиелеу-оқыту үрдісіне енгізу.

2. Отбасы тәрбиесімен ынтымақтастығы.

3. Психологиялық қызмет

4. Тәрбие отаулары, клубтар мен үйірмелер жұмысы

Қыз балалардың тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарының маңызы өте зор. Қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сынып кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, қыз баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. Осы дәстүрлер арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау мәселелерінің бір негізі.

Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.

Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған. «Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.

Өскелең ұрпақ, қазақ қыздарының тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарын насихаттау үшін қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей құндылықтарға аса көңіл аудару қажет:

  • Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме жүргізіп отырып, тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (ұл, қыз) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді.
  • «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрсып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу қажет.
  • Отбасы дұрыс мәдениетті қарым-қатынаста болуы керек.
  • Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып, тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыру керек.
  • Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету.
  • Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп - шындықты үйрету керек.

Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.

Халқымыз әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты әдет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы
Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
Қазақ халқында ұл бала тәрбиелеу дәстүрінің қалыптасуы
Баланың отбасындағы тәрбиесі
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Бастауыш мектеп кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz