Деректер банкі


Мазмұны

Деректер банкі. Деректер сөздігі . . .

1. 1Деректер сөздігі . . .

1. 2 Ақпарат және дерек . . .

2. 1 Деректер банкісі . . .

2. 2Деректерді ұйымдастыру үлгілері . . .

Деректер сөздігі. Деректер банкі.

1. 1Деректер сөздігі.

Қандай да өнідіріс орнының немесе ұжымның тиімді жұмыс істеу шартынын бірі - басқару жүйесінде қолданылатын ақпаратпен қажетті деңгейде камтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде басқару жүйелерін сенімді және толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер қолданылады. Акпараттық жүйелерді қолдану салалары алуан түрлі, олар - өндіріс, оқу-ағарту ісі, денсаулыкты сақтау, ғылыми-зерттеу, қорғаныс, әлеуметтік және тағыда басқа салалар, Мақсаттық функцияларына байланысты ақпараттык жүйелерді мынадай негізгі категорияларга бөледі: баскарушы, ақпараттық-анықтама және шешім қабылдауға көмекші (жәрдемші) жүйелер. Ақпараттык жүйелерді құрудын өзіне тән тәртібі мен жолдары бар. Осы тәртіптің мазмұны мен ақпараттар жнынын құру кезінде қолданылатын негізгі түсініктерді қысқаша шолып өтейік.

1. 2 Ақпарат және дерек

Жалпы жагдайда, егер әр түрлі оқиғалар, мәндер, үрдістер туралы мәліметтер қабылдау, жіберу, өзгерту, сақтау және қолдану операцияларының объектісі болып табылса, мұндай мәліметтер ақпарат ретінде қарастырылады. Ал, дерек ретінде белгілі пішінде тіркелген және де келешекте өңдеуге, сактауға, жіберуге жарайтын ақпаратты анықтауга болады.

Ақпараттық жүйелерді жобалағанда, жоғарыда қарастырылған екі ұғамға сәйкес, зерттелетін объектілер екі тұрғыдан қарастырылуы керек -инфологикалық және даталогикалық түрғыдан.

Инфологикалық тұрғы деректердің мазмұнына байланысты мәселелерді шешкен кезде қолданылады. Акпараттық жүйелерді жобалаған кезде, инфологикалық тұрғының деңгейінде келесі мәселелер шешілуі керек:

• нақты әлемдегі қандай объектілер мен құбылыстар туралы деректерді ақпараттық жүйеде жинастыру және өңдеу қажет;

• олардың қандай қасиеттерін және араларындағы байланысты ақпараттык жүйеде ескеру керек;

• акпараттық жүйсдегі объектілер мен құбылыстардың мазмұнын айқындатып түсініктердің аныктамасын толық етіп жасау.

Сонымен, инфолагикалық тұрғыда негізгі шешілетін мәселе - нақты әлемдегі объекттер мен құбылыстардың ішінен болашақ ақпараттық жүйенің мұктажына сәйкестерін бөліп алу. Басқаша айтқанда, ақпараттық жүйенің заттық обласының шегі мен көлемін анықтау.

Даталогикалық тұрғы деректердің ақпараттық жүйенің жадында сақталу түрі мен ережелерін жобалау кезінде колданылады. Жүйені датологиялық тұрғыдан жобалағанда, таңдап алынған техникалық және бағдарламалық құралдар қоятын шектеулерді ескере отырып, келесі негізгі мәселелер шешіледі:

• сыртқы құрылғыларда деректерді сақтау пішіні мен ережелерін жасау;

• бейнелегіш кұрылғыларда деректерді көрсету пішіндерін құру;

• қолданушылардың сұранысын іске асыратын үрдістер мен бағдарламаларды жасау.

Сонымен, даталогикалық деңгейде ақпараттық жүйенің логикалық, физикалық және сыртқы модельдері құрылады. Осы аталған ұғымдардың мазмұнын кейінде толығырақ қарастырамыз.

Ақпараттық жүйені жобалау кезінде оны әр түлі деңгейге бөліп қарастырған жөн болады.

Оқулықтарда дерек терминіне сәйкес жиі кездесетін терминдерді атап өтейік: реквизит, элемент; атрибут; терм және өріс.

Жалпы жағдайда деректерді сипаттау үшін келесі параметрлердің қолданылуы мүмкін:

• атауы - бұл параметр деректі өндеген кезде оны басқаларынан ажырату үшін қолданылады;

• түрі - ақпараттық жүйенің жадында мәнін сақтау ережесін анықгау үшін қолданылады;

• анықталу облысы - белгілі дерек қабылдай алатын барлық мүмкін мәндердің жиыны;

• мәні - белгілі деректің ағымдағы жағдайын айқындайтын анықталу облысының белгілі бір элементі;

• пішіні - бұл параметр деректің мәнін керсету операцияларында қолданылады. Жалпы жағдайда екі элемент (деректің ұзындығы мен дәлдігі) арқылы сипатталады.

2. 1 Деректер банкісі

Ақпараттарды ұйымдастыру үшін соңғы кезде көптеп қолданылып жүрген негізгі құралдардың бірі - деректер банкісі. Деректер банкісі (ДБ) деп бір ортадан жилалып және де әр түрлі нысанда қоддану үшін арнаулы ұиымдастырылған деректер қоймаларынын жиыны, бағдарламалык, техникалық, тілдік және әдістемелік құралдарды атайды. Бұл терминді ақпараттық жүйе терминіне сәйкес түсінік деп те қарастыруға болады.

Деректер қоймаларының жиыиы. Деректер коймаларының жиыны ДБ-нің кұрамындағы негізгі белшек болып табылады. Деректер қоималарының жиыны бір немесе одан да көп деректер қоймасынан тұруы мүмкік. Деректер қоймасы (ДБ) деп өзіне тан атауы бар, белгілі бір салаға қатынасты, бір ортадан

басқаруға арналған бағдарламалық құралмен өңдеу үшін әдейі ұйымдастырылған деректер жинағын атайды. Деректер қоймасын құру және өңдеуге арналған бағдарламалық құралдарды деректер крймасын басқарушы жүйе (ДҚБЖ) деп атайды. Аталған ұғымдардың мазмұнын кейінде тереңдеу қарастырамыз.

Бағдарламалық құралдар. Бағдарламалық құралдар жүйе іске қосылғанда ішіндегі бөлшектер арасында туындайтын барлық байланыстарды үйлестіруге арналған. Бұл құралдың ішіне келесі бағдарламалар тобы енеді:

• деректер қоймасыш басқарушы жүйелері;

• әртүрлі тілдік трансляторлар. Тілдік құралдарда айқындалған әрекеттерді іске асыруға арналған үрдістерді құруға мүмкіндік беретін бағдарламалык кұралдарды трансляторлар деп атайды;

• арнаулы операцияларды орындауға бейімделген бағдарламалар
(утилиталар) . Арнаулы операцияларға ДҚ көшірмесін жасау, авариялык
жағдайдалардан кейін ДҚ қайтадан іскер жағдайға келтіру, сыртқы
сақтауыш құрылғыларындағы уақытша және ескірген деректер алатын
орынды тазарту операциялары сияқтылар жатады.

Техникалық құралдар. Техникалық кұралдарға системалық блоктар, енгізу-шығару және сыртқы сактауыш қүрылғылары, байланыс желілері жатады.

Әдістемелік құралдар. Әдістемелік құралдарға ДБ-мен жұмыс істегенде әр түрлі қолданушылар тобы арасында туындайтын өндірістік қатынастарды реттеуге қажет нормативтік-құқыктық кұжаттар мен ДБ ақпараттар және функциялар қорын сипаттауға арналған технологиялық нұсқаулар жинағы жатады.

Тілдік қүралдар. Тілдік құралдар қолданушы деректер қоймасымен жүмыс істегенде туындайтын сұраныстар мен ақпаратты өңдеу әрекеттерін іске асыруға арналған үрдістер мен бағдарламаларды құруға және де деректер қоймасының логикалық, физикалық үлгілерін жасауға арналған. Аталған тілдік құралдардың ерекшеліктерін кейінде тереңдеу қарастырамыз.

Деректер банкісінің колданушылары. Деректер банкісін құру және қолдану кезінде онымен әр түрлі қолданушылар әрекеттеседі. Қолданушыларды, мақсаты мен орындайтын әрекетгеріне сәйкес, келесі топтарға бөлуге болады: негізгі қолданушылар, қолданбалы бағдарламалаушылар және деректер банкісінің администраторы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары
Ұлттық Статистика агенттігі
Электрондық басылым
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру
Шет елдеріндегі жер кадастры жұмыстары
Қазақстанда баланы асырап алудың құқықтық жолдары
Ұлттық Банктің ақша айналысын бақылау
Мәліметтер базасы және мәліметтер банкі
ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ЖАЙЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz