Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімТұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіруЖас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие беру
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру.
Әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінезі - құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф. Г. Гиддингс, (1887 ж. ) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру - тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т. б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект - объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам -оның объектісі) . Бұл ұғым - пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч. Кули жоне Д. Г. Мид ұстанды.
Жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие беру
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші - мегафакторлар (мега- ете үлкен) - космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші - макрофакторлар (макро-үлкен)
- ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүрстін
тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші - мезофакторлар (мезо-орташа)
- тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке
қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру
жағдайы.
Микрофакторлар - белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдъщ, діни, мемлекеттік, жеке үйымдар, микросоциум.
Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке түлғаны қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында іс-эрекет пен адамның мінез-құлқы жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде келеді.
Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік тәрбиенің мазмұны;
- ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғаны
әлеуметтендіру;
- жастардың адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөліктері: отанға деген сүйіспеншілік, халықаралық мәдени қарым-қатынас, еңбекке деген жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез-құлық мәдениеттілігі, эстетикалық және дене дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері, жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен қарым-қатынасы, . орта және тәрбие
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э. С. Маркарянның ойъшша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет - материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латьш тілінен аударғаңда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты деріптеп кетеру. Рим ораторы М. Р. Цицерон өзінің
«Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж. д. д. ) . Э. Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік денгейінде зерделеген.
С. Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген. Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А. К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М. С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz