Мектептен тыс тәрбие жұмыстары



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану
2.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар
2.3. Мектептен тыс тәрбие жұмыстарының элементтері
2.4. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тәрбиелеу дегеніміз адамның сана-сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат бойынша ықпал етудің сан-саналы процесі.Тек мектеп қана емес, сондай-ақ бүкіл шындықтың болмысы – жанұя, қоғам, радио, театр, кино, теледидар – барлығы да қандай формада болса да мектеп оқушыларына ықпал етеді, оның саяси және адамгершілік дамуының көзі болып саналады.Міне, сонықтан да мектеп оқушыларының тәрбиедегі күрделі де сан-алуан мәселелерін шешкен кезде тек сабақтармен ғана шектеліп қалуға болмайды.Сабақ шеңбері баланың рухани дүниесіне мұғалімнің үңіліп, баланы шындап, қызығып, талпыныс жасауға тәрбиелеуіне, мінез-құлқындағы, ағаттықтар мен қылықсыздықтарды жеңуге көмектесуіне үнемі мүмкіндік туғыза алмайды.
А.С.Макаренконың сабақтан тыс уақытта оқушылармен ешқандай ерекше тәрбие жұмыстарын жүргізудің керегі жоқ деп тұжырымдаған "теорияны” қалай келеке еткендігі бұрыннан белгілі.
Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алады.Сабақтар соңынан мектеп оқушыларына өздігінен, көбінесе инициативасымен әр түрлі қиын мәселелерді шешуге, сабақтарды дайындауға, өзі қажетті білімдердің ерекше бір қызықты саласымен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық тапсырмаларды орындауға, ата-аналарға шаруашылық жағынан көмектесуге және т.б. тура келеді.Осының бәрі одан қандай да болсын ұйымшылдық дәрежесін, ерік күшін, қажырлы еңбекті, шеберлік пен дағдыларды талап етеді.Бұл істе оған мектеп көмек беруге тиіс.Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында.
Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа, үйірмеге белсенді мүше болып, мектептегі, оқушылар сарайындағы және т.б. түрлі істер мен ойындарды ұйымдастыруы және оған қатысуы қажет.Ғылыми-зерттеу институттарының, мекемелердің түрлі тапсырмаларын орындай отырып, тәжірибемен техникалық творчествомен шұғылданып, өлке тану жорықтарына, спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар ісіне қатыса отырып, балалар білімге, кітапқа жаңаша қызығатын болады, өзінің ұйымдастырушылық дағдылырын, инициативасын мен өзіндік әрекетін дамыта түседі.
1. Айтжанова Қ. Дәстүрлі оқытудың психологиялық – физиологиялық
2. Алдияров Қ. Педагог психологиясының ерекшеліктері // Қазақстан
3. Әлімбаев Ж. Болашақ бүгіннен басталады // Қазақстан
4. Әбиев Ж., Бабаев С.т.б. Педагогика /Алматы.-Дарын.-2004.-410бет.
5. Әбенбаев С.Ш.Тәрбие теориясы мен әдістемесі /Алматы:Дарын. -2004.-152б.
6. Кеш жарық. (Құрастырған А.Жұманқұлов) Алматы, «Өнер», 1989.
7. Кәдеге жарар кеңестер. (Құрастырған М.Р. Рүстемов), Алматы «Қайнар», 1991.
8. Күлдіргі әңгімелер. (Құрастырған Қ.Саттаров) Алматы, «Жазушы», 1987.
9. Кел , ойнайық. (Құрастырған Қ.Толыбаев) Алматы, «Өнер», 1990.
10. Сайыстар. (Құрастырған Т.Піралиев) Алматы, «Қаз.мем.бас.», 1963.
11. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық сайыстары Алматы «Рауан», 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану
2.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар
2.3. Мектептен тыс тәрбие жұмыстарының элементтері
2.4. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тәрбиелеу дегеніміз адамның сана-сезіміне және қылықтарына белгілі мақсат бойынша ықпал етудің сан-саналы процесі.Тек мектеп қана емес, сондай-ақ бүкіл шындықтың болмысы - жанұя, қоғам, радио, театр, кино, теледидар - барлығы да қандай формада болса да мектеп оқушыларына ықпал етеді, оның саяси және адамгершілік дамуының көзі болып саналады.Міне, сонықтан да мектеп оқушыларының тәрбиедегі күрделі де сан-алуан мәселелерін шешкен кезде тек сабақтармен ғана шектеліп қалуға болмайды.Сабақ шеңбері баланың рухани дүниесіне мұғалімнің үңіліп, баланы шындап, қызығып, талпыныс жасауға тәрбиелеуіне, мінез-құлқындағы, ағаттықтар мен қылықсыздықтарды жеңуге көмектесуіне үнемі мүмкіндік туғыза алмайды.
А.С.Макаренконың сабақтан тыс уақытта оқушылармен ешқандай ерекше тәрбие жұмыстарын жүргізудің керегі жоқ деп тұжырымдаған "теорияны" қалай келеке еткендігі бұрыннан белгілі.
Сабақтан тыс уақыт оқушылар өмірінде едәуір орын алады.Сабақтар соңынан мектеп оқушыларына өздігінен, көбінесе инициативасымен әр түрлі қиын мәселелерді шешуге, сабақтарды дайындауға, өзі қажетті білімдердің ерекше бір қызықты саласымен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық тапсырмаларды орындауға, ата-аналарға шаруашылық жағынан көмектесуге және т.б. тура келеді.Осының бәрі одан қандай да болсын ұйымшылдық дәрежесін, ерік күшін, қажырлы еңбекті, шеберлік пен дағдыларды талап етеді.Бұл істе оған мектеп көмек беруге тиіс.Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетін нақтылы жүйемен ұйымдастырудың қажеттілігі де осында.
Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа, үйірмеге белсенді мүше болып, мектептегі, оқушылар сарайындағы және т.б. түрлі істер мен ойындарды ұйымдастыруы және оған қатысуы қажет.Ғылыми-зерттеу институттарының, мекемелердің түрлі тапсырмаларын орындай отырып, тәжірибемен техникалық творчествомен шұғылданып, өлке тану жорықтарына, спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар ісіне қатыса отырып, балалар білімге, кітапқа жаңаша қызығатын болады, өзінің ұйымдастырушылық дағдылырын, инициативасын мен өзіндік әрекетін дамыта түседі.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану
Мектепте еңбек пәні бойынша оқушылардың сарамандық жұмысын дұрыс ұйымдастыру және жасау балалардың еңбекке тәрбиелеудегі олардың ролі аса зор болмақ. Бұл істе оған мектеп мұғалімдердің көмегі өте қажет.Еңбек пәні бойынша әр түрлі үйірмелер ( пішу және тігу, аспаздық, қолданбалы өнер т.б.), оларды қызықты және үлкен жауапкершілікпен үйірме жетекшілердің өткізуі - оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің маңызды құралы.Және де үйірмелер оқушылардың білімдерін тереңдетіп, дағдыларын дамытып, істің шебері болуына ықпал етеді, олардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылады. Сондықтан да, диплом жұмысының тақырыбы маңызды және көкейтесті.
Қосымша дамыту балаларға-жалпы бiлiм беру ұйымдарындағы мектепке дейiнгi жастан бастап мектеп бiтiрушiлерге дейiн, сонымен бiрге олардың ата-аналары, сондай-ақ осы жүйеде жұмыс iстейтiн ұстаздар үшiн қажет болып табылады. Мектептен тыс мекемелердегi балалар саны жылдан-жылға көбейюде. Ал бұл, балалардың сабақтан бос уақытта сүйiктi жұмысымен айналысатының бiлдiредi. Сонымен, мектептен тыс мекемелер тек дамыту, тәрбиелеу ғана емес сондай-ақ алдын-алу функциясын атқарады.
Мектептің тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі − мектептен тыс жүргізілетін жұмыстар болып есептеледі. Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін мектептен тыс уақытта жүргізілген жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізеді.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс, тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтыруын қамтамасыз етеді. Біз өмірімізде бос уақыттың рөлін айырықша танимыз. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс.
Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.
Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі - бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт - бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі. Ғылыми - техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан - жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Теледидар көрсетілуінің молдығы мен бейнелеу сапасының жақсаруы, тұрғындардың демографиялық құрамының өзгеруі, яғни жасы ұлғайған адамдар мен зейнеткерлердің көбейуі, келешекте мәдени - ағарту және ойын - сауық мекемелерінің басты бәсекелесі теледидар болуы ғажап емес. Сондықтан адамдар рухани өмірдің жай тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болуы үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды. Осыған орай, мектепте атқарылатын маңызды мәселелерді ескере отырып, енжарлыққа, тұтынушылыққа, маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес жүргізуді жолға қою керек. Бұл үшін міндетті түрде балалардың бос уақытында орындалатын іс - шараларды ұйымдастыру, тәрбиелік бағыттағы жұмыс түрлеріне адамдарды көптеп тарту, әлеуметтік белсенділікті жандандыруға бағытталған тәрбие және мәдени - ағарту жұмыстарының сапалық деңгейін көтеру қажет.
Бос уақыт дегеніміз еңбек етуге, үй жұмысы мен басқа да тұрмыстық қызмет, сонымен қатар физиологиялық қажетімізді (ұйықтау, тамақтану, жеке адам гигиенасы, т.т) қанағаттандыруға кететін уақыттарды есептемегендегі жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі. Бос уақыттың жұмыстан тыс уақыттардың басқа түрлерінен айырмашылығы - мектеп оқушылары оны өз қалауынша еркін пайдалана алады.
Сабақтан тыс уақытты қалай ұйымдастыруы керектігі озық ойлы адамдарды ертеден - ақ толғандырған. Босқа өткен уақыт ішінде адам қандай жұмыстарды атқара алар еді. Осы тұрғыдан біздің қоғамымызда бос уақыттың зая кетуін болдырмау шаралары қандай нәтиже беретінін анықтауды қажет етеді. Бұл - өмірдің барлық жақтарын түгел қамтитын зор міндет.
ХХ ғасырдың екінші жартысында техникалық прогресс жедел қарқынмен дамыды. Өмір сүріп отырған дәуірімізде информацияның берілу көлемі, жылдамдығы, тездігі, ірі ғылыми жаңалықтардың жиі ашылуы, уақыттың тез өтуі мен оның құны барған сайын артып отыр. Уақытын бекер өткізген адам ұтылған адам болып есептелінеді. [7.12]
Бос уақыт адамның қалауына сай ұйымдастырылады. Кейбіреулер бос уақытын көркем шығарма оқумен өткізуді қаласа, ке йбіреулері телевизор көруді, ал енді біреулері табиғат саясында жан сергіткенді ұнатады.
Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі өздерінің бос уақыттарын ең алдымен оқуға, білімін жетілдіруге, көркем әдебиетті және күнделікті баспасөз жаңалықтарын оқып - білуге, музейлерге, парктерге, көрмелерге баруға пайдаланады.
Ал қазіргі уақытта ата - аналардың балалармен қарым - қатынасы басқаша. Жастар еңбекке бұрынғыдан әлдеқайда аз араласады және олар ата - аналарымен үнемі бірге бола бермейді. Жас өспірімдердің дене бітімінің жетілуі тез өсуде, яғни акселерация құбылысы, сондай - ақ кейбір ата - аналар мен балаларының білім деңгейінің арасындағы айырмашылықтар қосымша қиындықтар тудырып отыр. Сондықтан барлық ата - аналардың педагогикалық және психологиялық білімге ден қоюы, олардың тәрбиелеу дағдыларын жетілдіруі айрықша маңызды. Бұл тұрғыдан келгенде ата - аналардың арнайы оқу жүйесін, бәлкім мектептерде педагогикалық кеңестер ұйымдастыру қажет сияқты. Бұған жұмсалған күш зая кетпесе керек. Бос уақытты барынша тиімді пайдалану көптеген жастарды толғандыруда. Ол ең алдымен адамның өзіне, оның қажеттілік сипатына және мақсат ауқымына, оның әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Адам бос уақытында тау аралап, сырғанақ тебуге де, фильм немесе спектакль көруге де немесе өзі ұнататын тақырыпта реферат жазуға да не қызықты ғылыми, әдеби - көркем кітап оқуға да үлгереді.
Бос уақыттың пайдаланылуы көп ретте жеке адамның өндірістегі іс - қызметі мен ол жүзеге асыруға атсалысатын мәселелерге тәуелді және белгілі бір коллективтің сол адамға деген талап - тілегімен айқындалады. Бос уақыттағы әрбір іс - әрекет, қимыл (мақсатсыз демалыстан басқасы) осы екі міндетті де атқарады. Мысалы, серуендеу, дене шынықтырумен шұғылдану - тынығумен қатар, жеке адамның эстетикалық тәрбиесіне де игі әсерін тигізеді. Бос уақытта қандай тиімді жұмыспен айналасуға болады? Мұнда ең алдымен қоғамға пайдалы творчествалық іспен шұғылдануға, материалдық және рухани байлықтарды(техникалық творчества, өзіндік білімін жетілдіру, қоғамдық жұмыстармен, балаларды тәрбиелеумен) немесе мәдени қазыналарды(кітап, газет - журналдар, театр, кино, телевизиялық хабарлар, т.т) пайдалануға болады. Адамның өзін - өзі толығымен меңгеруі, өзінің икемділігін, ептілігін ұштауы, адамгершілік қасиеттерін жан - жақты қалыптастыруы, эстетикалық жағынан дамуы үшін адамға, қоғамға пайдалы қызмет етудің тигізетін ықпалы зор.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысында қойылатын негізгі талаптар
Тәрбие жүйесінде сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі балалардың тұлғалық және жас ерекшелігіне қарай анықталады. Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты − сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, қоршаған ортаға қызығушылығын ояту, қоғамдық белсенділігін шыңдау, бос уақытын ұйымдастыруды көздейді.
Мұғалім оқушыларды сабақтан тыс уақытта қарым-қатынас жасауға, әртүрлі жағдайда баланы зерттеп, ол туралы мәлімет жинауға мүмкіндік алады.
Педагогикалық энциклопедияда мектептегі тәрбие жұмысының барлығы сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, сыныптан тыс тәрбие жұмысы деп аталады.
Бүгінгі таңда тәрбие жұмыстары оқушы тұлғасын тәрбие субъектісіне айналдырып, педагогикалық талаптарды орынды, белсенді қабылдап, өзінің сапалық қасиеттерін жетілдіру мақсатын көздейді. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын үйірмелер және тәрбие жұмыстарында балалардың өз бетімен жұмыс істеуіне кең мүмкіндіктер жасалады. Өздігімен басқаруға және дербестікті дамытумен үйлестірілуімен ерекшеленеді.
Мектеп практикасында сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына тек белсенді оқушыларды тарту әдетке айналуы кемшіліктердің бірі болып келеді. Неғұрлым қиын балаларды қызықты тәрбие сағаттарына тарту − олардың дұрыс өмір жолына түсуіне, ұжымдық іс-әрекетке қатысу ынтасының тууына ықпалын тигізеді. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың бұқаралық сипатта немесе жаппай оқушыларды қамту тұрғысында жүргізілуі басты ерекшелік болуы тиіс. Бірақ сыныптан тыс тәрбие жұмысының топпен және жеке оқушылармен ұйымдастырылатын түрлері бірін-бірі толықтыра түседі.
Бос уақытты демалыстың кең тараған түрлерімен - туризм, саяхат, серуендермен өткізуге болады. Осы аталғандардың барлығы адамның эстетикалық талғамын ұштап, қасиеттерін биіктете түседі.
Бос уақытта адам бойындағы көркемдік бастаманы көркемөнерпаздар үйірмесінде де ұштай түсуге болады. Рухани қажеттеріміз түрлі мәдениет мекемелері, жалпы информация мен насихат құралдары көмегі арқасында қанағаттандырылуда. [8. 57, 60]
Дене тәрбиесі, спортпен айналысу бос уақытты мәнді өткізудің бірден - бір тиімді жолы. Өйткені адамның жан - жақты қалыптасуында, оның дене бітімін жетілдірудің орны ерекше.
Бос уақытты тиімді пайдалану әр оқушының қалауынша жүзеге асырылатын жұмыс дедік. Өйткені бұл әлеуметтік мәселе.

Мектептен тыс тәрбие жұмыстарының элементтері
Мектептен тыс тәрбие жұмыстарының элементтері мен компоненттері туралы бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау және мектептердегі қолданылуын зерттей келе, сыныптан тыс тәрбие жүйесін жеке-топтық компонент, мазмұндық компонент және іс-әрекеттік компонент деп бөлуге болады.
Сыныптан
тыс жұмыстардың компоненттері
Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық элементтері

Жеке-топтық компонент
1. Сынып жетекшісі
2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы
3. Оқушылардың ата-аналары
4. Тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер