Этномәдени білім беру



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Этномәдени білім беру
2.2. Этномәдени білімнің маңыздылығы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық , көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып жүрген өзекжарды мәселелердің бірі –ұлттық білім беру. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан , баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс» деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген.Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да , салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол , мәдени –ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу –қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатаын мүмкіндіктер , ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі , ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты , Отанын сүйетін , адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу.Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына.Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа , адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған.Олай болса , бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет.Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін білмеген , одан тәлім-тәрбие , ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз».
Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамымыздағы өзгерістер еліміздің әулеметтік-экономикалық жақтарын түгел қамтыды , сонымен қоса сана сезімімізге көптеген өзгеріс болуына әсер етті. Сол өзгерістерді дұрыс жолға бағыттауда білім беру саласының ықпалы зор. «Тәрбиесіз берген білім- адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл Фараби ғұламамыз айтып кеткендей , қазіргі білім ұлттық бағытта болмаса , шығар нәтиже кеңес үкіметі кезіндегі жеке бастың және ұлттық қажеттілігін емес идеологияның табынушыларын жасап шығарған машинаға айналады. Сондықтан да , этно мәдени білім бере отырып, білім саласының алдында педагогиканың жақсы үлгілерін сақтай отырып, қазіргі қоғамға қажетті , ұлттық мүддені жоғары қоя алатын, барлық құндылықтарды сақтай отырып , жаһандану заманында ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуға ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. «Бұлай тәрбиеленген жас қай жұрттың арасында жүрсе де , сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды , қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады» деген Міржақып Дулатов.
Тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселе біздің еліміздің үнемі назарында болып келеді: 1994 жылы Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру концепциясы, 1995 жылы Қазақстан Республикасының білім саласындағы мемлекеттік концепциясы, 1996 жылы Қазақстан Республикасында зтномәдени білім беру концепциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы ,
1.Қазақстан Республикасында зтномәдени білім беру концепциясы, 1996ж.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы .
3. Қазақстан Республикасының тұрақты білім берудің 2007-2024жылдарға арналған Концепциясы.
4. «Қ.Р.2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы»
5.Ж.Артыкбаев. «Этнология және этнография». Астана,2001ж.
6.Проблемы этногенеза и этнической истории народов Казахстана.,1990
7. Наурызбаев «Этномәдени білім» Алматы, 1999ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Этномәдени білім беру
2.2. Этномәдени білімнің маңыздылығы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Қай уақытта да қай ұлттың болсын көзі ашық , көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып жүрген өзекжарды мәселелердің бірі - ұлттық білім беру. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан , баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс деп Мағжан Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген.Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да , салауатты , ұлтжанды рухы биік, ақыл парасаты мол , мәдени - ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік.
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын дамытатаын мүмкіндіктер , ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі , ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты , Отанын сүйетін , адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке тұлғаны тәрбиелеу.Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына.Халқымыз өз ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа , адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат санаған.Олай болса , бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін терең сіңіру қажет.Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай өткенін білмеген , одан тәлім-тәрбие , ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі тұрлаусыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамымыздағы өзгерістер еліміздің әулеметтік-экономикалық жақтарын түгел қамтыды , сонымен қоса сана сезімімізге көптеген өзгеріс болуына әсер етті. Сол өзгерістерді дұрыс жолға бағыттауда білім беру саласының ықпалы зор. Тәрбиесіз берген білім- адамзаттың қас жауы деп Әбу Насыр Әл Фараби ғұламамыз айтып кеткендей , қазіргі білім ұлттық бағытта болмаса , шығар нәтиже кеңес үкіметі кезіндегі жеке бастың және ұлттық қажеттілігін емес идеологияның табынушыларын жасап шығарған машинаға айналады. Сондықтан да , этно мәдени білім бере отырып, білім саласының алдында педагогиканың жақсы үлгілерін сақтай отырып, қазіргі қоғамға қажетті , ұлттық мүддені жоғары қоя алатын, барлық құндылықтарды сақтай отырып , жаһандану заманында ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуға ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Бұлай тәрбиеленген жас қай жұрттың арасында жүрсе де , сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды , қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады деген Міржақып Дулатов.
Тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселе біздің еліміздің үнемі назарында болып келеді: 1994 жылы Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру концепциясы, 1995 жылы Қазақстан Республикасының білім саласындағы мемлекеттік концепциясы, 1996 жылы Қазақстан Республикасында зтномәдени білім беру концепциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы , 2002 жылы Йоханнесбургте өткен тұрақты дамудың Дүниежүзілік Саммитті декларациясын жүзеге асыруды міндетке ала отырып, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының үш бағыттан тұратын , яғни экономикалық , экологиялық , этномәдени білім берудің 2007-2024жылдарға арналған Концепциясын қабылдады, Қ.Р.2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы негіздерінде білім саласының бұрынғы жүйесін қайта қарап, ұлттық мәдениетке негізделген білім жүйесін дамытуды көздеп отыр. Бұл құжаттарда ұлттық сұранысқа негізделген , мәдени ,тарихи , ұлттық дәстурлерін есепке ала отырып білім жүйесін реформалау қажеттігі атап көрсетілген. Көп ұлт мекендеген Тәуелсіз Қазақстанның ерекшелігі де этникалық білім берудің қажеттігін туындатады. Кез-келген халық ғасырлар бойы жинаған қоғамдық және әлеуметтік тәжірбиесін, ата-бабалардан алмасқан тәжірбиеге өз үлестерін қосып келесі ұрпаққа мәдениетін , тарихын аманат етіп отырған.
Ежелден келе жатқан тарих толқынында халық- үлкен күш, ол мәдениетті, тарихты жасаушы жалғыз таусылмас қазына , құндылықтардың қайнар бұлағы. Сол таусылмас қазына мен қайнар бұлақтан өркен алатын жас ұрпақты халық дәстүрінде білім беріп ,тәрбиелеу қазіргі білім саласының басты міндеті. Қырғыз халқының дана ұлы Шыңғыс Айтматов ... .өз халқының және басқа халықтардың тарихы, мәдениетінен, тәжірибиесінен бейхабар адамның болашағы жоқ, бүгінгі күнмен ғана өмір сүреді-дейді.Өйткені тек білімді адам ғана басқаның мәдениетін, өз төл тарихы мен мәдениетін бағалай алады, өз халқының ажырымас бөлігі екенін сезініп, сол халық мәдениетінің қажеттілігін өтей алады. Ал этномәдени білім жеке тұлғаның этномәдени ерекшеліктерінің қалыптасуына және оқу мен тәрбиенің ұлттық жүйесін дамытуға негіз болады . Этномәдени білімді жолға қоюдың жолы оқу процесіне жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, авторлық бағдарламалар жасап , арнайы пән ретінде енгізу деп есептеймін . Көптеген оқу орнында этномәдени білім беру тек тәрбие жұмысының бағытында іске асырылып , кей пәндерде үстірт оқытылып , тақырыптарда элементтерін қолданып отырады. Ал біз кезінде кеңестік үкіметтің саясатының салдарынан ұлттық тамырымыздан алшақтап кеткендіктен , жоғалта жаздаған Мұхтар ағамыз айтқан Төрт анамызды толығымен сезіну үшін , ұрпақ тәрбиесін шынымен жан ашырлықпен қолға алу үшін этномәдени білім беруді оқу орындарында үстірт емес жауапкершілікпен қолға алуымыз керек. Арнайы пән ретінде енгізуді қолға алсақ біз ұлттық құндылықтарды бағалай алатын, құзіреттілік деңгейі жоғары , ұлттық мәдениет арқылы жаһандық мәдениеттің мәнін түсіне алатын жеке тұлғаны дайындай аламыз.
Этномәдени білім беруде көп нәрсе біліктілік , ұғымдылық , танымдылық тұрғысынан берілу керек. Біз әлемдік деңгейдегі білім берудің озық үлгілерін жоққа шығармаймыз, оны зерделеу , білу қажет. Бірақ дүние жүзінің ұлттары мен ұлыстарының мәдениеттері , салт-дәстүрлері , тілдері сан түрлі болғандықтан , сусындайтын этномәдени білім мен тәрбие көздері де сан түрлі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы
Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы
Курстық жобаның жұмыстың құрылымы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Мектеп жасына дейінгі баланы отбасында этномәдени құндылықтар негізінде мектепке даярлау
Қобыланды батыр жырындағы этнографизмдердің құндылығы
Пәндер