Проблемалық оқыту әдісі



Кіріспе.
І. Проблемалық оқыту әдісі
ІІ. Проблемалықоқытудың теориялық негіздері.
1.Проблемалап оқыту әдісінің жалпы құрылымы
ІІІ. Сабақ — оқу . тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Еліміз егемендік алғаннан бері, қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістер болуда, соның ішінде білім беру жүйесіндегі болып жатқан негізгі мәселелер қазіргі мектеп түлектерінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру болып табылуда.Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Өткен ғасырда айтылған бұл сөз бүгінгі күнде өз құндылығын жоғалтқан емес, өйткені Қазақстан Республикасы Президентінің наурыз айындағы жолдауына «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген баламасына сай қазіргі таңда оқытудың тиімді әдістерін таңдай білу әдістемесі қалыптасып жетілуде. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында: «Оқытудың неғұрлым оңтайлы әдістерін, формалары мен құралдарын таңдап алуда мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, педагогикалық ғылым жетістіктерін практикаға батылырақ енгізу керек» делінсе, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді тұжырымдамасы» білім жүйесіне үлкен жаңалық және жауапкершілік әкелуде. Бұл тұжырымдама мектепұжымында негізінен талқыланып, білім беру жүйеснің әлемдік деңгейге көтерілуіне, оқушыларымыздың қазіргі заман талабына сай экономика мен еңбек рыногында үлесімізді қосуға, ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне, өз пәніне деген біліктілігін көтеруге үлкенжауапкершілік артуда.Соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағтылығын, күшейту мақсатында әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану, тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Жаңа технология әлемнің түкпір – түкпірінен жиналған Джинни Л. Ситл, Куртис С., Занков В., Давыдов В.А., Эльконин Д.В., Выготский Л.С. сияқты білім берушілердің бірлескен еңбегімен, қазақстандық әдіскерлер: М. Жанпейісованың «Деңгейлік саралау технологиясы» теориялары басшылыққа алынып, қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.Жаңа технология элеметтерінің ішінде проблемалық оқыту әдісі кең таралған.Проблемалап оқыту әдісі.
Педагогика ғылымының дамуында «проблемалап оқыту» әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің ең басты мақсаты – ағылшын тілі ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Проблемалап оқыту әдісі – оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.
Мұндағы басты міндет – оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың
1. Қ.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. – Алматы., «Мектеп» ,2006ж.
2. К.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары. – Алматы., «Мектеп» 2006ж.
3. Давыдов В.А. Педагогика. – М., 2005ж.4 .Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. - Алматы.,«Мектеп»,1978 ж.5. Қазақстан мектебі №2, 2004ж.6. Мектептегі шет тілі №1, 2008ж.7. С.А. Насырова. Кәсіби ағылшын тілі оқу құралы.- ШАК, 2011ж.8. А.С. Емберді. Practical English grammar with exercises and texts. - Шымкент, «Нұрлы бейне», 2008ж.9. К. Жаңабаева Basic English.- Алматы, ТОО «Аквилон», 2012ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.
І. Проблемалық оқыту әдісі
ІІ. Проблемалық оқытудың теориялық негіздері.
1.Проблемалап оқыту әдісінің жалпы құрылымы
ІІІ. Сабақ -- оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Еліміз егемендік алғаннан бері, қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзгерістер болуда, соның ішінде білім беру жүйесіндегі болып жатқан негізгі мәселелер қазіргі мектеп түлектерінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру болып табылуда. Қазақтың кемеңгер ұстазы А.Байтұрсынов өз заманында Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын. Өткен ғасырда айтылған бұл сөз бүгінгі күнде өз құндылығын жоғалтқан емес, өйткені Қазақстан Республикасы Президентінің наурыз айындағы жолдауына Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады- деген баламасына сай қазіргі таңда оқытудың тиімді әдістерін таңдай білу әдістемесі қалыптасып жетілуде. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында: Оқытудың неғұрлым оңтайлы әдістерін, формалары мен құралдарын таңдап алуда мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, педагогикалық ғылым жетістіктерін практикаға батылырақ енгізу керек делінсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді тұжырымдамасы білім жүйесіне үлкен жаңалық және жауапкершілік әкелуде. Бұл тұжырымдама мектеп ұжымында негізінен талқыланып, білім беру жүйеснің әлемдік деңгейге көтерілуіне, оқушыларымыздың қазіргі заман талабына сай экономика мен еңбек рыногында үлесімізді қосуға, ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне, өз пәніне деген біліктілігін көтеруге үлкен жауапкершілік артуда. Соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағтылығын, күшейту мақсатында әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану, тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Жаңа технология әлемнің түкпір - түкпірінен жиналған Джинни Л. Ситл, Куртис С., Занков В., Давыдов В.А., Эльконин Д.В., Выготский Л.С. сияқты білім берушілердің бірлескен еңбегімен, қазақстандық әдіскерлер: М. Жанпейісованың Деңгейлік саралау технологиясы теориялары басшылыққа алынып, қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Жаңа технология элеметтерінің ішінде проблемалық оқыту әдісі кең таралған. Проблемалап оқыту әдісі.
Педагогика ғылымының дамуында проблемалап оқыту әдісі кең таралған. Бұл әдісте оқыту және таным әрекеттері өзара бірлікте қарастырылады. Проблемалап оқытудың логикалық негізі ойлау формалары болып табылады. Бұл әдістің ең басты мақсаты - ағылшын тілі ғылымының негіздерін меңгеріп қана қоймай, ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Проблемалап оқыту әдісі - оқушыларға пән мазмұнына байланысты дайын білімнің көшірмесін алуды үйрету емес, олардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытуға негізделген.
Мұндағы басты міндет - оқушылардың ойлау жүйесін жаттықтыру ғана емес, олардың ойлау жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы және игерген білім қорын одан әрі тереңдетуге қажетті зейін - зердесін тәрбиелеу болып табылады.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.
5. Проблемалық мәселелердің дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.
Проблемалап оқыту әдісінде мұғалім кейбір теориялық материалды баяндай отырып, тақырыпқа байланысты мәселелерді оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды, яғни проблемалық ахуал туғызады.
Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік.
Оқу материалы проблемалық болуы үшін келесі шарттар ескерілуі тиіс, яғни
проблемалық түсініклтілігі; оның танымдылығы; проблеманың мазмұны. Проблемалық ахуал өзіне тән сипатқа ие және ол оқушыларды ұғымдарды өздігінен меңгеруге, анықтамасын түсінуге бағыттайды немесе белгісіздерді табуға жетелейді. Қойылған проблеманың теориялық мәні мен практикалық қолданыстарын көрсетуді мақсат етеді.
Проблемалап оқыту әдісінің жалпы құрылымы

Сабақ кезеңдері
Мақсаты
Жүзеге асыру тәсілдері
Жетістігі
1
Өткен сабақтар бойынша пысықтау
Игерген білімді жүйелеп,оны практикада қолдана білу
Оқушыларға қысқа етіп жауап жаздыру немесе олардың пікірлесу арқылы білімін ауызша тексеру
Сынып оқушылары түгел дерлік өз білімдерін көрсетеді
2
Пысықтауды қорытындылау
Өтілген материалдарындың қажеттілерін жинақтап, оларды байланыстыра отырып келесі тақырыпқа көшу
Оқушылардың жеке жұмыстарына қысқаша шолу жасау
Оқушылар өз жұмыстарының нәтижесін көріп, келесі өтілетін тақырыпты қабылдауға ынталы болады
3
Проблемалық жағдай туғызу
Оқушыларды ойлауға, ынталандыруға үйрету
Проблемалық мәселені баяндап беру
Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру
4
Проблеманы шешу жолдарына болжам жасау
Бұрынғы білімдерін пысықтай отырып, жаңа материалды баяндау және оны талдауға үйрету
Оқушылармен эвристикалық (ойлап тапқыштық) бағытта әңгімелесу
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.
5
Болжамды дәлелдеу
Алынған білімді бекіту және іскерлік қалыптастыру
Пікірлесу, мысалдар келтіру және оны оқушылар көмегімен шешу
Қойылған мәселеге сын көзқараспен қарауға, талдау жасай білуге үйретеді.
6
Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру
Алынған білімді бекіту және іскерлік пен дағды қалыптастыру
Қателіктерді пысықтау, шешімді қорытындылау, тапсырмаларды орындау
Оқушылардың өздеріне деген сенімдерін орнықтырады
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы - оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады. Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.
Мен үш жылдан бері проблемалық оқыту технологиясын сабаққа пайдаланып келемін. Енді сіздерге үш жыл бойы проблемалық оқытуды өз тәжірибемде қалай қолданып, қаңдай жұмыстар жүргізгенім туралы айтып өтсем.
Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесі мен іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтардың дұрыс варианттарын шешуді қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады. Өзім дәріс беретін топтарда жаңа технология элеметтерінің проблемалық оқытуды іс - жүзінде қолданудамын. Себебі оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, шығармашылық қабілетін дамытуда, ойлануға, қорытынды жасап, ойын жүйелі айта білуге тиімдірек деп ойлаймын. Өзім дайындаған Жаттығулар жинағы атты көмекші құралдағы жаттығулар, тапсырмалар орындата отырып, жаттығу түрлеріне ажыратуға, білімдік қабілеттеріне қарай жаттығу, тапсырмалар орындатамын. Сөз соңында айтарым, оқушыны жеке тұлға және ақыл-ой зердесін дамытуда жаңа технологияның мәні зор дей келе, оқушы өзін ғана емес басқаның еңбегін де жауапкерілікпен қарап, еңбек етуіне ұйымшылдық қабілетін оятуға ынталандырады, өзін-өзі басқару, бақылау, байқампаздыққа, ақыл-ой іскерлігінің белсенділігін дамытады. Жаңа технология үрдісін әр ұстаз жүйелі пайдалана білсе, ертеңгі қоғам иелерінің білімді, білікті, ынталы болуына үлесімізді қосамыз

Қолданылған әдебиеттер
1. Қ.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. - Алматы., Мектеп ,2006ж.
2. К.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі білім беру технологиялары. - Алматы., Мектеп 2006ж.
3. Давыдов В.А. Педагогика. - М., 2005ж. 4 .Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. - Алматы.,Мектеп,1978 ж. 5. Қазақстан мектебі №2, 2004ж. 6. Мектептегі шет тілі №1, 2008ж. 7. С.А. Насырова. Кәсіби ағылшын тілі оқу құралы.- ШАК, 2011ж. 8. А.С. Емберді. Practical English grammar with exercises and texts. - Шымкент, Нұрлы бейне, 2008ж. 9. К. Жаңабаева Basic English.- Алматы, ТОО Аквилон, 2012ж.

Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.

Проблемалап оқыту әдісі ойлау операцияларын толық қамтиды, сонымен қатар оқушыларды шығармашылыққа баулуда жоғары нәтиже береді. Проблемалап оқыту әдісі дамытушылық сипатта болады, өйткені оқушы мәселені түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Бұл кезде олар білім мен іскерлікті өз беттерінше, танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді.

Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі.

11.
Даралап және саралап оқыту әдісі

Оқушылар үшін үнемі проблемалық ахуал туғызу кейде оң нәтиже бермейді. Оны оқушының білім деңгейіне байланысты түсіндіруге болады. Мысалы, қойылған проблеманы шешу үлгерімі төмен оқушыға қиынға түссе, үлгерімі жоғары оқушыға жеңіл болуы мүмкін. Сондықтан оқушылардың әрекетін бірқалыпты ұстау үшін, олардың білім деңгейін ескеріп, яғни даралап, қойылатын мәселені әртүрлі тәсілдермен түрлендіріп беруге болады.

Мысалы, 1) тұрақты айнымалылармен ауыстыру үлгерімі төмен оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Бұл кезде үлгерімі төмен оқушыларға керісінше, айнымалыларды тұрақтылармен ауыстыруға тапсырмалар берген дұрыс. Бұл сырт көзге азғана өзгерту секілді көрінгенімен шын мәнінде программаға үлкен әсерін тигізеді; 2) егер цикл ішінде цикл қандай да бір мәні бар сан болса, онда оқушыларға есепті шешу қиындық туғызбайды. Ал осы санды айнымалыға ауыстырғанда есеп күрделі есепке айналады. Мұнда алгоритмнің қолдану аймағы кеңейеді және арттырады. Осы жағдайда нақты мысалдар келтіруге болады.

1.
Автобус билетінің бір орамында қанша бақытты билет бар ? Бұл есеп жай ғана 6 рет бірінің ішіне бірі орналасқан цикл арқылы шешіледі. Ал, номердегі цифрлар саны N болса, есеп алғашқы жағдайға қарағанда әлдеқайда күрделенеді.
2.
Кестедегі ең кіші элементті табу есебін табу есебін кесте бағандарындағы элементтердің ең кішісін табу керек деп өзгертсек, онда бұл есептің алдыңғы есеппен салыстырғанда қиындық дәрежесінің артатыны байқалады.
3.
Сандық берілгендердің типін өзгерту есебі. Екі санның ең үлкен бөлгішін табу EYOБ (А,В) алгоритмін 3,2 және 2,4 сандары үшін қолдану керек. Бұл есепті шешу кезінде алгоритм алдына 10 бөлгішін шығару керектігін оқушыға ойлап табу аса мән бе, әлде жуық мән бе? - деген мәселелер ескерілуі тиіс.
4.
Есептің қарапайым шешіміі бар екені белгілі болса, күрделі шешімді қабылдамау. Мұндай есептер оқушыларды психологиялық жағыдан қызықтырады.
5.
Дайындығы жоқ қолданушыдан программаны қорғау тәсілі оқушыларды өзара жарыстыруға мүмкіндік береді. иБұл кезде оқушылар программа жұмыс істеп тұр, басқа не керек? - деген оймен программаны қатеден сақтандырмайды. Мұғалім оқушыларға бұл пікірдің жаңсақ пікір екенін айтып, программалауға өрескел қателіктер жіберуден сақтандырғаны жөн.
6.
Алгоритмдердің жалпы немесе параметрлі түрде берілгенін ескеріп қайта жасау. Мұнда оқушының берілген есепті өз бетімен түсініп шығарғанына көз жеткізу мұғалім үшін маңызды болып табылады.
7.
Алгоитмнің қолдану аймағын көрсету. Іс - жүзінде көптеген программалар көрсетілген берілгендермен қатесі болса да жұмыс істейді. Бұл жағдай программаға көрсетілген берілгендерден басқа мәндерді енгізу кезінде байқалады. Сондықтан оқушыларға программалардың қатесін есептің соңғы нәтижесі бойынша тексеріп отырудың қажет екенін айту керек. Енді саралап оқытуға тоқталайық.

Саралап оқыту деп - оқушылардың жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес топтап оқытуды айтады. Бұл кезде оқушылардың жеке қабілеті мен бейімі ескеріледі. Саралап оқыту әдісі әр оқушыны дербес ойлай алатын және өз бетінше белсенді жұмыс жасай алатын шығармашылық тұлға ретінде тануды қамтамасыз етеді.

Демек, бұл әдіс пән мұғалімнен өз бетінен жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқытуда проблемалық әдістің ерекшелігі
Проблемалық оқыту әдістерін қолдану процесін бағалау
Проблемалық оқыту технологиясы
Пробелемалық оқыту технологиясының қызметі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биология сабақтарында проблемалық оқытудың ерекшеліктері
Проблемалық оқытудың кемшіліктері
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Биология сабақтарында проблемалық әдісті пайдалану
Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі
Пәндер