Педагог-ұйымдастырушының құзыреттілігін дамытудағы педагогикалық шеберлік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚФ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

Тақырыбы: Педагог-ұйымдастырушының құзырлығын дамытудағы шеберлігі

«Тұлғаны тәрбиелеу және

әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы - Абдуалиева Сауле Даулетбаевна

«Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес . . . » деп Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қазіргі таңда дәстүрлі сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мүмкін еместігі белгілі, сондықтан озық технологияларды сабақтарда пайдалану - мұғалімнің шеберлігі ғана емес, заман талабы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен . . . Көпшілікті адамшылдыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет», - деп Мұхтар Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жауапты сала екені баршамызға мәлім. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Ендеше осыған сәйкес жұмыс жүргізу, ол үшін мемлекеттік білім стандартын басшылыққа алу, оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияны тиімді пайдалана білу, талмай-танбай шығармашылық ізденістерге қол жеткізу, қасиеттерімізді жетілдіру, заман талабына сәйкестендіру әрбір ұстаздың абыройлы міндеттері болуға тиіс.

Мұғалім - ол ерекше тұлға. Өйткені, ол - балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді. Мұғалімнің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі - адам. Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатыны сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын сеніп тапсырады, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің нәтижелері қандай болса, біздің ертеңгі қоғамымыз да сондай болмақ.

Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет ғана алға озып шыққан. Көптеген әдебиеттерге теориялық талдау жасау барысында мектеп мұғаліміне қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екені айғакталды. Алғашқы талап - педагогикалық қабілеттіліктің болуы - оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, сурет салу, балаларды ұйымдастыру және т. б. нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.

Мәселен, В. А. Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:

1. Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорьггындысын шығару және т. б. біліктерінен байқалады.

2. Дидактикалық. Оқу материалын көрнекілік, құрал-жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді жене бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар меи рухани қажеттіліктердің дамуын ынталан-дыру, оқу-танымдық белсенділігін артгыру және т. б.

3. Рецептивтік. Тәрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл-күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.

4. Коммуникативтік. Мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық максатқа сәйкес қарым-катынастар орната алу білігінен байқалады.

5. Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.

6. Ғылыми-танымдық. Мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.

7. Гуманизм - бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылык, ретінде қарым-қатынас жасау, бұл қарым-қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.

Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Өзге мамандықтарға дәл осы мұғалімдік секілді соншалықты жоғары талаптар қойылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: теориялық негіздер, жаңа педагогикалық технологиялар және модель
Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары
Болашақ педагог-психологтардың менеджерлік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
Педагогикалық шеберлік және мұғалім әрекетінің қалыптасуы
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық іс-әрекеттің теориясы мен практикасы
Педагогикалық шеберлік: педагогикалық мәдениеттің компоненті, құрамдары мен әлеуметтік маңызы
Педагогикалық шеберлік және бастауыш оқытудың әдістемелік нұсқаулығы
Педагогикалық шеберлік: негіздері, мазмұны және кәсіби дамуы
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері мен құрылымдық-мазмұндық моделі
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық мәдениет: мәні, компоненттері және кәсіби педагогикалық іс-әрекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz