Қазақстандағы дүнгендер: саны мен құрамының динамикасы (1897-2007 жж.)



Кіріспе
Негізгі бөлім
Статистика
Сілтеме берілген әдебиеттер
Тәуелсіздіктің екінші онжылдығының белортасынан асқан кездегі демократиялық қайта құрулар кезеңінде біздің қоғам одан ары даму жолы мен демократия үлгісін таңдау алдында тұр. Егер бұл мәселе дұрыс шешілмесе, онда тоталитаризм мен демократия арасын таңдау мәселесі қайтадан өзекті мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай мәселені шешу этнос, ұлт, ұлттық мемлекет деген сияқты категорияларды түбегейлі түрде анықтауға әкеліп тірейді. Қазақстан – өзінің полиэтникалық құрамы арқылы ерекшеленетін мемлекет. Сондықтан, негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік топтардың ғана емес, сонымен бірге әртүрлі әлеуметтік қоғамдастықтардың қарым-қатынасын реттеу болып табылады.
Келісім – кез-келген қоғамның, әсіресе полиэтникалық қоғамның әрекет етуінің шарты. Қоғамда жекелеген этностың мүддесін жоғары бағалайтын ұлттық-этникалық идеялық-саяси бағыт та бар. Осындай жағдайда ұлтаралық келісімге келу тұрақтылыққа әкеледі. Яғни, тұрақтылық мәселесі ұлтаралық қарым-қатынас пен этностардың үйлесімді дамуына да байланысты. Қазақстанның ұлттық бірлігі мен татулығына шақырған бағыт Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген. Біз негізгі ұйытқысы жалпы ұлттық идея болып табылатын мемлекеттік идеологияны жақтаймыз. Мемлекеттік идеология ретінде қоғам да, билік те келісетін идеялар мен принциптердің жүйесін түсінеміз. Бұл идеология қоғамдағы келісім мен оның тұрақтылығын күшейтудің, азаматтық үйлесім пен этникааралық ынтымақтастықтың шарты ретінде қоғамдық келісімнің бір бөлігін құрайды. Мұндай мәселені шешуде этнос, ұлттардың қалыптасуы мен сандық және сапалық өзгерістері тарихын анықтап алған жөн.
Қазақстан Республикасын қазір 130-дан аса этностардың мекендеп жатқаны белгілі. Қазақстанның демографиялық ерекшелігі оның көп ұлтты құрамына байланысты. Республика халқының полиэтникалық құрамының қалыптасуына әсер еткен көші-қон процесінің бастапқы кезеңі орыс-украин шаруаларының қоныс аударуы мен казактардың қазақ жерлеріне қоныстануына байланысты.
ХҮІ ғасырдағы қазақ жеріне казактар мен «қашқын» шаруалардың қоныс аударуларынан басталған сырттан келген көші-қоншылардың легі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырда тіпті күшейді. Қазақстанға қоныс аударып келген халықтардың ішінде дүнгендер де бар. Дүнгендер Қазақстан және Қырғызстан жерін ХІХ ғ. 80-жылдарынан бері мекендейді.
1. Юсупов І. Біз қайдан келдік? Парасат, 1990, № 5, 16-б.
2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-т. 495-б.
3. Сушанло М. Дунгане Семиречья. Дооктябрьский период. Фрунзе, 1959. С.29.
4. Қазақстан тарихы. 3-т. Алматы, 2002. 495-б.
5. Юсупов І. Біз қайдан келдік? Парасат, 1990, № 5, 16-б.
6. Сушанло М. Дунгане Семиречья. Дооктябрьский период. Фрунзе, 1959. С.29.
7. Сонда. С.31.
8. Сонда. С. 32.
9 ҚРОММ, 1481-қ., 16-т., 3576-іс, 9-10 парақтар.
10. Первая Всеобщая перепись населения Российской империи, 1897 г. -СПб., 1905; Предварительные итоги переписи 28 августа 1920 г. Население 58 губерний Европейской и Азиатской России. М., 1921. С.8-38; Всесоюзная перепись населения 1926 г. т.25. М., 1929; Итоги Всесоюзной переписи населения на 15 января 1959 г. Население Казахской ССР. Алма-Ата, 1960.; Итоги Всесоюзной переписи населения 1970 года. Москва, Статистика, 1971. т. 4; Итоги Всесоюзной переписи населения 1979 года по Казахской ССР. Алма-Ата, Казахстан, 1981; Всесоюзная перепись населения 1989 года. Алма-Ата, 1992, т-ІІІ; Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы. 4-т, 1- бөлім, Алматы, 2001 ж., 6-б.; Қазақстанның этнодемографиялық жылнамалығы. Алматы, 2006 ж., 5-б.
11. Миграция населения. Итоги переписи населения 1999 года. Алматы, 2000, сс. 70-71.
12. 2000 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны. Алматы, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі, 2001, 17-б.
13. ҚРОММ, 30-қор, 2-тізбе, 1472-іс, 11-парақ.
14. .Мұсазаев И. Дүниеде дүнген мемлекеті жоқ. Ақиқат,1991, №12, 74-77 бб.
15. ҚРОММ, 30-қор, 2-тізбе, 1472-іс, 3-парақ.
16.ҚРОММ, 30-қор, 2-тізбе, 1472-іс, 13-парақ.
17. ҚРОММ, 81-қор, 1-тізбе, 933-іс, 27-парақ.
18. ҚРОММ, 81-қор, 1-тізбе, 933-іс, 31-парақ.
19. ҚРОММ, 81-қор, 1-тізбе, 933-іс, 30-парақ.
20. ҚРОММ, 81-қор, 1-тізбе, 933-іс, 24-парақ.
21. ҚРОММ, 5-қор, 17-тізбе, 617-іс, 11-парақ.
22. Всесоюзная перепись населения 1926 г. Т. 25. М., 1929 г. с.16.
23. Итоги Всесоюзной переписи населения на 15 января 1959 г. Население Казахской ССР. Алма-Ата, 1960, С. 186.
24. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы. 4-т., 2-бөлім, Алматы, 2001 ж., 6-б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
"Отан тарихы"

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДҮНГЕНДЕР: САНЫ МЕН ҚҰРАМЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ (1897-2007 ЖЖ.)

А.И. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Тәуелсіздіктің екінші онжылдығының белортасынан асқан кездегі
демократиялық қайта құрулар кезеңінде біздің қоғам одан ары даму жолы мен
демократия үлгісін таңдау алдында тұр. Егер бұл мәселе дұрыс шешілмесе,
онда тоталитаризм мен демократия арасын таңдау мәселесі қайтадан өзекті
мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай мәселені шешу этнос, ұлт, ұлттық мемлекет
деген сияқты категорияларды түбегейлі түрде анықтауға әкеліп тірейді.
Қазақстан – өзінің полиэтникалық құрамы арқылы ерекшеленетін мемлекет.
Сондықтан, негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік топтардың ғана емес,
сонымен бірге әртүрлі әлеуметтік қоғамдастықтардың қарым-қатынасын реттеу
болып табылады.
Келісім – кез-келген қоғамның, әсіресе полиэтникалық қоғамның әрекет
етуінің шарты. Қоғамда жекелеген этностың мүддесін жоғары бағалайтын ұлттық-
этникалық идеялық-саяси бағыт та бар. Осындай жағдайда ұлтаралық келісімге
келу тұрақтылыққа әкеледі. Яғни, тұрақтылық мәселесі ұлтаралық қарым-
қатынас пен этностардың үйлесімді дамуына да байланысты. Қазақстанның
ұлттық бірлігі мен татулығына шақырған бағыт Н.А.Назарбаевтың Қазақстан-
2030 стратегиялық бағдарламасында көрсетілген. Біз негізгі ұйытқысы жалпы
ұлттық идея болып табылатын мемлекеттік идеологияны жақтаймыз. Мемлекеттік
идеология ретінде қоғам да, билік те келісетін идеялар мен принциптердің
жүйесін түсінеміз. Бұл идеология қоғамдағы келісім мен оның тұрақтылығын
күшейтудің, азаматтық үйлесім пен этникааралық ынтымақтастықтың шарты
ретінде қоғамдық келісімнің бір бөлігін құрайды. Мұндай мәселені шешуде
этнос, ұлттардың қалыптасуы мен сандық және сапалық өзгерістері тарихын
анықтап алған жөн.
Қазақстан Республикасын қазір 130-дан аса этностардың мекендеп жатқаны
белгілі. Қазақстанның демографиялық ерекшелігі оның көп ұлтты құрамына
байланысты. Республика халқының полиэтникалық құрамының қалыптасуына әсер
еткен көші-қон процесінің бастапқы кезеңі орыс-украин шаруаларының қоныс
аударуы мен казактардың қазақ жерлеріне қоныстануына байланысты.
ХҮІ ғасырдағы қазақ жеріне казактар мен қашқын шаруалардың қоныс
аударуларынан басталған сырттан келген көші-қоншылардың легі ХІХ ғасырдың
ІІ жартысы мен ХХ ғасырда тіпті күшейді. Қазақстанға қоныс аударып келген
халықтардың ішінде дүнгендер де бар. Дүнгендер Қазақстан және Қырғызстан
жерін ХІХ ғ. 80-жылдарынан бері мекендейді. Жетісуға осында тұратын
дүнгендердің қоныс аударуы ХІХ ғ. 80-90 жылдарында жүрді. Дүнгендердің
этногенезі өте күрделі. Ғалымдар әлі күнге дейін олардың шығу тегі туралы
бір пікірге келген жоқ. Қазан революциясына дейінгі орыс ғалымдарының
көпшілігі, шығыстанушылар, сол сияқты қытай ғалымдары қазіргі дүнгендерді
Қытайға келген араб-парсы және түрік келімсектері мен қытайлықтардың және
басқа да моңғол тектес халықтардың араласуынан қалыптасқан деп есептейді
[1].
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: дүнгендер – (қытайша атауы –
лаохуэй, хуэнминь, хуэйцзу – қытай тілінен аударғанда – “мұсылмандар” деген
ұғымды білдіреді) – негізінен, Қытайдың Нинся-Хуэй автономиялы ауданын
қоныстанған халық. Түркі халықтары оларды дүнген, дұнған деп атайды.
Дүнгендер Қазақстанда (36,9 мың адам, 1999) мен Қырғызстанда (Шу өзенінің
аңғары), Өзбекстанда (70 мың адам) да тұрады. Қытайдағы саны 8 млн (1999).
Дүнгендердің діні — мұсылман. Тілдері қытай тіліне жақын, – деп берілген
[2].
Дүнген атауының шығуы ол халықтың өзінің пайда болуымен
байланыстырылады. Мұндай пікірді дүнген діни адамдары Шэньси мен Ганьсу
провинцияларынан Шыңжанға келген кезі мен ХІХ ғ. ортасындағы Солтүстік-
Батыс Қытайдағы көтеріліс кезінде таратқан. Кейінірек осы атауды Қазақстан
мен Қырғызтан Ресейдің құрамына қосылғаннан кейін Ресей Шыңжаң
провинциясымен (Шығыс Түркістан) шекаралас болғандықтан орыстар да қолдана
бастады [3].
Ганьсу және Шэньсу дүнгендерінің біраз болігінің Жетісуға қоныс
аударуы 1864-1878 жылдары Батыс Қытайда болған дүнген көтерілісіне
байланысты болды [4].
1864 жылы Іле өлкесінің ұйғырлары мен дүнгендері қолдарына қару алып,
феодалдық және ұлттық езгіге қарсы көтерілді. 1864 жылы Цин әскерлері
Шэньси дүнгендерін талқандады. Көтерілісшілердің біраз бөлігі Ганьсуге
ауды, бұл кезде ол жердегі халық та Қытай феодалдарына қарсы күреске шыққан
еді. 1871 жылы Цин үкіметінің әскерлері Ганьсуге кірді. Жақсы қаруланған,
жақсы үйретілген әскерлердің тегеурініне шыдай алмай, дүнгендер жеңіліс
тауып, Шыңжанға және Монғолияға қарай шегінді.
Ұйғырлар мен дүнгендердін көтерілісі Шынжаңда үш хандықтың құрылуымен
аяқталды, олар: Іле округіндегі Іле сұлтандығы, орталығы Үрімшіде болған
Дүнген хандығы және Қашқариядағы Ұйғыр әмірлігі.
1871 ж. Шығыс Түркістанда ағылшындар көмегіне сүйенген Қашқар билеушісі
Жақып бек билігі орнайды. Өзінің шығыс шекараларына жақын жерде мұсылман
мемлекеттері құрылып, олар Ұлыбританияға тәуелділікке немесе Ресейге
өшпенді Түркияның ықпалына түсуі мүмкін деп қауіптенген патшалық Ресей бұл
өлкеге басып кірді.
Іле өлкесін Ресей басып алған кезде дүнгендер негізінде Үрімші және
Манас округтеріне жиналған еді. 1876 жылы Цин әскерлері Үрімші округіне
және Кашғарияға басып кірді. Цин әскерлері Үш-Түрфанға жақындаған кезде
(1877 жылдың қазанында) Мапонзи бастаған Ганьсу дүнгендерінің біраз бөлігі
де (1166 адам) Бедел асуы арқылы өтетін ең қысқа жолмен Ресейге қарай
көшіп, Ыстықкөлден келіп шықты. Бұдан кейінірек, 1877 жылғы желтоқсанның
басында, Қашқариядан шыққан мыңдаған дүнген және ұйғыр отбасылары Ресейге
қосылған территорияға екі жолмен көшті: Шыңжан және Ганьсу дүнгендерінен
құралған бір кіші тобы Терек-Даван асуымен Ферғана алқабына өтіп, Ош
қаласынан шықса; Быйяньху бастаған тек Шэньси дүнгендерінен құралған екінші
топ Шақмақ сайы арқылы Нарын бекінісінің тұсынан шықты. Бірінші көш бір
қыдыру аман-есен өтті, ал екінші көштің неше жүздеген адамдары асудан өткен
кезде суықтан, аштан өлді. 1877 жылдың 27-28 желтоқсанында екінші көш Нарын
бекінісіне жетіп, одан Тоқмаққа көшті; Жетісуға небәрі 3 314 адам жетті.
Жалпы 1877 жылдың аяғында және 1878 жылдың басында Түркістан өлкесіне
келген дүнгендердің саны 6209 адам болды. Дүнген көтерілісшілерінің Россия
жеріне өтуінің бірінші кезеңінде дүнгендер мен Цин жазалаушы топтарының
арасында қантөгіс қақтығыстар болды. [5].
Іле өлкесін патша әскерлерінің басып алуы 1871 жылдан 1882 жылға дейін
созылды. Бұл уақыт ішінде сұлтандықта бұрын болып келген басқару жүйесі
жойылды, феодалдық өзара қырқыстар тыйылды, шаруашылықтың өркендеуіне, орыс
мәдениетінің енуіне жағдай туды. Бірте-бірте Іле өлкесінің Россиямен
байланысы нығайды. Он жылдан соң Ресей өз әскерлерін Шығыс Түркістаннан
шығара бастайды.
Қоныс аударудың екінші кезеңі 1881-1882 жылдарға тұстас келеді. Санкт-
Петербург трактаты бойынша (1881) Іле өлкесі (Құлжа) Қытайға қайтарылып,
Қытайдың не Ресейдің қоластына кіру халықтың өз еркіне берілді. Егер
дүнгендер мен ұйғырлар Богдыхан қоластында қалғысы келмесе, Ресей арзан
жұмыс күшіне ие болғысы келді. Сөйтіп, Ресей территориясына қоныс аударуға
тілек білдірген Іле ұйғырлары мен дүнгендерінің едәуір бөлігінің Ресей
қоластына кіруі 1881 жылғы келісім бойынша қанағаттандырылды. 1881 жылдың
күзінен бастап ұйғырлар мен дүнгендер Жетісуға көше бастады. 1882-1883
жылдары Іле өлкесі Қытайға ресми түрде өткізілгеннен соң қоныс аударушылық
күшейді. 1884 жылдың басында Жетісуға 9752 ұйғыр отбасы (45 373 адам) және
1147 дүнген отбасы (4682 адам) көшіп келді, яғни барлығы 10 899 отбасы (50
мыннан аса адам) келді. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы орыс
әкімшілігінің бақылауы және орыс әскерінің сақшылық етуі арқылы жүргізілді.

Жалпы алғанда, Солтүстік-Батыс Қытайда ХІХ ғ. 80 жылдары 15 мыңдай
дүнген тұрды. Іле аймағынан 6 мыңдай дүнген Қазақстан және Орта Азия жеріне
көшірілді. Дүнгендардың негізгі бөлігі Жетісудың Шу жеріне орналастырылды.
Жаңа мекенде дүнгендер жерлестік ретін сақтап, жинақы қоныстанды.
Қазақстандағы Қарақоңыз, Шартөбе жерлеріне, Қырғызстанның Тоқмақ қаласы мен
қала маңына – шэньсиліктер, Қырғызстанның Ырдық ауылына – ганьсулықтар,
Александровка елді мекеніне шыңжандықтар орналасты.
Орыс әкімшілігі қоныс аударушыларға жер берді, ал қалада тұрып
қалғандар мещандар қоғамына тіркеліп, жер бөлу басқармаларынан усадьбалық
жерлер алды. 1883 жылы Қарақоңызда 665 үй салынып, онда небәрі 3103 адамы
бар 674 дүнген отбасы тұрды. Қарақолдың (қазіргі Пржевальск қаласының)
жанына 1883 жылы 1100-ден астам адамы бар 205 дүнген отбасысы қоныстанды.
Қытайдан Жетісуға көшіп келген дүнгендер 1877-1883 жылдары
Александровское (Соқулық) селосында, Пішпекте, Верныйда, Жаркентте, сол
сияқты Верный және Жаркент уездерінде қоныстанды. 1884 жылы Жетісуда 4682
адамы бар 1147 дүнген отбасысы тұрды [6]. Дүнгендер Жетісу облысының
уездері мен болыстарында былайша орнықты: Қырғызстандағы Пішпек уезінің
Александровск болысында – 318 отбасы (816 ер және 755 әйел); Пішпек
қаласында – 208 отбасы (340 ер, 304 әйел); Верный уезінің Қарасу мен Қорам
болыстарында – 142 отбасы (320 ер, 311 әйел), Верный қаласында – 146 отбасы
(275 ер, 219 әйел) және Жаркент қаласында – 383 отбасы (649 ер, 653 әйел)
[7].
Дүнгендердің келуінің арқасында Ресей империясының Жетісу, Ферғана
және Сырдария облыстарында бірнеше дүнген қоныстары пайда болды. Алайда,
олардың 80 (-ы Жетісу облысының, негізінен, Верный және Пішпек уездеріне
орналасты. Сондай-ақ, дүнгендер Сырдария облысының, Әулиеатаға жақын
жердегі Жалпақтөбе деп аталатын жерінде де бар. Сонымен, көші-қонның
арқасында Қазақстан жерінде дүнгендердің қоныстары пайда болып, олардың
қалалық және ауылдық бөліктері қалыптасты. Мысалы, 1884 ж. Жетісу облысының
қалаларында 3307 дүнген өмір сүрді. Олардың саны кедейленген дүнген
батырақтарының есебінен де өсіп отырды.
Жетісу казак әскері құрылған кезде казактар сословиесінің қатарына
кіргізілген дүнгендер де болды. Мысалы, 1882 ж. 29 мамырындағы Түркістан
генерал-губернаторының жарлығы бойынша Құлжа өңірінен келген дүнгендер 1883
ж. 1 қаңтарынын бастап казактар мен мещандар сословиесіне жатқызылады
делінген [8].
Қазақстан жеріне қоныстанған дүнгендердің орналасуы бұдан кейінгі
кеңес дәуірінде де ерекше өзгере қойған жоқ. Санақ материалдарына қарасақ,
онда дүнгендердің бірте-бірте өзге жерлерге де қоныс тепкенін байқаймыз,
алайда негізгі көпшілігінің жинақы орналасқан жерлері бұрынғысынша қала
берді.
Қазақстандық дүнгендер Кеңес өкіметі орнаған кезде жаңа билікті
қолдады. Азамат соғысы жылдары Мағазы Масаншы басқарған дүнген атты әскер
эскадроны (кейіннен полк) Қызыл Армия жағында соғысты. Кеңес өкіметінің
алғашқы жылдары сол кездегі аз ұлттарға байланысты саясат негізінде дүнген
халқының өкілдерін оқуға жіберіп, (20-дан астам жастар) КСРО-ның әртүрлі
қалаларында, негізінен Москвада жоғары білім алды. Олардың қатарынан
кеңестік көрнекті қайраткер Мағазы Масаншы (1937 ж. репрессияға ұшыраған),
тарихшы, әдебиетші ғалымдар Ілияс Юсупов, М. Сушанло, Цун Вазы сияқты
белгілі адамдар шыққан.
Қазақстанға кейіннен де дүнгендер көшіп келіп жатты. Мысалы, 1950 жылдары
Қытайдан ресми және өз бетімен қазақтардың көшіп келуі кезінде де арасында
қазақтармен бірге өзге ұлт өкілдерінің де келгені туралы мәлімет бар.
Мұрағат құжаттары 1955 жылы Қазақстанға Қытайдан көшіп келген азаматтардың
ішінде қазақтардың, ұйғырлардың, орыстардың, дүнгендердің және басқа да ұлт
өкілдерінің болғанына дәлел бола алады [9].
Ауыл-селолық жерде тұратын дүнгендер негізінен бау-бақша, егіншілікпен
айналысады. Қалалық жерлерде тұратын дүнгендер арасында жоғары білімді
мамандар, мәдениет қайраткерлері бар. Қазіргі кезде Алматыда дүнгендердің
ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істейді.
Қазақстан жеріндегі дүнгендер санының 1897-2007 жж. аралығындағы
динамикасына тоқталайық.
1897 ж. санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер - 14130 адам
болды. 1920 жылы олардың саны 10303 адам, 1926 жылы – 8455 адам, 1959 жылы
– 9980 адам, 1970 жылы – 17284 адам, 1979 жылы – 22491 адам, 1989 жылы –
29956 адам, ал, 1999 жылғы санақта 36945 дүнген есепке алынды. Көріп
отырғанымыздай, дүнгендер саны 1897-1926 жылдар арасында кеміп, 1959 жылдан
бастап өсе бастаған. 1999 жылғы санақ мәліметтері 1970 жылға қарағанда
дүнгендердің 19661 адамға немесе 113,8 (-ға көбейгенін көрсетеді. 1989-1999
жылдар санақтары аралығында Қазақстанның халқы 1200 мыңға кеміген кезде де
дүнген халқының санының өскенін көреміз (6989 адамға немесе 23,3 (-ға
өскен).

1-кесте Дүнгендердің сандық, және үлестік динамикасы (1897-2007 жж.)
[10].

Жылдар Қазақстан Соның ішінде
Алматы
облысы Алматы
қаласы Жамбыл
облысы Шығыс Қазақстан
Барлығы (мың адам) Дүнгендер Дүнгендердің саны мен үлесі
абс. (
1897 4033.4 14130 0,3 - - - -
1920 5400,0 10303 0,1 - - - -
1926 6198,0 8455 0,1 - - - -
1939 6394,0 - - - -
1959
( 9295,0
9980 0,1 - - 7478
75 -
1970
( 13009,0
17284 0,1 2696
15,6 1393
8 12743 73 268
1979
( 14685,0 22491 0,1 3085
13,7 1726
7,6 17152 76,2 250
1,1
1989
( 16199,0 29956 0,1 3570
11,9 2258
7,5 23555 78,6 267
0,9
1999
( 14952,0 36945 0,2 1542
4,2 4565
12,3 30333 82,1 250
0,6
2000 14901,6 37670 0,25 1552
4,1 4670
12,4 30936
82,1 249
0,6
2001 14865,6 38477 0,25 1554
4,0 4803
12,5 31599
82,1 250
0,6
2002 14851,0 39359 0,26 1566
3,9 4925
12,5 32331
82,1 250
0,6
2003 14866,8 40400 0,27 1577
3,9 5066
12,5 33196
82,1 260
0,6
2004 14951,2 41491 0,27 1611
3,9 5205
12,5 34097
82,1 264
0,6
2005 15074,7 42937 0,28 1637
3,8 5408
12,5 35293
82,1 266
0,7
2006 15219,2 44360 0,29 1653
3,7 5655
12,7 36423
82,1 265
0,6
2007 15394,6 45931 0,3 - - - -

1-кестеде дүнгендердің 1897-2007 жж. аралығындағы сандық және үлестік
динамикасы берілген. 1897 жылғы санақта ұлты туралы арнайы графа болған
жоқ. Бірақ санақты зерттеп дайындаушылар санақ парақтарындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан – көпұлтты мемлекет
Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер (контент-анализ)
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру:мақсаты, әдісі, салдары
Оңтүстік Қазақстанға өзге ұлттардың қоныстануы
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Пәндер