Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімПедагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - білім алу факторының біріМектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды талдауМектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктеріБілім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартуОқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңартуМектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамытуАта-аналардың балаларды оқыту мен тәрбилеуге белсенді қатысуын қамтамасыз етуҚосымша білім беруді дамыту
  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мақсаты: қазіргі заманғы физикалық білімнің өзекті мәселелерін анықтап, педагогикалық практикада олардың шешу жолдарын анықтау және стратегиялық бағыты-білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басылымдықтарына сай келетін оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.

3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.

4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.

5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.

6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осы Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін модернизациялау

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ы филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директоры п. ғ. к. С. Байхонова өз сөзінде ҚР Президентінің 2012 жылғы желтоқсан айындағы Жолдауы және 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгенбілім беру жүйесін модернизациялау мақсаттарына тоқталды. Ұстаз біліктілігін арттыру жүйесіне 2012 жылы түбегейлі өзгерістер енгізілді. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпанда Қаулысына сәйкес, басқа облыстардағы сияқты, ШҚО білім басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ы филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ болып қайта құрылды. Сонымен, институт тікелей бір салада- педагогикалық қызметкерлердің біліктілігн арттыру ісімен шұғылданатын болды. Мұндағы мақсат - педагоготардың кәсіби біліктілігін қазақстандық және әлемдік озық тәжирибе негізінде жаңартып, жетілдіре түсу.

С. Байхонова журналистерге 2012 жылда жаңа құрылымдағы жұмыстар барысына тоқталып, әлемдік тәжірибеге сүйене жасалған жаңа жобаның ерекшеліктеріне тоқталып өтті. ҚР білім және ғылым министрлігі мен Кембридж Университетінің бірлесе жасаған жобасы негізінде жалпы республикада сияқты, облыста тұңғыш рет педагогтардың біілктілігін арттырудың үш деңгейлік жобасы жүзеге енгізіле бастады. Бұл жоба негізінде «Өрлеу» АҚ-ы филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 2012 жылы сәуір-маусым және қыркүйек-қараша айларында 3 айлық бағдарламамен облыс мектептерінен 450 ұстазы біліктіліктерін арттырып шықты. Бұл бағдарлама біліктілікті арттыру бұрыңғы бағдарламасынан айырмашылығы - оның жаңа әдістемелік деңгейде жұмыс істеуге мәжбүрлейтінінде екенін институт өз жұмысында көрсетуде.

3 айлық біліктілікті арттыру курсын меңгергендігі жөнінде мұғалімдер арнайы тестілеуден өтіп, оның қорытындысымен ғана тиісті сертификатты иеленіп, соған байланысты ғана еңбекақысына қосымша алатын болды. Жобаның екінші деңгейін Алматы қаласында облыстың 75 ұстазы оқып, біліктілігін арттырды. Бірінші деңгей -ұстаздардың бағдарлама әзірлеуге, талдау мен зерделеу, оқулықтарды әзірлеуге қатысу сияқты жұмыстарды көздейді.

Функционалдық сауаттылық мазмұны.jpg

Институт директоры журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Оның арасында ұстаз еңбегін бағалау, еңбекақы төлеу оның біліктілігіне, шығармашылығына, жаңаша ойлау қабілеттілігіне байланысты болатынын атап өтті. Ұстаз мәртебесін жаңа деңгейге көтеру ісі де оның кәсіби біліктілік деңгейіне байланыстырылды.

Біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау институталдына жаңа жауапты белестер белгіледі. Білім беру сапасын жоғарылату, оның әлемдік стандарттарға сай болуы да осы талаптар аумағыдағы басымдық орында. Институт жұмысын осы тұрғыдан ары қарай жалғастырмақ.

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т. б. ) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - білім алу факторының бірі

«Бақыт жолы тек білімнен табылар» деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек - білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы- оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты.

Еліміз егемендікке қадам басып, оңды өзгерістерге толы игі істердің игілігін көруде. Игілікке жараған өзгерістердің бірі - білім беру саласы. Ондағы құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің тиімді жүйесі. Қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру -тұлғаны дамыту үрдісі ретінде біліммен қоса тәрбиеге назар аударылуда. Соған байланысты мұғалім мен оқушының тұлғалық - бағдарлы өзара қарым- қатынасы маңызды орын алып отыр. Яғни, тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріліп отыр. Нәтижесінде:

Білім беру факторы

Мектеп Отбасы

Әлеуметтік орта

болып кірігуі керек.

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.

«Функционалдық сауаттылық» - ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық -білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық - оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда . Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген. Тұлға құзіреттілігін дамыту - ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім - бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзіреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге уйренеді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай бастады.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды талдау

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment - РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т. б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.

РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.

2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.

Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:

1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 28, 6%) ;

2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4, 2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 16% қатысушы) ;

3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3, 6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 20, 5%) .

Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.

Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері

РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т. б. ) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары) ;

2) оқыту нысандары мен әдістері;

3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі) ;

6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Төменде ұсынылған қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері жоғарыда аталған факторлар есебінен анықталды.

Білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:

Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті) ;

Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі) ;

Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті) ;

Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті) ;

Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті) ;

Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті) ;

Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті) .

Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.
Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуғажәне негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағдарланады.
PISA зерттеуінде табысты елдердің (Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Гонконг және т. б. ) тәжірибелерін ескере отырып, жоспардың инварианттық (міндетті) және вариативтік (мектептің таңдауы бойынша) бөліктері арасындағы тиімді пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын реттеудегі мектептер дербестігінің сәйкес деңгейі қамтамасыз етілетін болады. Оқу жоспарлары оқу әдебиетін, математиканы оқыту және жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, тілдік сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу сағаттарының қажетті санын бөлуді қарастырады.

Оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту

Оқыту нысаны мен әдістерін жаңарту елдегі жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату және баланың оқуға қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.

Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады.

Жоғары оқу орындарының, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталықтары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өңірлік орталықтарының базасында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының мазмұны жаңартылып, іске асырылатын болады. \

Мұғалімнің кәсіби-жеке тұлғалық құзыреттілігін диагностикалау жүйесі әзірленетін болады. Мұғалімдердің оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайлануы қолдау табатын болады. Мұғалімдер мен оқушыларға қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып ең үздік оқытушылардың сабақтарына қатысу қолжетімділігі ұсынылатын болады.

Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу қамтамасыз етілетін болады.

Бұл ретте оқушыларға басы артық абстрактілі-теориялық білім мен тапсырмалар беру жойылады. Ол оқу процесін неғұрлым икемді етіп, практикалық бағыттауға мүмкіндік береді.

Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту мұғалім мен оқушы арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ететін болады.

Мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды.

Сырттай бағалау әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ, ОЖСБ және т. б. ) сәйкестігіне, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді белгілеу үшін оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау арқылы және МЖБС өлшемдеріне сәйкестігі (аралық және қорытынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады.

Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі бағалауы және жетістіктерін есепке алуы үшін портфолио) бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік құзыреттіліктер жатады.

Мониторинг нәтижелері білім алушының функционалдық сауаттылығының даму динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, сондай-ақ стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы
Оқушының сауаттылығын арттырудағы тілдік ұғымды меңгерту.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Білім беруді бағалау тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz