Тәрбиеші міндеттері мен ұйымдастырушылық қызметі



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тәрбиеші міндеттері
2.2. Тәрбиеші шығармашылығының жұмыс мазмұны
2.3. Балалар ұжымы . аға тәрбиешінің ұйымдастырушылық қызметінің негізі
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында Тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәденижұмыстарынжүргізеді. Тәрбиешіпед. оқуорындарындадаярланады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, бейіні бойынша жоғары білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес; біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта) және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес. Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
1. Иншаков О.В Развитие и корр. графо- моторных навыков у детей 5-7 лет. Корр.Пед(Владос) 2005г.
2. Козлова В.М. Психол.коррекция умственного развития школьников. Академия.2001г.
3. Дружинин В.Н. Психология – Питер; 2002.
4. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тәрбиеші міндеттері
2.2. Тәрбиеші шығармашылығының жұмыс мазмұны
2.3. Балалар ұжымы - аға тәрбиешінің ұйымдастырушылық қызметінің негізі
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тәрбиеші - оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында Тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші пед. оқу орындарында даярланады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Білім туралы, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, Неке және отбасы туралы Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, бейіні бойынша жоғары білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес; біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта) және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес. Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.

Тәрбиеші міндеттері
Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады. Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
Медицина қызметкерлермен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.
Білім беру ұйымының аға тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға және олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім беру ұйымының кеңесімен және балалар ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, тәрбиеленушілермен (білім алушылармен) жалпы-мәдени жұмыстар жүргізеді.

Тәрбиеші шығармашылығының жұмыс мазмұны.
Мақсаткерлік
Мақсатқа жету жолындағы міндеттерді белгілеу және оны жүзеге асыру
Мақсатқа сай белгілі бір мәселелік тақырыппен айналысу
Озық үлгідегі педагогикалық тәжірибені өз тәжірибесімен шебер ұштастыра білу
Оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың технолгияларын, әдіс-тәсілдерін оқып үйрену, меңгеру.
Тәрбиеші шығармашылығы
Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне білім беру технологияларын, озық тәжірибелерді енгізуде оларды белгілі бір бақылаудан өткізу
Атқарылған жұмыстың нәтижесін бағалау, қорытындысын шығару
(диагностикалық зерттеу, рейтинг мониторинг)
Шығармашылық жұмысын әртүрлі шараларды қорғап, жетістікке жету.
Шығармашылық жұмыспен айналысу нәтижесінде қазіргі заманға лайық рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияларды меңгерген, білімі мен білігі жоғары тәрбиешілерден шығармашылық топ құрылады. Шығармашылық топ жұмысы әдістемелік жұмысты жандандырудың тиімді түрі және жаңалықтың жаршысы. Шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің жетістігін игере білу, оның өсуіне ықпал ету, басқаға үлгі етіп отыру - үлкен мәні бар еңбек. Сондықтан шығармашылық топ жоспары бойынша семинарлар, көрме, ашық сабақтар, интелектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.
Мамандардың біліктілігін шыңдайтын, сынайтын шаралардың бірі - аудан, облыс көлеміндегі байқау-сайыстар десек, осындай шараларға қатысатын тәрбешілерді өтілетін шараның мақсат, міндеттеріне сай етіп дайындау, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан көмек беру шығармашылық топтың ең басты міндеті болып саналады. Ал шығармашылық топ жұмысының нәтижесі шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер тәжірибелерін жинақтап таратуды, педагогикалық жетістіктерді насихаттауды көздейді.
Мемлекет пен ата-ана тәрбиешіге өзінің ең қымбатты асылын, халықтың болашағы сәбиінің тағдырын барлық ықылас ниетімен сеніп тапсырады. Мұндай сенім мектепке дейінгі мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазақтың алғашқы қайраткері әйелдер арасынан тұңғыш рет балаларды жұмыс кезінде қоғамдық орында тәрбиелеу үшін балабақшалар ашуға зор мән берген ағартушы Нәзипа Құлжанова тәрбиешінің ұстаздық бейнесін, педагогикалық кәсіби мамандықтың негізі саналатын адамгершілік қасиетті жоғары бағалаған. Бұлжағынан алғанда Нәзипа Құлжанова балабақша тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді
Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді,сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс-деп жазды. Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды,қажетті және жауапты іс болып қала бермек.

Балалар ұжымы - аға тәрбиешінің ұйымдастырушылық қызметінің негізі
1 бөлім.
Ұжым - бұл ортақ әлеуметтік маңызы бар, қызметтес, осы қызметті ұйымдастырушылар, бірлік, ынтымақ арқылы ерекшеленетін,жалпы жауапкершілік атқаратын, барлық мүшесіне міндеттер бірдей бөлінетін тәрбиеленушілер тобы.
Ұжым теориясын құрастырған көрнекті отандық педагог өкілі Антон Семенович Макаренко (1888 - 1939).
Ол ұжым өмірінің заңын қалыптастырды: қозғалыс - ұжым өмірінің қалпы, тоқтау - оның ажалы, ұжымның даму принциптерін анықтады (жариялылық, жауапты тәуелділік, болашақ бағыты) ұжымның даму кезеңдерін мүшеледі.
Ұжымның даму сатылары.
1. ұжымның қалыптасуы (алғашқы бірігу сатысы). Ұжымның ұйымдастырушысы - педагог, одан барлық талаптар шығады.
Ұжымда белсенділер анықталып, тәрбиеленушілер бір мақсат негізінде бірігіп, ортақ ұйым, ортақ қызмет жасай бастағагда даму сатысының бірінші кезеңі аяқталды деп саналады.
2. ұжымның құрылымын тұрақтандыру.
Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе сияқты қалыптасады, мұнда өздігінен ұйымдасу және реттелу механизмі істей бастайды.
Педагогтың бұл сатыдағы негізгі мақсаты - ұжымның бар жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру, яғни ұжым не мақсат үшін құрылса, соны шешу болып табылады.
Ұжым дамуының бұл сатысында жарыстар да, ұжым және кей оқушылар арасындағы келіспеушілікті жеңу, жалпы және жеке болашақ жоспарлар, оқушылардың жеке топтары арасында.
3. ұжымның гүлденуі.
Бұл кезеңде ұжым әр мүшесінің жеке дамуының құралына айналады.
Жалпы тәжірибе, құбылыстың біркелкі бағасы - ұжым дамуының үшінші сатысының өзіндік ерекшеліктерінің негізгі белгісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы балалардың музыкасы
Тәрбиешінің тұлғалық қасиеттерін ұйымдастыруда әсерін анықтау
Балабақшада атқарылатын жұмыстармен танысу
Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау
Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісі
Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Сынып жетекшісінің міндеттері
Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Пәндер