Мекемедегі Педагогикалық кеңес


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімМекемедегі Педагогикалық кеңестің құзыретіМекемедегі Педагогикалық кеңестің жұмысын кеңес жұмысының негізгі бағыттары:
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Педагогикалық кеңес - мектеп, техникум, училищелердегі ұжымды басқару органы. Құрамына оқу орнының директоры, педагогтар, кітапханашы, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы енеді. Кеңес төрағасы сол оқу орнының директоры болады және жыл сайын бір мұғалім хатшылыққа сайланып отырады. Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалады, оқытушылардың баяндамалары, ұжымның пед. мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары, т. б. талқыланады. Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі.
Педагогикалық кеңестің жұмысы өзін-өзі басқару нысаны Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңындағы 44 бабында көрсетілгендей: «Білім беру коллегиалды басқару формалары - білім беру ұйымдарының кеңесі, қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік кеңес және басқа формалар… болып табылады».
Және де педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес ережесі негізінде оқу іс-әрекетіне бағыт-бағдар беріліп, оның нәтижелері, жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасалып педагогикалық шешімімен бекітіледі.
Ұжым тәрбиелеуі педагогикалық кеңес отырыстарын дайындауда, мәселелерді талқылау мен шешім қабылдау барысында жүзеге асады. Бұл педагог қызметкерлердің өзіндік тәртібін қалыптастырады, жинақылығын, жауапкершілігін, жоспарлы жұмыс істеуге деген қабілетін арттырады. Оқу және тәрбиеге қатысты бірыңғай талаптарды ұжымдаса талқылау көзқарас қалыптастыруға септігін тигізеді.
Әр білім беру мекемесінде педагогикалық кеңес өткізудің өзіндік технологиясы бар. Жұмыс тәжірибесінде балабақша жұмысын ұйымдастырудағы басым бағыттағы тақырыптарды олардың өзектілігі мен практикалық мәнділігін ескере отырып айқындап алу қажет. Бұрынғыдай іш пыстыратын баяндамалар жасап, көз қылып педкеңес өткізудің күндері өткен. Себебі бүгінгі педагогтарды қиындық тудыратын мәселелер, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар, авторлық әзірмелер қызықтырады.
Педагогикалық кеңес - бұл ұжымдық шығармашылық, оны дайындауға қатысатындар саны неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым қызықты болады.
Теория, әдістеме, үздік тәжірибе, балабақша практикасы /диагностика, сауалнамаларды талдау, сабақ үлгілері және т. б. /мәселелерін қамту үшін күн тәртібіндегі басты мәселелерді тарамдап бөлу керек.
Сонымен педагогикалық кеңес ширақ, қызықты, ең бастысы жұмыс барысында тиімділігі мол болуы үшін не істеу қажет? Осыған орай, ұсынылып отырған шағын жобада педагогикалық кеңестерді шығармашылықпен жетілдіре, түрлендіре, ұтымды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалансақ, оң нәтижелерге жетеріміз сөзсіз.
Мекемедегі Педагогикалық кеңестің құзыреті
- орта кәсіптік біліммен мамандарды даярлау бойынша білім беру мекемесінің түрлі деңгейдегі заң шығарушы және атқарушы билік органдарының нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау бойынша құқықтық нормалар мен шараларды талқылау және қарау.
- білім беру үрдісін ұйымдастырудың негізігі сипаттамаларын: оқыту мен тәрбие жүргізілетін тілді, оқушыларды қабылдау шараларын, оқудан шығару негіздемесін және тәртібін, студенттерді емтихан сессиясына жіберуін, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізу түрлері мен шарттарын, аралық аттестаттау кезіндегі бағалалар жүйелерін, студенттердің сабақ кестесін, ақылы білім беру қызметтерін көрсету тәртібін және т. б. анықтау және Мекеме кеңесінің бекітуіне шығару.
- мекеменің және оның құрылымдық бөлімшелерінің оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмысының жоспарларын қарау және бекіту;
- орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру бағддарламаларын, оның ішінде оқу-бағдарламалық, оқу-әдістемелік және эксперименталдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру бойынша шаралар жүйелерін шығару және бекіту;
- мекемедегі оқу жұмысының жағдайы мен қорытындыларын, түлектердің аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелерін, олардың дайындығы бойынша шараларды жасау және бекіту, оқудан шығарылған студенттердің себептерін қарау және оларды жою бойынша шаралар қолдану;
- мекемедегі тәрбие жұмысының жағдайы мен қорытындыларын, студенттердің тәртіп жағдайларын талқылау, сынып жетекшілер кеңесінің, студенттік кеңесінің және осы бағыт бойынша басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы есептерді тыңдау;
- келесі курсқа көшіру немесе шартты көшіру, студенттерді оқудан шығару туралы шешім қабылдау;
- орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын жақсы меңгерген студенттерге жоғары оқу орындарында білім алу үшін жолдамалар беру;
- мекеменің ғылыми-әдістемелік жұмысының жағдайы мен қорытындыларын талқылау, ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысы туралы есептерді тыңдау, мекеменің білім беру үрдісінде қолданылатын оқытудың педагогикалық және ақпараттық технологияларын, әдістер мен құралдарын жетілдіруге шаралар жүйесін құру және бекіту;
- мекеменің пәндік-циклдік комиссияларын қалыптастыру тәртібін, отырыстарды өткізу мерзімділігін, пәндік-циклдік комиссия төрағасының және мүшелердің өкілеттіктерін белгілеу, олардың жұмысын қарау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар шығару;
- мекемедегі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін, олардың аттестаттауын, қажетті жағдайда - Мекемеде орындайтын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін арттыру мәселелерін қарау;
- жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар саласындағы педагогикалық қызметкердің тәжірибесін, оқу және әдістемелік құралдарды жасауын, колледждің білім беру үрдісіне оларды ендіру бойынша ұсыныстарды тыңдау және талқылау;
- мекемедегі педагогикалық қызметкерлерді марапаттау туралы ұсыныстарды енгізу;
- Қазақстан Республиканың Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық марапаттармен және Құрылтайшының Құрмет грамотасымен педагогикалық қызметкерлерді марапаттауға өтініш етуге шешім қабылдау;
Мекемедегі Педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Педагогикалық кеңес - балабақша, мектеп, басқа білім беру орындарында ұжымды басқару органы. Құрамына мектепке дейінгі ұйымының директоры, әдіскері, тәрбиешілер, балабақша педагогтары, ата-аналар комитетінің төрағасы енеді. Кеңес төрағасы сол оқу орнының директоры болады және жыл сайын бір педагог хатшылыққа сайланып отырады. Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жылдық жұмыс жоспарында негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің, педагог қызметкерлердің есебі, баяндамалары тыңдалады, ұжымның педагогикалық мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары, т. б. талқыланады. Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі.
Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі.
Педагогикалық кеңес:
- білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шаралардың өткізуін талдайды;
- оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологиялары мен бағдарламалардың ендіру мәселелері анықтап, жұмыс бағыттарын белгілейді;
- оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін талдайды;
- аттестаттауға дайындау, қорытынды аттестаттауды өткізу, педагогтарды тестілеуге жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде тестілеуден босату, аттестаттаудан өту туралы куәліктер беру, оларды қайталау курсына жіберу, педагогтарды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, аттестаттаудан өту туралы куәліктер, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселелерін шешеді;
- Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
- Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады.
- Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы баяндайды.
- Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
- Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
- Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болуы керек.
- Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымның істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.
Педагогикалық кеңесті Мекеменің директоры болып саналатын төраға басқарады.
Педагогикалық кеңестің құрамына директор, басқару қызметкерлері, штаттағы барылқ педагогикалық қызметкерлер, қосымша істеуші-оқытушылар, дене тәрбиесі жетекшісі, әдіскерлер, кітапхана меңгерушісі, әлеуметтік педагог, психолог, жатақхана тәрбиешілері кіреді. Педагогикалық кеңестің құрамы директормен бір жылдық мерзімге бекітіледі. Педагогикалық кеңестің әр мүшесі кеңестің барлық отырыстарына қатысып, оның жұмысына белсенділік танытуға, барлық жүктелген тапсырмаларды уақытымен, нақты орындауға тиіс.
Педагогикалық кеңестің құрамынан ашық дауыс беру әдісімен оның хатшысы тағайындалады.
Педагогикалық кеңестің отырыстарын ұйымдастыру Мекеме Кеңесімен бекітілетін Мекеменің жалпы жоспарына кіретін оның жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырлады.
Педкеңес отырыстарында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімдерін және жауаптыларды белігілеумен шешімдер қабылданады.
Педагогикалық кеңестің шешімдері ашық немесе жабық дауыс беру әдісімен қабылданады және педагогикалық кеңеске мүшелердің 50 %-дан кем емес мүшелер қатысса, қабылданған шешімдер өз күшіне енеді.
Педагогикалық кеңестің төрағасы қабылданған шешімдерді орындаудың жүйелі бақылауын ұйымдастырады және тексеру қорытндысын педагогикалық кеңестің талқылауына шығарады.
Хаттамада көрсетіледі: хаттаманың рет саны, отырыс өтілген күні, қатысушылар, шақырылғандар саны, күн тәртібі, баяндамалардың, сөздердің, ұсыныстардың қысқаша мазмұны және әр мәселе бойынша шешімдер мен дауыс беру қорытындылары. Хаттамаға қосымша матералдар да тіркелуі мүмкін.
Педагогикалық кеңес хаттамаларының сақтау мерзімі Мекеменің іс номенклатурасымен анықталады.
Педагогикалық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім беру үрдісінің сапасын қамтамасыз ету.
- Мектепке дейінгі ұйымның даму стратегиясын анықтау.
- Жылдық жоспарды жүзеге асыру кезеңдерін анықтау.
- Педагогикалық үрдісіне қатысатын педагог қызметкерлерінің психологиялық және педагогикалық дамуы, олардың денсаулығын қорғау үшін тиімді жағдай құру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz