Өзін-өзі тануды оқыту үрдісі


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімЖеке тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерінің дамуына, ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құру: өзін-өзі тануӨзін-өзі тануды оқыту үрдісінде, күнделікті тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдістемелік тәсілдерге тоқтала кетсем
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамгершілік азамат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершіліктің мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды.
Азамат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс т. б. Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірмділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар маңызды роль атқарады. Рухани- адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың ұстаздардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- оқушылардың белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді.
Адамгершіліктің негізгі мінез- құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Ол адамдардың іс- қылықтарынан, мінез- құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым- қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл- сананың сезімдерінің, мінез- құлық пен өзара қарым- қатынастың бөлінбес элементтеріне, олардың негізінде қоғамыныздың қоғамдық- экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді қозқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнділікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез- құлқы қалыптасады, ар- ұят, өзін- өзі бағалау және адамгершілік саналары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке шақырады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, сапалы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттың дәстүрге айналған. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырмдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Оқушыларды иманлыққа тәрбиелеу үшін олардың ар- ұятын, намысын оятып, мейірмділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық қөрсету, адалдық, ізеттілік сияқты, қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерінің дамуына, ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген.
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы мектептерде пән ретінде оқытылуда.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Өзін-өзі тануды оқыту үрдісінде, күнделікті тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдістемелік тәсілдерге тоқтала кетсем:
«Шаттық шеңбері» - сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні -әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
«Өзіммен-өзім» - бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т. б. ) қолданылады.
«Жағдаяттар кезінде ойлану» - балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жағдаяттарды талқылай балалардың ойлауға бейімділіктерін, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен, үзінділер және т. б. ) » - оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.
«Ән шырқайық, достар!» - сабақта қосылып ән айтуды ұйғаратын әдістемелік тәсіл. Ән айту балалардың сезімдерін сергітіп, көңіл-күйін жадыратады. Бұл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.
«Сергіту сәті» - шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді.
«Жүректен-жүрекке» шеңбері - әдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін, олардың сабақ тақырыбын түсіну дәрежесін анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.
«Үй тапсырмасы» - баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік және дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді.
Қазіргі таңдағы білім беру ұйымдарындаға оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыруды адам бойындағы асыл қассиеттердің көзін ашып, қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауға, адамгершілік құндылықтардың мәні жүйелі пайдаланса ғана қазіргі тәрбиені өз дәрежесінде жүзеге асырары сөзсіз. [2]
Әр оқушының жан дүниесін, сана- сезімін, мінез- құлық пен сезімге тәрбиелейтін осындай құндылықтарға ерекше назар аудару бүгінді таңның сұранымы. Адамгершілік және рухани құндылықтар тығыз байланысты.
Рухани құндылықтардың- ең қайнар көзі адамгершілікке, моральдік қалыптарда, жамандықты жаман қасиеттерді жете білуінде. Мұндағы рух- табиғи моральдық бастамадан өзгеше, затсыз идеалды бастаманы білдіретін философиялық ұғым; рухани, руханиялық- адамның ой- санасына, ішкі жан- дүниесінің дамуы, жетілуі, кеңеюі; рухтану- қайраттану, жігерлену, шабыттану, белсенділік; рухтандыру- серпілту, құштарландыру, жігерлендіру, тазалау, жаңаландыру, қанағаттандыру, кемелдендіру, сүйсіндіру т. б; рухтандырғыш- күшжігер беруші, қайраттандырушы, шабыттандырушы, үлгі көрсетуші т. б руханиялық- ішкі жан- дүниесінің байлығы, жан- жақты кемелденуі, сана болмысының тазалығы, идеялық үлгі, өнеге, тұрақтылық; руханият- ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан- ұрпаққа жеткен сапалы білімі мен ғылымы және мәдениеті.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz