Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Кіріспе
1. ХХ ғ. 20.40 жж. Қазақстандағы баспа ісінің дамуы
2. Қазақстандағы 20.30 жж. баспа өнімдерінің негізгі бағыттары, түрлер
3. Баспа ісі және қазақ зиялылары
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі. Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.
Диссертациялық жұмыста ХХ ғ. 20-40-жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы зерттелген. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуға көмектеседі, өйткені ол еңбектердің көпшілігіне кезінде оқуға тиым салынған. Қазіргі кезде «құлыпталған» ғылыми мұраларды зерттеп, талдауға қол жеткізілгендіктен, сол кездегі баспа ісінің ғылыми бағыттарын айқындауға да мүмкіндік туғаны көрсетіледі. Бұған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және басқа да шаралар куә.
ХХІ ғасырда білімі мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Ұлттық тарихымыз қайта өрлеп, өркениетті елдердің қатарына жетуге бетбұрыс жасап, экономикада сындарлы жылдарда әр түрлі сатылардан өткен соң, ғылымның бір міндеті Қазақстан тарихын белгілі бір жүйеге келтіру. Қазақстанның қазіргі кездегі әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясында бәсекеге қабілетті болу үшін елдің ғылымы мен білімі жоғары деңгейде болу қажеттігі көрсетілген. Ғылымның негізі – кітапта. Сондықтан ғылыми кітаптардың тарихын зерттеу арқылы біз еліміздегі ғылымға қалай көңіл бөлінетінін, қандай деңгейде болғанын анықтаймыз.
Танымның, рухани өндіріс пен әлеуметтік институттың ерекше түрі ретінде ғылым Еуропада ХVI-XVII ғғ. пайда болып, дербес дами бастайды. Ғылым – табиғат, қоғам және танымның өзі туралы білімді жасайтын адамдардың рухани қызметінің формасы. Оның тікелей мақсаты шындыққа қол жеткізу және объективті заңдарды ашу. Классикалық дәуірге дейінгі ғылымның негіздері Ежелгі Шығыста, Греция, Римде қалыптасты. Қазақ даласында әлемге әйгілі Шығыс ғұламалары әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки т. б. өмір сүріп, мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Олардың қолжазбалары, шыққан кітаптары осы заманға дейін жетті. Кітаптың құдіреті де осында.
Баспа өндірісі, соның ішінде кітап басу ісі экономика айналымының елге қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап – қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың қуатты құралы. Сонымен бірге оның тұтыну құны да бар. Жалпы мәдениет төмен болған жағдайда кітапқа деген зәрулік әлеуметтік-мәдени тоқырауға әкеледі. Кітап баспа ісі бірқатар ішкі қайшылықпен сипатталады: басылым санының көптігі және әдебиеттің жеке түрлеріне зәрулік; оқырман сұранысының төмендеуі, балалар мен жастардың кітап оқуға деген ниетінің төмендігі; ғылыми-техникалық үрдіс және монографиялық басылымдар санының азаюы. Жыл сайын баспадан шығарылатын кітаптар бойынша кітап

1. Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы // Айқын. – 2009. – 7 наурыз.
2. Лихачев Н.П. Книгопечатание в Казани за первое 50-летие существование в этом городе типографии. Спб., 1895.– 10 с.
3. Катанов Н.Ф. Восточная библиография // Деятель (журнал). - Казань, 1896–1904.
4. Библиографический указатель материалов по истории Казахстана: Восточные источники, опубликованные до 1917 г. / Сост. Н. Сабитов. – Алма-Ата: Наука, 1947. – 40 с.
5. Культура Советского Казахстана. Сб. статей. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1957.– 237 с.
6. Кереева-Канафиева К. Дореволюционная русская печать о Казахстане. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1963. – 303 с.
7. Советтік Қазақстанның кітаптары. Ретроспективті жинақталған библиографиялық көрсеткіш. – І том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1962. - 444 б.
8. Советтік Қазақстанның кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш. - ІІ том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1961. – 358 б.
9. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 180 б.
10. Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш (1807–1917). / Құрастыр.: С.С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина. – Алматы: Мектеп, 1986. – 38 б.
11. Бектемісов Ә. Жан азығы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144 б.
12. Каримуллин А.Г. Книги и люди. – Казань: Татарское книжное изд., 1985. – 304 с.
13. Құдайбергенов Ә.Н. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының білім беру үдерісіндегі маңызы // Жоғары оқу жүйесін реформалау жағдайында жоғары оқу орындарының даму мәселелері мен келешегі Рес. ғылыми- тәжірибелік конф. материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.–139 б.
14. Галиев В.З. Библиотечное дело в Казахстане // Вторая половина ХІХ – начало ХХ веков. – Алматы, 1998. – 160 с.
15. Рахимжанова С. Из истории книги Казахстана. 1945–1960. – Алматы: М-Талант, 1998. – 152 с.
16. Демешева Г.А. Казахстан в изданиях научных обществ. 1766–1955. Библиографический указатель. – Алматы: Центральная научная библиотека, 2000. – 398 с.
17. Селкебаева А.Т. Қазақстанды зерттеу қоғамының ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері // ҚазҰУ хабаршысы: тарих сериясы, 2006. - №2(41).–86-89-бб.
18. Бурханов К.Н., Мажитов С.Ф. Казахстанская дипломатия : диалог времен и уроки истории (О книге Т.А. Мансурова «Полпред Назир Тюрякулов. Дипломат, политик, гражданин ») // Отан тарихы . – 2006. – №3. – С.5-15.
19. Государственное издательство Казахской АССР. – Кзыл-Орда: Казиздат, 1929. – 8 с.
20. Рычков Н. Дневные записки путешествия в киргиз- кайсацкой степи - СПб., 1772. – 15 с.
21. Мамажанов М. Еңбек еттім ел үшін. – Алматы : Қазақстан, 1999. – 474 б.
22. Книга. Исследования и материалы. Сб. XLIII. – М.: Книга, 1981. – 240 с.
23. Жұмалиев Қ., Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеті. Фольклор. Орта мектептің VІІІ класы үшін. – Алматы: Қазбірмембас, 1941. – 160 б.
ДИССЕРТАЦИЯ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР
1 Якупова Р.И., Шортанова А.А. Қазақстандағы балалар әдебиеті библиографиясының қалыптасуы мен дамуы (1917–1940 жж.) // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. – 1997. – № 5. – 114–117-бб.
2 Қазақ кітап баспа ісінің шежіресі // Қазақ өркениеті: Университет «Қайнар». – 2006. – № 1. – 74–81-бб.
3 Қазақ зиялыларының баспа ісін ұйымдастырудағы ролі // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. - Тарих сериясы. – 2006. – №1 (40). – 85–87-бб.
4 Кеңес өкіметінің баспа ісі бойынша мемлекеттік саясаты // Отан тарихы. – 2006. – № 2. – 150–158-бб.
5 Қазақстандағы ғылыми кітаптар мен мектеп оқу құралдарының жарық көруі // «Орталық Азия және Қазақстан: түркі өркениетінің бастауы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. – Тараз, 25–56 мамыр 2006 ж. – Тараз: МемПИ, 2006. – Т.2. – 247–250-бб.
6 XX ғ. 20–40 жж. Қазақстандағы ғылыми баспалар // «Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау». Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. - Алматы, 25–26 мамыр, 2006. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 275–278-бб.
7 Сталиндік саясат және қазақ өнері мен басылымдарының тағдыры // «Әлемдік мәдени және білім беру кеңістігіндегі өнер» атты Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдары. - Алматы, 19–20 сәуір, 2006. – Алматы, 2006. – 438–442-бб.
8 Еділ–Жайық бойындағы кітап баспа ісі // Известия НАН РК. - Серия общественных наук. – 2006. – № 4 (254) . – С. 15–17.
9 Якупова Р.И., Шортанова А.А. Кітапханалық жарнама: теория және практика: Оқу құралы. – Алматы: Издатмаркет, 2006. – 111 б.
10 Қазақ ғылыми басылымның XX ғ. 30-жж. даму үрдісі // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. Ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы, 2006. – Т. ІІ. – 149–152-бб.

ӘОЖ 002.2+655.5(574(09)
Қолжазба құқығында
ШОРТАНОВА АЛШАЙЫМ АХЫЛБЕКОВНА
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
(ХХ ғ. 20–40 жж.)
07.00.02 – Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес
дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды.
Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы,
профессор Мажитов С.Ф.
Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,
профессор Құдайбергенов Ә.Н.
тарих ғылымдарының кандидаты
Селкебаева А.Т.
Жетекші ұйым: ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сулейменов атындағы
Шығыстану институты
Диссертация 2009 жылы 09 шілде сағат 14-30 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде
қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының
қолжазбалар қорында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы
көшесі, 29).
Автореферат 2009 жылы ____ ___________ таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, тарих
ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Тақырыптың өзектілігі. Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық
мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай,
ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға
байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму
тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін
пайдалана аламыз.
Диссертациялық жұмыста ХХ ғ. 20-40-жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар
басылымының тарихы зерттелген. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы
отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуға көмектеседі, өйткені ол
еңбектердің көпшілігіне кезінде оқуға тиым салынған. Қазіргі кезде
құлыпталған ғылыми мұраларды зерттеп, талдауға қол жеткізілгендіктен, сол
кездегі баспа ісінің ғылыми бағыттарын айқындауға да мүмкіндік туғаны
көрсетіледі. Бұған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы және басқа да
шаралар куә.
ХХІ ғасырда білімі мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық. Ұлттық тарихымыз қайта өрлеп, өркениетті елдердің қатарына жетуге
бетбұрыс жасап, экономикада сындарлы жылдарда әр түрлі сатылардан өткен
соң, ғылымның бір міндеті Қазақстан тарихын белгілі бір жүйеге келтіру.
Қазақстанның қазіргі кездегі әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
кіру Стратегиясында бәсекеге қабілетті болу үшін елдің ғылымы мен білімі
жоғары деңгейде болу қажеттігі көрсетілген. Ғылымның негізі – кітапта.
Сондықтан ғылыми кітаптардың тарихын зерттеу арқылы біз еліміздегі ғылымға
қалай көңіл бөлінетінін, қандай деңгейде болғанын анықтаймыз.
Танымның, рухани өндіріс пен әлеуметтік институттың ерекше түрі ретінде
ғылым Еуропада ХVI-XVII ғғ. пайда болып, дербес дами бастайды. Ғылым –
табиғат, қоғам және танымның өзі туралы білімді жасайтын адамдардың рухани
қызметінің формасы. Оның тікелей мақсаты шындыққа қол жеткізу және
объективті заңдарды ашу. Классикалық дәуірге дейінгі ғылымның негіздері
Ежелгі Шығыста, Греция, Римде қалыптасты. Қазақ даласында әлемге әйгілі
Шығыс ғұламалары әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки
т. б. өмір сүріп, мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Олардың қолжазбалары,
шыққан кітаптары осы заманға дейін жетті. Кітаптың құдіреті де осында.
Баспа өндірісі, соның ішінде кітап басу ісі экономика айналымының елге
қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап –
қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың
қуатты құралы. Сонымен бірге оның тұтыну құны да бар. Жалпы мәдениет төмен
болған жағдайда кітапқа деген зәрулік әлеуметтік-мәдени тоқырауға әкеледі.
Кітап баспа ісі бірқатар ішкі қайшылықпен сипатталады: басылым санының
көптігі және әдебиеттің жеке түрлеріне зәрулік; оқырман сұранысының
төмендеуі, балалар мен жастардың кітап оқуға деген ниетінің төмендігі;
ғылыми-техникалық үрдіс және монографиялық басылымдар санының азаюы. Жыл
сайын баспадан шығарылатын кітаптар бойынша кітап саудасы ұйымдарының
тапсырысы 50-60 пайызға қанағаттандырылады. Сараптамаға қарағанда, кітап
дүкендерінде саудадағы 10 пайыз кітап қалып қалады.
Қазақстанның тарихи жолының объективті бейнесін қалпына келтіру
мақсатында ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ғылыми мұраларының басылу
тарихына талдау жасау мәселенің әлі де жеткілікті түрде зерттелмегенін
көрсетеді. Қазақ зиялыларының еңбектерін ешкім білмеді. Бәрі мұрағатта шаң
басып жатты, оны алуға рұқсат болған жоқ, себебі олардың қоғам өмірінде
орын алған мәселелердің барлығына жан - жақты қалам тартқандығын байқаймыз.
Сондықтан ол ғылыми еңбектерді пайдаланбай ХХ ғ. басындағы қазақ тарихы
туралы бірде-бір ғылыми жұмыс жазылуы мүмкін емес.
Сол кездегі Ғылыми қоғамдардың шығарған басылымдарына да қол жеткізу
қиын еді. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымы тарихы тұрпаты жағынан
баспа ісімен байланыстырыла зерттеуді қажет етеді. Себебі 20-30-жылдары
қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосты.
Осы жағынан алғанда біздің тақырыбымыз толығымен зерттеу объектісі болады
деп есептейміз. Елімізде Мәдени мұра бағдарламасы іске асып жатқанда,
кітап – үлкен қазына, нағыз тарихи құндылық. ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың ел экономикасының болашағын барлай отырып Дағдарыстан жаңару
мен дамуға атты биылғы Жолдауы мазмұны жағынан да ерекше, тәуелсіздік
жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу арқылы
азаматтарды басқа адамдардың тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми
және шығармашылық интелегенцияға да осындай роль жүктеледі деп көрсетті
[1].Сондықтан бұл тақырып бүгінгі күні ғылыми-тарихи сабақтастық қағидасын
сақтап өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1917-1940 жж. Қазақстан көлемінде жарыққа
шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда,
Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді.
Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға
дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан
Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда
Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.
ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде
мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ
қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер
болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық
көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп
жүрді.
Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы
мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев
еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов
Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].
ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік
кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш
жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия,
кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы
институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.
Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада
А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен Правда баспасынан 1932-
1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық Книга и пролетарская революция
деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары,
философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға
библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты
редакторлығымен Кітап және революция деген журнал 1920-1923 жж.
Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық
саласы бойынша мақалалар басылды.
20-30 жж. мәдени революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның
ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін,
оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик
А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде
етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.
Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи
лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді.
1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы Казахстанская правда газетінде
жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық
көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік
көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады.
Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш
рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай
шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі
Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен
еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың Қазақ
әдебиеті (1862-1917) библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында
кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі
араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш.
Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша
библиографиялық көрсеткіш құрастырған.
Қазақстан КП Орталық Комитеттің партиялық баспасы туралы
библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында
мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин,
Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып
тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын
сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік.
50-70-жж. кеңестік ұлттық баспасөздің қалыптасуы туралы біраз еңбектер
жарық көрді. Мысалы, Қазмембаспадан шыққан жинақта Советтік Қазақстандағы
мәдени өмірдің бір қыры ретінде ұлттық баспасөз және баспасөздік емес
басылымдарды сипаттаған мақалаларда қазақ халқының мәдениеттің түрлі
саласында, оның ішінде Кеңес өкіметі тұсында баспа ісінде де қандай
жетістікке жеткені туралы мазмұндалған [5]. Кеңестік баспа ісінің алғашқы
қадамдары мен полиграфияның дамуы туралы И.С. Смирнов еңбегінде
мазмұндалса, А.И. Назаровтың кітабында кеңестік баспа ұйымдары шығарған
еңбектердің таралуына сипаттама берілген.
Қазан революциясының 40 жылдығына арналған Р.Б. Сүлейменов пен Х.И.
Бисенов еңбектерінде Кеңестік мәдениет құрылысы сипатталған. Мәдени
революцияның Қазақстанда қалай жүзеге асқаны туралы Р.Б. Сүлейменов жан-
жақты зерттеген. Кеңестік тарихнамада Р.Б. Сүлейменов Қазақстан
мәдениетінің тарихын зерттеу мектебін қалыптастырып, шығыстану мәселесін
республикада жолға қоюдың негізін қалады. К. Кереева-Канафиева орыс-қазақ
әдеби байланыстарының тарихын революцияға дейінгі орыс баспасөзі бойынша
сипаттаған [6].
Советтік Қазақстан кітаптары (1917-1945) атты екі томдық
библиографиялық көрсеткіштің әр томы қазақ және орыс тілінде құрастырылған
екі бөлімнен тұрады. Библиографиялық көрсеткіштің бірінші томына саяси-
қоғамдық, көркем әдебиет және балалар әдебиеттері, тіл білімі, өнер, баспа,
кітапхана, библиография жұмыстары туралы кітаптар тіркелген [7]. Мәдениет,
оқу-ағарту, ғылым мәселесі орыс тілінде бірінші томға, қазақ тілінде екінші
томға енгізілген [8].
Қазақстанда мәдениет мәселесімен айналысқан ғалымның бірі А. Қанапин өз
еңбектерінде баспа ісі, полиграфия, кітап саудасы жөніндегі мәселені де
қарастырған. Қазақстандағы ұлттық баспа ісі туралы Ш. Үржанов, А.К.
Бектемісов жазса, 60-жж. Орыс кітап баспа ісінің 400 жылдық тарихына
арналған еңбекте кітап баспа ісінің қағидалары мен ұлттық баспа ісі туралы
материалдар да бар.
Ә. Жиреншиннің кітаптары екі тілде де жарық көрген. Ол қазақтың баспа
кітаптарының тарихын 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Ресей мен Қазақстан
көлеміндегі тасқа басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны,
оларды шығарушылар кімдер екендігі, жазба мұраны жинаушылар мен авторлар
жайында мәлімет береді [9]. Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған
көлемді кітабы орыс тілінде де жарық көрді. М.К Мамажанов, М.П. Коротовский
еңбегінде республикадағы кітап баспа ісінің дамуына, қазақ әдебиетінің
маркстік-лениндік идеяны таратудағы қызметіне, баспа өнімдерінің насихат
жүргізудегі роліне назар аударған.
Қазақ кітаптары туралы библиографиялық көрсеткіштердің маңызы зор,
өйткені библиография – білім кілті. Бұл тақырыпқа 80-жылдары жазған
ғалымдар шоғыры С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина 1807-1917
жылдары шыққан қазақ кітаптарының көрсеткіштерін құрастырған [10]. Бұл
көрсеткішке алғы сөз жазған Ү. Субханбердина әр кітапқа сипаттама жасап,
анықтама берген.
Ә. Бектемісовтың кітабында Қазақстанда кітап баспаларының өткен жолы мен
өркендеуі, қаз тұрып қадам басуы, оқулық әдебиеттері, қазақ баспагерлері
туралы әр жылдарда жазылған естеліктері бар[11].
А.Г. Каримуллин еңбегінде Қазан төңкерісінен кейінгі кітап баспа ісінің
қалыптасуын сипаттап, оның кейбір жеке қайраткерлеріне тоқтаған [12]. Бұл
еңбектің құндылығы Москвада шыққан татар кітаптарына анықтама жасап,
Москва, Қазан қалаларындағы мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға
енгізгенінде. Бұдан татар және қазақ баспа істері осылайша тығыз байланыста
болғанын байқаймыз.
Біз өз зерттеуімізде кітап тарихына қатысты еңбектерді пайдалана отырып,
баспалардың қандай бағытта жұмыс атқарғанына талдау жасадық. Кітап баспа
ісі туралы Ресейде шыққан еңбектерді тақырыптың кейбір тұстарын ашуда
қолдандық. Атап айтқанда, И. Баренбаум еңбегінде кітап тарихына сипаттама
жасалған. Кітапта мемлекеттік баспалардың, жалпы Кеңес дәуіріндегі баспаның
тарихы ғылыми түрде жазылған. Автор кітап тарихына байланысты ғылыми
методологияны ұтымды пайдаланған. Осы бағытта жазылған еңбекке К.И.
Абрамовтың зерттеуін жатқызуға болады.
А.К. Бочагов еңбегінде Қазақстандағы кітап баспа ісінің алғашқы
бастауындағы атқарылған жұмыстары баяндалған. Ғылым мен кітапты бұқара
арасына кең тарату туралы үкімет ұран тастады. Кеңес үкіметінің алғашқы
жылдарында кітапхана ісі туралы еңбектер де жарық көрді.
Кеңестік кітап баспа ісінің мәселелері, кітап тарихы туралы пікір-талас
материалдарын жариялаған Бүкілодақтық Кітап палатасының Кітаптар.
Зерттеулер мен Материалдар, Қазақ ССР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік
кітапханасының Вопросы истории и кнгиговедения, ҚР Ұлттық кітапханасының
Кітапханатану, библиография, кітаптану жинақтарының маңызы зор.
90 жж. біз тәуелсіздігіміздің тізгінін қолымызға алып, өзімізді тарихи
тұрғыдан тани бастағанда тарихтың ақтаңдақ беттерін жаңа көзқараспен
саралап, бұрын тиым салынған деректерімізді зерттеуге мүмкіндік алдық. М.
Қозыбаевтың еңбегін елдегі мәдени революцияны жаңа көзқараспен
сипаттағанымен құнды деп есептейміз. М. Қозыбаев, І. Қозыбаевтың тарихнама
туралы жазған кітаптарында Қазақстандағы ғылыми қоғамдар жұмысы туралы
толық мәліметтер бар.
Т. Қожакеевтің еңбегі 1937-1938, 1950 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған және
Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жиырмасыншы жылдардың көрнекті
публицист баспагер журналистерінің шығармашылық қызметіне арналған.
Ә.Н. Құдайбергеновтің Мәдени мұра бағдарламасының білім беру
үдерісіндегі маңызы жайында жазылған мақаласында ХХ ғ. 20-40 жж.
республиканың мәдени және ғылыми тынысына қатысты тұжырымдар берілген.[13]
Ө. Озғанбай кітабында Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасай отырып,
патша үкіметінің отаршылық саясатын аша білген. Алашорданың күрделі
мәселелерін зерттеуде үлкен қадам жасаған К. Нұрпейісов болды. Ол тарихи
әдебиетте алғаш рет Ә. Бөкейхановтың Алаш партиясын құру, Алашорданың
төрағасы болған кездегі қызметін, жалпы ел басқарудағы рөлін көрсеткен.
Автордың бұл еңбегінің біз үшін құндылығы сол кездегі баспасөз
материалдарына, мұрағат құжаттары бойынша кейбір еңбектер мен мақалаларға
сипаттама жасағаны болып табылады. М. Қойгелдиевтің зерттеулерін Алаш зиялы
қауымының өз заманындағы тарихи оқиғаларға ат салысып атқарған қызметтері
мен ғылыми еңбектеріне талдау жасағанымен құнды деп есептейміз. 20-40 жж.
тарихи оқиғаларына ғылыми түрде сипаттама жасап, мұрағат құжаттары мен сол
кездегі еңбектерге сараптама жасаған Т.Омарбековтың еңбегі де маңызды болып
табылады.
Біз зерттеуімізде ұлттық баспа ісінің бастауында оның қалыптасуына зор
еңбек сіңірген Алаш зиялыларының өз еңбектерін де мүмкіндігінше пайдалануға
тырыстық. Атап айтқанда, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Ж.
Аймауытовтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Тынышбаевтың, С. Сейфуллиннің, М.
Дулатовтың еңбектері пайдаланылды. М. Құлмұхамедтің Жақып Ақбаев туралы
еңбегі сол кездегі баспадан шыққан материалдарды алуға септігін тигізді.
Алаш тарихнамасын зерттеген Р. Нұрмағамбетованың еңбегі ескі және жаңа
көзқарастарды салыстыруға көмектесті. М. Тынышбаев туралы Г. Жүгенбаеваның
еңбегінде тарихи-танымдық еңбектер қатарына жатқызамыз.
Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы басшылығы 1931 ж. Қазақстантану
жабық, ерекше (нөлдік) қорында Алаш Орда белсенділерінің кәмпескеленген
кітаптарының қорын ұйымдастырды. ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстантану
кітап қорларының қалыптасуы жөніндегі Р. Бердіғалиеваның еңбегінің де
маңызы зор. ХIХ екінші жартысы мен XX басындағы Қазақстанда кітапхана ісі
туралы В.З. Галиевтің еңбегінде аталған мәселенің кейбір тұстарын ашуда
пайдаландық [14]. С. Рахимжанованың Қазақстан кітаптарының тарихына
арналған оқу құралында 1945–1960 жж. кітап баспа ісіне сипаттама берілген
[15]. Өз зерттеуіміздегі ХХ ғасырдың 20-40 жж. кітап баспа ісінің дамуы мен
міндеттерін ашуда автордың 40 жж. қатысты мәліметтерін пайдаландық.
Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі журналист, білікті
аудармашы М. Мамажанов кітап тарихы туралы зерттеулер мен танымдық маңызы
бар еңбектер жазды. Автор бір еңбегінде республикалық кітап мұражай
қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып, кітап тарихын жаңа
көзқарас тұрғысынан зерделесе, келесі бір еңбегіне жылдар бойы жинақтаған
ізденістері, аударма еңбектері енгізілген.
Кезінде қазақ баспасөзі тарихының очеркін Қ. Бекхожин жазса, 90-жж. әлем
баспасөзі тарихын қосып, қазақ баспасөзіне сипаттама жасаған еңбектер де
шықты. Сонымен қатар қазақ баспасөзіндегі материалдарды тарихи дерек
ретінде зерттеген Қ. Атабаевтың еңбегі де ғылымға қосылған үлкен үлес деп
санаймыз. ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ кітап баспа ісінің тарихын фольклор,
көркем әдебиет және цензура тақырыбында сипаттама жасаған Ж. Шалғымбаеваның
зерттеуі ұтымды еңбек болып саналады.
ХХІ ғ. басында да баспа ісі мен баспагерлер туралы әдебиеттер шыға
бастады. Мысалы, Ү.Х. Субханбердина революцияға дейінгі қазақ баспасөзі
бетіндегі жарияланған материалдарды қазақ халқының атамұраларын, арыстар
қалдырған аманаттарды жинақтаумен айналысты. Ол әр материалдарды терең
зерттеп, ғылымдағы маңызын түсіне білді. Оның барлық еңбегінде Қазақстанның
төңкеріске дейінгі бейнесін көрсететін қазақ мерзімді баспасөзі туралы
теңдесі жоқ бағалы мәліметтер берілген. Автордың cондай еңбегінің бірін біз
төңкеріске дейінгі ғылыми еңбектерді сипаттағанда пайдаландық.
Қазақстанда кітап баспа ісі үлгісінде мәдени құрылыс тарихынан оқу
құралын жазған Д.А. Атабаев, Ә.Ғ. Есенғалиеваның еңбегі де мәдени құрылыс
тарихындағы кітап баспа ісі үлгісіндегі әдебиеттер қатарын толықтырады.
Қазақстан Ғылыми қоғамдарының жарық көрген еңбектеріне анықтама жасағанда
Г.А. Демешеваның библиографиялық көрсеткішін пайдаландық [16]. Е. Валиханов
Орыс Географиялық қоғамы, А.Т. Селкебаева Қазақстанды зерттеу қоғамының
ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері мен құрылу тарихы туралы еңбектер
жазған [17]. Т.А. Мансұровтың КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы
Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын
әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы қызметін атқарып,
1928–1936 жж. Төтенше және өкілетті өкіл (сол кездегі ең жоғарғы
дипломатиялық атақ) деген лауазыммен Кеңес Одағының қазіргі Сауд
Арабиясындағы елшісі болған, 1937 ж. халық жауы деген айыппен атылған
Нәзір Төреқұлов туралы зерттеуі баспагерлер тұлғасын ашқан үлкен еңбек деп
санаймыз. Бұл туралы тарихшылар К.Н. Бурханов пен С.Ф. Мажитовтың
мақаласында да жоғары баға берілген.[18]
Қазақстандағы мәдени революция идеологиясы тұжырымдамасы 20-30жж
мәдениеті баспа ісі, ғылым және ғылыми қоғамдар тарихы бойынша қорғалған
соңғы жылдардағы докторлық және кандидаттық диссертациялар қатарына Қ.Ә
Ахметов., А.Т Қапаева., С.Р Рахимжанова, Д.А. Атабаев, Е.Д. Қасымов, А.Т.
Селкебаева т.б. ғылыми зерттеулерін жатқызуға болады.
Аталған мәселенің зерттелу деңгейі бойынша байқағанымыз біріншіден, бұл
тақырып кеңестік жүйедегі мәдени саясат шеңберінде болған үрдістердің
ғылыми түрде талдануы үшін әлі де өзекті екендігі. Екіншіден, ХХ ғасырдың
20-40 жж. жарық көрген ғылыми кітаптар мен басылымдарға байланысты осы
күнге дейін арнайы зерттеу ісі жұргізіліп, жан-жақты баға берілмегендігі.
Үшіншіден, мемлекетіміздегі Мәдени мұра Ұлттық стратегиялық бағдарлама
аясында жүргізіліп жатқан шараларды жүзеге асыруда ғылыми кітаптардың
басылымы, олардың қоғамдағы рөлін анықтау ісі әлі қолға ойдағыдай алынбай
жатыр.
Зерттеу нысаны. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың бағыттары, салалары,
баспа ісінің дамуы, дайындалу және олардың жарық көру үрдісін зерделеп,
оның тарихын жүйелі түрде көрсету.
Зерттеу пәні. ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар тарихын жан-
жақты зерттеп, оған объктивті баға беру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің
басты мақсаты ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының
тарихын зерттей отырып, оның Отан тарихында алатын орнын айқындау. Осы
мақсатқа орай алға мына міндеттер қойылды:
– 1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының
жағдайына сипаттама жасау;
– Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы
мемлекеттік саясатын талдау;
– Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуын көрсетіп, оның міндеттерін
айқындау;
– ХХ ғ. 20-40 жж. баспа өнімдерінің негізгі бағыттарын көрсету;
– Оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама жасау;
– Ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар мен басылымдарға анықтама жасау;
– Қазақстанды зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-көпшілік
ұйымдар мен мекемелердің басылымдарына талдау жасау;
– Қазақ зиялыларының өлкені зерттеу және баспа ісін ұйымдастырудағы
қызметін көрсету;
– Қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 30 жж. даму үрдісі қандай деңгейде
болғанын айқындау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғ. 20-40 жж., яғни ел
азаматтық қорғаныс кезеңінен бас көтеріп, қираған халық шаруашылығын
қалпына келтіріп, жаңа экономикалық саясат жүргізілген кезде кітап баспа
ісінде де өзгерістер болды. 30 - жж. елде ұжымдастыру саясаты жүріп,
қалжыраған халық Ұлы Отан соғысын бастан кешірді. 1946 жылы Ғылым
Академиясы құрылып, Қазақстан ғылымы бой көтере бастады. Осы уақыттар
аралығында бірқатар жаңа баспалар жұмыс істеді.
Зерттеу жұмысының әдістемелік базасына тарихилық қағидалары алынды.
Зерттеуге негізгі диалектикалық методология тұрғысынан қарап, салыстырмалы,
индуктивтік, дедуктивтік, құрылымдық-функционалдық әдістер бойынша талдау
жасалынды. Ғылыми тәсілдер ішінен өркениетті тәсілді қолдануға тырыстық.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістердің дамуын нақты зерттейтін
тарихи объективтілік және тарихты диалектикалық заңдылық тұрғысынан
қарастыру қағидалары негізге алынды. Кеңес үкіметіне, партиялық
материалдарға салыстырмалы-тарихи түрде сыни талдау жасалынды. М.Қ.
Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс, М.Х. Асылбеков, С.Ф. Мажитов, т.б. бірқатар
ғалымдардың теориялық маңызы бар еңбектеріндегі методологиялық ой
тұжырымдарын негізге алуға талпыныс жасадық.
Зерттеудің деректік негізі. ХХ ғ. 20-30 жж. шыққан басылымдар зерттеу
нысанының дерек көзі ретінде алынды. Атап айтқанда, Қазақ АКСР мемлекеттік
баспасы туралы 1929 ж. шыққан каталог [19]. Ол қазақ тілінде араб
шрифтісімен шыққан. Сол сияқты 1930–1934 жж. басылымдар каталогын, Қаз ССР
мемлекеттік библиография орталығының Кітап шежіресін атауға болады.
Қазақстандағы біріккен мемлекеттік баспасының каталогы да жарық көрген.
Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің Мемлекеттік баспа туралы декреті
кітап баспа ісін қолға алғанын дәлелдейді.
Кеңес Одағының коммунистік партиясының мәдениет бойынша жинақталған
құжаттар жинағы партияның баспа ісі саласындағы саясатын талдағанда
қолдандық. Печать Каз ССР статистикалық материалдар, 1917–1967 жж.
Қазақстандағы баспа өнімдері туралы көрсеткіштер бар. КОКП резолюцияларын,
партия съездері, Пленумдары материалдарын да дерек көзі ретінде қолдандық.
Баспа ісіндегі Кеңес үкіметінің саясатын ашып көрсету үшін сол кездегі
мемлекет құжаттары мен заңдық материалдарын, Кеңес үкіметінің декреттерін
тақырыптың кейбір тұстарын дәлелдеуде пайдаландық. Қазақ кітаптарының
жиынтық каталогы да сараптама жасағанда дерек ретінде пайдаландық.
Қазақстандағы социалистік құрылыс туралы құжаттар мен материалдар жинағынан
Кеңес өкіметінің халыққа білім беру саласындағы саясатын сипаттағанда
қолдандық.
Деректердің бір тобын Ғылыми қоғамдардың Еңбектері, Жазбаларындағы
материалдар құрады. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының
(ҚР ОММ) Кеңестік кезең қорындағы 30, 929, 1241, 1384, 1386, 693, 1252, ҚР
Президент мұрағатының (ҚР ПМ) 720 қорларындағы тақырыпқа байланысты
материалдар алдық. Сонымен қатар республикалық кітап мұражайындағы, ҚР
Ұлттық кітапханасындағы, ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының материалдарын
да мүмкіндігінше пайдаландық. Республикалық кітап мұражайының сирек
кездесетін кітаптар каталогы да негізгі дерек болды.
Деректердің келесі тобын баспасөз материалдары құрайды. Олардың ішінде
Новый Восток, Сарыарқа, Еңбекші қазақ, Социалистік Қазақстан,
Казахстанская правда т. б. бар. Түркістан қаласындағы газеттерде Ғылыми
хабарлар рубрикасы шығып тұрды. Баспасөзде қазақ зиялы қауымының
мақалалары кезінде көп жарияланған. Мысалы, Н. Төреқұловтың Орталық баспаға
5 жыл толуына байланысты шыққан мақаласы 1929 ж. Новый Восток газетінде
жарияланған.
Сол сияқты Қ. Сәтпаевтың хаттары, орталыққа жазған баспа істері туралы
өтініштері біз үшін маңызды дерек болды.
Анықтамалық материалдардан сөздіктер, энциклопедияларды да қолдандық.
Кітаптану туралы энциклопедия да коммунистік идеология тұрғысынан
жазылғанына көзіміз жетті.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отандық тарих ғылымында алғаш рет
ғылыми тұрғыда Қазақстанда алғашқы жарыққа шыққан ғылыми кітап
басылымдарының тарихы қазіргі замана талабына сай талданып отыр. Алынған
ғылыми жаңалықтарды былай көрсетуге болады:
– Қазақстан тарих ғылымында алғаш рет ХХ ғ. 20–40 жж. ғылыми кітаптардың
тарихы жүйеленіп, кешенді түрде зерттеледі;
– Қазақстандағы кітап баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер жаңа
көзқарас тұрғысынан талданады;
– ХХ ғ. басындағы реформаторлық қозғалысты бастаған қазақ зиялыларының
ғылыми мұраларын игеру ғылыми кітаптардың тарихын зерттеудің негізі екені
дәлелденеді;
– ХХ ғ. 20-40 жж. оқулықтардың тарихи танымдық жағы мен қазақ тіліндегі
оқулық жазу талаптары қазіргі кезбен салыстырыла айқындалады;
– КСРО Ғылым Академиясының хабаршылары, бюллетендері республикадағы
ғылыми кітаптар басылымының негізі болды;
– нақты деректер негізінде ғылыми кітаптар басылымы қазіргі уақыт
талабы тұрғысынан объективті түрде талданды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– ХХ ғ. 20-40 жж. ғылыми кітаптардың тарихы жалпы ғылыми әдістер
негізінде жүйеленді;
– 20-30 жж. қазақ зиялыларының өзі баспагерлік қызметте болғандықтан,
қазақ тілінде ғылыми еңбектер жазыла бастады;
– Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихын Алаш зиялыларының еңбектері
бойынша анықтау ұсынылады, өйткені 20–30 жж. Алаш зиялыларының ғылыми
еңбектері Қазақстан ғылымына қосылған үлкен үлес.
– Қазақстандағы ХХ ғ. 30-40 жж. баспа ісінің ерекшелігі арнайы баспалар
ашыла бастады (Казтехиздат, Педагогика).
– Кітап палатасының құрылуы елімізде кітап ісінің, көрсеткіштерінің
дамуына ықпалын тигізді. Кітаптар тізбесінің жасалуы сараптама жасауға да
жеңілдік туғызды.
– Кеңес үкіметінің баспа ісін ұйымдастырудағы саясатында кеңестік
үлгідегі отарлау саясатының белгілері көрініс тапты;
Диссертациялық зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Зерттеу нәтижесі
болашақ тарихи зерттеулерге негіз бола алады деп есептейміз. Зерттеу
жұмысының деректері мен ғылыми материалдарын қоғамдық ғылымдар саласында
қолдануға болады.
Зерттеу нәтижесі Қазақстан тарихы, отандық кітапхана ісіне қатысты
еңбектердің қатарын толықтырады. Сонымен қатар оларды оқулықтар, оқу-
әдістемелік құралдар, Қазақстан тарихынан ғылыми еңбектер жазғанда
қолдануға болады.
Еңбектің нәтижесін жоғары оқу орындарында жүргізілетін дәрістерде, тарих
факультеттері студенттеріне жүргізілетін арнайы курстар мен семинарларда
қолдануға болады деп есептейміз.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
бекіткен тізімдегі ғылыми басылымдарда 3 мақала жарияланды. Алматы, Тараз,
Шымкент қалаларында өткен халықаралық конференцияларда 4 баяндама жасалды.
Жұмыс ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінде талқыланып,
қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Жұмыстың Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, міндеті мен
мақсаттары, әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы мен қолданбалық маңызы
айқындалды және зерттелу дәрежесіне тарихнамалық талдау жасалынып,
пайдаланылған дерек көздеріне сипаттама берілді.
ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы баспа ісінің дамуы атты бірінші тарауда
1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының жағдайы,
Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы мемлекеттік
саясаты, Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуы және міндеттері
қарастырылады.
Қазақ кітаптарының араб шрифтінде шығарылуының статистикасы А.Г.
Каримуллиннің еңбегінде келтірілген. Осы жерде айтып кететін нәрсе Ресейде
араб жазуы негізіндегі баспа ісі ХVIII ғ. басында пайда болды. 1722 жылы І
Петрдің бұйрығымен Астраханда жорық баспасында мұсылман халқына үндеу
Манифест жарияланған. Ал ХVIII ғ. екінші жартысында араб шрифтімен Ғылым
Академиясы және Москва университеті баспасында кітаптар шыға бастаған. 1776
ж. академиялық баспада француз тілінен аударылып Холдерманның Түрік
грамматикасы араб графикасымен шықса, университет баспасынан Сағит
Халфиннің Татар тілінің әліппесі жарық көреді. Ал 1785 жылы Петербургте
кітап саудагері Вейтбрехт төрт баспа станогымен араб, парсы, татар, түрік
тілдерінде типография ашады. Ол 1786 жылы татар тілінде Губерния
мекемелері және Полиция жарғысын, 1787 ж. 477 беттен тұратын Құранды
басып шығарады. Татар және түрік тілдерінде осы баспадан маңызды
мемлекеттік құжаттар шығып тұрған.
1768 ж. Қазан, Уфа, Орынбор губернияларынан Қазақстанға қазақтар туралы
мәліметтер жинауға адамдар жіберіледі. Осы сапардың нәтижесінде 1772 жылы
Н.П. Рычковтың Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи атты
еңбегі жарық көреді [20 ].
Ресей мұсылмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін дін иелерінің
өтінішімен және І Павелдің бұйрығы бойынша Қазанда Азиат типографиясы
ашылады. Оған Петербордан екі баспа станогы және араб литерлері жіберіледі.
Бұл типографияны ұйымдастырған прапорщик Абдулғазиз Бурнашев еді. ХІХ ғ.
ортасына дейін Азиаттық баспада діни кітаптар – Құран, Хефтиэк, Иман
шарты басылып шыққан. Бұл кітаптар Ресейді мекендеген мұсылман қауымына,
оның ішінде қазақтарға да тарады деген дерек бар. Жалпы Шығыс ғалымдарының
еңбектерін басып шығару ғылым мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Кейіннен
европалық елдерде шығыстану орталықтары ашылып, шығыс ғұламаларының
қолжазбаларын жинастырып, жариялап отырған. Қазақ, өзбек, башқұрт,
азербайжан, тәжік, түркімен, құмық тілдеріндегі алғашқы кітаптарды татар
баспагерлері шығарған. Түркі халықтарының тілдік негізі мен әдеби
дәстүрлері бір, олардың фольклорлық шығармалары да ұқсас. Ал олардың дербес
тілдері араб графикасын қолданған уақытта қалыптаса бастаса керек.
А.Г. Каримуллиннің айтуынша, қазақ тілінде шыққан алғашқы кітап –
Киссаи Тамимдарды 1866 жылы Ш. Хусаинов шығарған. Қазанда ол 6 рет –
1882, 1895, 1896, 1906, 1913 жж. баспадан шығарады. Ш. Хусаиновтың жеке
баспасы болмағандықтан Қазанның түрлі баспасына тапсырыс беріп отырған [12,
176-б.]. Кітап шежіресіне қарағанда қазақ тілінде шыққан бірінші кітап Ер
Тарғын болып есептеледі.
Еділ бойында және Орал маңында 500 атау кітап 2186305 данамен шығарылды.
Оның ішінен 474 атаулы кітаптардың 2037480 данасы Қазанда басылып шықты.
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазанда қазақ тілінде 114 кітап шыққан, оның жалпы
тиражы жүздеген мың дана болған [12, 112-б.]. Кеңес дәуіріне дейін Ресейде,
қазақ аймақтарын қосқанда 1100 атау қазақ кітаптары шығарылды. Қазақ
халқының арасында кітаптың таралуына Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.
Құнанбаев үлкен үлес қосты.
Қазақ кітаптарын таратуда татарлардың кітап саудасы үлкен септігін
тигізді. ХІХ ғ. аяғында құрылған мәдени-ағарту қоғамдарының бұл іске қосқан
үлесі де үлкен. Қазақ тіліндегі кітаптардың басылып, оның сатылуы қазақ
тілінде жазатын авторлардың да көбеюіне әсер етті. Кітап басу ісі,
республикадағы баспасөз шығармашылығы қазақ тілінің синтаксис, грамматика,
лексикасын нығайтумен байланысты болды. Шығыс тілдері мәселесі де Кеңес
өкіметі үшін өткір мәселе болды. Латын әліпбиіне өту жөнінде 1926 ж. Бакуде
І Бүкілодақтық түркологиялық съезде қарастырылды. Ал 1928 жылы Қазақ КСР
Орталық Атқару комитетінің ІV сессиясы латын әліпбиіне көшуді заңдастырады.
Партиялық бағыттағы басылымдардың негізгі міндеті партия ұстанған саясат
пен идеологияны насихаттау болды. Партия мүшелерінің саяси мәселелер
жөніндегі ой-пікірлері, идеялары бір жерден тоғысып жатуы тиіс болды.
Қазақ мерзімді баспасөздерінде партия құжаттары, В.И. Лениннің, И.
Сталиннің сөздері жарияланып тұрды. 1921–1930 жж. қазақ тілінде В.И.
Лениннің 31 шығармасы 141 500 данамен шыққан болатын.
1922 ж. күзінде типографияның бастауымен баспа жұмысшыларын дайындау
үшін қысқа мерзімді курстар ашылды. Бұл республикадағы қазақ мамандарының
бірінші жұмысшы отряды еді.
1920 ж. наурызда Ташкентте алғашқы Орта Азия мен Қазақстанда Түркістан
мемлекеттік баспасы құрылып, 1921 жылы ол өзбек тілінде 2 147 850, қазақ
тілінде 680570, түркімен, тәжік, т. б. тілдерде 233 800 дана кітап, 50 мың
дана әліппе, т. б. шығарды. 4 мамыр 1920 ж. Ленин Қазақстан өкілдерін
қабылдап Мемлекеттік баспа мен Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесі баспасына
типография, қағаз жағынан көмектесу жөнінде тапсырма береді. Бұл қазақ
кітап баспа ісін дамытуға септігін тигізді. 3 қараша 1920 жылы Қазақ
Орталық Атқару Комитеті Президиум мүшелері С. Мендешев, В.А. Радус-
Зенькович, С. Сейфуллин т.б. алғаш рет баспа ісін талқылады. Мәжілістің № 9
хаттамасына қарағанда С. Мендешев ҚазАКСР-гі баспа ісінің құқықтары мен
міндеттері айқындалған Мемлекеттік баспа туралы Ережеге қол қояды.
Осылайша қазақ халқы тарихында мемлекеттік баспа Мембаспасы (кейіннен
Қазақстан баспасы) құрылады. Ол идеологиялық және мәдени жұмыстың
орталығы болды.
30-жж. басында Москвада БКП(б) ОК жанында орталықтанған Партбаспа
жұмыс істей бастады. Ол негізінен партиялық-саяси әдебиеттерді шығарып
тұрды. БКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1932 ж. 9 мамырда Партбаспаның Қазақ
бөлімшесін ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды. Орталықтанған билік жүйесі
тұсында барлық жұмыс осылай жүргізілді, яғни Москва не істесе, оның
көшірмесі шет аймаққа таратылды. 1937 ж. қаңтарда Қазақ КСР ХАК жанынан
Қазмембаспасын да, газет-журнал баспасын, республика типографиясын
бағындырған полиграфия мен баспа басқармасы құрылады. Мұның өзі қоғамдық-
саяси, көркем әдебиет, басқа да әдебиеттерді шығаруға мүмкіндік берді.
Дегенмен де, экономика, ауыл шаруашылығы, техника саласы бойынша кітаптар
өте аз шықты. Жоғары оқу орындары мен техникумдарға кітаптар, оқу құралдары
жетіспеді. Полиграфиялық баспа өнімдері жоғары сапалы деңгейде шықты деп
айту қиын.
Жазушы Ғ. Мүсірепов те Қазақстандағы кітап баспа ісінің дамуына көп үлес
қосқан. Ол көп жылдар бойы Қазмембаспасының бас редакторы қызметінде болды.
Қазақстан жазушылар ұйымының жетекшісі, елдің мәдени қызметкері бола
отырып, редакциялық-баспа істеріне белсене қатысып, әсіресе, көркем
әдебиеттерді шығаруға көп үлес қосқан.
1937 ж. 19 маусымда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы
бойынша Қазақ КСР-нің Мемлекеттік кітап палатасы құрылды. Мемлекеттік
библиография орталығының дамуы республикадағы баспа ісінің дамуымен тығыз
байланыста болды. Содан бастап Кітап палатасы республикамыздың мемлекеттік
библиография орталығына айналды. 1939 ж. бастап жылына бір рет Кітап
жылнамасы мен Журнал мақалаларының шежіресін қазақ және орыс тілінде
шығарып отырды. Кітап палатасы Советтік Қазақстанда шыққан кітаптардың
библиографиялық көрсеткішін Кітап шежіресі, статистикалық материалдар
ретінде Қазақстанда шықан басылымдар туралы жан-жақты толық мәлімет беріп
отырды.
Бірінші тарауға қорытынды жасасақ, ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы баспа
ісінің ұйымдастырылуы қазақ халқы үшін жаңа нәрсе емес еді деп түсінеміз,
өйткені 1917 жылға дейін-ақ қазақ тіліндегі кітаптармен Н. Сәбитовтың
Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші арқылы таныс болды. Қазан,
Орынбор, Уфа қалаларындағы басылған баспа өнімдерінің қазақ оқырмандарының
рухани болмысын өрістетуде үлесі зор еді. Кеңес өкіметінің халыққа білім
беру саясаты мен Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыруда өз есебі болды,
өйткені қазақ мектептерінің саны көп болды деп айту қиын, негізгі бағыт
орыс тілінің шет аймақтарда мәртебесін көтеру еді. Сауатсыздық жою
жолындағы жұмыстар да осы бағытта жүрді. Жоғары оқу орындарында қазақша
факультеттер аз болды, ал техникалық мамандықтар факультеттерінің қазақшасы
мүлдем жоқ еді. Баспадан шыққан қазақ кітаптары негізінен көркем әдебиеттер
болса, техникалық әдебиеттердің қазақшасын айтпағанда орысшасының өзі аз
болды. Қазақтың қисса-дастандары, эпостардың бірнеше нұсқалары шықты.
Мәдени революция деген желеумен халықтың рухани құндылықтары толығымен
халықтың алдына берілді, ашық қолдануға болды деп айту қиын. Қалай болғанда
да Қазмембаспа, Өлкелік біріккен мемлекеттік баспа, арнайы салалық
баспалардың құрылуы Қазақстанда кітаптардың көбеюіне, руханияттың дамуына
ықпалын тигізді деп тұжырымдаймыз.
Екінші тарау Қазақстандағы 20-30 жж. баспа өнімдерінің негізгі
бағыттары, түрлері деп аталады. Бұл тарауда оқулықтар мен оқу құралдарының
шығуы, ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар мен басылымдар, Қазақстанды
зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-көпшілік ұйымдар мен
мекемелердің басылымдары қандай деңгейде болғаны туралы мәселелер
қарастырылған.
1920 ж. наурызда РКФСР Оқу Халық Комиссариатының ұлттар бөлімінде
сауатсыздықты жою жөнінде арнаулы комиссия құрылады. Осы комиссияға қазақ
және қырғыз тілдерінде 500 мың дана Әліппе шығару тапсырылады. Қазақстан
үкіметі шұғыл түрде республика Оқу Халық Комиссариатына қазақ тілінде
оқулықтар шығаруды міндеттеді.
1921 ж. 31 қаңтарда Қазақ АКСР Оқу Халық Комиссариаты мен Қазақстан
Мемлекеттік баспасы редколегиясының біріккен кеңесінде 1-2-басқыш
мектептерге арнап қазақ тілінде оқулықтардың жоқ екенін, атап айтқанда,
арифметика, геометрия, жаратылыстану, физика, алгебра, химия, жалпы тарих,
қазақ тарихы, мектеп гигиенасы, педагогика, дидактика мен методикалық
әдебиеттерді қазақ тіліне аударып шығару қажеттілігі айтылды. Оқу кітабын,
синтаксис, қазақ тілінің теориясын жазу ісі қолға алыну қажеттігіне де мән
берілді.
1922-23 оқу жылында әліппе, грамматика, есеп құралы оқулықтары 178 мың
дана болып шыққан. Дегенмен де басқа оқулықтар мектептерге жетіспеді. КСРО
халықтарының кіндік баспасы ұйымдастырған комиссия 1923 ж. 9 маусымда
қазақ тілінде мектеп оқулықтарын шығару мәселесін қарап, Қазақ республикасы
кітаптан қатты тарығып отыр деп көрсетті де, қазақша оқулықтар мен
құралдарды қарқынды түрде жылдам баспадан бастырып шығару туралы арнайы
қаулы қабылдады. 1922-1923 оқу жылында қазақ мектептері 14 оқулық алған
болса (Грамматика, Физика, Алгебра, Педагогика, Мектеп гигиенасы
т. б.), 192425 оқу жылында 16 оқулықпен қамтылып, олардың жалпы тиражы 322
мың данаға жетеді. Оқулықтар негізінен орыс тілінен аударылып, әр қалада
(Москва, Ленинград, Ташкент) басылып шықты. 30-40 жж. бастауыш мектептеріне
арналған оқулықтар барлық пәндер бойынша шығып тұрған. Ал әліппенің көбі
үлкендер мектебіне арналып шыққан. Оның авторлары Қ. Төлебаев, А. Медетов,
М. Омарова. Қазақстан Өлкелік партия комитеті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz