Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер
2.2.Жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік өзектілігі
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ұрпақ тәрбиесі – қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелер. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп данышпан әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Саналы студент қауымының тәрбиесіне «екпін» түсіретін семинар оларды ақыл-парасаты мол, ізетті де кішіпейіл, бастысы – мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу ісінің тек ата-анаға артылған жүк қана емес, ұстаздың да ұлы міндеті. Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны – технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, «саңылауын» батыстың «батпағы» бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен бай тәрбиелік қазынасын оқу-тәжірибесіне қолдану кезек күттірмейді.
Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына сап түзеу үшін ең алдымен ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуге міндеттіміз. Рухани тәрбиемен нұрланбаған жас өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесін ғана ойласа, онда ол ешқашан елінің өркендеуіне үлес қоса алмайды. Сондықтан да біз жастардың бойына адамгершілік пен ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, Отанына адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет.
1. Мехмет Соймен. Ғылым халық. Стамбул. 1991-144 бет.
2. А. Сейдімбек «Ұлттық идея». Мемлекет. №33 (2819) 15.08.2003, 4-5 беттер.
3. Сайын Борбасов. «Бүгінгі идологияның міндеті не?. Саясат. №19 (2753). 10.5.2002 ж.
4. Словарь по этике. Под редакцией И. С. Кона. Москва. Издателство «Политической литературы» 1981.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер
2.2. Жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік өзектілігі
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі - қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелер. Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, деп данышпан әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына буынып-түйінген мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы - бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Саналы студент қауымының тәрбиесіне екпін түсіретін семинар оларды ақыл-парасаты мол, ізетті де кішіпейіл, бастысы - мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу ісінің тек ата-анаға артылған жүк қана емес, ұстаздың да ұлы міндеті. Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны - технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, саңылауын батыстың батпағы бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны. Осы орайда, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен бай тәрбиелік қазынасын оқу-тәжірибесіне қолдану кезек күттірмейді.
Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына сап түзеу үшін ең алдымен ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуге міндеттіміз. Рухани тәрбиемен нұрланбаған жас өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесін ғана ойласа, онда ол ешқашан елінің өркендеуіне үлес қоса алмайды. Сондықтан да біз жастардың бойына адамгершілік пен ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, Отанына адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет.

Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер
Адамгершілік тәрбиесі - тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының жалған дүниеде және ахіреттегі бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық міндеттерін түсіндіреді (1). Адамгершілік - әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани - адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзегінен жасанды коммунистік идеялармен айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз, нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар етті. Жақсылық пен жамандық ой мен іс-әрекеттер оның парқын жіті түсінбеуден болады. Басты мұрат - метериалдық құндылық деп бой алдырушылықтан - қанағатсыздық, ысырапшылдық, атаққұмарлық, парақорлық, сыбайлас жемқорлық және т.б қасиеттерді көреміз. Құмар ойнау, шарап ішу, анаша, шылым шегу, жезөкшелік сияқты жаман қасиеттерде тән мен жан құмарлығын тежей алмау амалдарының әлсіздігі мен дұрыс қалыптаспауынан және адамгершіліктік сананың жетілмеуіне тән құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесі қоғамның моральдық талабына сай тәрбиелеушінің сезімі, мінез-құлқы, санасына мақсатты және жүйелі ықпал ете отырып, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыру делінеді. Сол адамгершілік тәрбиесінің қазіргі кездегі методологиялық, теориялық, әдістемелік ахуалына тоқталатын болсақ: оның кеңес дәуірінің бағыт-бағдарына лайықталған ғылыми - әдістемеліктерінен және бірең сараң адамгершілік мәселесін көтерген мәселелерден ары аса алмай отырмыз.
Педагогикалық әдебиеттерде, діни насихаттауда тәрбие (адамгершілік тәрбиесінде) проваславие діни руханилықтың негіз етіп көрсету кең тараған. Мұсылман дінінде шариғат мәселесін түсіндірудің өзі самырқау жүріп жатқаны белгілі. Сондықтан, дін арқылы адамгершілік-этикалық ілімді түсіндіріп алуға болады деп ағаттық болар еді. Дінге мойын бұрудың өзі адамның тән және жан қажеттілігіне байланыс әр адамда әр кезеңде туындайды. Егер, осыны ескеретін болсақ және білім беру жүйелеріндегі адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі ахуалы мен қоғамда қалыптасып отырған адамгершілік көріністер мемлекет тарапынан саясат пен идеологияның кешенді іс-әрекетін қажет етеді.
Филология ғылымының докторы, профессор А.Сейдімбек: Ұлттық идея атты мақаласында: Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктеріне қарамастан, қоғам үшін ұзақ мерзімді идея болатындай идеология қалыптаспай отыр. Қазақстан халқы әзірше ситуациялық іскерлік пен ситуациялық сәттілікті көбірек қолданып отырған жайы бар. Ал, ұлт тағдыры, мемлекет тағдыры объективті ақиқаттың бетіне тура қарап, стратегиялық тегеурінді идеалды нысан етуді қажет етеді... Ол идея - қазақ идеясы... Бұл тұрғыда, қазақ идеясын қазақстандық идея немесе ұлттық идея деп те атауға болады, - деп көрсетеді.
Саяси ғылымдарының докторы, профессор С.Борбасов: Идеология - әлемдік жалпы құбылыс. Жер шарында 200-дей тәуелсіз мемлекеттер болса, олардың әрқайсысының мемлекеттік идеологиясы бар. Мемлекеттік саясат бар жерде идеологияның болмай қоймайтындығы - әлемдік саяси өмірдің заңдылығы. Саясат сияқты идеологияда да жалпылық сипат бар. Саясат - билік пен басқарудың жолдары болса, идеология - саясаттың мән-мағынасын халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет атқарады. Идеология саясат пен идеологияны еш уақытта бір текті категориялар ретінде қарастыруға болмайды. Саясат - қоғамдық өмір мен қатынастарды ұйымдастыру сферасы болса, идеология - осылар туралы танымдық жүйе, - деп көрсетеді.
Осы орайды көршілес Ресей елінің қоғамдық өмірі мен қатынастарды ұйымдастыру саясатына үңіліп көрейік. Ресей Федерациясы 2001-2005 жылдардағы азаматтардың патриоттық тәрбиесі деп аталатын мемлекеттік бағдарламасын РФ Үкіметінің №122 16 ақапан 2001 жылы қаулысы шықса, ал 2003 жылы мамыр айында Ресей Федерациясы азаматтарының патриоттық тәрбие тұжырымдамасы қабылданды. Рессейлік ғалым В.В. Макаров: Патриотизм кез-келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтық ғасырлар бойыға тұтастығын қамтитын құбылыс, - деп көрсеткен болатын. Патриотизм - (гректің patre - Отан) қоғамдық және адамгершілік принципі. Патриотизм жөнінде Қазақстан ғалымдары Қазақстандық патриотизм, Ұлттық патриотизм турасында дембіл-дембіл аз ой-пікірлерн білдіруде.
Дегенмен, адамгершілік ілімдерін шығыс ақындары, ғұлама ғалымдары мұраларының өзегі болды. Фирдоси, Саади, Омар Хаям, Низами, Новои, Руми, Яссауи, Баласағұн, Абай, Шәкәрім және т.б. Қазақ халқының ауыз әдебиеті тұнып тұрған адамгершілік мәселесі. ХІХ ғасырыдың соңында ХХ ғасыр басында өмір сүрген қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. мұралары мен іс-әрекеттері адамгершілік үлгісі бола алады. Малым - жанымның, жаным - арымның садақасы деп қалыптасқан халқымыз үшін Ар (адамгершілік) ілімі бәрінен де биік еді. Адамгершілік тәрбиесінің аясында патриоттық тәрбие де қаралып, қанат жаяды.
Қазақстан Республикасның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақ өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқының 2006 жылғы жолдауы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыруда қазақстандықтардың адамгершіліктік келбетін биіктету мәселесі өзекті мәселенің бірі болуы керек. Осы орайда мемлекет тарапынан кешенді іс-әрекеттің болуы уақыт талабынан туған қажеттілігі.
Түрлі сала ғалымдары-дінтану, саяси, философия, педагогика, психология және т.б. ғылымдар пәндік зерттеулері арқылы қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері
Экологиялық тәрбие беруде физиканың рөлі
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Тіл-халық қазынасы
Мұғалім атқаратын қызметі
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы
Пәндер