Тарихты оқытуда әдістемелік технологияларды пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімТарих сабақтарында оқушылардың ұлттық рухын көтеруРухани-адамгершілік тәрбие беруТарихты оқытудағы әдістемелік технологияларды дұрыс пайдалана білу жолдары
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақ халқы ғасырлар бойы атадан-балаға мирас болып отырған елі мен жерін көзінің қарашығындай сақтап ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізген. Қазақ елі сан ғасырлар бойы елдігін сақтау үшін күрес, ұрыс-соғыс, жорық-майдан жолдарынан өтті, қаншама дәуірлерді, қасіретті, қайғылы жағдайларды, қысылтаяң кезеңдерді бастан кешірді, ержүрек, батыр ата-бабаларымыз сол жолда мерт болды. Сондағы алыстан бұлыңғырлана, бұлдырай елес болып көрінген, асыл арманымыздай болған ең басты, ең түпкілікті мақсатымыз - еліміз бен жерімізді аман сақтап, бостандық, еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіздік туын тігу еді.

Тарих беттеріне көз жіберсек, ата-бабаларымыз әр ғасыр өткенде ерлік-патриоттық сезімі ұдайы дамып отырғандығын байқаймыз. Халық сарқылмас рухани дүниесін, жауынгерлік патриотизмін, шексіз батылдығы мен қайталанбас ерлік істерін, қайтпас жігерін тірек ете отырып, ерлік дәстүрлерін жасады. Себебі қазақтың ұлан ғайыр даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» аман сақтап келген. Басына қауіп төніп тұрған кезде бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұрып оны жеңе білу нағыз шынайы Отансүйгішітік қасиет болып табылады.

Батыр бабаларымыз қазақ елінің басын қосып, жауынгерлік ерлік мектебінің негізін салған. Патриотттық сезім ұрпақтан-ұрпаққа дамып, нығайып жетіліп отырады. Себебі, өскелең ұрпақ ата-бабаларының жасаған ерліктерінен үлгі алады. Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрінісі - ерлік. Патриоттық сезім ең күрделі, өткір әлеуметік жағдайларда ерлік көрсетуімен байланысты көрінетіні белгілі. Адамзат қоғамы тарихын сонау ежелгі заманғы уақыттардан бергі ерлік істерісіз елестетету мүмкін емес.

Ерлік, отаншылдық дәстүрлерімізді жандандыру, өмірін ұзарту оны игеру арқылы бойға сіңіру күрделі іс. В. Дальдың түсіндірме сөздігінде «Ер» деген сөз ержүрек, жауынгер, жасампаз күрескер, батыр, жауынгер, жалпы соғыста да, бейбіт өмірде де жасампаз жәрдемші деп түсінідіріледі. «Ерлік - жасампаз, айбарлы, батырлық, жанкештілік», - деп көрсетеді [2. 24] .

Яғни, ерлік тәрбиесі дегеніміз - ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге ұлттық сана-сезімін қалыптастыра отырып отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі күн тұрғысынан алып қарайтын болсақ, егеменді еліміздің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың санасына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты ендіру.

Негізгі бөлім

Тарих сабақтарында оқушылардың ұлттық рухын көтеру

XX ғасырдың ортасына дейін қазақ халқы өз тарихында талай-талай заман тауқыметін тартып, жер бетінен жоңғар елі сияқты құрып кету қаупіне де душар болған. Қазақ халқы елі мен жерін жауға бермей ұрпақтарына аманаттауы бұл ұлттық рухтың биік шыңы деуге болады. Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі тарих ғылымында нақты тарихи деректер мен дерекнамалық құжаттар негізінде көрініс табады. Әдетте батырдың өскен ортасы, қоғамдық-саяси батырдың ерлігі, шежірелік сипаттау, халық арасында беделі жайында хронологиялық тұрғыдан жылдық есептеулер мен дәл мағлұмат алуға болады. Дегенмен, тарихи деректерге сүйене отырып, академик М. Қозыбаев өзінің тарихи зерттеулерінде батырлар өмір сүрген қоғамды төмендегідей кезеңдерге бөліп көрсетеді:

- V-VII ғасырлардағы Күлтегін заманындағы Түркілердің ерлік тарихы;

- Алтын Орда тұсындағы ерлік тарихы;

- Орта ғасырлардағы қазақ-қалмақ соғысының тарихы;

- Орыс патшасының отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі;

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ батырларының ерлік тарихы.

Жоғарыдағы тарихи кезеңдерге сүйене отырып, қазақ батырларының қаһармандық бейнесі туралы түсінік беруге талпысын жасаймыз. VI-VIII ғасырлардағы қазақ даласын мекендеген Ұлы түркі империясының батырлары Күлтегін, Білге қаған, т. б туралы деректер бар. Оның ақиқаттығын Орхон-Енисей өзендерінің бойында табылған тас жазуларында қалдырылған отансүйгіштік мағынадағы өсеиеттерден көреміз: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, түн отырмадым, інім Күлтегінмен бірге мемлекетті нығайттым», - деп баяндалады [3, 37] . Яғни, күні бүгінге дейін мағынасын бермеген осындай отансүйгіштік мәні зор өсиеттерден оның ерекше қасиеттері, бауырмалдығы көрінеді.

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді XVIII ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткерлері патриотизмнің арқасында жоңғарлардың шапқыншылығы кезіңдегі күресте қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі мен бостандығын сақтап қалды. Мұна Қазыбек бидің жоңғар ханы Қонтажыға айтқаны: «Біз - қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан ешбір сөз асырмаған елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Атадан ұл туса құл болам деп тумайды, анадан қыз туса, күң болам деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз . . . Берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөнінді айт, не ұрысатын жеріңді айт?» - деген сөздерінен де айқын аңғаруға болады [4. 45] .

Бізге жеткен деректерде халықтың бірлігін, елдің тұтастығын қорғау үшін батырлар мен хандар Бейбарыс сұлтан, Жалаңтөс батыр, Қарасай батыр, Есет батыр, Жәнібек батыр, Әбілхайыр хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Абылай хан, Райымбек батыр, Жәңгір хан, Кенесары хан, Махамбет пен Исатай, Есет батыр, Амагелді Иманов және Ұлы Отан соғысы жылдарында Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, Р. Қошқарбаев ерлік көрсетіп, батырлығымен қаһармандығымен әйгілі болған. Біз ұлы бабаларамыз ержүрек азаматтардың Ұлы Отан соғысында Отанға деген ыстық сезімін, өз ұлтының намысы, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау үшін кеуделерін оққа тосып, Отан қорғау жолында жанқиярлық ерлік көрсеткенін білеміз.

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың береке-бірлігін, ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы - өз Отанын жаудан қорғау екендігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз. Бұқар жырау: .

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы,

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы, - деген екен [5, 84] .

Қазақ даласының айбынды ақындарының бірі Махамбет қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді өмір бойы армандап кеткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатаймен бірге халықтың ерлігін, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етеді.

Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиесі, ұлы қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері - отаншылдыққа тәрбиелеуде үлкен орын алып, осы міндеттерді шешуге көмектесері сөзсіз. Сондықтан, бабалардың ерлігі адамгершіліктің отаншылдыққа толы, асқақ рухы күні бүгінге дейін ел аузында, оны халық тәрбие ісінде үлгі етеді.

Рухани-адамгершілік тәрбие беру

Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімнің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.

Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің ұйымдастыруымен іске асуы қажет. Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау - бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған ата-аналар мен педагогтардың күнделікті көңіл бөлулері талап етіледі.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа . . . », «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі - адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан да ескірмейді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиет. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады», -дейді. Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Тарихты оқытудағы әдістемелік технологияларды дұрыс пайдалана білу жолдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары
«Дәстүрлі емес тарих сабақтары»
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқытуда жаңашыл педагогтар және оның идеялары
Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері
Оқытудың көрнекі-құралдарының түрлері
Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану
Мемлекет тарихы институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz