Үштұғырлы тіл


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімҮштұғырлы тіл өмірлік қажеттілікҮштұғырлы тіл - оқушыларға ағылшын тілін үйретуҚосымша білім беру
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралы ойды Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталған халыққа Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлылығы» - «Триединство языков» мәдени жобасының жүзеге асырылу кезеңдерін айқындады. Биылғы, 2008 жылдың ақпанындағы кезекті Қазақстан халқына Жолдауында да: «Үкімет «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», - деп атап көрсетті.

Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық қандай нақтылы анықтама керек?!

Бұл жерде мына мәселені де ескеруіміз қажет. Дүниежүзілік қауымдастықта Қазақстан өзінің лайықты орнын алу жолында басқа мемлекеттермен экономикалық және мәдени тығыз қарым-қатынасқа түсу барысында соған сәйкестелген тілдік саясатында да оңтайлы даму қажеттігі туындайды.

Президентіміз әлемде Қазақстан үш тілді де еркін әрі ерікті қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуы керектігін айта келіп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл тұрғысындағы бүкіл қоғамымызды топтастырушы әлеуетін нақтылап отырған жоқ па? Мұны сол қоғамымыздың қарапайым өкілдері - халықтың, тумысынан өзге тілді болса да, қазақ тілін жете меңгерген қарапайым ұл-қызынан бастап, белгілі қайраткер, жазушылары да өз сөздерінде айтып та, жазып та дәлелдеп жүр. Мысалға түрік қызы, қазақ тілінің ғалым-маманы Асылы Осман мен неміс ұлы - атақты жазушы, білімдар аудармашы Герольд Бельгерді айтсақ та жеткілікті болар.

Қазақ тілін қазіргі заман талабына сай озық әдіспен оқытудың бағдарламасын жасау талабын алға қойған Президент тапсырмасы да дәл қазір нақты сипат ала бастағанын аңғарып отырмыз. Оны жер-жердегі, тіпті ұзақ жылдар бойы сірескен мұздай боп, жібімей келген солтүстік облыстардың өзінде ана тілімізді оқытуға ойдағыдай көңіл бөліне бастағаны да айғақтаса керек.

Елбасы қазақ тілі мемлекеттік тіл тұрғысынан басымдыққа ие екенін ашып көрсетіп, мемлекеттік жұмыс қазақ тілінде жүретінін баса айтты. Бұл - осынау маңызды мәселеге жалпы қоғамның дамуы үрдісінен, өз еліміздің одан әрі байыпты дамуы тұрғысынан да тіл мәселесіне, түптеп келгенде, дұрыс баға беріліп отырғанының дәлелі.

Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттілік

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Үштұғырлы тіл - оқушыларға ағылшын тілін үйрету

“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі - ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз - ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек.
Біз бүгінгі мақаламызда сәлемдесу мен танысу мәселесі туралы сөз қозғағанды жөн көрдік. Себебі, сәлем сөздің - атасы екендігі хақ. Ең әуелі адамның сәлем беруінен, онымен алғаш танысқан сәттен бастап оның қандай адам екендігін бірден байқай аламыз.

Амандасудың сан алуан түрі бар! «Салют!», «Чао!». «Мен сізді көріп тұрмын»- деп зұлыстықтар сәлемдеседі. Африканың басқа да тайпалары өмірде былай сәлемдеседі:
А куше-жұмыс істеушіге,
А куаре-шаршаған адамға,
А курин-саяхатшыға.
Елестетіңізші, кішкентай африкандықтарға осының бәрін білуге қаншалықты қиынға түсетінін. Ал бұны білмеу мүмкін емес, өйткені надан болып қалады.
Амандасудың өзінің әр түрлі жолдары бар.
- «Сәлеметсіз бе» сөзімен біз ресми немесе ресми емес жиналыстарда, таныс немесе өте таныс емес адамдармен амандасқанда, ал жақын туысымызбен былайша амандасамыз:
- Сәлеметсің бе, Мағжан!
Сонымен қатар, «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!», «Қайырлы таң!» (Қайырлы таңыңызбен!) және де «Сәлем!», «Амансың ба!». Тағы да басқа түрлері бар. Ал ресми нұсқада «Сәлем бердік сізге!», «Сізді көргеніме қуаныштымын!», «Сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіз!»
Біз сәлемдесумен қоса өмірін, жұмысын, денсаулығын қоса сұраймыз: «Қалай тұрып жатырсыздар?», «Жұмысыңыз қалай өтіп жатыр?», еркін сөйлескенде: «Өмір қалай?», «Қал қалай?», «Денсаулығың қалай?». Егер адамның жақын танысы болса онда: «Не жаңалық?», «Табыс қалай?», «Сенде не жаңалық бар?»

Қосымша білім беру

1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына; 5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат балаларға қосымша білім беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www. edu. gov. kz сайтында орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі қосымша білім беру ұйымына осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың заңды өкілі мен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негізінде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету
Қазақстандағы үш тілділік
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Қазақстандағы тіл саясатын Қазақстан халқының рухани негізгі принциптерін жүзеге асыру құралы ретінде кешенді түрде зерттеу
ҮШТІЛДІЛІК - БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ
Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Үштілділік-заман талабы
Тұлғаны қалыптастырудағы ағылшын тілінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz